Байсалбаева Нуриля, магистрант 2 курса ИЭФ
Научный руководитель: д.э.н, доцент Алдажаров К.С.
Казахский экономический университет им.Т.Рыскулова, г.Алматы
Банк қызметіндегі ақпараттық технологиялар
Интернет-банкинг
– бұл автоматтандырылған банк жүйесіне тағы да бір
модульді қосу жеткілікті болатын кезекті технология емес, ол online
режимінде клиенттерге қызмет көрсететін үлкен жүйе.
Жүйенің тиімді және өнімді болуы үшін көп
күш пен қаражатты жұмсау керектігі сөзсіз, сонымен
қатар қажетті бағдарламалық шешімдерді
құрастыру міндетті.
Сарапшылардың
айтуынша, өткен ғасырдың соңында дүние жүзі
бойынша банк операцияларының 90% банк бөлімшелері арқылы
жүргізілді, қалған 10% ғана банкоматтар, мобильді және
интернет-банкинг көмегімен іске асырылды. Қазіргі уақытта,
мамандардың бағасы бойынша, жағдай мүлдем өзгеше:
транзакциялардың 90% қашықтатылған каналдармен ал 10%
банк бөлімшелерінде жүргізіледі. Дүние жүзлік
тенденцияға ілесе қазақстандық банктер де Интернеттегі
клиент үшін күреске қосылды.
Әрбір
ірі банк бүгін интернет-банкинг қызметін ұсынады. Бұл
жүйе клиенттерге бөлімшесіне келмей, банк операцияларының
басым бөлігін өз бетімен жүзеге асыруға мүмкіндік
береді: жеке шотындағы құжаттарды басқару, валюта
айырбастау, төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізі, мобильді
байланыс, Интернет, коммуналды қызметтерді, салықты,
айыппұлды, мемлекеттік ұйымдардың және т.б.
қызметтерді төлеу. Сонымен бірге, интернет-банкингте депозитті
ашып, кредитті өтеуге және т.б. операцияларды жүргізуге
мүмкіндік береді.
Түрлі
банктердің ұсынылатын қызметтері Интернет арқылы шотты
басқаруға болатын қажетті бағдарламалық
қамтама мен құралдар кешені, нақты қызмет
түрлерімен айрықшаланады [1].
Интенет-банкинг
жүйелері үнемі дамыт отырады: клиенттерден ұсыныстар келіп
түседі, жаңа қызмет түрлері ендіріледі, заманауи
өнімдер шығарылады. Әрине маңызды
жаңашылдық жүйенің жаңғыртуын, жаңа
модульдердің жасалуын талап етеді.
Интернет
технологияны қолдану арқылы клиент пен банк мәліметтер
қорының арасында жүргізілетін транзакциялардың іске
асырылу шешімдерінің негізгі үш түрі бар. Біріншден,
«жіңішке клиент» арқылы – қолданушы жағында
қосымша бағдарламалардың орнатылуын талап етпейді,
барлық операциялар web-браузер көмегімен өңделеді.
Екіншіден,
«жуан клиент» арқылы. Бұл әдіс қолданушы компьютеріне
арнайы бағдарламалық қамтаманы орнатуды талап етеді. Ол
ақпараттың оқылуын, банкке берілетін барлық код пен
мәліметтердің шифрлеуін қамтамасыз етеді, немесе белгілі бір
web-браузерге арналған plagin-модульдерді жібереді. Аталғандар
жаңа қиындықтарды тудырады: клиент жағында арнайы
бағдарламалық қамтаманы орнату және баптау
үрдісін жүргізу, бағдарламалық қамтаманы периодты
түрде жаңарту. Салдар ретінде – банк техникалық қызмет
көрсететін мамандардың бар болуын ұйымдастыруға
міндетті және осындай интернет-банкингті ұсыну үшін банк
қосымша шығындарға ұшырайды.
Үшіншіден,
Java-апплеттерді пайдалану. Клиенттің web-браузері арқылы
жүктелетін Java-апплет клиенттік бағдарламаның функцияларын
атқарады. Java-апплетте қолданушының барлық интерфейсі
ұйымдастырылған: құжаттардың экранды және
баспалық формалары, құжаттардың дұрыс толтырылуын
тексеру, мәліметтер қорының серверімен сенімді хаттамалары
арқылы қатынау, мәліметтерді шифрлеу, аутентификация, крипто
кілттерді генерирлеу, қаржы құжаттарының ЭЦҚ
механизмі арқылы жүргізілуі, автоматтандырылған бухгалтерлік
жүйелер көмегімен қаржы құжаттарымен алмасу.
Мұндай жүйені «жіңіке клиент» деп үлкен кідіріспен
айтуға болады. Кейбір жүйелердің Java-апплет көлемі 1
Мб дейін жетеді және жаңа компьютерге көшкен кезде клиент
қайтадан апплетті жүктеп, ЭЦҚ кілттерін генерирлеуге тура
келеді және т.б. Дегенмен, клиентке жұмыс істеу үшін тек
қана компьютер, web- браузер мен Интернет жеткілікті.
Java-апплеттердің жүктелу уақытын азайту үшін web-браузерге
орнатылған SoftUpdate механизмін пайдалануға болады.
Көбіне
жеке клиенттерде қосымша бағдарламалардың орнатылуы
қажет етілмейді. Сондықтан клиент белгілі бір операциондық
жүйеге тәуелді болмайды және кез келген компьютерді, МАС
адресті, портативті құрылғыларды – телефон, коммуникатор,
планшет – қолдана береді. Операциялар банк сайты арқылы
жүргізіледі де стандартты браузер пайдаланылады (Internet Explorer,
Mozilla FireFox, Chrome, т.б.) [2].
Біздің
мемлекеттегі интернет –банкинг туралы
айтсақ, «жіңішке клиент» технологиясы тұжырымдалады.
Оның концепциясы бойынша барлық мәліметтер банк жағында
орталықтандырылып жинақталады да клиент жағына
сұранысқа жауап ретінде жіберіледі. Әрбір клиенттің
жеке анықтамалық ақпараттары, SWIFT, БИК, валюталар
анықтамасы және т.б. орталықтандырылып сақталады.
Клиент қашықтатылған терминал көмегімен (компьютер,
ноутбук, смартфон) немесе стандартты бағдарлама арқылы
«орталық» қордағы ақпаратты оқи және
өзгерте алады.
Интернет-банкинг
қызметіндегі жіңішке клиент ұғымы, ең алдымен
дәстүрлі web-технологиялардың қолдануын пайымдайды.
Жүйе интерфейсі HTML тілінде жазылып іске асырылады. Байланыс хаттамасы
ретінде HTTP қолданылады, ал қауіпсіздікті SSL технологиясы
қамтамасыз етеді. Клиент web-браузерді қолданғандықтан
банк жағында web-қосымшаны өңдейтін web-сервер
орнатылады. Клиент жүйеге Интернеті қосылған кез келген
терминал арқылы кіре алады. Сайтта тек логин мен құпия
сөздің енгізілгені жеткілікті.
Web-қосымшасы
стандартты өнімдер негізінде құрыла алады, оларға
келесілер жатады:Apache, Microsoft Internet Information Server, Netscape
Enterprise Server, Oracle Web Application Server және т.б. Көптеген
батыс интернет –банкинг жүйелері осы сұлба бойынша
жасалынған. Әрине мұндай жүйелердің кемшіліктері
де болады: мәлімет алмасу қауіпсіздігінің төмендігі,
ЭЦҚ механизмінің қолданыла алмауы, жүйе
интерфейсінің жұмыс істеуге қолайсыз болуы.
Заңды
тұлғаларға жататын клиенттерге интернет арқылы
операцияларды жүргізу үшін банк арнайы бағдарламалық
қамтаманы ұсынады. Ұйымның компьютеріне орнатылады да,
интернет –банкинг «жуан клиент»
технологиясы бойынша жұмыс істейді.
Бағдарламалық
қамтаманы орнатқанда клиент ЭЦҚ мен сенімділігі жоғары
SSL хаттамасын қолданады. Бұл жағдайда да келесі
кемшіліктерді атап өтуге болады: бағдарламалық қамтаманы
клиент жағында орнату, кез келген компьютерден кіре алмау.
Клиенттік
бөлімін жүзеге асыру мақсаты қандайда сұлбаны
қолданғанмен, барлық интернет –банкинг жүйелері
төрт модульден тұрады: клиенттік бөлім; клиент сұраныс
жіберетін интернет – сервер; мәліметтер қоры (Oracle 8, MS-SQL 7,
Progress, IBM DB2 көмегімен құрыла алады), мұнда
клиенттің барлық құжаттары, анықтамалық
мәліметтері, ашық ЭЦҚ кілттері сақталады;
Автоматтандырылған Банк Жүйесіне (АБЖ) қатынайтын шлюз –
жүйелер арасында мәлімет алмасуды қамтамасыз етеді (1-сурет)
[3].

1-сурет. Интернет-банкинг
модульдері
Банк
қызметшілерінің көмегіне жүгінбей клиенттер саны
өсіп келе жатқан операцияларды интернет –банкингте өздері
жүргізе алады. Интернет технологияларының дамуына байланысты
интернет –банкинг жүйесімен жұмыс істеуінің қауіпсіздік
деңгейі жоғарылай түседі. Нәтижесінде
клиенттердің жаңа банктік технологияларға деген сенімі де
арта түседі.
Әдебиеттер
1. http://alnit.ru/finansy/231-internet-banking
2. http://i-banking.narod.ru/index/0-5
3. http://www.comport.kz/2705