ШЫҢҒЫСХАН  – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫЛАРДЫҢ БІРІ

 

ЖУМАДИЛОВА АЙНУРА АБУГАЛИЕВНА

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік   университеті,

Тараз қ. Қазақстан.

 

 

2006 жылы адамзаттың, халықтар мен мемлекеттердің даму тарихында өзіндік із қалдырған Шыңғысхан империясының құрылғанына 800 жыл толды. Шыңғысханның тарихи тұлғасы, оның адамзат тарихындағы орны туралы, оның өзі өмір сүрген заманнан бастап қазіргі күнге дейін өте көп еңбектер, зерттеулер, ғылыми еңбектер , көркем әдебиеттер жазылды.

Алайда уақыт өткен сайын оның тарихи тұлғасы, саяси- қоғамдық, әскери басшылық таланты адамзаты үнемі қызықтырып отырған. ХІІ ғасырдың басына дейін Орталық Азия далаларындағы  үнемі өзара бақталас, жауынгер, көшпелі тайпалардың басын қосып, үлкен мемлекет құруы, осы саладағы оның ұйымдастырушылық қолбасшылық қабілеті, Шыңғысханды адамзат тарихындағы аса ірі тұлғалардың қатарына қосып отыр.

Жалпы Шыңғысханның жаугершілік қызметін тарихи мәліметтерге сүйене отырып бірнеше үлкен кезеңдерге бөлуге болады.

1 . ХІІ ғасырдың 80 жылдарынан  1206 жылдың көктеміне деиінгі кезең- Темуджиннің қазіргі монғол даласында өзара жауласып келген көптеген тайпалардың басын қосып, бір орталыққа біріккен Моңғол мемлекетін құруы.Олардың ішінде әсіресе меркіт, тайчжут, татар, ойрат, қоңырат, барлас, хорит, найман, керей сияқты ірі тайпа бірлестігі болды.

2 кезең . ХІІІ ғасырдың 30- жылдарының екінші жартысынан басталады.

Бұл Шыңғысханның балаларының , әсіресе немересі Батудың шетелдік жорықтары. Осы соңғы екі жорықтың нәтижесінде Монғол мемлекеті әлемдік ұлы империяға айналды. Монғолдар мен олардың одақтастары Қыпшақтар , далалық тайпалар Сары теңізден Жерорта теңізіне, Балтық теңізінен Парсы шығанағына дейін алып жатқан , тарихта бұрын болмаған алып империя құрды.

Осы ұлы мемлекеттің құрылуына қазақ жерінен шыққан ата- бабаларымыздың тікелей  қатысы бар екенін ұмытпайық. Батухан әскерінің негізгі күштері біздің ата- бабаларымыз болған. Белгілі шығыстанушы В.В. Бартольдың жазуынша монғол империясының өзінің көлемі жағынан осы күнгі мемлекеттердің барлығынан асып түседі. Тек Мысырда билік құрған өзіміздің қандасымыз қазақ Сұлтан Бейбарыс ғана монғол шапқыншылығын тоқтаты. Шыңғысхан және оның ұрпақтары Қытайды, Кореяны, Орта Азияны, Шығыс Түркістанды, Персияны, Грузияны, Арменияны, бүкіл Кавказды, Орыс жерін, Қыпшақ жерін, Сібірді, Европа елдерінің жартысын, Ветьнам елін , Бирма , жерлерін басып алды.

 Европа елдерінде үрей биледі. Европа еліндегі крест ұстаушылар қарсыласу түгіл өздері ақыр заманға дайындалды. Өздері мақтан тұтатын осы күнге шейін жарнамалайтын рыцарлар, біздің ата бабаларымызға ешқандай қарсылық көрсете алмады. Осы күнгі киноларда сұмдық ер жүрек, қылып көрсететін атышулы рыцарлар көшпелі елден шыққанбіздің жаужүрек аталарымызға ешқандай қарсылық көрсете алмады. Әлде бір сепептермен Батухан кейін қайтып кетті. Менің ойымша дәл сол кезде Батуханның бүкіл Европаны жаулап алуға мүмкіндігі бар болатын. Кім біледі біздің даңықты аталарымыз бүкіл Европаны жаулап алғанда, тарих қалай қалыптасатын еді. Әлемнің көптеген астаналарында мұнараларында Шыңғысхан мен оның ұрпақтарының тулары желбір ме еді ?

Бұл  көшпелі елдердің әлем тарихында қалдырған , ұмытылмас істері еді. Менің тұжырымдауымша  дәл сол кездерде , бүкіл дүние жүзінде қыпшақ жерінің адамдарының мерейі үстем болған. Айтқандары орындалған, бүкіл дүние жүзі олар мен санасқан. Дәл қазіргі А Қ Ш сиақты.

Монғолдардың жалаулары, әскери белгілері дүние жүзінің көптеген астаналарында желбіреді. Қытайдың бес астанасында, Алеппо, Бағдад, Балхы, Бұхара, Владимир, Газна, Герат, Гянджы, Дамаск, Давина, Загреп, Киев, Мәскеу, Мерва, Иоффаган, Тебриз, Самарқанд, Сандомир, Судак, Шемаха, Шивран, Шираз, Хамадан, Хоной, Эстергом, тағы да басқа көптеген әлем қалаларының мұналарында желбіреді. Шыңғысхан мен оның ұрпақтарының империясына 720 әр түрлі тайпалар мен халықтар енді.

4-кезең. Мөлшермен ХІІІ ғасырдың ортасы 1242 жылы Алтын Орданың өмірге келгенінен және Шағатай, Үгедей, Төле ұлыстарындағы саяси, әлеуметтік қарым- қатынастардың дамуынан ХҮ ғасырдың ортасына дейінгі уақытты қамтиды.  Бұл кезеңнің өзінің бірнеше ерекшеліктерін көрсетуге болады.

Нәтижесінде қазақ даласында құрылған Жошы ұлысы (Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Абылхайыр хандығы, Ноғаи ордасы)  мемлекеттерінің арасындағы өз ара қақтығыстар, саяси әлеуметтік араластардың нәтижесінде ХҮ ғасырдың ортасында Жетісу өңірінен бастау алған қазақ хандығы өмірге келді, қазақ халқы қалыптасты. Аталған хандық ХҮІІІ ғасырдың 30 жылдарына дейінгі өзінің өмір сүру тарихында, өркендеу, нығаю және әлсіреу, тоқырау кезеңдерін басынан өткізді.Қазақ хандығының негізін қазақ халқы құрады.

Ал енді көне және қазіргі тарихи мәліметтерге , зертеулерге жүгінетін болсақ, жалпы біздің дәуіріміздің 1 мыңжылдығынан бастап Дешті- Қыпшақ , Орта Азия жерлері көшпелі тайпалардың мекені болған.

ХІІІ- ғасырдың басынан басталған әр түрлі мақсаттағы қоныс аударудың нәтижесінде моңғол даласынан келген ру, тайпалардың өкілдері Қазақстан, Орта Азия елдерінің халықтарымен қосылды, араласты, көбінің саны аз болғандықтан да , жергілікті түркі тайпаларына сіңісіп кетті. Осындай моңғол жерінен келген түркі және түркіленген тайпалардың қатарына монғол тайпаларының қатарына найман, керей, арғындардан басқа татар, маңғыт, жалайыр, барлас, бариндерді жатқызуға болады. Алтын Орданың ұлан ғайып жерінде тұрғын халықтың негізін құраған қыпшақтардан басқа қаңлылар, наймандар, керейлер , үйсіндер, кенегесілер, арғындар басқа көптеген тайпалар тұрды. Бұл тайпалардың қатарына албандарды, дулаттарды, қоңыраттарды, тарақты, уақтарды, басқа да көптеген тайпаларды жатқызуға болады. Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ біздің халқымыздың қалыптасуынадағы негізгі роль атқарған түрік монғол тайпаларының тарихы тым ертеде жатыр. Олай болса ХІІІ ғасырда құрылып, кейін қанатын кеңге жайған Шыңғысхан империясының негізін салуға монғолдармен бірге біздің ата- бабаларымыздың қатысы бары даусыз. Ал Батудың Европаға және Шығыс Европаға жасаған жорықтарында негізгі әскер біздің ата бабаларымыздың болғандығы даусыз. Шыңғысхан, және оның ұрпақтары қазақ хандығының құрылуы, әсіресе ондағы басқару аристократиясының негізін салуға тікелей әсер еткен. Яғни Шыңғысхан, оның өмірі мен қызметі және қазақ хандығының қалыптасу, даму өркендеуінде тікелей байланыс, сабақтастық бар.

Шыңғысхан ұлы хан болғаннан кейін Шыңғысханның руы өкілдерінің қоңырат қыздарына үйленуі ресми түрде бекітілді. Юань- шиде көрсетілгендей, Шыңғысханның арнайы бұйрығымен, қоңырат руында қыз дүниеге келсе , олар ұрпақтан ұрпаққа ханша болып жарияланады, ал егер ұл туса, олар Шыңғысханның руының қыздарына үйленеді.

Ұрпақтар тізбесі көрсеткендей қоңыраттар аталған әулетті өмір сүрген кездің барлығында  Шыңғысханның ер ұрпақтарына тұрмысқа шыққан, атап айтқанда осы тайпадан шыққан монғол хандарының басты әйелдері болған.

Кейбір мәліметтерге қарағанда Орда Жошының қоңырат тайпасынан шыққан алғашқы әйелінен туған бірінші ұлы болған. Ал осы қоңыраттар кеиін қазақ халқының қалыптасуындағы негізгі рулардың бірі болған. Қоңыраттардың текті жұрт саналатының бір себебі  Шыңғыстың атақты ұлдарының шешесі Бөрте бәйбішенің қоңырат қызы екендігі де дәлел. Шыңғысханның анасы да қоңырат қызы болған. Шыңғысханның алғашқы қимыл көрсете бастағаннан бастап қоңыраттар оның жағында болып оның барлық жорықтарына қатысқан.

Ш. Уәлихановтың жазуынша Қоңырат елі ХІХ ғасырдың басында Қаратау, Талас, Тәшкент, Бұхара, Қоқан маңына қоныс аударған. Сөйтіп  Қазақстан мен Орта Азия жеріндегі халықтармен араласып, қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ халықтарының құрамына кіріп сіңісіп кетті.

Шыңғысхан, оның ұлдары, немерелері кейін қазақ хандығының жоғарғы билеуші топ – қазақ  сұлтандарының негізін қалады. ХҮ ғасырдың ортасынан бастап қазақ хандығының  негізін салушы Керей хан мен Жәнібек хан Шыңғысханның тікелей ұрпақтары болса, бұл хандық тізбені Уәли, Шыңғыс, Кенесарылар аяқтайды. Қазақ халқының қалыптасу, даму, өркендеу және жүздік хандықтарға бөлінуге дейінгі үш ғасырдан астам уақытта хандық билікке Шыңғысхан ұрпақтарынан басқа ешкім таласпаған. Олар қазақ жерінде билеуші ақсүйектер тобын қалыптастырып, оның тұрақтылығын сақтаған. Қандай жағдайда болмасын атақты билер батырлар хандыққа таласпаған. Шыңғысхан ұрпақтарының қазақ хандығының басында үзілісіз төрт ғасырға жуық билік етуінің өзі – аталған  әулеттің ұлылығын, тұрақтылығын, халық арасында жоғары беделін көрсетеді.

Енді қазақ хандығының тегіне тоқталып көрсек.  Олардың негізі Шыңғысханның ұрпағы Орысханнан басталады. Кейбір мәліметтерде оны Жошының ұлы Орда Еженнің баласы деп көрсетсе, албасқа мәліметтерде Жошының келесі ұлы Тоқай Темірдің ұрпағы дейді. Қайткендеде ол патша билеушілерінің сол қанатының өкілі.

Атап айтқанда Әбілғазының көрсетіуінше қазақ хандары Жошының ұлы Тұқай Темірден тараған,. Шыңғысханның ұлы Жошыхан, оның ұлы Тұқай Темір, оның ұлы Өз Темір, оның ұлы Ходжа, оның ұлы Бадақұл оғлан, оның ұлы Орысхан,  оның ұлы Құйыршық хан, оның ұлы Барақхан, оның ұлы Абу Саид-екінші аты Жәнібекхан

Алайда тарихи мәліметтердің көбі Орысханды Жошының баласы Орда Еженнен таратады.

Қазақ хандығының негізін салушылар Жәнібек пен Керей – бір – бірімен  үшінші туысты бауырлар.   Керейдің тегі – Орысхан – Тохта – Қиа- Пулад - Керейхан.   Жәнібектің тегі – Орысхан  – Құйыршық  – Барақхан Жәнібек делінген екінші мәліметте.

ХҮ ғасырдың ортасында Керейхан мен Жәнібекхан қазақ хандығының негізін қалады.

Мөлшермен, - деп жазады академик Бартольд, -- 1456- 1457 жылдары Абылхайырдың құдіреттілігіне қалмақтар ашық соғыс даласында ауыр соққы берді. Ол Сығанаққа қашып , жауларына елдің Сырдария өзеніне деиінгі жерлерін тонауына мүмкіндік берді. Нәтижесінде 1465-1466 жылдары өзбек халқының арасында жік болды, қортындысында далалық өлкені мекендеушілер сол заманнан қазақ аталған халықтың қалған бөлігінен бөлініп кетті.

Мұхамед Хайдар Дулатидың көрсетуінше олар 200 000 адам болды. Олардың жетекшісі  Керей,  Жәнібек  Өзбек ханы  Абылхайырмен  өштесіп, Есен Бұға оларды ықыласпен қарсы алды.

Ол оларды ықыласпен қарсы алып, оларға Моғолстанның солтүстік өңірі Шу мен Қозыбасы жерін берді.

Міне осылай ХҮ ғасырдың ортасында біртұтас Қазақ Хандығы дүниеге келіп, ХҮІІІ ғасырдың отызыншы жылдарына дейін оның басында Шыңғысхан ұрпақтары кезектесіп хандық етті. Олардың қазақ қоғамына басшылық жасауы онан кейін де патша үкіметі хандық билікті жойғанға деиін бір ғасырға созылды.