Шынар Карипбаева Тоқтарқызы
Семей
қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті,
педагогика
кафедрасының аға
оқытушысы, педагогика
ғылымдарының магистрі
Қазақстан
Республикасы, Семей қаласы
Этнопедагогика элементтерінің бастауыш сынып оқушыларының
ақыл- ойын қалыптастырудағы маңызы
Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті
ойыннан басталады, оның негізі болашақ өмірінде
жалғасын табады. Қазақтың ұлттық ойындары
туралы арнайы еңбек жазған Базарбек Төтенаев
“Ұлттық ойындардың қалыптасуы тек балаларға
керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің
күнделікті тіршілігіндегі қозғалысы мен көңіл
көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі еңбектің бір
түрі ретінде де дамыды” деген пайымдау жасады.
Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде айтылатын
философиялық ой түйіндері, сөз мәйегі. Мақалдар,
көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты
ырғақпен айтылады, қара сөзбен, яғни шешендікпен
айтылатын мақалдар да бар. Мақал негізінен, екі бөлімнен құралады.
Бірінші бөлімде пайымдау (айтатын ойдың түп негізі), екінші
бөлімде ой қорытындысы айтылады («Еңбек етсең,
емерсің»). Тура мағынада («Еңбек етсең ерінбей, тояды
қарның тіленбей»), ауыспалы мағынада («От
жақпаған үй – қорамен тең, адам кірмеген үй
– моламен тең») қолданылатын мақалдарды, көбінесе
халық шығарған. Жыраулар мен ақындар, ақындар, ел
басылар мен батырлар, зиялы адамдар шығарған мақалдар мен
мәтелдер де өте көп. [1.4]
Ғылыми әдебиеттерге үңілсек, халықтық
педагогикада өскелең ұрпақтың еркіне, сезіміне,
санасына әсер теудің толып жатқан мүмкіндіктері бар
екен. Мәселен, көрсету, сенім, сыйыну, игілік тілеу, жаттығу,
үйрету, бата беру, тілек айту, сәлем беру, тыйым салу, өсиет,
сөгу, үгіттеу, мазақ қылу, сөз беру, айыптау,
кіналау т.б. Олардың көпшілігі классикалық
педагогиканың қазынасына енген. Ал кейбіреулері ескірген әрі
әсерсіз саналады. Оларға қарғыс, ұрып-соғу,
ұрсу, қорқыту, үгіттеу т.б. жатады. Біздіңше,
халықтық педагогиканың әдіс-тәсілдерін сауатты
пайдалану үрдісті жандандырудың бір шарты бола алады.
Төмендегі кестеде біз осы мүмкіндіктерді жүйелеп
көрсетуге тырыстық.
Кесте 2. Қазақ
халықтық педагогикасының құралдарының
маңызы
|
№ |
Қазақ халықтық педагогикасының
құралдары |
Мазмұндық қыры |
Тәрбиелік мәні |
|
1. |
Халықтың ауыз-ша шығармашы-лығы |
Фольклорлық жанр-лардың халықтың сан
ғасырлық әдептілік тәжірибесін, оның
эстетикалық ұғымдары мен
мұраттарын жинақ-таған күрделі жүйесі.
Халықтың ауызша шығармашылығы қазақ
халқының тарихы өмі-рінің түрлі
оқиғаларын бейнелейді. Халықтың ауызша
шығарма-шылығына мақалдар мен мәтелдер, айтыс,
ертегілер, аңыздар, жырлар, дастандар, хикаялар, әндер, т.б.
жатады. |
Халық ауызша шығар-машылығы бойында өз
халқына барынша бер-ілгендік, Отанға сүйіспеншілік, оны
қорғауға әзірлік, ең-бексүйгіштік,
ақыл, дене күші мен сергектіктігі, жақсы көру
және әдемілікті жасай білу ұштасқан жетік
адамның жиын-тық үлгісін ұсынады. |
|
2. |
Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар |
«Традиция (дәстүр) латын тілінен аударған-да «ауысып
беру» де-генді білдіреді. Бұл бел-гілі бір қоғамдық
қағидалар, мінез-құлық ережелері,
құндылық-тар, идеялар, әдет-ғұрыптар,
жол-жоралар т.б. Мәдени мұраның бөлшегі ретінде олар
ұзақ уақыт бойы
ұрпақ-тан-ұрпаққа беріледі. |
Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар темірді
философиялық тұрғы-дан пайымдауға жәрдемдеседі,
сананы алдыңғы ұрпаққа құрметті
қалыптасты-рады, жалпы адамзат-тық, рухани-адамгер-шілік
құндылықтарға жол сілтейді. Олар
қоғамдағы мінез-құ-лықтың
әдептілік ере-желерін меңгеруге көмектеседі. |
|
3. |
Халықтық мейрамдар мен серуендер |
Ұлттық мейрамдар мұс-ылман дінінің ерекше-ліктері
болып табыла-ды. Оларға мыналар жатады: Ораза айт, Құр-бан
айт, Наурыз, Ләйләт әл-қадр, Мирадж және
басқалары. Адамдар жан тыныштығын маза-лағанның
бәрінен ары-лып, барлық туған-туыстары мен
жақында-рын еске алуы, қызға-ныш, ашу-ызаны
жүре-гінен аластауы қажет. |
Жеке тұлғаның адам-гершілік тазаруы, сезім-жүйке
саласы-ның қалыптасуы. Қайырымдылықтың,
жомарттықтың, жана-шырлықтың, түсініктің
қалыптасуы. |
|
4. |
Ұлттық ойындар |
Ұлттық ойындар көш-пелілердің дүниетаным
ерекшеліктерін бейне-леген. Ойындар тәрбие-лік,
әскери-спорттық, әдет-ғұрыптық,
сауық-тық-эстетикалық және басқа
қоғамдық қызмет атқарған.
Ұлттық ойын-дар арасынан тоғызқұ-малақты,
аламан бәйге-ні, сайысты, аударыс-пақты, көкпар тартуды,
қазақша күресті, т.б. атауға болады. |
Ойындар арқылы адамның дене және ақыл-ой
қабілеттері қалыптасқан. Ерік-жігер сапалары
шыңдалған. |
|
5. |
Қазақ халқының тұрмысы: тұрған
үй, ыдыс-аяқ және үй жарақтары, киім-кешек,
қазақтың ұлттық тағамдары |
Қазақ халқының тұрмы-сы оның жан
дүниесін, тарихын, әдет-ғұрып-тары мен
дәстүрлерін айна-қатесіз бейнелей-ді. Қазақтар
тұрмыстық заттарды, ыдыс-аяқты, керек-жарақты
негізі-нен теріден, ағаштан және үй жануарлары-ның
сүйегінен әзірле-ген. |
Жеке тұлғаның сапа-лары:
ашық-жарқын-дық, қонақжайлық,
еңбексүйгіштік, т.б. |
Халықтық
педагогикаға берілген анықтамалардан, оның факторлары мен
негізгі бағыттарын схема түрінде көрсетуге болады.
Халықтық педагогиканың негізгі бағыттары мен факторлары
сызбада берілген.
Халықтық
педагогиканы ауызға алғанда ең бірінші
салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар еске түседі.
Яғни, халықтық педагогиканың негізгі көзі —
қазақ халқының өзіндік салт-дәстүрлері.
Салт-дәстүрді
тәрбие түрлеріне байланысты мынандай топтарға жіктеп
қарастыруға болады:
— отбасындағы
салт-дәстүрлері; адамгершілік салт дәстүрлері;
еңбек салт-дәстүрлері; ойын-сауық
салт-дәстүрлері; әсемдік салт-дәстүрлері;
өнер салт-дәстүрлері; ақыл-ой тәрбиесіне
байланысты салт-дәстүрлер; дене тәрбиесіне байланысты
салт-дәстүрлер; ерлік тәрбиесіне байланысты
салт-дәстүрлер.
Халықтық
педагогикадағы тәрбиенің осы түрлеріне жеке-жеке
тоқталайық. Себебі, оның әрқайсысының
өзіндік атқаратын рөлі бар.
Отбасындағы
салт-дәстүрлер болсын, адамгершілік салт-дәстүрлер
болсын, дене тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер болсын
барлығының да басты атқаратын қызметі жан-жақты
жетілген, еліміздің болашағын ойлайтын ойлы, іскер, еңбекқор, білімді азамат етіп
тәрбиелеу.
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА















Сызба 3. Халықтық
педагогиканың негізгі бағыттары мен факторлары
Қазақ халқы - сөз
қадірін біліп, қасиетті сөзді қадірлеп, аузынан
тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең
өрнектерімен, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе
жатқан халық. Сөз зергерлерінің аузынан
шыққан мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз
пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне парықтап
пайдалану дәстүріне айналған. Сондықтан да,
әсіресе, қариялар мақалдап, маңызды сөйлеуді
борышым деп санайды.
Халық тудырған
көптеген мақал-мәтелдердің арасынан еңбек
тақырыбына, еңбектің маңыздылығын
философиялық тұрғыда ой елегінен өткізуге,
адамның еңбекке деген көзқарасын
моральдық-этикалық тұрғыда бағалауға
байланысты мақал-мәтелдерді ( «Еңбек – адамның екінш
анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық
абыройды кеткізер», «Еңбек ширатады, өмір үйретеді»
және т.б.) жиі кездестіруге болады. Мұндай
мақал-мәтелдер еңбек тәрбиесін жүзеге асыруда
септігін тигізеді, педагогикалық ықпал етудің
құралдарын жетілдіреді, сондай-ақ өзінің
афоризмдік және поэтикалық сарынымен балалардың есінде тез
сақталады. [2.25]
Халықтың
мақал-мәтелдері – педагогикалық дана өсиеттерді
сарқылмас бұлағы, адам тіршілігінің мағынасын
түсіне бастаған бастауыш мектеп оқушыларына
меңгертілетін жазылмаған моральдық нормаларын
көрсетеді. Бұған мынадай мақалдар дәлел болады:
«Бейнет түбі - зейнет», «Бейнетің қатты болса,
татқаның тәтті болар», «Рахаттың түбі – кейіс,
мехнаттың түбі - кеніш», «Қолы
қимылдағанның аузы қимылдар» және т.б.
Сонымен, көптеген
мақал-мәтелдер балалардың еңбекке
дайындығының уақыт сынағынан өткен
құралдары ретінде, еңбек жайлы жинақтаған жалпы
адами көзқарастардың формулалары ретінде белгілі бір педагогикалық
рөлді атқарады.
Халықтың рухани
мәдениетінің мұрасы болып табылатын бірнеше
ғасырлық тәжірибе мен өткендегі ерліктерді бойына
жинақтаған эпостық жырлар ата-бабалардың мейірімді
істерін, елі мен жерін қорғаудағы батырлық пен ерлік
өнегесін оқушылардың есінде сақтап жүруіне
тікелей ықпал ететін болған.
Қазақ эпостары –
бұл айбынды поэмалар, өлең түріндегі батырлар эпопеясы.
Оларды музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен
тақпақтата, анда-санда әңгімелей отырып орындауға
болады. Халық арасында анағұрлым кең тараған
эпостар: «Қобыланды батыр», «Қосай батыр», «Ер Тарғын»,
«Алпамыс батыр», «Едіге батыр» және т.б.
Халық қиялынан поэма
түрінде туындаған эпостардан қазақ халқының
өмірлік тәжірибесін байқауға болады. Эпостар
ешқашанда өзінің өмірдегі маңыздылығын
жоғалтқан емес, өйткені оны халықтың өзі
жасаған. Оны халық жүздеген жылдар бойы ұрпақтан
ұрпаққа жеткізіп, өзінің рухани
мәдениетінің құнды мұрасы ретінде
өзгеріссіз қалпында біздің заманымызға дейін
әкелген.
Нақты бір зат туралы
тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату,
танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді
ой-қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде
тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін
байқау үшін, халық ертеден-ақ
жұмбақтардың әртүрлерін шығарған.
Жұмбақтардың
дүниетанымдық, ой дамытарлық мәнімен қатар,
тәрбиелік мәні де ерекше. Өйткені, жұмбақ айтысу,
жұмбақтарды жаттау кезінде тәрбиеленуші өзінің
білім дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта-жігері
артады, жауапкершілікке бейімделіп, өнерге талпынушылығы
артады.
Жұмбақтар да
балалардың еңбекке деген қызығушылығын арттыруда
үлкен рөл атқарған. Өздерінің
метафоралық сипатына, өмір құбылыстарының сырын
ашудағы, ол туралы түсінік берудегі рөліне қарай
олардың тәрбиелік мәні жоғары болды.
Қазақтар
жұмбақтарды жасыра және шешімін іздестіру арқылы
тіршілік пен табиғат құбылыстарына жасаған
бақылауларын балаларына афоризмдік нақыл сөздер түрінде
жеткізіп отырған. Жұмбақ жасыру балалар бойында
қырағылықты, ізденушілікті, тапқырлықты
дамытудың және олардың әр түрлі
тапсырмалардағы (үй шаруашылығы, жануарлар, табиғат
құбылыстары, адам, заттар, оның қасиеттері және
т.б.) білімін тексеру құралдарының бірі болып табылады.
Көптеген жұмбақтардың арасында еңбектің
алуан түрлі құралдары мен процесіне қатысты
жұмбақтар да көптеп кездеседі. Бұл
жұмбақтар балалардың еңбек
құралдарының ерекшеліктерін және қандай да
болмасын бір жұмыстың орындалу ерекшеліктерін танып-білуге
қызығушылығын туындатады.
Алғашқы қауымнан
бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап
шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік
мәні зор. Қазақ ертегілері (төрт мыңға
жуық) сан алуан.
Ертегілер де балалардың
еңбекке деген қызығушылығын арттырудың
құралы болып саналады. Қазақтар әлемдегі
барлық адамдар үшін ең басты нәрсе – еңбек болып
саналады, ал ең маңызды адамгершілік қасиет болып –
еңбек ете білу саналады деп есептеген. Сондықтан балаларға
әжелері мен аталары немесе ата-аналары күнде кешкісін ертегі
айтатын болған. Бұл ертегілердгі басты кейіпкер – адам, ал
оның негізгі әрекеті – еңбек. Батыр өзінің ерен
еңбегімен, батылдығымен, іскерлігімен зұлымдықты
жеңіп, ойлаған мақсатына жетеді, өз тағдырының
иесі өзі болады. Мұндай ой желісін көптеген ертегілерден
байқауға болады. Оларда алуан түрлі кәсіппен
айналысатын адамдар жайлы айтылады. Мәселен, «Жеті өнерпаз»
ертегісінде біреуі ұста болса, екіншісі – мерген, үшіншісі –
ағаш шебері, төртіншісі – аспазшы, бесіншісі – зергер, алтыншысы –
тігінші, жетіншісі - әнші.
Осылайша қазақ балалары,
басқа халықтардың балалары сияқты ертегілер
арқылы еңбектің түрлендіруші күші жайлы
және еңбекші халықтың қанаушыларға
қарсылығы жайлы ойларды ерте меңгеретін болған.
Балаларды еңбекке даярлауда
қандай да бір еңбек әрекеттерін, жұмыс барысын,
еңбек ету амалдарын білдіретін ойындар да маңызды рөл
атқарған. Бұл жерде еңбек әрекеттерінің
элементтерімен үйлесетін ойын әрекеттеріне аса мән
берілген.[5.56]
Қазақ балаларының ойын-сауықтары
күнделікті көшпенді-малшы отбасының еңбек, тіршілігімен
байланысты болған. Мұның бәрі халық өлеңдерінде,
аңыздарында, би мен ойын қимылдарында өз көрінісін
тапқан. Оның үстіне балалар ойындарының көпшілігі
олардың жасына сәйкес қара өлең түрінде
ғана емес, музыка мен әннің сүйемелдеуімен
өткізілген. Мысалы, «Асау мәстек» атты балалар ойынында
жүргізуші балаларды ойынға тақпақ айтып
шақырады.[4.78]
Өзінің ептілігін сынап
көргісі келген ойыншы тақпақ айтып, ортаға шығады
да, жүргізушіден алған таяққа сүйеніп
тұрып, көрпеше немесе киіз оралған қыл
арқанға малдас құрып отырып алып, тепе-теңдігін
жоғалтпай жерден тақия алуы тиіс. Оны орындай алмаса, ойын
аяқталысымен «айыбына» ән шырқайды, күй шертеді, не жыр
оқып, ертегі айтады. Бұл ойын ептілікті, шапшаңдықты,
машықтануды, табандылықты және ат үстінде өнер
көрсетуге қажетті басқа да қасиеттерді
қалыптастырады. Өз құрбы-құрдастарының
арасында баланың музыкалық-әншілік қабілеттерін
дамытуға жәрдемдеседі. Немесе, «Аңдардың айтысы» атты
ойынға қатысушылар жүргізушінің талабына сай (белгілі
бір сарынға) әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын,
қылықтарын бейнелеп, олардың өзіне тән
ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Мұның өзі
хайуанаттар әлемі жөнінде нақты ұғымды, музыкалық
және әртістік қабілетті, жеке және топтасып ән
айта білу дағдысын жетілдіреді.
Ойын ережелерінің үлкен
тәрбиелік маңызы бар. Олар ойынның барысын белгілейді,
балалардың тәртібі мен іс-әрекеттерін, олардың
өзара қарым-қатынасын бақылап, ерік-жігерінің
қалыптасуына ықпал етеді.
Мұндай ойындар
халықтық педагогикада өте көп және
мазмұндары да, бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан
алуан, әрі қызғылықты. Олар «алақан
соқпақ», «Тақия тастамақ», «тартыс», «Айгөлек»,
т.б. Қай ойынды алмайық, бәрінде би элементтері кездеседі,
ән, күй, тақпақ, мәнерлі қимыл мен ыммен
жасалатын көріністер, т.б. бір-бірімен алмасып жатады. [3.19]
Қазақтардың
дәстүрлі ұлттық мерекелерінде де халықтың
бастауыш мектеп оқушыларын еңбек әрекетіне тәрбиелеу
мақсаты көзделеді. Халық
мұраларының бірі - ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп
қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл
қазынасы, бір жүйеге келтіретін тамаша тәрбие
құралы деп қараған орынды.
Уақыт мектеп
мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай әрі
озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп,
өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр.
Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін, ұстаздар қауымы
оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап,
күні бүгінге дейін іске қосылмай келе жатқан
тәрбие құралдарын пайдалануы, оқытудың жаңа
әдіс-тәсілдерін қолдануы керек екені анық. Сондай
оқу тәрбие негіздерінің бірі-ұлттық ойындарымыз.
Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы болып
табылады. Ол сандаған ұрпақтардың керегіне жарап,
оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан
өткен сенімді оқу тәрбие құралы.
Бір
заманда халық қиялынан туып өз ұрпағын
тәрбиелеудің ұғымды құралына айналған
ежелгі ойындар ешбір арнайы құрал-жабдықты, өткізетін
рынды талғамайды.
Халық
ойындары тек денені ғана емес, ақыл-ойды жаттықтырушы да
болып табылады. Халық өзі қоршаған дүниенің
қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын
арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген.
Ойын
бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес,
жан-жақты дамымақ емес.
Бұл
жерде атап айтатын бір нәрсе, халық ойындарын бүгінгі
педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек,
онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады,
кластан тыс тәрбие жұмыстарын жандандыра түседі.
Оқушылардың
ойлау қабілетін дамыту мақсатымен «Кім жылдам?» ойынан
ұйымдастыруға болады. Ол үшін шеңбер сызылады да, ол
тең бөліктерге бөлініп, әрбір бөлікке бір-бірден
әріп жазылады. Кейде шеңберді бірнеше қабат етіп,
кластағы балалардың санына лайықтап сызуға да болады.
Айталық, сыныпта үш команда болса, шеберді үшеу етіп сызып,
әр шеңбердің ішіне бір-бірден мақал жазылады. Осы
шеңбердің ішіндегі мақалды қай топтың
оқушылары бұрын оқыса, солар жеңген болып табылады.
Мақалды дұрыс тауып оқу үшін оны сағат
тілінің бағытымен екі әріптен қалдыра отырып оқу
керек. Қай әріптен басталып оқылатыны айтылады. Ойынның
ережесі бойынша әр сөйлем бас әріптен басталып жазылатыны
оқушыларға айтылмайды. Себебі, оны әр оқушы білуі тиіс.
Бұл ойын оқушылардың ұшқыр ойлауына,
тапқырлықтарын ұштай түсінуіне негіз қалайды.
Ойынды жұмбақтарды өткен кезде ойнатуға болады.
Бұл ойынды ретіне қарай үшінші, төртінші
кластарының оқушыларымен жүргізуге болады.
Халық
ойынын Қазақ тілі сабақтарында пайдалану
оқушылардың еркін сөйлеуі, тіл байлығын, сөздің
дәл мағынасын бағдарлай білу қасиеттерін жетілдіреді.
Сонымен қорыта келгендегі біздің
мақсатымыз халықтық педагогикадағы
тәрбиенің осы түрлерін дұрыс жүргізе отырып,
еліміздің болашағы жастарды жастайынан жан-жақты дамыған,
рухани байлығы мол, моральдық жағынан жаны таза, дене
сұлулығы үйлесімді, өнегелі, өнерлі, «сегіз
қырлы, бір сырлы» абзал азамат етіп тәрбиелеу.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.
Нурпейсова Ш. Вспоминания о традиции //Таң-шолпан, 2001-№2-4стр 62. Нурахметов Н, Аймағамбетова А. Дүниетану (Жалпы білім беретін
мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқулықтар) Алматы:
Атамұра, 2001ж.
2.
Нұрсұлтанқызы Ж.
Салт-дәстүрлік мәтіндердің
ұлттық-мәдени ерекшеліктері //ҚазМУ хабаршысы, Филолог.
Сер.- 2001-№1-37б.
3.
Мырзатаева Б. Халықтық
салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5
56 б.
4.
Жумадуллаева А. Халық педагогикасы –
тәрбие өзегі.//Ұлт тағылымы-2001-№4-5-27-29б.
5.
Мұқанов
С. Қазақ қауымы. Ата
мұраң - асыл
қазынаң. Алматы,
«Ана тілі», 1995 22 б.