Қуанова Сәуле
Болашақ университетінің доценті, педагогика
ғылымдарының кандидаты
Скакова
Лаура
Болашақ
университетінің магистранты
ҚИЫН БАЛАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНА
ӘСЕР ЕТЕТІН ЖАҒЫМСЫЗ ФАКТОРЛАР
Қазақстан
Республикасы Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие
тұжырымдамасында «тұжырымдаманы орындаудан күтілетін
нәтиже –балалардың, жасөспірімдердің және
жастардың тәрбиелілігін жоғары деңгейіне жеткізеді» деп
нақты көрсетілген.
Міне, осы қойылған талаптар мен міндеттерді орындауға
жалпы білім беретін мектептерде тәрбие әлеуетінің
төмендеуі, мұғалімдердің тәрбие жұмыстарын
оқушылардың қажеттілігін ескермей жүргізуі,
нәтижесінде қоғамға жат қылықтардың
көбеюі, әсіресе қиын балалардың артуы кері әсерін
тигізеді.Бұл проблемалар курстық жұмыстың өзекті
мәселе екендігін байқатады.
Мектеп педагогтары
балаларды оқытып, тәрбиелеу кезінде тәртібі нашар, білім
деңгейі төмен оқушыларды жиі кездестіріп отырады. Бір
сөзбен айтқанда қиын балалар – бұлар оқуға,
еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ
балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жағымсыз
әдеттерге еліктеуге бейім келеді.
Қиын балалар және
мінез-құлықтағы қиындық ұғымы
1920-30 жылдары П.П.Блонскийдің еңбектерінде зерттеле бастады.
П.П.Блонский «Педагогика курсы» еңбегінде шетел ғалымдарының
зерттеулеріне сүйене отырып, қиын балалар проблемаларын шешуді
көздейді. Зерттеуші қиын балалардың
мінез-құлықын мектеппен, отбасы тәрбиесімен,
жанындағы араласатын достарымен байланыстырады. П.П.Блонский қиын
балаларға мынадай мінездеме береді: «Объективті көзқараспен
қарағанда қиын оқушы – ол мұғалімнің
жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субъективті
көзқараспен қарағанда қиын оқушы – онымен
мұғалімге жұмыс істеу өте қиын,
мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы».
П.П.Блонскийдің ой-тұжырымы бойынша қиын балаларды
қайта тәрбиелеудің бірден-бір жолы – қиын балаларды
мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп
қосу болып табылады. В.М.Бехтеров қиын балалар
тәрбиесінің алдын алу және оларды қалыпты балалар
қатарына қосу проблемаларын 1917 жылы көтереді. Ал
Л.С.Выготский қиын балалардың психологиялық ерекшеліктерін
теориялық тұрғыда қарастырып, қалыпты дамып
жатқан балалар мен қиын балалардың тәрбиесі
жөнінде баяндамасын 1924 жылы Екінші Бүкілодақтық
съезде жасады. Г.А.Фортунатов
«қиын балалар» қатарына сабағы нашар және
тәрбиеге көнбейтін балаларды жатқызады. Ал И.А.Невский
қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі
жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының
жеткіліксіздігінен деп түсіндірді. В.Г.Степанов «қиын
балалардың» үш белгісін атап өтеді: «Первым признаком
является наличие у детей или подростков отклоняющегося от нормы поведения. Для
удобства пользуются сокращением «отклоняющееся поведение». Для характеристики
отклоняющегося поведения используют также специальные термины –
«делинквентность» и «девиантность». Под делинквентным поведением понимают цепь
проступков, провинностей, мелких правонарушений, отличающихся от криминальных,
т. е. уголовно наказуемых, серьезных правонарушений и преступлений. Под
девиантностью разумеют отклонение от принятых в обществе норм. В объем этого
понятия включаются как делинквентное, так и другие нарушения поведения (от
ранней алкоголизации до суицидных попыток).
Под «трудными» школьниками понимаются,
во-вторых, такие дети и подростки, нарушения поведения которых нелегко
исправляются, корригируются. В этой связи следует различать термины «трудные
дети» и «педагогически запущенные дети». Все трудные дети, конечно, являются
педагогически запущенными. Но не все педагогически запущенные дети трудные:
некоторые относительно легко поддаются перевоспитанию.
«Трудные» дети, в-третьих, особенно нуждаются в
индивидуальном подходе со стороны воспитателей и внимании коллектива
сверстников. Это не плохие, безнадежно испорченные школьники, как неправильно
считают некоторые взрослые, а требующие особого внимания и участия окружающих»
[1].
Бірқатар қазақстандық педагог
зерттеушілер В.Г.Баженов, А.Жұмабаев, К.А.Жүкенова, А.М.Карабаева,
И.Ф.Назаров, В.А.Парфенов, В.А.Трифонов, В.П.Шевченко, Л.В.Лысенко, Л.К.Керимов
және т.б еңбектерінде қиын балалардың
мінез-құлқы,
жағымсыз қасиеттері, қиын баланы қайта
тәрбиелеу мәселелері сөз болады.
Психологияда «Қиын балалар»,
«Мінез-құлқында ауытқуы бар оқушылар»,
«Қиын тәрбиеленуші» деген сияқты терминдер
қалыптасқан. Сонда қиын балалар деген кімдер? Олардың
қандай айырмашылығы бар? Олармен қандай жұмыс
түрлерін жүргізген дұрыс? Қиын баланың пайда
болуына не немесе кім ықпал етеді? деген сияқты
сұрақтар туындауы мүмкін.
Қазақ тілі
терминдерінің педагогика және психология бойынша түсіндірме
сөздігінде «қиын балалар» терминіне мынадай анықтама
беріледі: «Қиын балалар –
тұлғалық дамуында көрінеу ауытқулары бар екенін
көрсететін балалар санаты. Әдетте, балаларды бұл
санатқа қосқанда олардың оқу-тәрбие
процесінің дұрыс өтуіне кедергі болатын
даралық-психологиялық ерекшеліктерінің сыртқы
көріністері негізге алынады.баланың
мінез-құлқындағы кәнәраттардың
себептері алуан түрлі болады, оның «қиын» деп бағалануы
көбіне нақты психофизиологиялық сипаттамасын
көрсетпейді, ол туралы ата-аналар мен педагогтардың пікірін
білдіреді. Қазіргі әдебиетте «қиын балалар» деп,
әдетте, мінез-құлықтары жалпы қабылданған
нормалардан көп ауытқитын және дұрыс тәрбиелеуге
кедергі жасайтын балалар аталады. Сондықтан оларға қатысты
«тәрбиеленуі қиын балалар» дене термин синонимі қолданылады,
осы арқылы олардың педагогикалық қағидалар
бойынша тәрбиеленуге мүлдем бейімсіздігі және
дәстүрлі педагогикалық ықпалдарды әсте
қабылдамайтыны білдіріледі. Тәрбие процесінде қиындық
келтіретін негізгі себептердің бірі психикалық аурулар болуы
мүмкін. Мысалы, психопатияға не жастайынан бала аутизміне душар
болған баланы тәрбиелеу қиын болады. Алайда бұған
қарап, оны қиын балалар санатына жатқызу жөн бола
қоймайды, өйткені мұндай ауытқушылықтармен
көбіне медицина шұғылдануы тиіс. Балаларды қиын балалар
қатарына қосуға апарып соғатын әр алуан
мінез-құлық ауытқулары не жүйке-психикалық
ауытқулардың салдарынан, не тұлғалық
дамудың қолайсыз жағдайлары мен факторларының
салдарынан болады...» [2].
Ғалым Л.Керімов қиын балаларды
қайта тәрбиелеудің тиімді жолдарын қарастырып, мынандай
талаптар қояды:
«-
қиын жасөспірімнің пайда болу себеп-салдарын білу және
әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктерін, тәрбие
жағдайын айқындау;
-
мінез-құлқында аз да болса оңды
өзгеріс байқалса, соны дамытып, теріс қылықтарына
өзін қарсы қойып, өзін қайта тәрбиелеуге
дайындау;
-
отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктерді жою, ата-ана мен
бала арасындағы қатынасты жүйеге түсіру;
-
қиын жасөспірімнің ынта-ықыласын,
талап-тілегін, қызығушылығын ескеріп,
қоғамдық пайдалы еңбектерге қатыстырып,
тапсырмаларды бар зейінімен орындауға
бетбұрыс жасау;
- өзін-өзі қайта тәрбиелеуге қабілеті
жететіндігіне сенімін арттыру, жеке басын құрметтеу, біркелкі
талаптар қою, педагогикалық ынтымақтастық қатынаста
болу» [3,26]. Сонымен қатар
Л.Керімов қиын оқушыларды қайта тәрбиелеудің
үш кезеңін көрсетеді: Бірінші кезең – дайындық
кезеңі. Бұл кезеңде оқушы тәртібінің
төмендеу себептері анықталады. Қиын оқушының
бойындағы жақсы қасиеттер айқындалып, осы жақсы
қасиеттерін негізге ала отырып, оқушыны қайта
тәрбиелеудің болашақ жоспары жасалады; Екінші кезең –
педагогтің сынып алдындағы жауапкершілік кезеңі. Педагог
өзінің мағыналы ісімен сынып алдында абыройға ие
болғанда ғана қиын жасөспірімдермен жағымсыз
қылықтарының ішінен тәуір қасиетін бөліп
алып, соған оқушының өз назарын аударуға болады.
Үшінші кезең – өзгеріс кезеңі. Бұл кезеңде
қиын баланың ішкі дүниесіндегі «күрес» пайда болады.
Күреске шыққан екі қарсыластың бірі –
бұрынғы теріс қылықтары да, екіншісі – қалыптаса
бастаған жаңа, жақсы мінез машықтары [3,76].
Зерттеуші
Қ.Өтеген мектеп тәжірибесіне сүйене отырып,
«тәртібі қиын оқушылар» ұғымын былайша
топтастырады:
1.
Отбасындағы әлеуметтік және психологиялық
жағдайдың дұрыс болмауы салдарынан ата-ананың
қадағалауынан тыс қалған оқушылар;
2. Санаткерлік
(интеллектуальдық) процестердің (ойлау операциялары, әрекет
етудің ішкі жоспары, сөйлеу, қиял, қабылдау, есте
сақтау, зейін) даму көрсеткіштерінің төмен болуына
байланысты бағдарлама материалындағы теориялық білімді
қабылдауы мен меңгеруі қиын, яғни үлгерімі
төмен оқушылар;
3.
Мінез-құлқында адамгершілікке жат қылықтар
бар қиын оқушылар (өтірік айтушылық, арамдық,
өзімшілдік, мақтаншақтық, тәкаппарлық,
даңғойлық, жалқаулық, т.б.);
4.
Эмоциялық дамуында кемшіліктер бар қиын оқушылар
(эмоциялық децентрацияның жоқтығы, эмоциялық
көңіл күйдің шектеулігі, эмоциялық болжап
қоюдың болмауы, синтонияның, яғни басқа
адамның, ең алдымен жақын адамның эмоциялық
көңіл-күйіне назар аудару қабілетінің
жоқтығы, эмоциялық өздігінен басқарылуға
тән құбылыс ретінде өз кінәсін сезінудің
болмауы, жағымсыз эмоциялардың болуы,
қорқақтық, тұйықтық, агрессиялық,
гипербелсенділік, «гипердинамикалық синдром» - эмоциялық
басқарылу жүйесінің бұзылуы);
5.
Қоршаған ортаның күткен үмітіне
сәйкес келмеуден қорыққаннан, өзгелер оңай
орындап жатқан істің, өзіне қиын соғатынын
түсінгеннен өзін өзгеден төмен сезінетін, яғни
өзін-өзі бағалауы төмен қиын оқушылар
(Тәртібі қиын балалар және оларды топтастыру мәселелері
[4,17].
Ғалымдардың (В.А.Сухомлинский,
В.И.Чередниченко, А.М.Прихожан, Г.А.Уманов, Н.Н.Толстых, Л.К.Керімов т.б.)
зерттеу жұмыстарының дәлелдеуінше, қиын
оқушылардың пайда болуына үш фактор себепші болатыны анықталған:
1) отбасы
тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни
тұрмыстағы ұрыс-талас, дау-жанжал, маскүнемдік, т.б.;
2) мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер, яғни жекеленген
оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін,
ынта-ықыласын, қызығушылығы мен талап-тілегін ескермеу;
3)
жұртшылықтың тәрбие үрдісіне толық
көңіл аудармауы салдарынан бос уақыттың ұтымды
ұйымдастырылмауы.
Қорыта
келгенде, жоғарыдағы ғалым-зерттеушілердің
ой-пікірлерін тұжырымдай келе «қиын бала» дегеніміз –
мінез-құлқында кінәрат бар, тәрбиеге көне
бермейтін, оқу бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтын
оқушылар. Қиын оқушының пайда болу себептеріне келетін
болсақ, біріншіден, отбасындағы тәрбиеге, екіншіден,
мектептегі оқу-тәрбие, қоғамдық жағдай мен
өмірдің тұрмыс жағдайына байланысты.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Степанов В.Г. Психология трудных школьников: Учебное
пособие для учителей и родителей. - М.: Академия, 1997. –320 с.
2. Қазақ тілі терминдерінің
салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика
және психология // Жалпы ред. басқ.-
А.Қ.Құсайынов. - Алматы: Мектеп, 2002.
3. Керімов Л. Қиын баланы қайта
тәрбиелеу. –Алматы: Рауан, 1996. -77 б.
4. Өтеген Қ. Тәртібі қиын оқушыларды
этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке
тәрбиелеудің педагогикалық шарттары // Педагогика ғылым. канд. …
дисс. –Алматы, 2007. –149 б.