ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҮЛКЕНДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ РОЛІ

Айтжанова Р.М., Баярхуу М.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемелекеттік университеті

Педагогтың адамгершілік тұлғасының, этикалық мәдениетінің сапалық жақтары Н.К.Крупскаяның, А.Жақыповтың, С.Ұзақбаеваның, Л.И.Рувинскийдің, А.С.Макаренконың, Н.И.Болдыревтың т.б. жаңашыл педагогтердің еңбектерінде этикалық тәрбиенің аса маңызды факторлары ретінде қарастырылады.

Сондай-ақ болашақ педагогтың сыртқы келбет мәдениеті, өзін-өзі басқару шеберлігі, басқару техникасы туралы сөз болғанда тәрбиешінің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар да оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен сипатына қарай күн өткен сайын өзгеріп, жаңарып, жаңа сипат алып отыратындығын естен шығармауы тиіс.

Жас педагогтар жаңадан үйреніп жүрген практикадағы студенттер топтағы балалармен қарым-қатынас жасаудың өте қиын екендігін біледі. А.С.Макаренко былай деп жазған болатын: «Мен үшін менің практикамда сондай-ақ сіздер үшін, көптеген тәрбиелі педагогтар үшін мұндай «түкке тұрмайтындар»: қалай тұру, үстел қасындағы орындыққа қалай отырып, қалай дауыс көтеру, күлу, қарау өте мәнді бола бастады. Бұған бізді ешкім үйретпейді, ал мұны үйренуге болады және үйрену қажетті үлкен шеберліктің мәні осы болуы тиіс» [1].

Психолог Леонтьев А.А. педагогтың нашар баламенг қарым-қатынасы жайлы берген түсінігі үлгі өнеге боларлық бір қызығы мұндай мінез-құлықты педагогтар мойындай бермейді. Мысалы,  холерик тәрбиеші, яғни жүйке жүйесі мықты, бірақ біркелкі емес адам келді дейік, “Ал, Асхат жауап бер” Ал, Асхат болса, айталық флегматик, оның жауап қатуы тым баяу [2]. Ол, орнынан жайлап тұрып, жауап берместен бұрын біраз ойланады. Ал, тәрбиеші холерик, міне сондықтан ол бірнеше секундтан киін-ақ күйшіктеніп, шыдамы кете бастайды. Өйткені ол қарым-қатынас жасап отырған баланың жүйке жүйесінің типін ескермейді. Педагогикалық қарым-қатынас - бұл тәрбиешінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде үстіндегі немесе  күн тәртібіндегі әртүрлі ісәрекет кезіндегі жағымды психологиялық климатты тудыруы және де ол мамандық байланыс болып табылады. Педагогикалық қарым-қатынас дұрыс болмауы - қорқынышты, сенімсіздікті, әлсіздікті, естің, зейіннің, өздігінен ойлаудың, ынта мен ептіліктің жойылуын көрсетеді. Педагогикалық қарым-қатынас функциясы. Қарым қатынастың функциясы - жеке адамның өзін-өзі жетілуі мен өзін-өзіне серт қоюы болып табылады. Педагогтың мәселені балалармен өзінің “мендігін” сәйкестендіріп, жекелеген түсінік, өзін-өзі бағалаудың құрылымын қарап, болашағын қарастыру керек. Олардың функциясы, яғни балаларды сүйе білу, түсіне білу, өзара қатынасын сезіне білуі, олардың қабілетін бағалап, жеке ерекшелігін ескеруі болып табылады. Сонда да педагогикалық қарым-қатынас функциясы қарастырылады [3].

Көптеген ғалымдардың пікірінше, тәрбиенің негізгі үш стилі бар олар:

1.           Авторитарлық стиль. Педагог мұнда үлкен роль атқарады және ол өзінің бұйрығымен кіммен отыру керек, қалай жұмыс жасау керек екенін көрсетеді. Мұнда өзара қатынастың  формасы - бұйрық, шешім қабылдау, ескертпе.

2.           Демократиялық стиль. Бұл жалпы аудиториямен жұмыс болып табылады. Педагог топ ішінен әрқайсысынан оның сұрап бір шешім ақылдаса отырып құрайды.

3.           Либералды стиль. Педагог ұжымның ойына, өміріне қатыспайды. Өзінің формальды жұмысын атқарады.

Адамзат тарихын бағзы заманнан қазіргі күнге дейін бағдарлайтын болсақ, өшпейтін, өлмейтін, әрқашан жетісу үстінде тұрған құбылыс ретінде ең алдымен қарым-қатынасты  атауға болады. Қарым-қатынас арқылы әрбір адам өз ойын, пікірін жеткізеді, қоршаған ортамен байланысқа түседі. Қарым-қатынасты дұрыс пайдалану адамның сөздерді дұрыс пайдалануына, яғни сөйлеу дағдысына байланысты. Қарым-қатынас мәдениеті жетілген балалардың ойы ұшқыр болып, шешен де, әсерлі сөйлей біледі [4].

Балалардың бойында осындай қасиет қалыптастыруға өзінің септігін тигізетін қарым-қатынас құрылысы мынадай:

-      қарым-қатынас қажетсінуі - адамдармен қарым-қатынас негізінде басқаадамдарды танып біледі, сол арқылы өзін таниды, жеке бағалайды. Қарым-қатынас міндеті- адамдардың қарым-қатынасына түспей тұрып, алдын ала ойлаған мақсатына жету жолдары.

 - үлкендермен және құрдастарымен өзара қатынасы - балаларда өз ата-тегін (жеті атасын) білуге деген қызығушылықты дамыту. Баланың өзінің әке-шешесіне, туысқандарына сыртқы ұқсастықтары (көзі, мұрны, шашының түсі, т.б.) бар екенін көре білуге үйрету. Өзара сыйластық негізінде отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасай білуді бекіту.

 - туыстарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу - отбасы мүшелеріндегі үлкендер (ата мен әже) мен кішілерге қамқорлық көрсету.

 - өзін-өзі дұрыс бағалап өзіне сенімінің бекуіне мүмкіндік туғызу, өзін қадірлеп дербестігін дамытуға, түрлі әрекеттерде (ойын, бейнелеу, музыкалық және т.б.) өзінің жетістіктерін нақты бағалауын дамытудағы қажеттіліктерін қолдау.

Қорыта айтсақ, жоғарыда қарастырған мәселелер қарым-қатынастың бала өмірінде алатын ерекше орнын айқындайды.

Пайдаланған әдебиеттер:

1    Елеусізов С. Қарым-қатынас психологиясы. - Алматы, «Рауан», 1995ж.

2    Жарықбаев Қ. Жантану негіздері: Оқулық. -Алматы, 2002 ж.

3    Құдиярова А. Педагогикалық ізденіс. Алматы, «Рауан», 1990 ж.

4    Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. -Алматы «Заң әдебиеті», 2003 ж.