Кушкимбаева Алтынай Ракытовна

№1 ЖББОМ Қаражал қаласы,Қазақстан Республикасы 

 Математика сабағында модульдік оқыту технологиясын қолдану

Ғылым мен техника дамып,адамзат қоғамы  ХХІ ғасыр табалдырығын аттап отырған кезеңде зерделі, талантты,дарынды оқушыны қалыптастыру бағытында білім беру мәселесі мемлекетіміздің  басты талабы.

      Білім беруді одан әрі демократияландыру,оқыту жүйсін заман талабына сай үйлестіру,білімге,бүкіл,әдістемелік жүйеге  жаңа талаптар қойылуда.Мектептегі  басты тұлға-мұғалім десек-дүниежүзілік даму деңгейінен  кем түспейтін алған білімі мен тәрбиесін туған елінің игілігіне жұмсай алатын жас ұрпақты саналы,білімді азамат етіп тәрбиелеу мұғалімге жауапты міндет  жүктейді.Сондықтан қазіргі таңдағы педагокика  жаңалықтарын,қазіргі қолданылып жүрген педагокикалық  технологияларды пән ерекшеліктеріне  қарай қолдана білу, оқыту мақсатқа жетудің бірден бір жолы.

     Педагогикалық технология-қазіргі талапқа сай анықталып, іріктеліп, реттелген оқудың  жаңа мазмұн,әдіс-амалдардың дидактикалық талаптарының  психологиялық-педагогикалық жиынтығы.

      Әр мұғалімнің негізгі мақсаты-сабақ сапасын көтеру,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,ойлау қабілеттерін, шығармашылығын арттыру.

    Бұл міндеттерді  жүзеге асыру ұстаз шеберлігіне байланысты.Егер сабақ қызықты,тартымды болса,оқушы да қызыға қатысып ,терең және берік білім алады.

    М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын» сабақтарымда қолданамын.

  Бұл  технологияның ерекшелігі-баланың білім алу арқылы дамуы қолданылып отыр.Мұнда оқу материялын ірі блокпен беріп,сөйлесу білімінде терориялық материял тиянақты практика арқылы оқушы санасында бекітіледі.

  Үлгі ретінде 5-сыныпта «Ондық бөлшектер» тақырыбын модуль бойынша дайындалған сабақты ұсынып отырмын.

Тақырып: Ондық бөлшектер.

 Мақсаты:1.Оқушыларды ондық бөлшек ұғымымен таныстыру,жазу үлгісін көрсетіп,оқуға үйрету;ондық бөдшектерді сандық сәуледе кескіндеу,салыстыру  іскерліктерін қалыптастыру.

 2.Оқушылардың есте ұстау,ойлану,өз бетінше қорытынды жасау қасиеттерін дамыту,сөздік қорын молайту.

 3.Еңбектенуге ,ұйымшылдыққа,достыққа,шапшандыққа тәрбиелеу.

 Сағат саны:4 сағат

 Модуль құрлысы:

Модуль құолымы

Сабақ реті

Сабақ мазмұны,түрі

Уақыт

Күні

Кіріспе бөлімі

1-сабақ

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Модульқұрлымымен таныстыру.

3.Мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

4.Дәріс арқылы жаңа сабақ оқытыу.

2 мин

 

 

5 мин

38 мин

 

Сөйлесу

2 сабақ

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2мин

 

 

бөлімі

 

2.Модуль құрлымына оралу.

3.Мақсаттар мен міндеттерін анықтау

4. «Қарлы кесек» ойыны.

5 мин 38 мин

 

 

3 сабақ

1.Ұйымдастыру кезеңі.

4.Модуль құрлымына оралу

5.Мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

4.Жеке топтық жұыс (деңгейлік тапсырма орындау)

2 мин

 

5 мин

38 мин

 

 

4 сабақ

«Брейн-ринг» ойыны

45 мин

 

 

Оқу бағдарламасы бойынша оқушының біліміне қойылған талаптар:

1.Ондық бөлшектердің анықтамасын;

2.Ондық бөлшкетердің мысалдарын;

3.Үлестердің разряд бірлігі ұғымын;

4.Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру ережесін

5.Ондық бөлшектерді салыстыру ережелерін білу керек

Оқу бағдарламасы бойынша оқушының біліктілігіне қойылатын талаптар:

 Бөлімі 10,100,1000,.... болатын бөлшектерді ондық бөлшекпен жаза білу,оқи білу;

Одық бөлшектерді разряд бойынша жіктей білу;

Ондық бөлшектердің соңынон нөлдерді алып тастауға не тіркеп жаза білу;

Ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдыра білу;

Ондық бөлшектерді сандық сәуледе кескіндей білуге үйрету

Ондық бөлшектерді салстра білу;

Процентті ондық бөлшекпен жаза білу қажет.

 №1 сабақ Дәріс сабақ

Сабақ типті:жаңа сабақ оқыту

Сабақтың түрі:дәріс сабақ

Оқу құралдары:кесте,тірек конспект

1.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушыларды түгендей,жоқтарының себептерін анықтап,белгілеу.

2.Оқу моделімен таныстыру.

3.Мақсаттары мен міндеттерін анықтау

ІІ.Ой түрткі кезеңі

1м=...см             1дм=...мм                 1кг=...г

4кг 525г=...г        8м 7см=...см          6дм 3см=...см

ІІІ.Дәріс

Жаңа тақырып оқыту келесі жоспар бойынша жүргізіледі.

Аралас сан түрінде жаз:

  4м6дм = ...           21м7дм=...                 46м9дм = ...

   5м 7см=...            9м 41см=...                 15м 63см=  ...           

    8кг 29г=...            12кг 351г=...               9кг 7г = ... 

2.46/10  4,6 деп жазуға келісілген

Бөлшек бөлігінін бөлімі 10,100...болатын бөлшектер деп аталады.Мысалдар келтірілді.3Бөлшектерді оқы:3,56;12,309;1,2;7,008:0,68;35,6;0,069;9,0675;4,0048;25,1248.

4.4.1,2,1,20;1,200 сандарды қараастырайық

    Ереже:Ондық бөлшектің соңына нөлді тіркеп жазсақ немесе нөлді алып тастасақ,онда берілген бөлшекке тең бөлшек шығады.

  5.Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру

6.Процентті жай бөлшекке айналдыру

   7.Ондық бөлшектеді сандық сәуледе кескіндей білуге үйрету

    8.Ондық  бөлшектерді салстра білу;

     9.Бөлшектерді салыстыр

    IV.Үйде №894,№895,№923,қосымша №906 дәрісті оқып елу.

     Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану –оқушының қабілеті мен қызығушылығын арттырады, дамуына жағдай туғызылып, әр оқушының дара білім траекториясын құру мүмкіндігі артады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.     М.Жанпейісова. Модульдік оқыту оқушыны дамыту құралы ретінде.

2.     Т.А.Алмұратова.Математика 5 сынып оқулығы, Атамұра.2001.

3.     Т.А.Алмұратова. Математика оқу әдістемесі, Атамұра. 2001.

4.Ж.У.Кобдикова. Математика,дидактикалық материалдар, Атамұра,2001.