Сембиева Кымбат Есенгельдиевна

                                                                                  №74 ЖББОМ Қарағанды қ, Қазақстан Республикасы

 

  

Оқушылардың үлгермеушілігімен күресуде дәстүрлі емес әдістерді қолдану.

 

    Бүгінгі күнде адамды тұлға ретінде тануға көп көңіл бөлуде оның түсінігі, ойлау мәдениеттілігі  сонымен бірге оның жан-жақты дамуы.

   Өмірдегі іскерлікте шешімін табуға арнаулы орта мектепті бітірген, білімімен сусындаған, өз бетімен ойлай алатын  шәкірттерге , аяқ астынан болатын тосын жағдайларды шешу, біздің заманымызда қиын емес.

 Сондықтан да мектеп мұғалімдер ұжымы оқушылардың бойындағы жеке қасиеттерін қалыптастыруда және дамытуда әр оқушының қабілеті мен мүмкіндігін ескеруі керек. Бұл жолдарды жүзеге асыруда творчестволық ізденімпаздық , дәстүрлі емес сабақтар аса көңіл аударуға тұрарлық болып есептелінеді.  Қазақ тілі пәні бойынша дәстүрлі емес сабақтарды бір тақырыпты аяқтағанда, немесе бірнеше  сабақты қайталағанда өткізу қолайлырақ.

       Оқушылардың шығармашылық дербестігін  қалыптастыру әдістемесі жеке тұлғаның ерікті-құндылық танымдық жағынан жетілген азамат қалыптастыруға  негізгі құрал болып табылады.  Мұғалім мен оқушының  оқу процесі  күрделі және көп қырлы болып келеді.  Оның тиімділігі  оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады.  Мұғалім өз пәнін жетік білгенімен  оқушылардың қызығушылығын оятып, шығарамшылық әрекетін  ұйымдастыра алмаса , айтарлықтай нәтижелі табысқа жетуі мүмкін емес. 

      Соныдықтан оқушылардың  шығармашылық дербестігін қалыптастыруда жүргізілетін  жұмыстарды жүзеге асыру үшін  төмендегі принциптер  басшылыққа алынуы тиіс :

  - Оқу материалының   мазмұнын құрастыруда  оқытудың  мазмұндық және шығармашылық  іс-әрекетін  есепке алу принципі . Ал бұл принципті жүзеге  асыру  тек сабақта  болуы қажет. Өйткені оқыту мен тәрбие , пәнге  қызығушылық тек сабақта  жүзеге асады , меңгертіледі.

       Оқушылардың  шығармашылық дербестігін қалыптастыру , қызығушылығын арттыруға ықпал ететін дәстүрлі емес(шығармашылық) сабақ түрлерін 4-ке бөліп қарастыруға болады. :

1.     Танымдық (сарамандық жұмыс сабағы, кіріктірілген, проблемалық сабақтар);

2.     Эвристикалық (саяхат-сабақ,диалог сабақ,  болашаққа бағдар сабағы,жоспарлау сабағы);

3.     әдіснамалық сабақ (сынақ  сабақ, рефлексиялық сабақ, жалпы қорыту сабағы);

4.      коммуникативтік  (көрме сабақ,  сайыс сабақ, КВН, конференция сабағы, шығармашылық есеп сабағы) .

Өз тәжірибемнен жоғарыда берілген сабақ түрлерінен келесі сабақтар өтілді.   9»А» сыныбында  сайыс сабақ өтілді

   Тіл сайысын өткізудегі мақсатым- өткенді қайталау, басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар теледидарда жүргізілетін қазақша хабарлараға қызығушықтарын арттыру  Топпен жұмыс. Топта жұмыс жасау  оқушыға ой еркіндігін, жауапкершілік, ізденуге және ойын ортаға салуға мүмкіндік беретінін  байқадым.  Әрине , алғашында оқушылар бірден белсенділік танытып, өз ойын  ортаға салуға қиналады, бірақ кейін  тапсырманы өз бетінше орындауға, немесе топпен, жұппен жасауға дағдыланады.

   Жоспарлау сабақ . Жоспарлы сабақты әртүрлі тәсілдермен өткізуге болады:

    Мақала, анықтама, альбом, коллаж, буклет, презентация. Жұмыс жоспарын белгілі уақытқа шектеу қажет, орындауға жүктелінген оқушы немесе топ  әр тапсырманың орындалуын, оның мазмұнын қадағалап отыруы керек. Соңында қалай орындалғаны бағалануы қажет. Мұндай сабақта оқушының өз бетімен ізденімпаздығы, зерттеу жұмыстарына даярлығы, белсенділігі қалыптасады.

Осындай  бір сабақтың түрі   «Болашақтағы қала» тақырыбына жоба жасау.    

  Екінші бір сабақ 6-сыныпта өтілген ойын сабағы . Сабақтың бұл түрі  оқушыларды  ұлттық әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін танып білуге бағытталған сабақ.

     Ойын «Қыз қуу»

     Септік жалғауларын пысықтайды.

    Ойын  «Бәйге жарыс»  (сөздік жұмысы)

 «Теңге салу»   сұрақ-жауап жұмысы.

Ойын сабағын оқушылардың  қызығушылығын , ізденімпаздығын дамытуға қызығушылықтары арта түседі.

 Дәстүрлі емес сабақтарды   өткізуде  оқушыларды тез ойлауға , нақты тұжырымдама жасауға  үйрету сияқты қабілеттер дамиды, оқушылар арасындағы қарым-қатынас нығая түседі.

   Мұғалім басқарушы емес –байқаушы ,кейде бір ойнаушы рөлінде болады.

  Жаңа материалды ашу әр түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Оқушылар тақырыпты меңгеріп ,үйден әрі қарай жұмыс істеуге, ізденуге тапсырмалар алады.дәстүрлі емес  сабақты жоспарлау әдістемесін ескере отырып, сабақ құру  ерекшеліктері мен кезеңдеріне көңіл аударайық:

1.     Сабақ жоспары-бұл мұғалімнің білім беру бағдарламасын жүзеге асыру құралы. Мұғалім өзара байланысты бірнеше сабақты: тақырыбы, мақсаты,т іс-әрекет түрі, мүмкін болатын нәтижелерін ойластырады.

2.     Сабақ өтетін сынып оқушыларының ерекшеліктерін, шығармашылық әлеуетін, өтен сабақтың жетістік элементтерін ескеру;

3.     Сабақ түріне және мүмкін болатын шығармашылық нәтижелерге негізделген сабақ идеясын жасау;

4.     Оқушылардың шығарамшылық нәтижелерінің білім беру стандартымен сәйкес келуіне көңіл бөлу;

5.     Сабақ мақсаттарын жазбаша құрастырып,  нақтылау.

 

Дәстүрлі емес сабақтырдың алатын орны ерекше. Оны салыстырмалы түрде талдап, ерекшеліктері мен артықшылықтары мына кестеден көруге болады:

 Дәстүрлі сабақ

Дәстүрлі емес сабақ

 Сабақ мақсаты:

а) мұғалім үшін:

жаңа материалда беру;

ә) оқушы үшін: 

жаңа білімді меңгеру.

Сабақ мақсаты:

а) мұғалім үші : 

оқушылардың жаңа нәтижеге бағытталған іс-әрекетін ұйымдастыру;

ә) оқушы үшін:

 шығармашылық «өнім» ойлап табу.

Сабақтағы іс -әрекет түрі:

Сабақтағы іс -әрекет түрі:

а) мұғалім үшін:

 жаңа тақырыпты түсіндіру;

ә) оқушы үшін:

 тыңдап еске сақтау,

а) мұғалім үшін:оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру;

ә) оқушы үшін:

жаңа объектіні зерттеу, құбылысты талдау, 

 

Сабақ құрылымы-жоспар бойынша өтілуге міндетті.

Сабақ құрылымы-жаңдайға байланысты жоспардан ауытқиды, өзгермейді.

Сабақ тақырыбыны көзқарас-кітапта баяндалған идеяға негізделген бір көзқарас.

Сабақ тақырыбыны көзқарас-

Проблемаға түрлі көзқарас

Бақылау-тақырыпты оқушылардың пысықтауы

Бақылау-тақырып бойынша оқушылардың шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін ұсынуы және қорғауы.

Сабақтың қорытынды кезеңі-тақырып бойынша қорытындылау.

Сабақтың қорытынды кезеңі-рефлексия, өзінің іс-әрекетіне көзқарас.

 

   

Демек, дәстүрлі емес сабақтар- оқушылардығ шығармашылық дербестігін қалыптастырудың негізгі құралы  және сапалы білім беру көзі.

 

                                        Әдебиеттер:

 

1.     Салғарұлы К. Таным баспалдақтары, Алматы. Қазақстан, 1993ж

2.      Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту-№4 2005ж

        3. Педагогика –Ю.К. Бабинский: Просвещение ,1983