Ишанов П.З, Сарыбаева А.О.
Карагандинский Государственный Университет
им. академика Е.А. Букетова.
г.Караганда,
Казахстан
Білім
берудің жаңа технологиялары.
Әлемдік қоғамдастықтың қазіргі
заманғы үдерістері, халықаралық
қарым-қатынастың және мәдениаралық
арақатынастың, соның ішінде тәуелсіз
Қазақстанның тіл мәртебесін ғаламдық адами
құндылықтың таратушысы дәрежесіне дейін
көтеруі, шет тілін оқыту білім саласындағы саясаттың
басымшылдығына ие болып отыр. Жас ұрпақ
халықаралық әрекеттестіктің және
ынтымақтастықтың жаңа талаптарына сай келу үшін
шет тілін меңгеру қазіргі замандағы кез келген мамандық
иесінің міндетті құзырлығына айналды.
Қазіргі уақытта біз, қоғамда болып жатқан
түрлі өзгерістерді бақылаудамыз, елімізде шетелдік қарым - қатынастар дамып,
түрлі технологиялар даму үстінде. Сол себептен, білім саласында да,
әр алуан өзгерістер, оқыту, білім беру бағдарламалары
пайда болуда, шет тілін оқытуда да жаңа әдістер мен шет тілін
оқыту технологиялары пайда болуда. «Технология» деген сөзбен
«оқыту әдістемесі» деген түсінік өзара араласып,
қолданысқа ие болуда, оқыту әдіс-тәсілдерін біз
инновациялық технология деп атап жүрміз. Оқыту
әдістемесі мен оқыту технологиясын өзара салыстырсақ,
оқыту технологиясын біз мынадай ерекшеліктермен сипаттар едік:
1) бірнеше процестерді қамтуға
бағытталған;
2) жеке тұлғаның кәсіби
қасиеттерін қалыптастыруға, тәрбиелеуге
бағытталған оқыту;
3) ғылымилығы, яғни,
технологияның әдіснамалық және теориялық
процестерге негізделуі;
4) соның нәтижесінде жаңа
процестерге түрткі болуы (мысалы, шығармашылыққа);
5) оқыту процесінің
маңыздылығы мен тиімділігіне көбірек
бағытталғандығы.
Шет
тілін оқытудағы инновациялық технологиялардың пайда
болуы, білім саласындағы тоқыраудың әсерінен туындап,
жаңа заманға сай, жаңа үлгідегі жан - жақты,
кәсіби шебер мамандарды дайындау қажеттілігінен туындады.
Жаңа технологиялардың жүзеге асырылуы жиырма бірінші ғасырдың
жоғарғы оқу орындарының түлектеріне жаңа
талаптар қоюды талап етіп отыр.
Жиырмасыншы ғасырдың оқыту технологиясы
ғылымның логикасына негізделіп, «білімнен - тәжірибеге
қадам басу» атты принципке негізделген болса, қазіргі кездегі оқыту
технологиясы студенттің үйрену, оқу
заңдылықтарына негізделе отырып, білім алуда акме - бағытқа
айналып, яғни, ЖОО-ның түлектерінің жоғарғы
кәсіби, шығармашылық, рухани-адамгершілікке
бағытталған технологиясына айналуы тиіс [1].
Кез
келген адам қазіргі заманға сай бәсекелестікке
қабілетті инновациялық жоба жасауға қабілетті бола
алмайды. Ондай адам білікті, креативті, инновациялық-белсенді және
ғылыми білімге ие болуы тиіс. Жаңа инновациялық
жағдайда уәждемелік -
ынталандыруды реттеуді өзгерту қажет, ол үшін
материалдық-физиологиялық,
қоғамдық-экономикалық және психологиялық
уәждемелерді өзгерту қажет.
Инновациялық бағытталған даму
барысында білім жүйесі де өзгеруі қажет. Оның негізгі
принциптерінің бірі болып, білім, инновациялық экономикада даму
факторын анықтайтын, бәсекеге қабілетті
қоғамда жұмыс істей
алатын, креативті инновациялық
қызметкер болуы тиіс.
Білім жүйесінің
өзгерісі, білім жүйесін қайта бағдарлау,
дәстүрлі білім жүйесін ақпараттық -
бағдарланған үлгісінен креативті және
инновациялық бағдарланғанға өзгерту.
Креативті білім беру, тек табиғи шығармашылық
қабілеттерді ғана дамытып қана қоймай, дамытатын
шығармашылықты белгілі бір мамандыққа бағыттау
керек. Ол үшін ғылымда бар технологияларды пайдалану қажет,
мысалы оларға бреймсторминг
әдісін жатқызуға болады.
Педагогикалық технология білім берудің бағдарламасын
жасаудың идеясы болды. Мұндай оқытудың
дәстүрлі білім беруден айырмашылығы жоғары
басқармалы процесс болу керек.
«Технология» сөзінің «әдістемеден» айырмашылығы
бар. Әдістеме оқу процесін ұйымдастыру мен
өткізудің ұсыныстар жиынтығы болса, педагогикалық
технология – ол сабақтың үрдісінің болашақ жобасы, іс –әрекеттер мен амалдардың
тиімді бірізділігі мен түпкілікті нәтижелердің кепілдігі.
Қазіргі кезде «педагогикалық технология» термині кең
қолданыс табуда.
Инновациялық білім беру
технологиясы – білім берудің инновациялық әдістерін
қолдануға негізделеді.
Жоғары кәсіби білім беруде
«инновациялық әдістер»
бұл – қазіргі заманның соңғы
жетістіктеріне негізделген білім берудегі технологиялары, оның
мақсаты, студенттерді оқытудың сапасын арттырып,
олардың бойында өзіндік шығармашылық қасиеттерді
дамыту.
«Білім беру технологиясына»
инновациялық мынадай әдістер жатады: мәселелі оқыту,
жоба әдісі, зерттеушілік әдісі, тренинг әдістері және
т.б.
Инновациялық әдістер
жаңа үлгідегі оқыту барысында не болмаса дәстүрлі
оқыту барысында қолданыста бола алады [2].
Адам
бойындағы шығармашылықты дамытудың теориялары мен
технологияларының арасында, студенттерге қалыптасқан, белгілі
бір нәрсені жасау тапсырылады, мұны біз мәселелік оқыту
(проблемное обучение) деп атаймыз.
Эвристика – тапқырлықты, белсенділікті
ұштауға жәрдемдесетін оқыту әдісі.
Дидактикалық
эвристика – білім беру туралы ғылым,
педагогикалық теория, мұнда оқыту оқушылар мен
оқытушының шығармышылығын, өзін–өзі дамыту
негізінде жүзеге асады.
Эвристикалық
білім берудің мақсатына студенттің өзінің
нақты құрастырылған мақсат–тілектері, білім алуының
мазмұны мен мақсаты, оны жүзеге асырудың
ұйымдастырылуы мен диагностикасы жатады.
А.В. Хуторской эвристикалық
оқытудың төмендегідей ұстанымдарын ұсынады:
1. Әр бір
студенттің білім алуы оның жеке білім алу мақсаттары
негізінде жүзеге асуы тиіс.
2. Студент
оқытушымен келісе отырып, оқытудың негізгі компонеттерін
таңдауға құқылы. Оларға: оқытудың
мақсат-міндеттері, оқытудың әдісі мен формасы,
оқытудың жеке мазмұны, және бақылау мен
бағалау жатады.
3. Оқыту мен пәннің
мазмұнының негізін іргелі білім беру нысандары құрау
керек, олар студенттердің жеке субъективтілік танымын
қалыптастырады.
4. Білім берудің
басты бағдарына студенттердің ішкі дербес оқу
құзіреттілігі жатады (іскерлік, шеберлік, қабілеттілік
және т.б.), және сыртқы құзіреттілігі (болжам,
мәтін, сурет және т.б.) жатады.
5. Студенттің
оқытушымен бірлесе отырып, оқытудың негізгі компонеттерін
таңдауы, білім беру стандарттары мен оқытылатын саладағы
қалыптасқан мәдени-тарихи жетістіктерді басып озуға
мүмкіндік береді.
6. Оқыту
үдерісі студенттің эвристикалық ізденісі мен шешім іздеуі
ұйымдастырылған жағдайларға негізделеді. Оқытушы
тек бағдар беруші бола алады.
7. Оқыту
үдерісі студент пен оқытушының үздіксіз өзара
орындалатын қызметтерін сезіну, бағалау, алынған
нәтижелерді саралау мен білімді меңгеру, соның
нәтижесінде келесі оқыту жоспарын құрастыру болады.
Эвристикалық білім берудің
өзіндік ерекшеліктері бар. Дәстүрлі оқыту
әдісінде дайын материалды сіңіру басты мақсат болса,
эвристикалық оқыту әдісінде оқытылатын материал,
студенттің білім алу мазмұнының өзіндік
шығармашылық туындысы болып табылады.
Технологиялық білім берудің басты элементі –
эвристикалық білім беру жағдайы. Бұл жағдайда
оқушының жеке өзіндік нәтижесі пайда болады,
оған: студенттің өзіндік идеясы, мәселесі, болжамы,
схемалары, мәтіндері жатуы мүмкін. Әр жағдайда
алынған білім нәтижесі болжап біле алмайтын нәтиже болуы
мүмкін, оқытушы жағдайдың мәселелігін
көрсетіп, нәтижені әрі қарай жалғастырып, мәселенің қорытындысына
алдын-ала нақты жауап бермейді.
Эвристикалық білім беру әдісі ашық тапсырмаларға
негізделеді, тапсырмалардың нақты бір дұрыс жауабы болуы
мүмкін болмауы тиіс. Кез келген оқытылатын тақырыптың
ашық, әлі нақты шешімі жоқ бір тапсырмасы болуы керек.
Мысалы, мына тақырыпқа мақал құрастырыңыз,
белгілі бір грамматикалық ереже құрастырыңыз,
өзіңіздің тапсырмалар, жаттығулар
жинағыңызды құрастырыңыз, мына
құбылысты зерттеңіз, мына нысанның шығу тарихын
зерттеңіз деген сияқты тапсырмалар болуы ықтимал.
Студенттердің зерттеу жұмыстарының нәтижелері әр
түрлі әрі жеке дара өзіндік шығармашылық
нәтижелер беруі мүмкін.
Шығармашылық – бойда
қалыптасқан білімнің өзгеруі, қалыптасқан
ережелер мен қағидаларды өзгерту, оқыту
бағдарламасынан тыс жаңа мазмұн қалыптастыру, білімді
тереңдету болып табылады. Сол себептен эвристикалық білім
берудің мақсатына бағдарламада көрестілген
тақырыптарды меңгеру ғана емес, ол тақырыптарды
шығармашылықпен ұштастыра отырып оқыту болып табылады.
Мұнда бағалаудың өлшеміне оқушының
өзін-өзі белгілі бір уақыт ішінде өзіндік дамуын
бағалауы жатады.
Дидактикалық
эвристиканы оқушылардың дарындылығын, шығармашылығын,
жемісті білім берудің түрі ретінде, кез келген оқытушы немесе
жоғары оқу орны қолдана алады. Әдетте оқушылар
шығармашылық жұмыстарды жеке дара өзіндік ойын білдіру үшін
атқарғанды ұнатады[3].
Қолданылған
әдебиеттер
1. А.И. Субоч, Г.В. Мядзелиц. «Акмелингвистика –
новая технология обучения иностранным
языкам в неязыковом ВУЗе». Сибирский государственный технологический
университет.
2. Лутохина Э.А. Проблемные
зоны на пути инновационного развития. Академия управления при Президенте
Республики Беларусь. Минск, Республика Беларусь.
3.
Хуторской А.В. Дидактическая эвристика – теория и технология развития
одаренности учащихся // ТехноОБРАЗ 2007: Технологии непрерывного
педагогического образования и творческого саморазвития личности одаренных
учащихся и студентов: тезисы докладов VI Междунар. науч. конф. - Гродно: ГрГУ,
2007. – С.49-54.