Жұмаханова Г.Ж. тарих мұғалімі
Ақжал негізгі мектебі,
Қарағанды қаласы, Қазақстан
Интерактивті оқыту технологиясының
әдіс-тәсілдерін тарих сабағында қолдану
Мектепке дейінгі мекемелерде
ұйымдастырылған іс – әрекетті және өзіндік іс –
әрекет оқыту процесінде балалардың алған білімдері әр түрлі іс-
әрекеттерінде және өмірде пайдаланылуы тиіс.Бұл
жүйе бойынша жүргізіліп отырған реформалау — қазіргі
күннің талабы.Реформалауды жүзеге асырудың жаңа
бір сипаты, ол қазіргі уақыттағы оқыту мен тәрбие
беру процесіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу болып
отыр. Оқу процесіндегі жаңа педагогикалық технология жаңа мақсат-міндеттермен байыту
болып табылуы, тарих сабағында қолдану
арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары. Заман
талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы
түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру ұстаздың
басты парызы.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында: қазіргі білім
берудегі басты мәселе-білім мазмұнына жаңалық
енгізудің тиімді де жаңа әдістерін іздестіру мен оларды
жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау екені атап
айтады. Қазақстан
Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты –
қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай
жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл,
өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі
жоғары жеке тұлға дайындау. Бүгінгі таңда
ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық
тәрбиенің озық әрі өнегелі
дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында
қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану – аса
маңызды міндеттердің бірі. ХХІ ғасыр – қатаң
бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі
әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі
күні қазақ халқының ұлттық
мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек
ұрпақты ұлттық дәстүрлерде
тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай
заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар
өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы
белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ
ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын,
оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен
сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең
өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі
көрсетіп отыр. Сондықтан да әрбір
оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны
дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа
тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық
технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.
Тарих ғылым және пән ретінде
білімнің аса маңызды саласына жатады. Өйткені ол бүкіл
адамзаттың тарихын, жүріп өткен жолын, жинаған
тәжірибесін баяндайды. Тарихты білу әрбір адамға қажет
әрі пайдалы. Сонда ғана адам өзі өмір сүріп
отырған қоғамдағы орнын, істейтін қызметін
дұрыс анықтайды, келешегін де болжай алады. Белгілі
ойшылдардың, ғұлама ғалымдардың тарихтың
маңызы туралы айтпағандары кем де кем. Әбу-Насыр
әл-Фараби: «Тарихты білмей -өткенді, қазіргі жағдайды
білу, келешекті болжау қиын» - десе, Н.М.Карамзин: «Тарих-әрбір
ұлттың ең басты кітабы» дейді.
Тарих сабағының
неғұрлым тиімді жаңа түрлерін пайдалану оқушы
белсенділігін артыруда зор маңыздылығын айта келе, өз
педагогикалық қызметімде пайдаланып жүрген білім беру
технологияларына тоқталғым келеді.
Қазіргі
мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне
оқыту мен тәрбие берудің соңғы
әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген,
психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан,
ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және
нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік
даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық
педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді. Қазіргі заман
ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын
арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда.
Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып,
мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-жақты ізденістің
нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық
технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Технология –
белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік
арқылы мұғалімнің өз сабағын
оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік
береді. Мұғалім үнемі шығармашылықпен,
ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа жақын
болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана
білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса –
оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ.
Менің де мұғалім ретінде алдыма қойған
мақсатым – оқушыларға ұлттық педагогикалық
тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық
қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық
жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру
оқушының қызығуын, білім құмарлығын
таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен
ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай
білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы
ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге
дағдыландыру – әрбір ұстаздың абыройлы борышы.
Бұл ретте өзім сабақ беретін тарих сабағымда
оқытудың көптеген әдістерінен
құралған интерактивті оқыту технологиясының
тиімді әдістерін қолданамын. Интерактивті оқыту
әдістері тұлғааралық қарым –
қатынасқа негізделе отырып, “жеке тұлғаны
дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын
қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың
алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін
қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті ағылшын
тілінен аударғанда inter –
аралық, action – әрекет.
·
Баланың жеке өздігінен
ізденуіне мүмкіндік беру;
·
Топтасып оқып үйренуге
жағдай жасау;
·
Өздерін – өздеріне
бағалату;
·
Іс – әрекет барысында білім алу;
·
Оқушы өз ойын
еркін айту үшін мұғалім мына
тәсілдерді қолдануы тиімді.
·
Алғыс сезіміңізді білдіріп,
үнемі көтермелеп отыру;
·
Ешқашан “жауабыңыз дұрыс
емес” демеңіз, ондай жағдайда тек сыныптан
келісесіздер ме деп сұрау;
Тарих сабағының
педагогикалық технологиялардың түрлеріне тоқталатын
болсақ белсенді қолданатындар бұл жобалау, пікірсайыс,
мәселелік оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту және
т.б. Жоба әдісі педагогикалық технология ретінде қарастырылды
және оқу барысында оның маңыздылығы ашылды. Жоба
әдісіне ізденіс, зерттеу, мәселелік әдістер,
шығармашылық жұмыстар жатады. Нәтижеге жету үшін
оқушыларды дербес басымен ойлау, мәселелерді тауып оларды шешуге
үйрету, бұл үшін әр түрлі салалары бойынша
балалардың білімдерін қолдану қабылеттерін, нәтижесін
болжау себеп-салдарлық байланысын орнату икемділігін дамыту керек.
Интерактивті әдістерге негізделген пікірсайыс технологиясы
қазақстандық білім беру жүйесінде жасалып,
мұғалім мен оқушылардың арасындағы
қарым-қатынасты авторитарлық стильден ашық
талқылау мүмкіншілігі бар жағдайға өтуге
көмектеседі. Пікірсайыс арқылы көптеген
мақсаттарға жетуге болады оқушылардың білім
деңгейін жоғарлату, ауызша сөздік қорын дамыту, сауатты
сөйлеу, сын көзбен қарау, шыншылдықпен қарау т.б.
Пікірсайыс технология – қарым-қатынасқа негізделеді:
мұғалім-оқушы. Қазіргі таңда білім
жүйесінде үлкен салмақ оқушының өзіне
түседі. Пікір сайыста оқушы
оқытушысының түсіндіргенің меңгеріп ғана
қоймай, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді.
Пікірталас технологиясын мемлекеттің қазіргі таңда білім беру
саласында қойып отырған талаптарына сай, оқу үрдісіне
қажетті әдіс оқушылардың тәртібіне, ынтасына,
оқу іс-әрекетіне игі әсер етеді.
Осыған орай тарих сабағында
өзім қолданып жүрген интерактивті оқыту технологиясы
-білім берудің болашақ көкжиегін кеңейтетініне сенімім
зор. Қорыта келе айтарым, мұғалім ізденісі білім кепілі.
Демек жаңа технологиямен қаруланған мұғалім
ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады.
Жаңа технологияны білім беру саласында тиімді пайдалану
оқушылардың өзіндік жұмысының сапасын
арттыруға көмектеседі. Тәуелсіз
Қазақстанның келешегі жас ұрпақтың
қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт болып
қалуының кепілі.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Құдайбергенева К.С. Инновациялық
тәжірибе орталығы
педагогикалық технология көзі» Алматы 2001ж
2.
Білімдегі жаңалықтар 2007ж
3.
Қазақстан тарихы – әдістемелік журнал . Алматы
2006-2010ж.ж