әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті философия
және саясаттану факультеті жалпы және этникалық педагогика
кафедрасының доценті Г.А. Қасен
әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті философия
және саясаттану факультеті жалпы және этникалық педагогика
кафедрасының аға оқытушысы П.Т. Абдуллаева
Шетелдік және отандық теориялар мен
концепциялардағы
өзіне-өзі қол жұмсау
мінез-құлқы әлеуметтік-психологиялық
құбылыс ретінде
Өзіне-өзі
қол жұмсау мен өзіне-өзі қол
жұмсаудың мінез-құлқының
мәселесінің ғылыми зерттеуінің тереңдігін
қамтамасыз ету үшін өзіне-өзі қол жұмсау
мәселесінің негізгі түсініктерін әртүрлі
ғылыми пәндерде қарастыру қажет. Орыс тілінде
«өзін-өзі өлтіру», «өзін-өзі қол
жұмсау» (латынша Sui- өзін, caedere – өлтіру) өзін
қасақана түрде өмірден айыруды білдіреді.
Педагогикалық
сөздікте Г.М.Коджаспирова және А.Ю.Коджаспиров,
«өзіне-өзі қол жұмсау» түсінігіне келесідей
анықтама берген: Өзіне-өзі қол жұмсау
(ағыл.suicide – өзін-өзі өлтіру) – адаммен қатты
жанкүйзелісі жағдайында немесе психологиялық аурудың
әсерінен жүзеге асатын өзін-өзі өлтіру актісі [1].
Психологиялық
сөздікте «өзіне-өзі қол жұмсау» түсінігі:
өзін-өзі өлтіру мақсатындағы өзіне-өзі қол жұмсау
(латынша Sui- өзін, caedere – өлтіру)
мінез-құлқын білдіреді. Көп жағдайларда ол
агреция формасында жүзеге асады – өзіндік Менге қарсы.
Бұл бірінші кезекте, психикалық ауруы бар адамдарға
тән, шектелген ауытқулары бар және психологиялық
тұрғыдағы сау адамдарда сирек кездесетін құбылыс.
Көбінесе өзіне-өзі қол жұмсау алдында
күйзелістік қалып күй тән, сонымен қатар
өзіне-өзі қол жұмсауға әдетте нақты
стрестік жағдай итермелейді.
А.В. Петровский және
М.Г.Ярошевскийдің қысқаша психологиялық
сөздігінде «өзіне-өзі қол жұмсау адаммен
қатты жанкүйзелісі жағдайында немесе психологиялық аурудың
әсерінен жүзеге асатын өзін-өзі өлтіру актісі
қатты жарақаттаушы жағдайлар
әсерінен: өмір жоғарғы
құндылық ретінде өз мәнін
жоғалтқанда, саналы түрде өмірден кету [2].
Философиялық,
экономикалық сөздік, заң сөздігі:
«өзіне-өзі қол жұмсау (лат. Suicide) –
өзін-өзі өлтіру, қасақана өмірден айыру [3].
Өз
еңбектерінде «өзіне-өзі қол жұмсау» сөзін
ең алғашқы болып пайдаланған дәрігер және
философ Томас Браун «Religio medici» («Дәрігер діні») (1642 ж.). Ол
бұл сөзді латын сөзі sui (өзін) және caedere (өлтіру) сөздерінен
құрады [4].Ғалыммен ұсынылған жаңа термин
өзін-өзі өлтірумен бір адамның басқа адаммен
өлтірілуінің арасындағы айырмашылықты айқын
көрсетті.
Әлеуметтану
көзқарасы бойынша «өзіне-өзі қол жұмсау»
түсінігіне және оның құрылымдық жіктеліміне
нақты анықтаманы әлеуметтік мәселелерді
алғашқы болып зерттегендердің бірі Э.Дюркгейммен берілді,
өзін-өзі өлтіруді ол жәбірленушінің өзі
жасаған оңтайлы немесе теріс әрекетінің
нәтижесінде болған әр бір өлім жағдайы, егер
жәбірленуші күтілетін нәтиже туралы білген жағдайда деп
түсіндірді [5].
Өз
уақытысында З.Фрейд «өлім түйсігі» деген ұғымды
енгізді – басқаша ол адам өзіне-өзі жасайтын
әрекеттерді түсіндіре алмады. Өзін-өзі жоюға
ұмтылу, бәлкім, адамда табиғаттан бейімделген – егер,
айналадағы барлық тірі жандар тіршілік үшін күрессе
басқа адами индивидтер, керісінше, өздерінің өмірін
құртуға көп күш жұмсайды, ал кей
жағдайларда өмірмен қоштасуға барады [6]. Шын мәнінде адам –
қорқынышты жаратылыс: тек қана адам ғана
өзін-өзі жоюға бара алады, тек адамға ғана
өлімге деген құпия құштарлық бар –
басқа ешқандай тіршілік иелеріне мұндай қасиет
дарымаған.
Суицидология маманы
американдық Эдвин Шнейдманның тұжырымы бойынша
«өзін-өзі өлтіру», ең біріншеден, адам жанында болып
жатқан драмма болып табылады». Өзінің зерттеулерінде
психологиялық аутопсияның әдісінің көмегімен
Шнейдман өзін-өзі өлтіру психологиялық
қажеттіліктерінің қанағаттанбағанынан (Г.Мюррей
бойынша) туындайтын қатты жан азабының аутоагрессиясы деген
қорытындыға келді [7].
Психолог В.Т. Кондратенко өзіне-өзі
қол жұмсауды саналы түрде өзін-өзі өмірден
айыру деп анықтады [8].
Зерттеуші
Н.Б.Табачник өзін-өзі жоюшы мінез-құлықты
(өзіне-өзі қол жұмсау) «салыстырмалы ерте
физикалық өлімге алып келетін кез келген (адамның
оларға нақты және потенциалды ерік-жігерлік бақылауы
бар) әрекеттерді» жүзеге асыру деп анықтады. Адам
өмірін қысқартатын кез келген мінез-құлық
«бөлшекті», «жартылай ниетті», «жасырын өзін-өзі
өлтіру», «санасыз өзіне-өзі қол жұмсау
мінез-құлықы немесе өзіне-өзі қол
жұмсау эквиваленті» ретінде анықтайды. Өзін-өзі
өлтіру әрекеті кезінде нәтижеге толық жетпей
қалған әрекет өзін-өзі өлтіруге
әрекет ету деп аталады. Өзін-өзі өлтіруге әрекет
ету кезінде өлімнің болу ықтималдылығы өте
жоғары болса, онда ол күрделі деп есептелінеді.
Өзін-өзі өлтіру әрекеттері қауыпті деп
есептелінеді, себебі денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіреді,
сонымен қатар көп жағдайда өзін-өзі өлтіру
әрекетін жасаған адамдар көп жағдайда бастаған
ісін аяқтайды [9].
Заманауи мамандарды
өзін-өзі өлтіруге берген анықтамасына өзін-өзі
өмірден айыру ғана емес, сонымен қатар критикалық
жағдайларда нақты өлімнен қашу мүмкіндіктерінен
бас тартуды кіреді, яғни қандайда бір топ адамдарының немесе
нақты индивидтің оларға тәуелді емес ауыр және
жан күйзелтетін әлеуметтік жағдайлары орын алғанда
азаптардан құтылудың нақты жолы болып
өзіне-өзі қол жұмсау болып табылады.
Дүниежүзілік
ғылыми-әдістемелік өзіне-өзі қол жұмсау
ғылым орталығын негізін салушыларының бірі, профессор
А.Г.Амбрумова: «Өзін-өзі өлтіру – заманауи қоғам
жағдайында тұлғаның
әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан бейімделе
алмаудың нәтижесі. Психологиялық дағдарыстар
сырластық отбасылық жеке әлеуметтік және
шығармашылық даулар нәтижесінде пайда болады» деп
тұжырымдаған [10].
Минск
қаласының жоғары білімнен кейінгі білім беру Академиясының
қолданбалы педагогикалық психология бөлімінің жетекші
психологы; Белоруссия психотерапевтер ассоциациясының мүшесі,
Ресей Арт-терапевтер
ассоциациясының мүшесі Наталья Сакович: «өзіне-өзі
қол жұмсау» - қатты жан күйзеліс жағдайында
немесе психикалық ауру әсерінен болған өзін-өзі
өлтіру актісі, өмір жоғары құндылық ретінде
мәнін жоғалтқан психожарақаттаушы жағдайлар
әсерінен саналы түрде өзін-өзі жою актісі.
Жасөспірімдер анықтамасы: «барлық нәрсе өз
мағынасын жоғалтады», «демалу өте қиын
тоқтағым келеді...», «ешқандай болашақ
көрінбейді, барлығы бірдей, ешқандай қуаныш жоқ»
және т.б. Барлық өзін-өзі қол жұмсаулар
үш топқа бөлінеді: Шын, жасырын және
қойылымдық [11].
Өзіне
өзі қол жұмсау көріністеріне өзіне өзі
қол жұмсау туралы ойлар, тұспалдап айту, сол туралы
сөздер жатады, бірақ олар өмірден айыруға
бағытталған қандай да бір әрекеттермен
көрінбейді. Аяқталған өзіне өзі қол
жұмсау – өліммен аяқталған әрекеттер[12].
М.В. Зотов, В.М. Путрукович, В.Н.Сысоев
бойынша өзіне өзі қол жұмсаудың келесідей
кезеңдері бар:
1) өзіне
өзі қол жұмсау алды;
2) өзіне
өзі қол жұмсау ниетін жүзеге асыру;
3) өткен
өзіне өзі қол жұмсау кезеңі (сурет 1)
Психикалық жарақаттау жағдайы
Өзіне өзі қол
жұмсауға себептер
![]()

Өзіне
өзі қол жұмсау алды
Өзіне
өзі қол жұмсау ниетін жүзеге асыру
Өзіне өзі қол жұмсауға бейім
тұлға
Сурет
1- өзіне өзі қол жұмсау
мінез-құлқының құрылымы
Өзіне
өзі қол жұмсау алды кезеңі өзіне өзі
қол жұмсау туралы ойдың пайда болуы мен оны жүзеге
асыру кезеңдері аралығын қамтиды. Өзіне өзі
қол жұмсауды жүзеге асыру кезеңі болатын өзіне
өзі қол жұмсауды жоспарлаудан (өзін өзі
өлтірудің ең оңтайлы әдісін, орынын,
уақытын таңдау), оған дайындық кезеңінен (барлық
жұмыстарын аяқтау, өлім алдындағы хат жазу), өзін
өзі өлтіру әрекеттерін тізбекті орындаудан тұрады.
Сонымен, өткен өзіне өзі қол жұмсау кезеңі
өзіне өзі қол жұмсағаннан кейінгі 1-3 ай
уақыт аралығын қамтиды [13].
Жоғарыда
айтылғандарға сәйкес, өзіне өзі қол
жұмсауды осы әрекетке итермелеген кең жүйеге кіретін,
өзін өзі өлтіруге бағытталған нақты
мақсатқа бағынған әрекет ретінде
қарастыруға болады.
Мақсатқа
байланысты өзіне өзі қол жұмсау
мінез-құлқы 4 негізгі топқа бөлінеді: шынайы,
аффективті, қойылымдық, жасырын.
Шынайы
өзіне өзі қол жұмсау өлу тілегімен жүзеге
асырылады, ол аяқ асты әрекет емес, дегенмен сырт көзге ол
күтпеген жағдай болуы көрінуі мүмкін. Бұндай
өзіне өзі қол жұмсауға көңіл
күйдің жабырқауы, күйзелістік күй немесе
өмірден кету туралы ойлар алғышарт болады. Айналадағы адамдар
адамның ондай жағдайын байқамауы мүмкін.
Жасөспірімнің көзқарасы бойынша өзіне өзі
қол жұмсау әрекеті тиімді болу керек, оның бұл
әрекетіне ешқандай жағдай кедергі келтірмеуі керек. Шынайы
өзіне өзі қол жұмсаудың келесі ерекшелігі болып
өмір мағынасы туралы ойлар мен оған алаңдау табылады.
Аффекті өзіне өзі қол
жұмсау – өзіне өзі қол жұмсау әрекеті
аффект шыңында орындалады, ол бірнеше минут немесе сагат және
тәуілікке созылады. Өлім «әсер қалдыру» үшін
аффекті қойылымдар да болуы мүмкін [13].
Осылайша,
барлық зерттеушілер «өзін өзі өлтіруді»
тұлғаның басынан кешірген қиындықтар
жағдайына әлеуметтік-психологиялық тұрғыда
бейімделе алмауы деп қарастырады. Бұл жерде өзіне өзі
қол жұмсауға бару тұлғаның ерекшелігімен,
оның өмірлік тәжірибесімен, интеллектімен, мінезі мен интержеке
байланыстарының тұрақтылығымен сипатталады.
Әйгілі
орыс заңгері А.Ф. Кони, жүзжылдықта жиналған
статистикалық мәліметтерді жалпылай отырып, Ресейдегі өзін
өзі өлтірулердің негізгі себебі ретінде идеалдардың
жоқтығын атап көрсетті. Автор Ресейде XIX ғасырдың
60-шы жылдары «ұлы реформалар дәуірінде» «рухани даму»
әсерінен өзін өзі өлтіру фактілері азайғанын
және 70-шы жылдары материалдық бағыттың пайда болуынан
қоғамда өзін өзі өлтіру фактілерінің
көрсеткіші бірден жоғарылағанын негізге алды. Кони өзіне
өзі қол жұмсау адамның психикалық жағдайына
байланысты деген теорияны мүлде қабылдамады. Автор «өзіне
өзі қол жұмсау әрекеті саналы түрде және
әрекетке өзі бара алатын жағдайда ғана болады
және ондай болмаған жағдайда әрбір жеке жағдайда
кері дәйектер дәлелденбейді» деді [14].
Эрих
Фромм атақты «Еркіндіктен қашу» еңбегінде қоғам
индивид үшін қаншалықты қауіпті және өзін
таныту үшін мүмкіндіктердің өте аз екендігін,
сондықтан ол бар ынтасымен өзін Жер бетінен өшіріп
тастаудағы ең оңай жолын іздейтінін келтірген [15].
Өзіне
өзі қол жұмсауға психологиялық
көзқарас – Батыста кең таралған әдістердің
бірі. Мәселеге психиологиялық амалдау З.Фрейдтің адамға
тән «өлімге елігушілік» тұжырымдамасында негіз
салынған, сонымен қатар невротиктің сипатында. З.Фрейд «ешбір
невротик өзіне қарсы қойылған басқа біреуден
шықпаған өзін өзі өлтіруге бармайды» деп сенді.
Меланхолия кезіндегі өліс қорқынышы пассивті өзіне
өзі қол жұмсаудан қорғаныш секілді, Фрейд оны
өзіндік «Жоғыра Мен» үшін «Мен» үнемі сүйкімді
болу керек деп түсінді. «Мен» өзін «Жоғары Мен» үшін
сүйкімсіз болғанда, ол өз өзінен бас тартып, өзіне өлуге рұқсат
береді.
К. Меннингер
бойынша, өлтіру мен өзін өлтіру тығыз
ұштасқан. Меннингер бұл ұштасуда үш тілекті
көрсетеді: өлтіру, өлтірулі болу, бірге өлу [16] .
Фрейд бойынша, адам болмысынан конструктивті
және деструктивті күштер (Эрос және Танатос) жинақтарына ие. Мезохизмді ол
агрессивті елікке жол бермеу үшін тұлғаның өзіне
бағытталған қанішерлік ретінде анықтайды [17].
Эдвин Шнейдман өзін өзі
өлтірудің 10 ортақ психологиялық сипаттарын атайды.
Өзін өлтірудің ортақ мақсаты - шешімін табу.
Өзін өлтірудің ортақ міндеттері - сананы тоқтату.
Өзіне өзі қол жұмсаудың ортақ итермелеуіш
күші – өткір жан азабы – психалгия. Өзіне өзі қол
жұмсау кезіндегі ортақ стрессор – қанағаттанбаған
психологиялық қажеттіліктер. Өзіне өзі қол
жұмсаудың ортақ эмоциясы – үмітсіздік,
шарасыздық. Өзіне өзәі қол жұмсаудың
ортақ қарым – қатынасы – екі жақтылық.
Өзіне өзі қол жұмсау кезіндегі ортақ
психикалық қалып күй – когнитивті ортаның шектелуі.
Өзіне өзі қол жұмсаудың ортақ әрекеті
– қашу. Ортақ коммуникатівті әрекеті – өзінің
ниеті туралы хабарлама беру. Ортақ заңдылығы – өзіне өзі
қол жұмсау мінез-құлқының жалпы өмір
стилінің мінез-құлқына сәйкес келуі.
Сонымен
бірге, шектелген психологиялық жол клиникалық
заңдылықтарды елемей, өзіне өзі қол жұмсау
мінез-құлқын өмір мен өлім инстинкттер
қатынасының салдары ретінде аутоагрессияға әкеледі.
Аутоагрессияны шын мәніндегі немесе шартты түрдегі махаббаттан
айырылумен байланыстырады, ал аутоагрессиялық феноменді оған пара-,
жалған- және
қойылымды өзіне өзі қол жұмсауды енгізіп
ұлғайтты.
Қолданылған әдебиеттер
1. Г. М. Коджаспирова, А.
Ю. Коджаспиров. Педагогический словарь: Для студентов высш. и сред. пед. учеб.
Заведений. - М., 2000.
2. Захарчук В.А. Суицид //
Классный руководитель. - 1999. - №5. - С. 59-65.
3. Мандрик Р.А. Словари //
Редакция и адаптация под web: (Краткие словари [http://slovo.yaxy.ru/]).
4. Конончук Н.В. О
психологическом смысле суицидов // Психологический журнал. - 1989, - № 5. - С.
95 - 102.
5. Дюркгейм Э.
Самоубийство: Социологический этюд. - М., 1994. Суицидология: Прошлое и
настоящее: Сб. статей / Сост. А. Н. Моховиков. - М., 2001.
6. Фрейд З. О психоанализе.
Психология бессознательного. – СПб. - 2007, С. 321 - 263.
7. Шнейдман Э.С. Душа
самоубийцы. Пер. с англ. - М.: Смысл, 2001.
8. Кондратенко В. Г.
Девиантное поведение у подростков. - Минск, 1988.
9. Войцех В.Ф. Что мы
знаем о суициде / Под редакцией профессора В.С.Ястребова. - М. - 2007. - 20 с.
10. Амбрумова А.Г.,
Тихоненко В.А.
Суицид как феномен социально-психологической дезадаптации
личности. Актуальные вопросы суицидологии. - М. - 1978. - С. 6-28.
11. Сакович Н. Подростковый
суицид и его профилактика / Сайт центра диагностики и консультирования
«Диалог»/ http://center-dialog.ucoz.ru/publ/sakovich_n_podrostkovyj_suicid_i_ego_profilaktika/1-1-0-1.
12. Змановская Е. В. Девиантология: психология отклоняющегося поведения/ Учеб. пособие для
студ. высш. учеб. заведений. - 2-е изд., испр. - М.: Издательский центр
«Академия», 2004. - 288 с.
13. Зотов М.В., Петрукович
В.М., Сысоев В.Н.Сигнал. Методика экспресс-диагностики суицидального риска.
Методическое руководство // Иматон. - 2003.
14. Кони А.Ф. Собрание
сочинений. В 8 т. Правовые воззрения А.Ф.Кони. Юридическая литература. - 1967,
т. 4, С. 455
15. Фромм Э. Бегство от свободы. - М., - 1995.
16. Менингер К. Война с
самим собой / Перевод Ю.Бондарева. - М.: Изд-во ЭКСМО – Пресс, - 2001. - 480 с.
17. Фрейд 3. Печаль и
меланхолия // Суицидология: прошлое и настоящее. - М., 2001.