Сыздыкова Б.Д., А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ 2 курс магистранты

Мнайдарова З.Т., Омск мемлекеттік университетінің 2 курс магистранты

 

 

Ойын элементтері көптілді жеке тұлғаның қалыптасуына негіз

 

         Оқу үрдісін ұйымдастырудың тиімді құралдарының бірі – ойын болып табылады. Ойын – бұл көптеген білім беру мақсаттарына қол жеткізудің белсенді бір әдісі екені рас.

Қай тілді де үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану жеке тұлғаның  тілге деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсуіне әсер етеді. Ойын арқылы балалар тілді үйренуде женіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде  шаршағандарын сезбей, әсерлене, қызыға отырып қай тілді де  тез үйренеді.

         Егер мұғалім ойынды тек жеке тұлғаны көңілдендіруге, демалдыру үшін ойнатса, одан пайда болмайды. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп, ойналған кезде ғана нәтижелі болады.

         Ойын кезінде жеке тұлғаның мінез-құлқын, білімін, ой-өрісінің кеңдігін анықтауға болады және осы қасиеттер ойын кезінде қалыптасады.

         Ойын дегеніміз:

1)     Іс-әрекет (әсіресе, тілдік)

2)     Зорлықтың, қыстаушылықтың жоқтығы

3)     Жеке адамға ғана тән іс-әрекет

4)     Ұжым арқылы тәрбиелеу және білім беру

5)     Жеке тұлғаның психикасын, ой-өрісін дамыту

6)     Қызықтыра отырып үйрету

Сондықтан ойын элементтерін шет тілінде үйретуге пайдаланған кезде көп талаптар қойылады.

Ойынды мынадай мақсаттар қойып пайдалану керек:

1)     Белгілі бір қабілетті қалыптастыру

2)     Белгілі бір тілдік іс-әрекетті дамыту

3)     Шет тілінде екінші біреумен қарым-қатынас жасауға үйрету

4)     Қажетті мүмкіндік пен психикалық қызметтерді дамыту

5)     Білім беру

6)     Тілдік материалды еске сақтау

И.Н.Скаткин: «Балалар ойынның осы білім беру мақсаттарын байқамай ойын ойнап, көңіл көтере отырып, өзінің бір нәрсеге үйренгенін түсіну керек», - дейді.[1,171]

Шет тілінде лото, карта, домино, жұмбақтар, сөзжұмбақтар, байқаулар түрінде де, лингвистикалық ойындар, бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, нәрселер сатып алу, т.б. түрінде де ойналады. [1,172]

Шет тілі сабағының әр кезеңінде ойын элементтерін пайдалануға болады. Мысалы, сабақтың басында ұйымдастыру бөлімі кезінде алынатын фонетикалық рифмовка алған кезде: «Ал кәне, кім мынау өлеңді бірінші жаттап алып, маған айтып берер екен», -деп жарыс ойынын ұйымдастырса және эстафета таяқшасын дайындап алып барып, оны алда отырған оқушыға берсе, ол оқушы өлеңді айтып болып, келесі оқушыға берсе, балалар жарыса отырып өлеңді қалай жаттап алғандарын байқамай да қалады.

Сабақ процесі кезінде ойынды пайдаланған кезінде жеке тұлғаны «Не істеймін?», «Қалай айтам?», «Қалай жеңем?» деген сұрақтар ойландырады.

Шет тілін нашар білетін тұлға ойын кезінде басқалармен бірдей үйретіліп жатқан тілде сөйлеп, «Мен де басқалармен бірдей екенмін ғой», «Мен де біледі екенмін» деген ойда болады.

Лексикалық ойындар жаңа алынған сөздерді жеке тұлғаның тез жаттауына, олардың түрлі жағдайларда айдалануына, әрі тілін дамытуға көмектеседі.

Әртүрлі ойындарда әртүрлі лингвистикалық дағдылар қалыптасады: ауызша, сөйлеу, оқу, жазу. Танымдық қызметті белсендірудің мағызды құралы дидактикалық ойындар болып табылады. Дидактикалық ойындар кез келген оқу материалын қызықты етіп, білімді игеру үрдісін жеңілдетеді. Дидактикалық ойындарға тілдік (даярлау) және сөйлеу  (шығармашылық) ойындар жатады.

Фонетикалық ойындар дыбыстарды дұрыс айтуға көмектеседі.

Жалпы шет тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану тілді үйренуді жеңілдетеді.[2,25-26]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Амандықова Г.Н., Мұқтарова Ш.Е., Баймұқанова Б.С., Бисенғалиева А.Н. Шет тілін оқыту әдістемесі: оқу құралы. Астана, 2007 ж.

 

2. Шетел тілін оқыту әдістемесі. 3 (47), 2012 ж.