Қабул О. Қ.
аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Қазақстан, Қостанай қ.
ИСЛАМ
ДІНІ
Дін – адам
баласының ұлы қажеттігі, ол тарихта бірегейліктің басты
элементі болып табылады. Сонымен қатар оның табиғи
мұрамызға қосатын үлесі зор. Исламдағы «дін»
ұғымының мағынасын анықтап алғанымыз
жөн болар. Араб тіліндегі дін сөзі «дəйн» түбірінен
шыққан, үстемдік, егемендік, бас ию, қарыздану,
тапсырылу, біреудің бұйрықтарын орындау, оның билігін мойындау,
заң, жол, əдет жауапқа тарту, жаза беру, сыйлыққа
бөлеу, үкім, мүлік, дағды сияқты көптеген
мағыналарды білдіреді. Осыдан «дін» дегеніміз аса биік билік иесіне
мойынсұнып, оған бағыну жəне оның
бұйрықтарын орындау дегенді білдіреді.
Ислам дінінің
негізгі қағидасы жаратушының бірлігі сенімі болып табылатын
«тəухид» нанымында. Құран Кəрімде бұл
қағида көптеген аяттарда «лə илаһа илла Аллаһ», яғни «Аллаһтан басқа тəңірі
жоқ, құлшылық етуге лайықты тек Аллаһ
қана» деп
түсіндірілген. Ислам Аллаһтың тарапынан адамзат баласы
үшін түскен ең жаңа дін. Мұнда алалауға,
бұрмалаушылыққа, өзімшілдікке, өктемшілдікке,
партиялылыққа, əкімгершілікке жол жоқ.
Аллаһтың заңының алдында адамның барлығы
бірдей. Алла тағала Құранда: «Раббың,
өзіне ғана ғибадат етулеріңді, əке-шешеге
жақсылық қылуларыңды əмір етті. Ал егер ол
екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кəрілікке жетсе
«Тұһ» деме (кейс білдірме). Сондай-ақ ол екеуіне зекіме де,
сыпайы сөз сөйле» («Ісра», 23-24 аяттар). Бұл аяттар Құранда келтірілген
көптеген адамгершілік этикалық ұстанымдардың бір
ғана мысалы болып келеді.
Əлемдік
діннің бір түрі Ислам діні салауатты өмірге шығаратын
мейірімді дін. Оның қоғам мен жастар тəрбиесі, жалпы
адам тəрбиесіндегі орны өте маңызды жəне
құнды. Дін ілімі ой тазалығы, рух тазалығын
насихаттаумен келеді. Халқымыздың «Тəрбие отбасынан, ошақ
қасынан», – деуі тегінен
тегін емес. Адам бойындағы жат қылықтардан,
өсек-өтіріктен, қылмыс-қиянаттан,
ішімдік-нашақорлықтың қоғамда барынша кең
тарап бара жатқаны баршамызға мəлім. Мұның
барлығы біздің пікірімізше, адамдардың рухани жəне
моральдық азғындығының салдарынан.
Исламдағы
ғибадат – бұл тағылым мектебінің, үлгілер мен
өнегелер ошағаның рөліндегі діни дəстүрлер
жүйесі. Ғибадаттың бір түрі – намаз. Оның өзінің адам
бойында шыдамдылық, ұяттылық, əдептілікті
жатқызуға болады. Алла Тағала Құранда айтады
екен: «Күдіксіз, намаз арсыздықтан,
жамандықтан тыяды. Əрине Аллаһты еске алу – аса ірі нəрсе» (Анкабут, 45 аят). Мысалы ретінде
Исламдағы əділдік пен теңдік қағидаларын келтіруге
болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Əділдікке жүгінбейтін
жəне əлсіздер күштілерден өз үлесін ала алмайтын
ұлт құрметтен мақрұм қалады». Əділдік орнамаған,
қарапайым халықтың ой-пікірлерімен санаспайтын
қоғам құрметтен мақрұм қалады.
Өйткені, бұл өз кезегінде халықтың
наразылығын, ашу ызасын тудыруы мүмкін.
Исламның
басты мақсаты – татулыққа, жақсылыққа
үндеу. Ол адамгершілікке, өзара түсіністікке, өзге
ұлттар мен сенім-нанымдарға барынша оң қабақ
танытуға шақырады. Ислам дінінің қағидалары адам
баласының өмір жүйесін реттеп тұрады. Ислам діні екі
дүниенің де қамын ойлауға əмір еткен. Ислам дініне
Қазақстанда саяси-идеологиялық сипаттан көрі, əлеуметтік-мəдени
мазмұнға ие. Сонымен бірге, əлеуметтілік
тұрақтылық пен ұлтаралық
қарым-қатынастағы тепе-теңдікті ұстап
тұруда діннің позитивті ықпалы зор. Осы тұрғыдан
алғанда, полиэтникалық мемлекеттердегі саяси-əлеуметтік
қарым-қатынастарды реттеудің қажетті шарттарының
бірі ретінде діни құндылықтарға негізделетін
секуляристік саяси мəдениет пен əлеуметтік идеологияны қалыптастырудың
өзі белгілі бір дипломатияны қажет етеді.
Орталық Азия
геосаяси тұрғыдан алғанда Шығысқа, ал тарихи-мəдени
тұрғыдан мұсылманшылдыққа жақын тұр.
Демек, бұл аймақта өз ықпалын орнатуда батысқа
қарағанда Шығыстың мүмкіндіктері мол.
Мұндай мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана білген жағдайда
Орталық Азия мемлекеттері уақыт оза келе үлкен мəдени
концепция, осының негізінде тұтастай бір экономикалық
ынтымақтастық доминаты орнаған аймаққа айналу
мүмкіндігі бар. Мұндай өркениеттің ірге тасы жалпы
адамзаттық құндылықтар мен ислам
құндылықтарының өзара үйлесімділігі.
Ислам қазір
қазақ жерінде екі бағыттағы қызметімен
көрінеді. Біріншісі – мəдени ағартушылық, екіншісі –
саяси əлеуметтік. Бірінші бағыт: халықты жалпы
мұсылмандыққа насихаттау халық дəстүрімен
ұштасқан исламның рухани мəнін түсіндіру. Екінші
бағыт: саясаттанған ислам. Бірақ исламның саяси
мақсаттары жəне оған жетудің əдіс-тəсілдерін
қазақ қауымы қолдамайды. Əрине,
отаршылдықтың шеңберінен босаған қазақ
үшін өзінің Орта Азия аймағындағы тегі бір
туыстарымен тіл табысып, біртұтас өмір кешуіне себеп болатын аса
маңызды фактор – мұсылман діні. Осындай кезеңде оларға
сүйену көптік етпесе керек. Сонымен бірге ислам дініне бой
ұсынуымыз керек.
Қазақ
ұлты исламға толық орнықпағанын жəне тез
қабылдағыштығын ескерсек, біз бұл салаға
көп көңіл бөлуге тиіспіз. Сонымен бүгінгі ислам
тек дін ғана немесе белгілі бір өмір сүру стилі,
спецификалық үлгісі ғана емес, сонымен бірге ол өзіндік
ішкі қайшылықтарға саяси идеология, мұсылман
өркениетінің саяси-экономикалық, əлеуметтік жəне
мəдени потенциалының ішкі сілкінісі деп атауға болады. Қалай
болғанның өзінде дінді талқылауда бөгет болатын
кедергі – терминологиялық түсініксіздік, яғни
терминдердің күмəнділігі. Демек, дін ретінде діннің
мəнін дін негізінде ашу мүмкін емес. Сол сияқты діннің
мəнін дін философиясы тұрғысынан да ашу негізсіз, себебі
конфессиналды бейтарап, жалпы дін философиясы деген жоқ. Кез келген дін
философиясы, кез келген теологиялық ілім сияқты нақты –
конфессионалдық пікірге негізделген.
Əлемдік
діннің бір түрі Ислам діні салауатты өмірге шақыратын
мейірімді дін. Оның қоғам мен жастар, жалпы адам тəрбиесіндегі
орны өте құнды да, маңызды. Себебі, діннің
адамзатқа үндейтін шынайы адалдыққа,
бауырмалдыққа біріктірушілік сипаттағы білім. Дін ілімі
қашанда ой тазалығы, рух тазалығын насихаттаумен келеді.
Мысалы исламдағы ғибадат жəне заң саласын алайық.
Исламдағы ғибадат – бұл тəрбие мектебінің,
үлгілер мен өнегелер ошағының рөліндегі діни дəстүрлер
жүйесі. Ғибадаттың бұл түрі намаз. Оның бір
өзінің адам бойында қалыптастыратын жақсы жақтары
қаншама. Оларға тазалық, сабырлық, шыдамдылық,
ұяттылық, ұқыптылық, əдептілікті
жатқызуға болады. Алла Тағала Құранда айтты: «Күдіксіз, намаз арсыздықтан,
жамандықтан тыяды. Əрине Аллаһтан еске алу – аса ірі нəрсе»
(Анкабут, 45 аят).
Исламда ең
зор билік – Аллаһтың құзырында жəне бұл
құдіретті билік шариат арқылы көрінеді.
Өзінің ыңғайлылығы мен қолдану
ерекшеліктеріне қарай шариғат көп қырлы, бетбұрыс
жасаушы ілім болып табылады. Ол қоғамдағы барлық
өкілдерінің құқықтары мен міндеттері есепке
алынған бірегей заң. Мəселен, мұның нақты
дəлелі ретінде Исламдағы əділдік пен теңдік
қағидаларын келтіруге болар еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с)
айтты: «Əділдікке жүгінбейтін жəне əлсіздер
күштілерден өз үлесін ала алмайтын ұлт
құрметтен мақрұм қалады». Əділдік
орнамаған, қарапайым халықтың ой-пікірлерімен
санаспайтын қоғам құрметтен мақрұм
қалады. Өйткені бұл өз кезегінде халықтың
наразылығын, ашу ызасын тудыруы мүмкін. Бұл сөздер
мұсылмандар өмірінің нақты қағидалары мен
істеріне айналып, олардың қарым-қатынасы мен байланысын айқындады.
Ислам – адам
өмірінің құндылығын жоғары бағалайды
жəне оны сақтауға баршаны шақырады. Бəрімізді
жаппай бір Жаратушыға сенуіміз, миллиондаған мұсылмандар,
христиандар, яһудилер жəне басқа да діни конфессиялардың
бір-бірімен мəмілеге келуі – əлемде бейбітшілік пен
халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға еркін жол
ашады. Исламның басты мақсаты – татулыққа,
жақсылыққа үндеу. Ол адамгершілікке, өзара
түсіністікке, өзге ұлттар мен сенім-нанымдарға барынша
оң қабақ танытуға шақырады. Сонымен, егер адамзат
баласы осы көрсетілген жолды ұстанатын немесе осы ислам дініне тəн
адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп, іс-жүзінде
қолданатын болса, онда қоғамымызда түсіністік,
сыйластық орнар еді деп ойлаймыз.
Халық – біртұтас мемлекет, ел тыныш боламын
десе, ең әуелі басшыларға бағыну ләзім.
Мұның кепілі – жақсы және парасатты жетекші. Ондай
басшы өзіне жүктелген жауапкершілікті сезініп және
өзінің халқын алға жетелейді. Басшының
салиқалы саясатының астында саналы қоғам
құрылады. Сондықтан, мұсылмандардың барлығы
өздерінің әмірін қолдауға,
құрметтеуге, ізгі бұйрықтарын орындауға,
оған тек жақсылық тілеуге және ешбір жағдайда
абыройына нұқсан келтірмеуге міндетті.
Ислам – Аллаһ Тағаланың алдында қабыл болатын жалғыз
ғана дін. Аллаһ Тағала Ислам дінін жеңіл әрі
қолайлы қылды, онда ешбір қиыншылық немесе
машақат жоқ. Ислам дінін ұстанушыларға шама жетпейтін,
жағдай көтермейтін немесе мүмкіншіліктерден тыс бірде-бір
амал, іс-әрекет міндеттелмеген. Ислам дінінің негізі – таухид, ұраны – шыншылдық, айналасы – әділет, құндылығы – хақиқат, рухы – мейірімділік. Және де ол
(Ислам діні) пенделерін дінінде және дүниесіндегі барлық
пайдалы нәрселерге бағыттап, оларды дінінде және
тіршілігіндегі барлық зиянды нәрселерден сақтандырады. Ислам – барлық хабарларымен, үкімдерімен берік және мықты
болған тура дін. Хабарларының бәрі шындық әрі
хақиқат, үкімдерінің барлығы игілікпен
әділет!
Ислам діні адамдардың дінді
ұстануларындағы деңгейлерінің бірдей еместігін ескеріп,
өзгелердің тыныш әрі кәдімгі өмірлерін
қамтамасыз ету үшін және өзгелердің хақылары
сақталуы үшін кейбір қылмыстарға өзіне сай
келетін жазаларды үкім ретінде бекітті. Егерде бұл қылмыстар
күпірлік, ойнас, арақ ішу сияқты Аллаһтың
хақыларына тиісті қылмыстар болса немесе адам өлтіру,
ұрлық, жекеменшікке қол сұғу, жала жабу, денеге
зақым келтіру, қинау, ақша немесе біреудің мүлкін
зорлықпен тартып алу және тағы басқа адамдардың
ар-намысына байланысты яғни, адам хұқықтарына тиісті
қылмыстар болса –
Ислам діні солардың
барлығына ешбір шектен шығушылық немесе салақтық
жіберместен жасалған әрбір қылмыстың өзіне
лайық жазаларды заң үкімдерінде орнатты.