1.Физическая культура и
спорт: проблемы, исследования, предложения
6М010800
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс
магистранты Сайлаухан Е.
Б.ғ.к.
Садыканова Г.Е.
C.Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Спорт ойындарының (футбол
мысалында) адам ағзасына әсері
Спорттық
ойындар дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасына енген
басқада дене шынықтыру және спорт жаттығуларымен бірге
оқушылардың адамгершілік-ерік және қимыл сапаларын
жақсартуға көмегін тигізеді. Спорттық ойындарды
үздіксіз жүйелі түрде ойнау төзімділік, ептілік
және қимыл-әрекеттер жасауда тапқырлық таныту
сапаларын қалыптастырады. Спорттық ойындардың түрлеріне
бадминтон, баскетбол, волейбол, қол добы, регби, тенис, футбол, хоккей
жатады. Осы спорттық ойындардың мәні ерекше. Оқушы
әрбір ойынға қандай сипатты қимыл-әрекеттер
тән екенін және оларды қалай меңгеру ерекшеліктері мен
әрбір ойынның ағзаларына қандай әсері болатынын
білуі керек.
Спорттық ойындардың физиологиялық
негіздеріне қысқаша тоқтала кетсек, спортттық
ойындардың ағзаның жеке жүйелерінің
морфо-функционалдық жағдайына әсерлері – ойындардың
мерзіміне, қарқынына, алаңның аумағына, ойыншылар
санына және т.б. факторларға тәуелді болады. Ойын барысында
жүгірістер қанша көп болса, вегетативтік өзгерістер
сонша айқын болады.
Барлық
спорт ойындары аралас типті жылдамдық-күш қимылдармен
сипатталады. Ациклдық қимыл қозғалыстар ойындарда
басым. Көздеу қимылдарының дәлме-дәл
орындалуының мұнда маңызы зор. Бұлшық ет
жұмыстары спорт ойындарында динамикалық сипатта. Бірақ
күш әдістерін қолданғанда еттер қысқа
мерзімді статикалық ширығулар туғызады. Бұл спорт
ойындарымен шұғылданушылардың күш дайындық-тарына
жоғары талаптар қояды.
Спорт
ойындарындағы циклдық қимылдар қуаты-ауыспалы.
Ойынның әрбір сәтінде ол-үлкен, субмаксималды,
максималды болуы мүмкін. Ойын барысында спортшы әрекеті
қысқа мерзімге үзілуі мүмкін (ойын ережесінің
бұзылуы, допты жоғалту, 1 мин. үзіліс және т.б.).
Жұмыс қуаты төмендегенде және қысқа
мерзімді үзілістерде, қайта қалыпқа келу процестері
күшейеді. Олар көрнекті, жоғары мамандықты жүйке
процестері құбылмалы спортшыларда ерекше білінеді.
Спорттық
ойындар организмнің анаэробтық мүмкіндіктеріне жоғары
талаптар қояды. Егерде ойын жоғары қарқанмен
жүрсе организм анаэробты жағдайда жұмыс істейді, сонда ол
ұзақ жүктемеге шыдай алмайды. Осыған байланысты ойын
ережесі бойынша ойыншылар ауыстырылады. Спорттық мұндай
түрлерінде жоғары нәтижеге жету үшін анаэробтық
мүмкіндіктермен қатар, аэробтық мүмкіндіктерді де
жетілдіру көзделеді.
Спорттық
ойындар жылдамдық, күш, ептілік және арнайы
төзімділіктің дамуына септігін тигізеді. Жаттықтыратын
жүктеменің өте үлкен көлемі, жалпы
төзімділік қасиетінің дамуына әкеледі. Спорт
ойындарымен шұғылданушылардың қимыл дағдылары
алуан түрлі. Олардың күрделілігі алаңда тез
қозғалу, допты айдау, беру және т.б. басқа ойын
әдістерін қолданумен байланысты.
Спорт
ойындарында қимыл дағдыларын автоматтандыру қажет. Ол
қанша жоғары болса, спортық әрекет сонша тиімді болады.
Ойынның жеке әдістері ғана автоматтындырылып қана
қоймай, тіпті күрделі компоненттері де автоматтандырылады. Кейбір
жағдайларда үйренген қимылдар тиімсіз болады.
Спортшының мұндай стереотипті әрекеттері туылған
жағдайларға қарай өзгеріп отыруы қажет.
Бұлар ерікті және еріксіз түрде экстраполяция жолымен
жетіледі. Сонда жаңа қимыл формалары жасалуын қамтамасыз
ететін шартты рефлекторлық байланыстар пайда болдады. Дәлірек
айтқанда, спорттық ойындарда стереотиптік қимылдар тез
және жеңіл өзгере алуы керек. Бұл қимыл
әрекеттерін басқарушы жүйке процестері
құбылмалылығының арқасында іске асады.
Спорт
ойындарымен шұғылдану жүйке процестері
құбылмалылығын жетілдіреді. Оның жанама
көрсеткіші-шартты қимыл реакцияларының латенттік
уақытының қысқаруы. Жүйке процестерінің
құбылмалылығы тек қана қимыл құрамы
мен екпінділігін өзгерту үшін қажет емес, сонымен қатар
тыныс пен қанайналым мүшелерінің орайлас өзгерулеріне
де қажет. Айтылған мүшелер жұмыс қуаты
көтерілгенде қызметтерін тез көтеріп төмендегенде тез
қалпына келуі шарт. Ойын қимылдардың тез, үйлесімді
және дәл болуын талап етеді. Сондықтан көру мен есту
мүшелерінен, ойыншылар мен доптың, өз денесінің
қалпы мен бұлшық еттерінің күйі туралы,
вестибуляр және қимыл талдығыштарынан келетін
ақпараттар айқын және қажетті уақытта келуі шарт.
Спорттық
ойындар қимыл аппаратына арнайы талаптар қояды. Ойынша
дайындығында еттер күшінің «жарылысты» қасиетін
жетілдіруді, «секіргіштік» төзімділікті, сөрелік екпін
жылдамдығын, жылдамдық төзімділікті қамтамасыз ететін
жаттығулар көзделеді. Арнайы күш дайындығы
бұлшық еттердің гипертрофиясына әкеледі. Бірақ
гипертрофия олардың жылдамдық қасиетін төмендетпеуі
керек.
Спорттық
ойындардың ішіндегі футбол ойыны сұрапыл әрі адамның
жүрек қылын тербететін дене тәрбие ойыны
болғандықтан, ол “дүниедегі маңдай алды спорт”, “дене тәрбиесінің
патшасы” делініп, бүкіл дүние халқының
қастерлеуіне бөленуде.
Футбол ойынында
жарыс майданы кең, жарыс уақыты ұзақ, қатынасатын
адам көп әрі сайысуы қат-қабат, допқа таласуы
қиян-кескі, еліктіргіштігі күшті, драммалық қасиет
болады. Жақсы ойналған бір майдан футбол жарысының телевизор
көрермендерінің өзі 10 миллионға жетеді. Бұл
жағынан да әр қандай бір дене тәрбие түрімен
салыстырғанда алда тұратындығы шүбәсіз.
Футбол ойыны
адамдарды дене жақтан жан-жақтылы шынықтырып,
жылдамдық, күш, төзімділік, икемділік, ептілік
жақтарынан да, қайсар, зерек, қағылез, мойымас
қасиетпен жұдырықтай жұмылып селбесетін
ұжымдық рухты жетілдіру жағынан да зор маңызға
ие.
Зерттеу жұмысы барысында
оқушылар мен атааналардың футбол ойнынына деген
көзқарасын анықтау мақсатында сауалнама жүргізген
едік. Сауалнама ШҚО Жарма ауданына қарасты Қалбатау, Бірлік,
Жаңа өзен, Қапай батыр, Жанғыз төбе
ауылдарындағы 8 мектепте оқитын оқушылар мен олардың
ата-аналардың арасында жүргізілді. Сауалнамаға
қатысқандардың көпшілігін ұл балалар
құрады. «Футбол ойынын ұнатасыз ба?» сұрағына
оқушылардың 96 %-ы ұнатмын, 1%-ы ұнатпаймын,
бірақ ойнаймын деп жауап берсе, 2%-ы ұнатпаймын, 1% -ы білмеймін деп жауап берді. Сауалнама
қорытындысы бойынша бірнеше сұраққа берілген
жауаптардың үлес салмағы төмендегі 1-ші кестеде
көрсетілді.
1
кесте - ШҚО Жарма ауданына қарасты
ауылдардағы мектеп оқушылары мен ата-аналардың сауалнама
сұрақтарына берген жауптарының үлес салмақтары
|
«Футбол ойынын
ұнатасыз ба?» |
|||||
|
Рет |
Қатысушылар |
Ұнатамын |
Ұнатпаймын, бірақ ойнаймын |
Ұнатпаймын |
Білмеймін |
|
1 |
Мектеп оқушылары |
96 % |
1% |
2% |
1% |
|
«Футбол ойынын ойнау
ағзаға пайдалы ма?» |
|||||
|
Рет |
Қатысушылар |
Әрине пайдалы |
Соншалықты пайдалы емес |
Ағзаға еш
пайдалы емес |
Білмеймін |
|
1 |
Мектеп оқушылары |
94.1% |
3% |
- |
2.9% |
|
2 |
Ата-аналар |
97% |
0.8% |
- |
2.2% |
|
«Футбол
үйірмесіне қатысасыз ба?» |
|||||
|
Рет |
Қатысушылар |
Қатысамын |
Үйірме
болса қатысар едім |
Қатыспаймын |
Білмеймін |
|
1 |
Мектеп оқушылары |
80% |
18% |
0.4% |
1.6% |
|
«Балаңыздың
футбол ойнағынын қалайсыз ба?» |
|||||
|
Рет |
Қатысушылар |
Әрине қалаймын |
Қаламаймын
|
Баламның
қатысқысы келсе қарсылығым жоқ |
Білмеймін |
|
1 |
Ата-аналар |
87% |
- |
11% |
2% |
Кестеден көріп
отырғандай мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарының
футбол ойынының адам ағзасына пайдалы спорт екенін онымен
айналысуға олар тарапынан еш кедергі жоқ екенін анық
байқауға болады.
Футболшы
үшін қимыл аппаратының арнайы дайындығы аса
қажет. Олардың жұмысы жылдамдық-күш
сипаттағы жұмыс болып табылады. Ойын алаңының
көлемділігі, соған байланысты көп жүгіру, ойынның
ұзақтығы бұлшық еттердің анаэробты-аэробты
талаптарда жұмыс істеуге жақсы бейімделуін талап етеді.
Футболшының
қимыл-әрекетінің тиімділігін арттыруда көптеген
рецепторлардан түсетін ақпараттың маңызы зор.
Көру ауданы мен тепе-теңдік анализаторларының
функционалдық күйі төмегенде жоғары спорт
түрлеріне қол жеткізу мүмкін емес.
Футбол ойыны
кезінде тез жүгірудің маңызы зор. Аз демалып, көп
жүгіру ағзаның анаэробтық мүмкіншіліктерін
дамытады. Ойын кезінде футболшы орта есеппен 5-8 км жүгіреді. Оттегін
тұтынудың максималды шегі 62.5 мл/мин/кг тең болады.
Тынышытық
кезінде футболшының жүрегі минутына 48-54 рет соқса,
ойынның алғашқы минуттарында 160-170 рет/мин
көтеріліп, содан кейін 160/180 рет/мин деңгейінде
тұрақталып қалады, ойынның кейбір сәттерінде 200
рет/мин жетеді. Ойын суық ауа-райы кезінде немесе жаңбыр жауып
тұрғанда өтетін болса, зәрде ақуыз пайда
болады.
Қорыта
айтқанда, футбол ойыны доп ойынарының ең бір тамаша
түрі. Ол үлкен адамдардың, жасөспірім балалардың
барлығы қызығатын дене тәрбиесінің бір
түрі. Ол адамның денесін шынықтруда, дене қуаты
қасиетін жетілдіруде, адамның күш қайратын асыруда,
жігерін шыңдауда, басқалармен өзара силастық,
өзара селбестік қатынастарын дамытуда ерекше рол ойнайды.
Біз осындай бір
тамаша дене тәрбиесі ойынының онан ары кемелдене, толықтана
түсетініне, қоғамдағы тәрбиелік
маңызының онан ары жоғарлап, тіпті де жоғары
сатыға көтеріле беретіндігене кәміл сенеміз.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Мельников В.Л. Физиологические основы физического
воспитания. – Алматы., 1993.
2.
Смаил
Н.Н. Спорт физиологиясы. – Талдықорған, 2007.
178 бет.
3.
Смаил Н.Н. Адам физиологиясы. - Талдықорған, 2007.
4.
Садыканова Г.Е. Дене тәрбиесі мен спорт
түрлерінің физиологиялық негіздері. Оқу
құралы. – Өскемен, 2011., 112 бет.
5.
Смирнов В.М., Дубровский В.И. Физиология физического
воспитания и спорта. – М., 2002.
6.
Чумаков П.А. Спортивные и подвижные игры.-Москва: 1999 г.
7.
Гринкевич А.К. Спортивные и подвижные игры.-Москва: 1970 г.
С 388.
8.
Дене тәрбиесі оқулығы.-Үрімжі: Шинжияң Шинхуа
баспасы, 1993ж. (2-бөлім).
9.
Уанбаев Е.Қ, Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдениеті және
спорттың теориясы мен әдістемесі.- Өскемен., С. Аманжолов
атындағы ШҚМУ баспасы .2006ж.
10. Дене
тәрбие оқулығы. -ҚХР, ШУАР: Шинқуа баспасы, 2000
ж.
11. Дене тәрбиесі
оқулығы.-Үрімжі: Шинжияң Шинхуа баспасы, 1995ж. (1-бөлім).