Экология магистрі Шамшеденова С.С.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті
Мұнай және оның
өнімдерімен каспий теңізінің ластану деңгейі және
тірі организмге әсері
Каспий экологиялық жағдайы соңғы
жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий
теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің
табиғи – тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820 –
1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су деңгейі
көтерілген. Оның себептерін ауа – райының
құбылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге
болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық
судың 80%-н құрайды. Сондықтан теңіз суының
толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды. Соңғы
жылдары теңізден Қарабұғазкөл
шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам
баласының Каспий экожүйесіне батыл араласуы еді. Осы
әрекеттердің бәрі Каспий теңізінің байырғы
қалыптасқан табиғи
тепе – теңдігін бұзған адамның теріс
іс–әрекеттері қабылданды. Теңіз суының
ырғақты ауытқуы табиғаттың заңдылығы
екенін адам баласы кейін түсінді. Каспий теңізінің
көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген
проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы–экологиялық
жағдайлар, біріншіден, су деңгейінің көтерілуі
теңіз жағалауындағы табиғи жойылымдардың
көлемі тартылып, құстар мен жануарлардың мекенін басып
қалды. Сонымен бірге, балықтардың уылдырық шашу аясы
мен құстардың ұя салу тығыздығы кеміп,
биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып отыр.
Екіншіден су деңгейінің көтерілуі теңіз
жағалауларындағы мұнай ұңғыларын,
мұнай қоймаларын,мұнай өңдейтін өнеркәсіп
орындарын, балық комбинаттарын су басып, зор шығын келтіріп отыр.
Үшіншіден теңіз деңгейінің көтерілуі судың,
ауа мен топырақ ластанды, одан әрі экологиялық апатқа
апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап
күшейе түсті. Су құрамында ауыр металдардың
көбеюі бекіре сияқты бағалы балықтардың санын
азайтты.
Судың беткі қабатын бүрек жабу
арқылы мұнай судағы тірі ағзаларды жояды. Мұнай
өнімдері суда өсетін фитобентос, фитопланктон және көк
– жасыл балдырларға әсерін тигізеді. Тек қана 1 тонна
мұнай ауданы 12 км судың бетін жабады. Теңіздер мен
мұхиттың бетін жабатын мұнай ауа мен судың
арасындағы энергия алмасу, жылу, газ, ылғалдылықты
бүлдіру мүмкін, физика – химиялық процесстерді өзгертеді,
судың беткі бөлігінің температурасы артады, балық
кетеді не өледі, түбіне тұнған мұнай тірі
организмдерге зиян етеді. Мұнай ластары биологиялық
теңдіктеріне әсер етеді: дақ күн сәулесінен
өткізбейді, оттегінің
судағы таралуын азайтады. Мұнайдың улы заттары
балықтардың су құстарының қырылуына,
теңіз жануарларының еттерінің сапасына зиянын тигізеді.
Мұнайдың концентрациясының көбеюі мұнаймен
улануға әкеледі 1 мг/м – нан жоғары конденсияға
мұнайда токсин артады. Мұнайдың концентрациясы кезінде суда
ұшқыш өнімдер, еру, қышқылдану арқылы
азаяды. Мұнайдың судың бетіне шығуы арқылы
судың терең бөлігіне енетіні белгілі. 3 аптадан соң
мұнайды 1мм бөлігі 80 метрге дейін төмендейді екен.
Мұнай өнімдері судың түбін ластайды, ал 1 - 5 мм еркін
жүреді. Олар әсіресе суда жүзіп құстарға
зиянын тигізеді. Осының нәтижесінде құстың
қанаты суда итеруші және жылу бөліну қасиетінен
айырылып, құс өледі. Осы мұнайдың салдарынан
болатын ауруларда белгілі. Қан аздық ауру
Қазақстанның Солтүстік аймағында 2 – 4 есе
артық, бүкіл Республикаға қарағанда мұнайды
ашық фонтан түрінде және мұнай өнімдерін
құю арқылы шығару зиянды. Судың беткі
қабатын мұнайдың тазартудың факторлары бар:
мұнайдың жабысқақтығынан оны судан айыру
қиындығы, лас ауданның көптігі, желдің
әсерінен мұнай дақтарының қозғалысы, гидрометерологиялық шарттар
және т.б. Бұл бәрі
экономикалық және экологиялық жоғарлауға
әкеледі. Бүгін Каспийдік қандай мөлшерде және
қандай химиялық заттармен уланғаны жөнінде
мәлімет аз. Токсиндік заттар антропогендік және биогендік ластануды
дәл анықтауға мәлімет бере алмайды.
Қазір
Атырау облысындағы 20 бұрғылау орнын су басқан.
Бұл теңіздің ластануының қатерін туғызады.
Теңіз суында 150 бұрғылау орнының мұнайы бар.
Соның ішінде 120 құбыр жарамсыз және
мұнайдың теңізге ақпауы үшін
сақтандырылмаған. Маңғыстауда қыс мезгілінде
мұз ығысуынан қауіпсіздендірілмеген құбырлар
қирап отырады. Каспий теңізінің тасуынан қазірдің
өзінде 45 бұрғылау орны қауіпті тұр.
Мұнаймен ластану батпақты ауданға, Каспийдің
Оңтүстік аумағына кері әсер етеді. Әзірбайжан
Республикасында да осындай жағдайдан Каспий ластануда. Тексеріс
нәтижесінде теңіздің мұнаймен ластануы 95% береді. РФ
өтетін өзендермен қалдықтардың 90% Каспийге
құйылады. Судың ластануы танкерлердің жүрісі
кезінде авариядан да болады және Теңіз үстіндегі мұнай
– газ бұрғылау жұмыстарынан да су үстінен
мұнаймен ластануы негізінен Ресей территориясына келеді, ол Махачкала порты,
мұнай өңдеу ауданы құрлық жолы. Түркіменстанда
мұнаймен ластаудың басты көздері теңіздің
және жағалаулық мұнай өндіру орындары және
мұнай химиялық өндіріс мекемелері. Каспий
теңізінің Шығыс жағалауларының зиянды заттары
көбейеді, теңіздің жағдайы және жаға
жағдайы қорқыныш келтіреді. Бұл технологиялық
бұрғылау кезінде теңіздің мұнай және газ
құбырлары, қалдықтары барлығы қазіргі
үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етілулері. Істің
ластануының тексерісі табиғат қорғаудың
әлсіздігі қазіргі үлгіге сай технология жетіспеуінен. Каспийдің
ластануының басты себебі – көмірсутек алу. Бұл ластану
құстың қырылуына, ресурстарына жағалауына
әкеліп соғады. Осы проблемалар Каспийдің табиғатын
қорғауды талап етеді.
Бұл
аймақта ашық түрде көмірсутекті шикізат өндіру.
Алайда технологияның төмен деңгейде, табиғат
ресурстарын дұрыс пайдалану артынан көптеген экологиялық
проблемалар шығарды. Олар аса үлкені мен теңіз бетінен
көтерілу, жағамен бірігу кезінде болады. Мұнайды
аймақтарға тасу экологиялық жүйесіне қауіпті.
Қазіргі
уақытта Солтүстік Шығыс Каспийде 30 түрлі заттар
шығарады: мұнай өнімдері, ауыр металдар, еріген оттек,
нитрит, нитрат. Теңіз суы Солтүстік – Шығыс бөлігі
Каспийдің жай бүлінген заңдылықтары табиғатты
қорғау үшін экологиялық жүйесін таза ұстау
керек.Казгидрометтің мәліметі бойынша ПДК – ның мұнай
өнімдеріне көтерілуі болған. Көбінесе теңізге лас
заттардың түсуі қауіптер кезінде болады, жеңіл
мұнай өнімдері жоғары бөлікке шығып, аурулары
оларға жүзіп келеді. Ең көп бүлінетіндер
жағалаудағы ластанған сулар, теңіздің
байлықтарын жояды. Ластаудың басты өндірістік жолдармен берілетіндігімен
басты байланысында басты маңыз айдалып қуылатын
құбырлармен байланысты. Синоптиктердің болжамы бойынша
айдалушы толқынның биіктігі 2,5 және одан да көп метрге
жетеді. Соңғы 20 жылға
есептеулер бойынша сайғақ 20 есе, қызыл балық 18
есеге азайған. Жағалауда сирей бастау, күшті
құрғап кету мұнайға жақын жерлерде болуда. Қазіргі кезде
жаға зоналарын тексеретін жүйе жоқ. Қоршаған
ортаның экологиясын қарау үшін облыстық басқарма
бар, бірақ бұларда толық материалдар болмағасын шарасыз
отыр. Теңіздің реакциялық аудандары дұрыс
пайдаланылмайды. Каспий теңізі жойылудың алғашқы
сатысында. Бұған итбалықтардың жаппай қырылып
балықтардың ауруы, құс организмдердің өлуі
мысал. Мұнайшылар сатылатын мұнай принципімен жұмыс істейді. Табиғатты пайдалануға төленетін
төлем барлық зияндарды
өтеуге жетпейді. Табиғатты қолданудың реті әлсіз
болу, дамымау және нормалы жетілмеу, Каспийге келетін мұнай
базарларының дамымауы – басты қателіктер болып табылады. Каспийдің
басты қатерін алдын алу үшін Каспий маңы елдерінің
биліктерімен келісіп, мұнай өндіруді азайту; теңіздің
биологиялық ресурстарын қауіпсіздендіру; мұнайды алу жолдарын
өзгерту; теңізге төгілген мұнайға айыппұлды
көбейту.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.Сериков Ф.Т., Оразбаев Б.Б. Экологическое состояние
нефтегазовых месторождений Прикаспия и побережья казахстанской части
Каспийского моря //Нефть и газ. – 2001. - № 2.
2.Сериков Т.П., Сагандыкова Р.Р., Югай В.М., Ескужиева
А.Б. Об охране окружающей среды в условиях добычи нефти и газа на предприятиях
ОАО «Казахойл-Эмба» //Нефть и газ. – 2001. - № 1.
3.Хаиров Б.Г. Cовременные
экологические проблемы в нефтяной отрасли Республики Казахстан //Нефть и газ. –
2001. - № 3.