Э.ғ.к. Тлеужанова Д.А., магистрант Дарибаева А.
С.Сейфуллин
атындағы ҚАТУ, Қазақстан Республикасы
Микронесиелеудің
Қазақстан Республикасындағы жағдайы
Қаржы
нарығының ғаламдық тұрақсыздығы
жағдайында микронесиелендіру шағын және орта бизнесті
қолдаудың тиімді әдістерінің бірі болып табылады, ал
бұл өз алдына елдегі экономикалық
тұрақтылықты нығайтуға әсерін тигізеді.
Қазақстандағы микронесиелеудің басым мақсаты
кедейшілікпен күресу емес, шағын және орта бизнесті,
яғни кәсіпкерлікті қолдауға негізделеді. 2003 жылы
микронесиелеу туралы заңның қабылдануынан бастап
микронесиелік ұйымдар саны жылдан жылға елеулі
жоғарылаған. (сурет 1)

Ескерту- ҚР-ның статистика Агенттігінің
мәліметтері негізінде автормен құрастырылған
Сурет 1 – Микронесиелік
ұйымдар санының
динамикасы және
өсу қарқыны
Сәйкес
заң қабылданғаннан кейінгі алғашқы үш жылда
микронесиелік ұйымдардың саны шамамен 3 есеге жуық
жоғарылағаны сурет мәліметтерінде келтірілген.
Соңғы кезде қазақстандық микроқаржы
секторында жұмыс жасап жүрген мемлекеттік, сондай-ақ
жекеменшік микрокредиттік ұйымдардың саны тез қарқынмен
өсуде. Егер 2008 жылы Республика
бойынша дәл осындай 1086
ұйым (бұдан әрі МНҰ) тіркелген болса, 2011 жылғы статистика 1756
компанияға өскенін көрсетіп отыр.
Дегенмен, 2012 жылы
енгізілген заңнамаға микронесиелік ұйымдарға талаптар
күшейтіліп микроқаржылық ұйымдар санатына ауыстыру
туралы шешім қабылданды [1].
Қазір елімізде
1706 микронесиелік ұйымдар тіркелген.
Оның ішінде қалыпты
жұмыс жасап жатқандары 970 шамасында. Бірақ, тіркелген микронесиелік ұйымдардың
жартысына жуығы жұмыс істемейді. Микронесие алушылардың
саны күннен күнге көбейіп келе жатқаны байқалады. Негізі айтып өткен
жылдары бүкіл қаржы секторы, оның ішінде банк саласында да
мұндай жағдай болған. Тұтас қаржы
саласында қандай жағдай орын алса, біздің шағын несие ұйымдары да одан
сырт қала алмайды. Өйткені, бұл сала да жалпы қаржы
секторының бір бөлшегі. Әйтсе де 2010 жылдан бастап
кәдімгідей қарқын ала бастағаны байқалады.
Шағын несие алушылардың көбі жеке адамдар, заңды
тұлғалар небары 1 пайыздайын ғана құрайды. Осы жылдары кепілге алатын заттарға
басымдық берілген де (50%), ал
өткен жылдың алғашқы үш тоқсанында кепіл
бойынша несие беру небары 22 пайызды құрады. Ал олардың, 60
пайызы кепілдіксіз. Микронесиелік ұйым саны жағынан өсіп, сапа жағынан ойдағыдай жақсарып келеді.
Өйткені сапасына сенбесе, қайтарымы болатынына көзі жетіп тұрмаса, несие
бермейді. Біздің саламызға қарап-ақ ел
экономикасының дамып келе жатқанын аңғаруға
болады. Өйткені макроэкономиканың дамуы микроэкономикаға тікелей
байланысты.
ҚР-ның
статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша 01.01.2014 жылғы
жағдай бойынша тіркелген 1706 микронесиелік ішінде белсенді қызмет
ететіндері 45,8% құрайды.
Соңғы жылдары тіркелген микронесиелік ұйымдардың саны
шамалы жоғарылауда, бұл бүгінгі таңдағы
олардың рөлінің жоғарылауын, кәсіпкерлік
субъектілері үшін микронесиелердің үлкен мүмкіндіктерін
сипаттайды.
Микронесиелік
ұйымдар санының жоғарылауына қарамастан, олардың
ішінде белсенді қызмет ететіндерінің саны небары 46 %
құрайтындығы, яғни көпшілік микронесиелік
ұйымдардың сәйкес деңгейде әрекет алмауының
бірден-бір себебі – қаражат тапшылығы болып табылады.
Микронесиелік
секторға несиелік ресурстарды жеткізетін негізгі жеткізуші –
коммерциялық банктер болып табылады. Банктер микронесиелік
ұйымдарды жалпы стандарттық талаптарға сәйкес
төлемділігіне, қайтарымдылығына және қамтамасыз
етілуіне байланысты қаржыландырады. Екінші деңгейлі банктер
микронесиелік ұйымдардың басым бөлігінің нақты
кепілдігінің жоқтығын ескере отырып, олар Шағын кәсіпкерлікті
қолдау қорының кепілдігі негізінде компанияларды несиелеуге
дайын, ал ол үшін қор қарыздық міндеттемелердің
70-80% өз мойнына алу керек. Сәйкесінше, банктер микронесиелік
ұйымдармен жұмыс істеуі үшін, банктің
жоғарғы өтімділігін есепке ала отырып, белгілі
жеңілдіктер алғылары келеді. Банктен 17%-дық мөлшерде
қаражат ала отырып және өз маржасын қоса отырып,
микронесиелік ұйымдар өз клиенттеріне 20% көлемде және
бұданда жоғарғы мөлшерде несие береді.
Бүгінгі күні микронесиелік ұйымның негізгі
проблемасы несиелік қаражаттардың қайтарылмауы болып
табылады, себебі микронесиелендіру нарығының басты ерекшелігі
оның қарыз алушыларының шектелуі. Микронесиелік
ұйымдардың басым бөлігінде жұмыстың сапалы
стандарттарының жоқтығы байқалады. Нәтижесінде,
бұл несиелерді қайтармаудың жоғары пайызына және
зияндылыққа әкеледі, олардың көпшілігі мерзімі
өтіп кеткен және ұзартылған несиелер проблемасына
ұшырады.
Микронесиелік
ұйымдардың санының жылдан жылға жоғарылауы,
оларды құру процедураларының жеңілдігімен
түсіндіріледі, өйткені небары 1000 айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде жарғылық капитал төлеп
микронесиелік ұйым құра беруге болады, ал олардың
белсенді қызмет атқара алмауы қаржылық
қадағалау органдарымен бақылауға алынбайды. Бұл
салада, жұмысын ұқыпты жүргізіп отырған мекемелер де бар, сонымен қатар
алаяқтардың жүргені де жасырын емес.
Сол үшін осы саланы біраз реттеу керек және таза, салықтарын дер кезінде
төлейтін мекемелер нарықта қалу керек те, жұмысы түсініксіз,
күңгірт мекемелер кетуге тиіс.
Осы орайда 2012
жылдың қараша айында «Микроқаржылық ұйымдар
туралы» ҚР Заңына қол қойылды. Заңға
сәйкес ҚР Ұлттық Банкі тарапынан микронесиелік
ұйымдарды қадағалауды жүзеге асыру қарастырылуда.
Ең бастысы – бақылау, қадағалау Ұлттық
банктің құзырында
болады. Екіншіден, микроқаржылық ұйымдардың
жарғылық капиталдары
мөлшерін жоғарылату көзделуде. Қазір микронесие ұйымын құру
үшін 10 мың доллар болса жеткілікті, ал жаңа заң
бойынша оның ауқымы 30 млн теңгеге дейін (200 мың
доллар) көбейе түседі.
Үшіншіден, микронесие ұйымдары несиелік бюро жүйесіне
міндетті түрде кіруі керек.
Бүкіл банктер бұл бюроға кіреді. Азаматтардың несиелік
тарихы осы бюрода жиналып отырады. Ал қазіргі таңда бұл бюроға 5-6 несие ұйымдары ғана кірген.
Қалған ұйымдарды да міндетті
түрде осы бюроға енгізу мемлекет үшін қажет.
Осы өзгерістер ҚР-да микроқаржылық нарықты
жаңа деңгейге көтереді және шағын бизнесті
қолдауға мүмкіндіктерді кеңейтеді деп болжануда [2].
Қорыта
келгенде, әлеуметтік бағыттылығына қарамастан,
микронесиелендіру жүйесі микронесиелік ұйымдардың
қаржыландыру үшін қаражат жетіспеушілігімен,
мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігмен, техникалық
және ресурстық базаның жоқтығымен байланысты
әртүрлі проблемалармен қақтығысады. Аталған
проблемалардың барлығын шешу микронесиелеу жүйесін
жан-жақты талдауды және әрі қарай жетілдіруді
қажет етеді. Қазіргі қезде осы бағыттағы шаралар
жүзеге асырылуда.
Қолданылған
әдебиетттер тізімі:
1
«Микроқаржы ұйымдары туралы» ҚР
Заңы №56-V, 26.11.2012 ж.
2
Тлеужанова Д.А. Қазақстан
Республикасындағы шағын бизнесті микронесиелеуді жетілдіру
перспективалары // Материалы Республиканской научно-практической конференции
«Актуальные проблемы экономического развития АПК Казахстана в условиях
глобализации» том 2. КАТУ им С.Сейфуллина 17-18 мая 2013 г. С. 182-186