Омарова Гулайна Елеусизовна – докторант

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан

Құтымхан Шохан – магистрант

 Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Шымкент қ., Қазақстан

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ӘДІСТЕРІ

 

Аграрлық кешенді көтеру, ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен өңдеу, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету экономикалық дамудың қазіргі кезеңіндегі басты күрделі мақсатына айналып отыр. Нарықтық экономика жағдайында аграрлық саланы дамытуды мемлекет тарапынан реттеу және қолдау саясаты төмендегі нысандарда жүзеге асырылады  асырылады:

- АӨК субъектілер қатынастарындағы субсидиялар, мемлекет тарапынан сатып алушылар және басқада көптеген мемлекет тарапынан қолдаудың нысандарын жасау;

- Өндірістік негізгі құралдарды – ауыл шаруашылық техникасының жабдықтарын, паркін,  мал басын жаңарту үшін жағдайларды қолдайтын түрлі қаржылық құралдарды пайдалану;

- АӨК субъектілеріне несие-қаржылық құралдардың қолжетімділігімен жасақтау;

- АӨК-ді дамытушы жобаларды инвестицияларды барынша ынталандыру  үшін өте керекті жағдайларын дайындау;

- Өнімдердің экспорттарын қолдау;

- Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздіктің саласында мемлекеттік қызметтерді ұсыну;

- ҚР АӨК қарқынды дамыту мақсатында қажетті көлік, су, сақтау және басқа да инфрақұрылымдарды сақтау және дамыту жолдары болады;

- Экономикада салалық ғылымды дамыту мен агротехнологиялық білімдерді кеңінен жұмылдырып тарату;

- Мемлекеттік бюджет қаражатының жұмсалуын қадағалау [1].

Біздің мемлекетте негізінен ақшалай мен қаржылық қолдаудың құралдары негізінен басым болады.

         Сандық мәндегі жалпы сома тек қана 2013 жылы 283,5 млрд. теңгеден астам болды. Осы қаржылардың құрылымы 1-суретте көрсетілген.

 

 

Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

1 - сурет. 2010-2013 жылдары АӨК-ні дамытуға бағытталған бағдарлама бюджет қаражатының көлемі, млн. теңге

 

Аграрлық саланы мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары бойынша субсидиялаудың көлемі мен түрлері 2-кестеде келтірілген.

        

         Мемлекет тарапынан бөлінген субсидиялардың көлемі 6-суретте келтірілген.

Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2 - сурет. 2010-2013 жылдары АӨК салалары бойынша субсидиялау көлемі, млн. теңге

 

         Ауыл шаруашылық бағытында жем-шөп дән дақылдары егетін жерлердің жыртылу ауданы 2013 жылы 2484,3 мың гектарды қарады, ал оның ішінде жиылған ауданы 78 мың га жүгері дақылдарына дайындалған, бұл жерде 197,2 мың гектар қысқа мерзімді тек жылдық шөптер және 1780,1 мың гектар ұзақжылдық шөптерді құрап отыр.

Осы нарықта мал шаруашылық өнімдердің үлкен бөлігі халықтың жеке арнайы қосалқы шаруашылықтарында өндіріледі, ал бұл болса өнімділіктің төменділігіне алып әкеледі, осы ішкі нарықта қажеттіліктің жоғарлап көтерілуін  қамтамасыз етуге мүлдем мүмкіндік бере алмайды,  ол өзіндік құнның жоғарлап және бәсекеге деген қабілеттіліктерін төмендетуіне соқтырады, импортқа тәуелділіктің артап олардың қалыптасуын арттырады. Сонымен қатар, барлық еттің түрлерін негізгі өңдеп өндірушілер қазірге дейін халықтық шаруашылықтар болып есептеледі, олар 2012 жылғы 1 қаңтардағы деректер бойынша76,7% ірі қара мал басты, 67% қой мен ешкі, 72,5% шошқа,62,7% жылқы және 40,9% құс есептелуде. Мұнда мал шаруашылық өнімділік көрсеткіштері халықаралық көрсеткіштерден әлдеқайда төмен болады [2].

         Ауыл шаруашылықта асыл тұқымды мал бас санының төменгі мөлшері, жемшөптердің сапасының төмендігі, оларды күтіп-бағу үшін шарттардың  сәйкес еместігі Қазақстанда мал шаруашылық өнімділігінің төмен болуының басты себептердің бірі болады. Мал бастарының басым бөлігі халық шаруашылықтарында топтасуына байланысты мал шаруашылық саласына малдардың төменгі генетикалық табиғаты және де осыған байланысты өнімділік әлсіздігі, оларды күтіп-бағатын, тамақтандыру кезінде заманауи технологияларды қолданудың болмауы, бұл малдардың саулығына барынша көңіл бөлу сияқты жағдайлардың төмендігі болады.

Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің мәселелерін талдауда қайта өңдеу өнімдері экспорты мен импортының теңдігі өнімдер бойынша Қазақстан нарығының көп мөлшері импортқа тәуелділігі анық болады.

         Нарықта үкіметтік емес ұжымдық-ұйымдардың өздері дайындаған тамақ өнімдерін анықтаулары үшін түрлі шараларды атқару  құқықтарын беретін мүмкіндіктерін барынша пысықтау болу қажет еді.

         Ал қазіргі кездерде жүнді және теріні, яғни былғарыны илеу шикізаттарын қайта өңдеудің мөлшері өте төменгі деңгейде қалып, болашақта олардың мөлшері көтеруледі деп сенім артамыз. Себебі осы тауарларға сұраныстың төмен болуымен байланысты болуы мүмкін. Жүннің жуылып тазартылғаны және өңделген тері шикізаттарын сатылу үлестерінің жоғарлауы үшін жеңіл және тоқыма өнеркәсіптік кәсіпорындарын дамытуға  ықпал етулері болып отыр.

         Халықаралық нарықты қорғау үшін  іс-шаралар мен әрекеттердің идеологиялық тұрғыдан барынша қолдаулармен ыңғайландыруы тиіс болады. Ол үшін нарықта халыққа отандық тамақтық өнімдерін күнделікті қолдануға ынталандыруда насихаттап, яғни халықтың отандық өнімдерімізге өздерінің сенімділігін жоғарлату бойынша кеңінен барынша  ауқымды компания немесе дәлелді шараларды атқару қажет болып отыр [3].

Қаржыландыруға қол жеткізу мақсатында шараларды талдау үшін 2004 жылдан бастап экономиканы көтеру мақсатында берілген несиелердің көлемі 18 есе жуықталып өсіп отырды. Осы уақыт аралықта Екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) ауыл шаруашылық үшін берілетін несиелері де көтеріліп өсіп отырды, бірақта, бар-жоғы аз уақыт аралығында  – 2004-2013 жылдар аралығында не бәрі тек  3,88 есеге өсіп отырды (сурет 3).

Ескерту: ҚР Ұлттық Банкі мәліметтерінің негізінде құрастырылған

3 - сурет. 2001-2013 жылдарының соңында берілген несиелердің көлемі,

млрд. АҚШ доллары

 

         1- қыркүйектің 2012 жылы берілген  жағдайлары негізінде берілген несиелер көлемі 545 млрд.теңгеден жоғары болады. Сенімсіз және үмітсіз несиелердің үлестері ауыл шаруашылықта жалпы экономикамен салыстырып қарағанда ол айтарлықтай төмен болады.

         Сонымен қатар 2014 жылы болған ұлттық валюта-теңгенің құнсыздануы да ауылшыруашылық тауар өндірушілердің тиімділігіне кері әсерін тигізетіні анық.

Осының нәтижесінде ауыл шаруашылық барлдық шаруашлық кәсіпорындары алдында қабылданған несиелік міндеттемелері бойынша жоғары сыйақы мөлшерін және несиелер бойынша борыштардың негізгі бөліктерін төлеу мәселелеріне ие болады.

Міне, осыған байланысты несиелік пен жобаларды қайта құрылымдап, жанамалап қосымша қаржыландыру, сонымен қатар АШТӨ бар барлық берешектерін өтеулеріне барынша қаржыландыру жолымен АӨК субъектілерін бір реттілікпен қаржылық түрлерінде барынша оларды сауықтырып жандандыру мақсатында шараларын қабылдау қажет болды.

         Ауыл шаруашылығында ветеринариялық қауіпсіздік ерекше орынға ие болып отыр.  Бұл жерде тұрақсыз эпизоотиялық жағдай АӨК-ні өсірудің басты қауіптері болып есептеледі. Территория шекараларының маңы мен өңірлері ауруларға жиіререк ұшыраған, бұл жерлерден инфекциялар оданда әріқарай елдің басқа бөліктеріне кеңінен тарайды. 2013 жылы көптеген инфекциялық аурулардың 227 орталықтары анықталды, солардың  нәтижесінде Қазақстанның облыстарының  мал шаруашылықтары өнімдердің экспорттарына тыйым берілді [4].

         Маларды зерттеу жағдайында тамақ қауіпсіздігіні жүйелерін дамытулары біршама факторларды тежеулеріне ие болады.  Бұл жерде мал басының көп  бөлігі жеке өз үй шаруашылықтарында болады, ал бұл болса ветеринариялық бақылауды өте қиындатады.

         Нарықтық экономиканың қазіргі уақытында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласында заңнамалық базаның бар болуына қарамай олардың іс-қимылдары орынды дәрежеде мүлдем ыңғайлы емес болады.

         Қорыта келе, мемлекет тарапынан жасалынатын аграрлық саладағы тауар өндірушілерді қолдау шаралары агроөнеркәсіптік саланың қарқынды дамуына септігін тигізіп, мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады.

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР

1        Аграрлық сала мемлекет қамқорлығында // http://i-news.kz/news/2011/12/12/6190805-agrarlyk_sala_memleket_kamkorlygynda.html

2        Қазақстан цифрларда. Статистикалық жинақ. -Алматы: ҚР статистика Агенттігі. 2009-2013 жж.

3        Ауыл шаруашылығын қолдау үшін мемлекеттік бағдарлама //http://kz.vtb-bank.kz/juridical/services/state/agriculture/

4        Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры: 2013 жылғы қорытындылары//http://mgov.kz/kz/fermeram-vy-dali-kreditov-na-28-mlrd-tenge/