Турдалиева Улжан Нуралиевна
экономика
ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
«Мирас»
университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан
БАНК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі кездегі банк ісі-ұзақ мерзімдік дамудың
нәтижесі. Банк образының алғашқы нұсқалары
ретінде, ақша мен тауарды сақтаудың ең тиімді орны
ретінде саналған шіркеулерді алуға болады. Египетте
мұндай операциялар б.э.д. ХХVIII- ХХVII ғ.ғ
жүргізілген, ал Вавилон және Ассирияның көптеген
құжаттары, сол уақыттың өзінде
қаражатарды сақтау формалары және ссудалық операциялар
заңмен реттелінгендігін, сонымен қоса, қаражаттарды
сақтағандары үшін төлем ақы
алынғандығын дәлелдейді.
Мұның барлығы толық мағанасындағы банк
ісі емес еді. Банк ісінің толығымен дамуы, қаражаттарды
сақтау қызметтеріне қосымша несиелік операциялардың
жүргізілуі босталған кезден басталады. Банк ісінің
алғашқы кәсіпқойлары ретінде орта ғасырдағы
менял және раставщик айтуға болады. “Банк” сөзінің
өзі италияндық “banko” (ақша столы) сөзінен
шыққан. Ендеше банк ісінің дамуы несиелік
қатынастардың дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан,
қазіргі кездегі банктердің қызметтерінің еркшеліктерін
анықтау үшін, экономикалық қатынастардың
бұл саласының даму процессін қарастырған жөн
болады.
Несие қатынастары – ссудалық келісім жөніндегі кредитор
мен қарыз алушының арысында қалыптасатын қатынас,
яғни ссудалық төлемақы және қайтарым
негізінде ақшаны немесе материалдық құндылықтарды
белгілі бір уақытқа беру.
Несиелік қатынастардың туындауының объективтік және
заңдық сипатты бар екендігін ұмытпаған жөн.
Тауарлай- ақшалық қатынастардың болуы, шаруашылық
субъектілерінің бірін бірімен байланысты екендігін білдіреді. Әрбір
кәсіпорын қаражаттары өндіріс және айналым
процесстерінде тек өзіне ғана тән, бір жағынан мемлекет
пен халықтың қаражаттарының айналымымен, екінші
жағынан өзгелей кәсіпорындардың жекелеген
айналымдарымен негізделеген жеке айналым жасайды. Өндіріс
қорларының айналым заңдылықтары экономика салалары мен
кәсіпорындардың өзгеріп отыратын қажеттіліктері
туындаса, ал оның жеке өзінің айналымы аталған
қажеттіліктердің әр кезде туындауына әкеледі: бір
кезде, өндіріс бөлімдерінің ақшалай
қаражаттарға деген қажеттіліктері жоғары болса,
екіншілерінің уақытша бос қаражатттары қалыптасуы
мүмкін.
Мұндай процесстердің нәтижесінде экономикалық
қайшылықтар туындайды, яғни, кәсіпорының
ақшалай қаражаттарға деген қажеттілігі мен оның
қолда бар болуы арасындағы қайшылық. Мұндай
қайшылықтардың көрінуінің екі нысаны болуы мүмкін:
ақшалай қаржаттардың қолда болу немесе оның
уақытша болмау, сондай-ақ, қосымша қаржаттарға
деген қажеттілік пен оның болмау сияқты қайшылық.
Бірінші қайшылықтың мазмұны мынада, егер
кәсіпорының қандайда бір ақшалай қаражаттары
болып және де ол ешқендай табыс әкелмейтін болса, яғни
ешқандай шаруаға қолданылмаса, онда өндірістің
тиімділігі төмендейді. Ендеше өндірістен босаған
ақшалай қаражаттар өзінің қолданылыу аясын табуы
тиіс. Ал, өз кезегінде несие арқала қолданыс табуы
мүмкін. Ендеше, бірінші қайшылық өз шешімін тапты деген
сөз.
Мұнымен, тек, несиенің қызмет ету мүмкіндігін
ғана анықтадық. Өйткені уақытша бос
ақша кері қайтару принципімен, өзге
кәсіпорынға берілуі мүмкін. Сондықтанда несиелік
қатынастар туындау үшін, қоғамда осындай
қайтарымды деген қаражаттарға қажеттілік болуы тиіс.
Мұндай қажеттіліктердің болуы жоғарыда талған
екінші қайшылықты шешеді.
Егер қосымша қаражаттарға деген қажеттілік пен
оның болмауы арасындағы қайшылық өз шешімдерін
тапаса, онда ұдайы өндіріс прцессі тоқтайды. Теориялық
тұрғыдан қажеттілікті үш түрлі көздерден
қанағаттандыруға болады.
Біріншіден, өзіндік қаржаттардың резервтік қорын
құруа болады. Қосымша қаражаттарға деген
уақытша қажеттіліктерді өзіндік капиталдан резервтік
қорымен жоғарыда аталған қайшылықтар
(қаражаттардың қолда болуы және оның болмауы)
күрделене түседі. Ендеше қайшылықтардың бірі
екнішісінің асқынуымен шешіледі деген сөз.
Екіншіден, қажеттілікті қайтарымын қажет етпейтін
бюджеттік қаржыландыру жолымен жабуға болады. Ал
қоғамдық өндіріс тұрғысынан қарайтын
болса, онда қажеттілік жоғалған жоқ, ол тек бір
шаруашылық деңгейінен екінші шаруашылық деңгейіне
(кәсіпорыннан мемлекеттен) өтті. Ендеше қайшылықтар
өз шешімдерін тапқан жоқ.
Үшіншіден уақытша бос қаржаттарды қарызға алу
(өзге кәсіпорындардан, мемлекеттен, халықтан). Мұндай
жағдайда, шын мәнінде, қажеттілік
қанағаттандырылады.
Ендеше, қосымша ақшалай қаржаттарға деген
уақытша қажеттілік уақытша бос қаражаттармен жабылады.
Мұндай қаржаттар тек несие (зайым) түрінде
үсынылады.
Неиселік қатынастардың болуы заңды құблыс
болып табылады. Несиелік қатынастар үш кезеңнен өтеді:
ـ Кредитор
және қарыз алушы арасындағы тікелей қатынас;
ـ Делдал
қатысатын несиелік қатынас;
ـ Реттелінентін
несиелік қатынас.
Банк жүйесi – бұл салым қабылдау және несие беру
қызметтерiн орындайтын банктер мен банк институттарының әр
алуан түрлерiнiң жиынтығы.
Кез келген мемлекеттiң банк жүйесi жалпы алып
қарағанда экономиканың үлгiсiне байланысты болады.
Орталықтандырылған экономикадағы банк жүйесi
нарықтың экономикасы дамыған банк жүйесiнен ерекшеленедi.
Банк жүйесi арқылы мемлекет экономиканың салалық
және аумақтық даму саясатын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Орталық банкiнiң
ақша-несие саясатын жүргiзудегi негiзгi құралдары мен
әдiстерiне: Қазақстан Ұлттық банкiнiң
сыйақы ставкалары, резервтiк талаптар, оның нарықтағы
операциялары, валюталық реттеу, тiкелей сандық шектеулер жатады.
Коммерциялық банктер банк жүйесiнiң аса маңызды
буыны болып есептеледi. Қазiргi коммерциялық банктер
қаржы-несие мекемелерiнiң әмбебап сипаттағы түрi.
Нарықтық экономикада банктермен қатар банк жүйесiне
сақтандыру компаниялары, инвестициялық банктер, қарыз
сақтау ассоциациялары, зейнетақы қорлары және т.б. осы
сияқты арнаулы қаржы-несие институттары ерекше орын алады.
Көп көлемде ақша ресурстарын шоғырландыратын бұл
институттар капиталды тиiмдi орналастыру және қорлану процесiне
белсендi қатысады.
Банк жүйесiн жоғарғы дәрежедегi
макроэкономикалық мақсаттарды жүзеге асыратын маңызды
құрал ретiнде қарастыруға болады.
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты
Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде
ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда
елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм.
Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда
түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн
үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық
стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi
Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы,
жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр.
Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында
Қазақстан Республикасының банк жүйесi
реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан
кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек
сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға
болады.
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң
тұрақтылығы, көбiне екiншi деңгейлi
банктердiң тұрақтылығымен байланысты болып келедi.
Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсiздiк
дағдарысы мен банктерге деген сенiмсiздiк көптеген банктердiң
қызметiне тосқауыл болып, банктердiң сенiмдiлiгiн қауiп
алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер
банкроттықа ұшырады. Ел экономикасында бiрлескен және шет ел
банктерiнiң, олардың филиалдарының пайда болуы
бәсекелестiктi одан әрi күшейтiп жiбердi. Нәтижесiнде,
банктердiң несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп,
мерзiмi ұзартылған несиелердiң көлемi өстi. Жалпы
дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер
тәуекелдiң жоғары деңгейiмен бетпе-бет кездесiп,
оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты.
Коммерциялық банктердiң осы операцияларын топтастыра отырып,
олар атқаратын негiзгi функцияларды анықтауға болады:
1) уақытша бос қаржыларды, жинақтарды
шоғырландыру (депозиттiк операциялар);
2) экономика мен
тұрғын халықты несиелеу (активтi операциялар);
3) несие
ақшаларын шығару;
4) нақты
ақшасыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргiзу;
5) инвестициялық
қызмет;
6) клиенттерге
басқа да қаржы қызметтерiн көрсету.
Коммерциялық
банктердiң екiншi негiзгi дәстүрлi функциясы – экономика мен
тұрғын халықты несиелеу болып табылады. Бұл функция
банк қызметiнiң маңызды бөлiгi болуымен бiрге активтi
операцияларға жатады.
Банктiк
қызметтердi ең алдымен спецификалық және
спецификалық емес қызметтер деп ажыратуға болады. Ерекше
кәсiпорын ретiнде, банк iс-әрекетiнiң спецификасынан
шығатынның барлығы спецификалық қызметтерi болып
табылады. Спецификалық қызметтерге олармен жасалатын
операциялардың үш түрi жатады: депозиттiк операциялар, несиелiк операциялар, есеп айырысу
операциялар.
Депозиттiк операциялар
клиенттердiң банкке ақша қаражаттарын салым ретiнде
орналастырумен байланысты.
Несиелiк операция
банктiң негiзгi операциясы болып табылады. Банк активтерiнiң жалпы сомасынан негiзгi бөлiгiн несиелiк
операциялар құрайды.
Банк орындайтын есеп айырысу операциялары нақты және
нақтысыз формада жүзеге асырылады.
Клиент тапсырысы бойынша банктер товарлы-материалдың
құндылықтарды сатумен немесе сатып алумен, жалақыны
төлеумен салықтарды аударумен, жинаумен және басқа да
маңызды төлемдердi жасаумен байланысты әр түрлi шоттар
ашуы мүмкiн.
Қарастырылған банктiк операциялардың үш түрін
дәстүрлi банктiк операциялар деп атайды.
Дәстүрлiлiктiң белгiсi ұзақ уақыт мерзiмiнде
ұрпақтан ұрпаққа мұра ретiнде өте
бередi. Бұл операцияларды ең ежелгi деп айтуға да болады:
оларды «ескi банкiлiк үйлер орындаған, Қазiргi заманғы
үлкен және кiшi мұнда ғана емес. Берiлген операциялар
дәстүрлiлiк белгiсiн банк статусын сақтауға мүмкiндiк
беру арқылы алады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Банк ісі.
Оқу құралы ред. Абишева А.А., Святова С.А. Алматы: Экономика,
2007г.
2. Банк ісі. Оқу
құралы ред.
Лаврушина О.И. – М: Банк және биржалық
ғылыми кеңес орталығы, 2007г.
3. Банк ісі: Қазіргі
заманғы несие жүйесі. Оқу құралы ред. Лаврушина О.И. М:
КНОРУС, 2007г.