КГУТИ им.Ш.Есенова

Кафедра «Менеджмент»

 

Кирбасова Лейла Габитовна

 

ҚР кәсіпорындарында инновациялық даму басымдылықтарын қамтамасыз етудегі мәселелер

 

Қазіргі кезде әлемде және отандық экономикада терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда. Аталған өзгерістер экономикалық парадигманың өзгеруіне қажетті тарихи алғышарттарды қалыптастырды. Дамыған елдер тәжірибесі бойынша тек қана нарықтық принциптер негізінде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкін емес. Елдегі инновациялық даму мемлекеттің араласуынсыз оң нәтиже бермейді, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттік реттеудің оьбектісі болып табылады.

Қазақстанда экономиканы дамытудың инновациялық жолына көшуiне бiрқатар экономикалық, демографиялық, ғылыми-технологиялық, ұйымдастырушылық және басқа да факторлар ықпал етедi.

Қазақстан үшiн, жоғары дамыған шет елдердiң тәжiрибелерiне сүйенсек, инновацияның мынадай түрлерi неғұрлым тиiмдi. 
      "Yстемелеу" инновациясы - жаңа өнімдер мен отандық ғылыми-техникалық әлеуеттiң технологияларын жасауда шетелдiк ғалымдар мен конструкторлардың тәжiрибесін пайдалану. Бұл инновация елдiң мемлекеттік мүдделері мен экономикалық қауiпсiздiгіне толық көлемде сәйкес келедi, оны экономиканың барлық салаларында дерлiк қолдануға болады.
      "Қарыз алу" инновациясы - бұрын Қазақстанда шығарылмаған және түпкi тұтыну өнiмiн шығаруға бағдарланған өнiмдi игеру. Бұл инновация бiрлескен кәсiпорындар құру мен франчайзингті дамыту жағдайында неғұрлым тиiмдi болуы мүмкiн.

"Көшiру" инновациясы - шетелдiк ғылыми-техникалық әлеует пен жаңа енгiзiлiмдердi отандық экономикаға тарту. Бұл инновация лицензиялар сатып алу мен оларды өндiрiске енгiзуге жұмсалатын едәуiр қаржылық шығындармен байланысты.

Қазіргі экономикалық жағдайлардағы әлемдік қауымдастықтың дамудың жаңа сапалы сатысына көшуі инновациялық және инвестициялық үдерістердің бесенділігінің артуымен байланысты. Еркін бәсекелестік механизмі – дамыған нарық жағдайында ұсыныс пен сұраныс проблемаларын шешуде; дегенмен әлемдік тәжірибеде белгілі ғылыми-инновациялық сфералардағы көптеген индустриалды елдер нарықтық қатынастарға мемлекеттің арала-суын көріп отырмыз. Инновациялық негіздегі қазақстандық дамудың жаңа формалары мен әдістерін табу қажеттілігі туындап отыр. Бәсекеге қабілеттіліктің артуы инновациялық үдерістердің белсенділігінің артуымен тығыз байланысты: өндіріске жаңа технологияладың ендірілуі, оның ішінде ресурстарды үнемдейтін және ішкі және сыртқы нарықтарда шетелдік аналогтармен табысты бәсекелесе алатын үздік тұтынушылық қасиеттері бар инновациялық өнімдердің шығарылуын кеңейту болып табылады.

Елдiң негiзгi экономикалық дамуына, яғни өндiрiс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық қызмет ең қажеттiсi. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық әлеует - кез-келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекеттің көркеюінің негізгі жолы – ғылыми-техникалық және инновациялық салаларда көшбасшы болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық экономиканың тиімділігі мен бәсекегеқабіліеттігін жоғарылатады.

Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.

1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы. Мемлекеттік бюджет-тен қаржыландырылатын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін ақы-сыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте, бұл лабораториялар қорғаныс, энерге-тика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін шешумен айналысады.

2. Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлу. Мемлекеттік емес зертханаларда іске асырылатын ғылыми зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемле-кеттік бюджеттен қаржы бөлінеді. Негізгі қойылатын шарт - зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде жариялау.

3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция бө-лінген жеке бизнеске салықтық жеңілдіктерін ұсыну. 

Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны қамтамаасыз ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек.

Инновациялық дамудың маңыздылығын ескере отырып, қазiргі жағдайда ауыл шаруашылығы өнiмдерiн бастапқы қайта өңдеу мен сақтау, отын-энергетикалық кешен, химия мен мұнай химиясы, жаңа материалдар өндiрiсi, коммуникациялар, көлiк және байланыс жүйелерi, биотехнология сияқты салалардағы инновациялық жобалар айрықша рөлге ие болып отыр.
     Кәсіпкерлік қызметтің инновациялық негізде болуының мотивтері көп және құрылымы бойынша әр түрлі. Ішкі себептері алдымен кәсіпкердің қызығушылығымен тікелей байланысты, яғни жаңа тауар мен технологияны ойлап табуды мақсат тұту; жаңа тауар негізінде ассортиментін кеңейту; сату көлемін көбейту; «новатор» кейпін құру, тарихқа ену т.с.с. Ал сыртқы себептер  сыртқы ортаның көңілін көрсетеді, яғни кәсіпкерді жаңалық жасауға құлшындырады.

Шағын инновациялық кәсiпкерлiктiң дамуы тежелуiнiң негiзгi себебi шағын кәсiпорындардың әдетте, iрi кәсiпорындармен салыстырғанда бәсекеге қабiлеттi өнiмдер шығара алмауында болып отыр. ­Ғылыми техникалық салада кәсiпкерлiк секторды қалыптастырмай инновациялық қызметтi дамыту мүмкiн емес. Соңғы жылдар iшiнде өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесi өзгерiссiз қалып отыр және тиiсiнше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-тi құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегiден бiрнеше есе аз.

Бірақ, тәжірибеде ірі кәсіпорындарға қарағанда, шағын және орта кәсіпорындар техникалық жаңалықтарға әуес келеді.

Жаңа идеялар авторы болып көбінесе тұтынушылардың өздері болып табылады. Олардың сұранысы, ескертулері мен ұсыныстарын сұрастыру негізінде  кәсіпкерді жаңа тауарды ойлап табуға итермелейді.

     ҚР-ның бүгінгі таңдағы ұлттық инновациялық жүйесі негізінен үш құрылымдық қолдау және іске асыру бағыттарынан құралады. Олар:

 - ҒЗТКЖ ұйымдары, яғни бұған ғылыми зерттеу институттары, инкубаторлар, инновациялық орталықтар, технопарктер, кәсіпорындар, жоғарғы оқу орындары, құрастырушылық орталықтар, кластерлер, шағын бизнес салалары қатысады.

 - Мемлекеттік реттеудің тікелей және жанама құралдары: заңдар, жарлықтар, стратегиялар, салық және несие жеңілдіктері, лизингтің дамуы және т.б.

 - Қаржылық институттар: банктер, инвестициялық, сақтандыру және зейнетақы компаниялары, инновациялық қорлар, инновациялық банктер, венчурлық қорлар, даму институттары, экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация және Даму банкі.

Дамыған елдерде ғылыми-техникалық құрылымдардың өндіріспен тиімді байланысын қамтамасыз ететін буындар инновациялық орталықтар болып та-былады. Ғылым, негізінен, кіші және орта бизнес кәсіпорындарымен байла-нысады. Аталмыш орталықтардың стратегиялық бағыты олардың ғылыми-техникалық инфрақұрылым субъектілері арасындағы инновациялық технологиялармен, сондай-ақ ақпаратпен алмасуды жеделдету, ынталандырудағы потенциалды әдстеріне негізделген.

Ғылыми-техникалық орталықтардың қызмет көрсету деңгейінің кеңеюі,  өспелілігіне байланысты оларды былайша тізіп көрсетуге болады: инкубаторлар, техникалық парктер, технополистер, ғылым мен технология аймақтары.

Инкубатор – инновациялық қызметтің көптеген түрлерін ұсынушы кешен, ол бір немесе бірнеше  ғимараттарды алып тұрады, ал шағын инновациялық фирмалар осы ғимарат ішінен белгілі бір территорияларды жалға алып қыз-метін бастайды, инкубациялы кезең 2-3 жыл, осы мерзімнен кейін фирмалар өзбетінше қызмет жасау үшін бұл кешеннен шығып кетеді. Инкубаторда жа-ңа ғана қалыптасқан фирмаларға бухгалтерлік, маркетингтік (бизнес-жоспар жасау, өнімге жарнама, маркетингтік талдау жасау), компьютер, басқа да құрал-жабдықтарды жалға ұсыну сияқты көмектер көрсетіледі. Бұл ғылыми-өнеркәсіптік құрылымның негізгі мақсаты – шағын инновациялық фирмалар-ды ғылыми идеядан практикаға жеткізу, бәсеке күресіне төтеп бере алатын кәсіпорын дәрежесіне жеткізу. Ол кәсіпорындар инкубаторлардан шыққан соң технопарктерде немесе басқа да өнеркәсіптік орталарда қызмет етуге қабілетті болады.

Технопарк – ғылыми-техникалық, территориалды кешен, негізгі мақсаты шағын бизнес фирмаларының қызмет етуіне тиімді, ыңғайлы жағдай қалып-тастыру. Олар жоғары оқу орындары, зерттеу орталықтары, зертханалар тұсында қалыптасады. Оның құрамына: зерттеу орталықтары, инкубатор, инновациялық орталықтар, маркетинг т.б. орталықтар енеді. Технопарк шығын инновациялық кәсіпорындарға қажетті бухгалтерлік, аудитторлық, консалдингтік, маркетингтік қызметтер ұсынып отырады.

Технополис – жеке қалалар негізінде құрылған ғылыми-өндірістік құры-лым. Негізгі құрылымы – технопарктер, инкубаторлар, ғылыми орталықтар мен университеттер. Ғылым мен технология аймақтары, ірі оқу орындары, ірі өндіріс кәсіпорындары шоғырланған территориясы шектелмеген ғылыми өнім өндіруге маманданған аймақ.

Технополистер мен ғылым мен технология аймақтары инновациялық фир-малар қызмет ететін "қаржы оазисіне" айналды. Мұнда мемлекеттік, коммер-циялық банктер, өнеркәсіптік корпорациялар, венчурлы қорлар, қайырым-дылық қорларының капиталдары шоғырланады, оның үстіне мемлекеттік жеңілдетілген салықтар, несиелер қосылды.

Бұл ұйымдардың тағы бір артықшылығы ғылыми-техникалық кадрлардың бір жерде шоғырлануы: негізінен лабораториялар, университеттер, консал-тинг фирмалары. Осының арқасында  компаниялар инновациялық үрдістер үшін тез арада уақытша жобалық топтар құруға мүмкіндік алады.

Инновациялық орталықтар нақты функцияларды атқарады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы білім мен технологияны ғылыми-зерттеу секторынан өнді-рістік секторға өткізу (трансферт) мәселесі. Бұл функция бизнестің көмегінсіз іске аспайды. Осы мақсатта технологиялық сұрақтар бойынша қызмет көрсете-тін коммерциялық компаниялар құрылады. Мұндай компаниялар инновация жүйесінің ғылыми-техника секторы бойынша маманданады. Бұл тұрғыдан алғанда, Нидерландтағы инновациялық орталықтардың жұмысына көңіл аударарлық. Оның ерекшелігі сол, орталықтың қызметі, негізінен, инновациялық процестегі жаңа технологияларға баяу әрі қиын бейімделетін компанияларға көмек көрсетуге  бағытталған.

Сонымен қатар, «тоқырау» кезеңінде ғылым мен өндіріс арасында алшақтық пайда болды, ал қайта құрудан кейін ғылымда сапалы кадрлар ауысуы болған жоқ. Енді ҰИҚ эксперттері «инновациялық проект есебінде ұсынылатын ескірген ғылыми есептерді» сынға алып, қарастыруы керек. Сол уақытта ең үздік қазақстандық ғылыми кадрлар шетелде жүріп, өз үлестерін шетелдік жоғары технологиялы компанияларға қосуда. Егер «ақыл-ойдың  ағып кетуі» орын алса, онда креативті шығармашылық үшін қажетті минималды жағдайлар жоқтығында жағдайды қалпына келтіру қиын.

Басымдықтарды таңдап алу кезiнде экономиканы әлеуметтiк қайта бағыттауға, тиiмсiз өндiрiстердi әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, бiрiншi кезекте тұтыну рыногына жоғары сапалы өнеркәсiптiк тауарлар, азық-түлiк шығаруға, олармен өзiн-өзi қамтамасыз ету дәрежесiн көтеруге қабiлеттi салалар мен өндiрiстерде жүргiзiлуi қажет неғұрлым жоғары технологиялық жағдайларды игеру мен ресурсты үнемдеуге анықтаушы мән беру керек.

 

 

 

Әдебиеттер:

 

 

1.   Мейірбеков А.К.; Әлімбеков Қ.Э.; «Кәсіпорын экономикасы», Алматы, 2003

2.   Интернет-ресурс: ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011-2015жж. арналған Стратегиялық жоспары

3.   Интернет-ресурс: http://www.artp.kz/innov.htm

4.   Интернет-ресурс:    http://www.nif.kz/press_center/classifiedshttp://www.artp.kz/innov.htm

5.   Интернет-ресурс: http://www.comptek.kz/default.