э.ғ.к. доцент, Оразбекұлы Бахыт

магистрант Мүсірәлі Мирас

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы

 

Қор нарығы құрылымының мәні және оның экономикадағы рөлі

 

Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайларында нарық инфрақұрылымының функциялануының теориясы мен тәжірибесі ерекше қоғамдық мәнге ие бола бастауда.

Нарық инфрақұрылымы макродеңгейде өндірістің қажетті деңгейін және жекелеген нарықтардың тепе-тең дамуын қамтамасыз етеді. Қор нарығы инфрақұрылымының пайда болуы – қоғамдық өндірістің мамандандырылуы және бөлінудегі  тағы бір қадам болып табылады. Бұл тұрғыдан қарағанда, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымның әртараптанған және дамыған түрі экономикалық жүйеде шығындардың деңгейін төмендетеді. Инфрақұрылым экономикалық жаңартулардың үрдісі және бағыттарын анықтай отырып, нарықтық  қатынастардың жоғарғы деңгейде дамуына әсерін тигізеді.

Соңғы жылдардың экономикалық әдебиеттері қор нарығы инфрақұрылымының ұлттық шаруашылық жүйесіндегі әртүрлі анықтамалармен, түсіндірмелерімен және мәні, рөлі, орны туралы көзқарастарымен сипатталады.

Зерттеушілер қатары инфрақұрылымының алғашқы түсінігі ретінде К.Маркстің «Капиталының» екінші томында берген анықтамасын қабылдайды, ол онда сауда делдалын, айналым ұсталымдарын төмендету арқылы тауарлық өндірістің тиімділігін арттыру арқылы тауарлық өндірістің тиімділігін арттырушы тұлға деп түсіндіреді: «... мүмкін саудагер (бұл жерде тауар түріне айналдыру агенті деп табылып, тек сатушы және сатып алушы деп қарастырылады) өзінің операциялары арқылы көптеген өндірушілер үшін сату және сатып алуға жұмсалған уақыттарын үнемдейді».

Бұл жағдайда оны өндіріске уақыт босатуға көмектесетін немесе күштің бос шығындалуын төмендететін «машина» деп қарастырса болады. Ол да басқалары сияқты жұмыс атқарады, бірақ оның еңбегінің мазмұны сондай, ол не өнім, не құнды да қалыптыстырмайды. Оның қызметі арқылы қоғамның жұмыс күші мен жұмыс уақыты өндірістік емес функцияға аза мөлшерде жұмсалады.

Одан ары қарай Маркс анықтайды «... сату және сатып алуға жұмсалатын уақыт барлық  жағдайларда айналым ұсталымдары болып саналады, яғни өзінің құнға айналуына ештеңе қоспайды. Бұл – құның тауарлық нысанынан ақшалай нысанға айналуына қажет ұсталымдар. Сонымен, капиталдың тауарлық капитал және сәйкесінше, тауарлық босалқылар түрінде болуы ұсталымдарды туғызады, ал олар өндіріс ауқымына жатпағандықтан, айналым ұсталымдары ретінде қарастырылады».

Инфрақұрылым өзінің қызметі арқылы нарық қатысушыларына операциялардың жасалу мерзімі мен олармен байланысты ұсталымдарды қысқартады, яғни нарық қатысушылардың ресурстарын жоғары тиімділікті жұмысқа босатады.

Бұл батыс  экономист-теоретиктердің инфрақұрылымының нақты экономикалық аумағын зерттеуді анықтады, яғни қоғамдық өндірістің меншікті капитал дамуына қолайлы алғышарттар жасау мақсатын және ортақ даму шектерімен байланысты ұсталымдар конценциясы ретінде қарастырылады».

Р Коуздың  анықтамасы бойынша «трансациондық экономика-құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық ғылымдары біріктіруші құрылымаралық концепция». Нарықтың функцияландыруымен байланысты сұрақтар, экономикалық және әлеуметтік-экономикалық тиімділікті бағалау, бірыңғай стандарттарды құрастыруды және құқықтық негіздерін қалыптастыру аумағында жатыр. Яғни тек ең ортақ  түрлерін алып қарастырады: ақпарат іздеу ұсталымдары, келіссөздерді жүргізу, меншік құқықтарын қорғау және мамандандырылу. Оларды есепке алу қиындықтар туғызатындықтан, трансакциондық ұсталымдардың статистикасы жоқ. Экономист-неоклассик О.И.Уильямсонның айтуы бойынша «трансакциондық  ұсталымдардың  теориясының ақпараты әлі күнге дейін толықтыруларды қажет етеді». Трансакциондық ұсталымдар түсінігінің қолданылуы жалпы алғанда экономикалық зерттеулердің перспективалық бағыты болып табылады. Бұл тақырып бойынша бірқатар жұмыстар түрлері белгілі.

Шаруашылық саласы ретінде қаржылық секторға қатысты ұсталымдардың барлығын трансакциондық  деп санауға болады. Операциялардың бөлшектік құнының төмендеуі құжаттардың стандартталуы нәтижесіндже және инфрақұрылымды құрайтын мамандандырылған ұйымдардағы операциялық құралы арқылы қол жеткізіледі.

Инфрақұрылдым термині (латынша Infra – төменгі,  structure – құылым, орналасу) алғаш рет ХХ ғасырдың 40- жылдарындағы батыс экономистерінің зерттеулерінде қолданыла бастады. П.Самуэлбсонның пікірі бойынша экономика ғылымына  «инфрақұрылым» терминін алғаш енгізген американдық зерттеуші П.Розенштейн –Розан болып табылады, ол өзінің «Инфрақұрылымының дамыған және дамушы қоғамдардағы орны мен рөлі» атты еңбегінде алғаш рет қолданды (1940 жылдың соңында). Ол инфрақұрылымның пайда болуын нарық субъектілері қарым-қатынасының тиімді ортасының П.Розенштейн-Розан инфрақұрылымға «экономиканың базалық салаларын (энергетика, көлік, байланыс) енізді, яғни олардың дамуы тікелей өндірістік және тез толығатын инвестицияларға әсерін тигізеді».

Ағылшын экономисті А.Янгсон берілген  терминнің алғашқы мәнін ашқан Х.Зингер деп атап көрсетеді, ол 40 жылдардың басында өз еңбектерінде құжаттық капитал (overhead capital) деген түсінікті қолданған. Көрсетілген мерзімде батыс экономистерінің монографияларындағы инфрақұрылым терминінің пайда болуы, елдердің колониалдық тәуелділіктен шыққан кезеңдегі экономикалық дамудың теориялық мәселелері мен жағдайының талдауымен байланысты болды.

Х. Зингер «тікелей өндірістік капитал» мен «құжаттық капиталды» бөліп көрсетті. Берілген жағдайды дамыта келе ол келесідей қорытындыға келеді: нарықтық қатынастар жүйесін қалыптастырушы елдерде экономиканың дамуындағы «кумулятивті процесс» жасай алытын инвестициялық саясатта белгілі бір стратегияны орындау қажет. Оның пікірі бойынша, инфрақұрылымға салынған инвестициялар осы елдегі ұлттық табыстың өсуіне әсерін тигізуі тиіс, сәйкесінше ары қарай экономиканың жоғары деңгейде дамуына септігін береді. Бұл дамыған елдердің инвестициялық саясатынан ерекшеленеді, яғни оларда инвестициялар нарықтық реттеуші тетігінің әсері нәтижесінде әр түрлі салаларға бағытталады.

Қарастырылған терминдер экономикалық мазмұны бойынша П.Розенштейн-Розанның пайымдауларымен сәйкес келеді және қоғамдық өндірістің инфрақұрылымы түсінігінде өте жақын. Осындай пікірді П.Самуэльсон да ұстанған, ол мемлекет инфрақұрылымға инвестициялар салу үрдісін анық біле тұра қалыптастырады, өйткені «қоғамдық көмекші капиталдың өсуі» (social overhead capital) жеке инвесторлар үшін ақшалай табыс алып келмейді және тұрақтанбаған пайданы қалыптастырады, яғни «олардың кейбіреулерінің меншікті капиталдың оқшауланған нарықтары үшін көлемі үлкен, ал басқалары жеке инвесторлардың қызығушылықтары үшін ұзақ мерзім кезеңінде қалпына келеді».

Өндіріс пен инфрақұрылымның өндірістің қоғамдық процесінің функционалдық жүйесі және экономиканың нарықтық қатынастар категориясы ретінде салыстарылуы келесідей қорытындыға алып келеді: инфрақұрылым табиғаты бойынша 2 түрде болады: белгілі бір еңбек процесін көрсетеді және осы салаға капитал салымы арқылы құнның жоғарылауына алып келеді.

Инфрақұрылымның орны мен рөлі туралы О.И. Уильямсонның. Бұл мағынада инфрақұрылым нарыққа қызмет етуші және оның қалыпты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асырушы институттар мен кәсіпорындар үйлесімділігі ретінде анықталады. Сонымен, нарық инфрақұрылымы ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарға қатысты және әр түрлі функцияларды атқаратын біртекті емес мекемелер, ұйымдар және қорлардан тұрады. Нарық инфрақұрылымының барлдық институттарының ерекше белгісі ретінде материалдық емес өндіріске жататындығы болып табылады. Олардың экономикалық мамандануы – бұл әртүрлі іскерлік сипаттағы қызмет түрлерін (business services) көрсету: сауда-делдалдық, қаржылық концептуациялық, ақпараттық.

Айта кететін жайт, мұнда бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының ішкі тиімділігі жайлы емес, оның жалпы экономикалық жүйеге тиімділігі  айтылады. Қор нарығы инфрақұрылымының элементтері пайда алып келетін ұйымдарға жатпайтындықтан, пайданы максимализациялау критериі экономикалық тиімділікті құруды бағалау және қор нарығы инфрақұрылымын пайдалануды бағалау үшін қолданыла алмайды. Тек айтуғға болады. Трансакциондық ұсталымдардың методологиялық принциптерінің теориясы мен рұқсатнамалар қолдана отырып, қор нарығы қызметінің негізін құрайтын технологиялық процестердің экономикалық тиімділік тізімдемелерінің тұрғысынан анықтауға болады. Ұсталымдар ретінде осы жұмыс контекстінде келесілер анықталады:

-                     алынбаған пайда немесе тікелей шығындар, оларға келісімдердің үзілуі немесе дұрыс орындамау мүмкіндіктерімен байланысты ақпараттық жоғалтулар кіреді;

-                     жоғары автоматтандырылған жүйелерді пайдалану немесе трансакциясының негізгі параметрлерін салыстырды қолмен жүргізудің қажеттіліктерімен байланысты шығындар.

Басқа да тепе-тең шарттарда ұсталымдар  деңгейі төмен болған сайын, тиімділік деңгейі соғұрлым жоғары. Нарық операционды тиімді болады, егер сауда ең төменгі ұсталымдармен жүзеге асса, яғни трансакциондық ұсталымдар минималды деңгейде болады.

Инфрақұрылымның қалыптасуы қор нарығының дамуымен және келісімдер көлемінің өсуімен параллельді жүреді. Сондықтан сауда, клиринг, есеп айрысулар және бағалы қағаздарды ұсыну жүйелері, бағалы қағаздар нарығының функциялануының тиімділігін жоғалтулар мен келісімдердің дұрыс орындалмауын төмендету жолдарын жоғарлатуға алып келеді.

  Инфрақұрылымның жеке бір элементінің экономикалық тиімділігін бағалау үшін, кез-келген элементтің қызметі нәтижесінде пайда болатын үнемдеулерді өлшеу қажет. Мысалы, бағалы қағаздардың табыстылығы, сұранысы, ұсынысы және басқа да мәліметтерді қамтитын, бірыңғай ақпараттық жүйені енгізудің экономикалық тиімділігін өлшеу үшін сандық бағалауды жүргізу мүмкіндігі. Бағалы қағаздарға қатысты келісім-шарттардың жасалуы ақпараттық жүйе енгізілгенге дейін және оны қолдана бастаған кезде де бірдей интенсивтілігімен ерекшеленді, бірақ осы жүйенің енгізілуі инвесторлар үшін уақыт пен ақша қаражаттарының үнемделуіне септігін тигізеді.

Осылайша, инфрақұрылым элементтері максималды тиімділік пен нарықта жүргізілетін келісім-шарттардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді.

 

Әдебиеттер

1.          Международные стандарты финансовой отчетности. М.; АСКЕРИ,2006.

2.          Кеулимжаев К. Самоучитель по бухучету и налогообложению. - Алматы, БИКО