Болашақ мұғалімдердің технологиялық мәдениетін қалыптастырудың қажеттілігі

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Сарыбекова Қ.Н. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Абилдаева Ә. – магистрант

        Қазақстан Республикасының білім беруді 2020 жылға  дейін дамытудың Мемлекеттік тұжырымдамасында «...экономиканың барлық салалары үшін жо-ғары білікті жне бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру...» және «...кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қөабылетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады...» деп аталып көрсетілген. Сондай-ақ ақпараттық және коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады [1].

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан, жаңа технология бойынша, әдістемелік жүйенің басты компоненті оқыту мақсаты болып табылады.

Бірақ, ол мақсат – өздігімен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан, оның өзіндік танымдылық  іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет.

Қазақстан Республикасы жоғарғы білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында айқын көрсетілгендей, қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары, өз кезегінде оқу бағдарламаларын өзгертуді, оқытудың жаңа  технологияларын енгізуді көздейді.

Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, соған байланысты қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты[2].

Қазіргі таңда дидактикалық оқыту жүйелерін қалыптастырудың перспективалық бағыттарының бірі –жаңа инновациялық технологияларды оқыту процесінде пайдалану болып отыр. 

        Қазіргі білім беруді жаңарту жағдайында оны ақпараттандыру басым мәнге ие екені белгілі. Жалпы бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінің қоғамдық даму негізі- білім, ақпарат және ақпараттық технологиялар болып табылады. Соған сәйкес өркениет дамуының қазіргі кезеңін ақпараттандырумен және ақпараттық қоғамды қалыптастырумен байланыстыру кездейсоқ нәрсе емес. 

      Қазіргі таңда Республикамызда білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – бұл   қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану негізінде  біртұтас біліми  ақпараттық орта құру арқылы Қазақстандық білім сапасын арттыру. Сол себепті Қазақстан Республикасының білім жүйесін әлемдік білім кеңістігіне біріктіруге бағытталған жүйе есебінде сипаттауға болады.

       Жаңа инновациялық технологияларды зерттеу әр түрлі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда. Инновациялық технологиялар  процестерінің теориялық жағы И.В.Апатова, В.С.Гершунский, А.П.Ершов, А.А.Кузнецов, М.П.Лапчик, Е.И.Машбиц, В.М.Монахов, И.В.Роберт, Н.Ф.Талызина және тағы басқа еңбектерінде қарастырылған[3].   

Білім беру жүйесін ақпараттандыру қазақстандық білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекомуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі ролі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Алынған білім мен дағдылар бұдан әрі көптеген жағдайда қоғамның даму жолдарын анықтайды.

      Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыттарының бірі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары болып саналады [2].

        Білім беруді тез қарқынмен компьютерлендіру қажеттілігі мына факторлармен түсіндіріледі.

        1. Оқушыны қазіргі қоғам сұранымына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дамыған дара тұлға ретінде тәрбиелеу.

            2. Жаппай компьютерлік сауаттылық мәселелерін шешу, яғни, оқушыларға информатика мен коммуникациялық техниканың құралдарын пайдалану дағдысын қалыптастыру.

            3. Оқушының шығармашылық қабілетін, эксперименталды іскерлігін дамыту.

            4. Оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігі мен сапасын жоғарылату мақсатында компьютерді жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалану.

      Мектеп оқушысы ақпараттық мәдениетін дамыту көзқарасы тұрғысынан да мұғалімге кез келген пәнді информатика заңдары негізінде түсіндіру мүмкіндігін беру маңызды. Сондықтан  да мектепте қазіргі уақытта фундаменталдық пәндерді, соның ішінде математиканы да , оқытуды компьютерлендіру оқу үрдісі ұйымдастырудың негізгі аңызы мәселелерінің бірі болып табылады.

Компьютерлік технологияны мектепте қолданудың актуальды бола түсуі, оларды мектептегі пәндерді оқытқанда пайдалануда болып отыр. Осылайша, компьютерді оқыту мақсатын түсінуге жаңа көзқарас қалыптастыру оның жалпы білімді меңгерушілік функциясын,оның оқытудың жалпы мәселесін шешудегі әлеуметтік мүмкіндіктерін, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту қасиеттерін бөле қараумен байланысты.

Қорыта келгенде, мектепте компьютерлік технологияны қолдану барысына жасалған талдау төмендегідей тұжырым жасауға мәжбүрлейді:

1. Қазіргі заманғы компьютерлердің техникалық мүмкіндіктері, балалардың мектепке дейінгі жастан бастап, компьютерге ойын құралы ретінде үлкен қызығушылықпен қарап, олардың сапалы оқуы мен дамуына толық мүмкіндік береді;

2. Қазіргі уақытта шетел және отандық мектептерде компьютерлік технологияны бастауыш мектептерде пайдалану ауқымының кеңейе түсу үрдісі байқалады. Жаңа бағдарламалық-педагогикалық жүйелер жасалуда, компьютермен жұмыс істеудің санитарлық-гигиеналық нормалары анықталып,үй және қашықтан оқу тәсілінде жаңа мүмкіндіктер ашылуда;

3. Оқу мазмұнының қолданбалы компонентінің рөлі артып келеді. Негізінен пәнаралық белсенді байланыстарға негізделген теориялықбіліммен салыстырғанда, негізінен информатиканы ғылым ретінде оқытуға бағытталған;

4. Компьютерлік технологияны бастауыш мектепте қолданудың өзіне тән ерекшелігі, сабақты жүргізудің ойындық үлгісі;

     Дидактикалық, әдістемелік әдебиеттерді  талдау және  жүргізілген  тәжірибеге  сүйеніп  біз  оқушылардың  қажетті оқу   іс-әрекеттерін қалыптастыру  барысында  дербес компьютерлерді  тиімді  пайдаланудың  әдістемелік шарттарын жасадық.

          Оларға  мыналар жатады:

        - информатика  пәнімен және  онсыз оқыту  жағдайларының   сабақтастығын одан  әрі іске асыру ;

            -компьютерді  оқушылардың  өзінің  танымдық  мүмкіндіктерін арттыру  құралы ретінде  қолдануға тәрбиелеу;

        - информатика пәні  арқылы  жеке  даралап  оқытуды  іске   асыру.

Мұнда  пайдаланылған  педагогикалық бағдарламалар  төмендегідей  әдістемелік  талаптарды  қанағаттандыруы тиіс  екндігі  айқыдалды.

            - педагогикалық бағдарламалық құралдардағы  математикалық  мазмұн оқушының оқу іс-әрекетінің  нәтижесінде меңгерілетіндей  және  оған  енген білім  жаңаны игеру  үрдісін құрайтын  кезеңдерден  біртіндеп өтетіндей  болуы

            -педагогикалық  бағдарламалық  құралдарда  тапсырмалар  жүйесі  толық  болуы,  яғни  игеру әрекетін  қамтитын  нұсқалар  оны  орындау  тәсілін  жинақтауға   мүмкіндік туғызуы шарт;

            -бұл  аталған  құралдардағы  тапсырмалар  мүмкіндігінше  жан-жақты , бірақ  сол  сыныптағы алгоритмдердің  ұғымдардың,   есептердің  құрылымына   сәйкес келетіндей  тұтастықта болуы;

            -педагогикалық бағдарламалық  құралдар әсіресе  оқу іс-әретінің  нысанаға  бағытталу  негізін  бақылауды  қамтамасыз  етуі қажет (  біліктіліктің  алғашқы  қалыптасуы  кезеңінде кері   байланысымен   қамтамсыз ету);

         - олар  математика  және де басқа  да пәндерді   оқыту  құралдары жүйесімен үйлесімде  болуы.

        Білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындады. Педагог мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлауда ақпаратттық әлемде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады.

                                         

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. –Алматы,2008.

2.        Дүйсебек Ә.Т. Қазақстан жеріндегі мектептердің даму тенденциясының зерттелу деңгейі //Научное обеспечение функционирования 12-летнего средне-го образования. Сборник Международной научно-практической конференции Алматы. - 2007, 20-21 апреля. - Ч-2.

3.        Қараев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии –М.: Автореф. док. дисс. 2001.

4.                  Нұрғалиева Г.К. Педагогические технологии информатизации образования. –Алматы: РЦИО, 2006.