К.п.н.
Абылкасимова Г.К., к.п.н Курымбаев С.Г., магистрант Әшімбекова А.М.
Карагандинский государственный
университет, Казахстан
Кәсіби
бағдар беру жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық
шарттары
Жалпы, кәсіби бағдар беру жұмысы педагогика
ғылымымен тығыз байланысты. Педагогика дегеніміз (гр.paіda — бала, logos — жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін
белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды
зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың
жиыны. Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының
мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған
үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен
әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі ғылымдардың,
теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады.
Қазіргі
уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік
ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім
парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.Білім берудегі
ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің,
И.Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының
орнын басқасы басты, ол оқушыға оқу
қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі
өзектілендіруге, өзін танытуға және
өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы
тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда
педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу
ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының
тұлғалық бағытталған өзара әрекеті
болып табылады.
Соған
орай кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырудың
жаңаша түрі мен формасы қалыптасуы тиіс. Кәсіби
бағдар беру жұмысын ұйымдастырудағы
ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісімен
қатар болашақ мамандарға кәсіби бағдар беру
үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ
тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің,
мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі
және ашық жүйелері, мұндаәр позиция
басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында студенттің
дұрыс шешім қабылдауына жағымды жағдайлар жасау жиынтығын құрайды.
Жас
ұрпақтың ой-өрісін, ұлттық
мәдениетін, ұлттық рух пен саналы сезімін дамытып,
алғыр тұлғаны қалыптастыруда жаңа технология
бағыттары оң нәтижелер беруде. Осыған байланысты
дәстүрлі емес ойлауға икемді, аса күрделі
мәселелерді шешуге алғырлық таныта алатын студенттер даярлау
үшін ең алдымен оларға дұрыс бағыт-бағдар
беру қоғамның басты
міндеттерінің бірі болып отыр.
Кәсіби
бағдар беру жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық
шарттар жүйесіне келесілер кіреді: негізгі шарттар, мақсаты,
міндеттері, мазмұны, формалары, нәтижесі (сурет 1).
|
Оқушыларға
арналған арнайы факультативтік сабақтар Дыбысты сөздік |
||||||||||||||
Шарттар
Кәсіби бағдар
беру жұмысын ұйымдастырудың сапасын жоғарылату
![]()
|
|
Мақсаты
![]()
|
Кәсіби бағдар беру жұмысын
ұйымдастыруда арнайы терминдерді қарастыру Қазақстандағы
және шет елдердегі кәсіптік бағдар беру жүйесін
және оның ерекшеліктерін
қарастыру Кәсіби бағдар
беру жұмысын ұйымдастырудың әдістемесін талдау «Кәсіби бағдар беру» түсінігін талдау |
Міндеттері
![]()
|
«Мамандықтар жіктемесі», «Адам қабілеттері және мамандық
таңдау», «Кәсіби бағдар беру
терминологиясы». |
Мазмұны
Факультативтік сабақтар Өзіндік жұмыстар Аудиториядан тыс жұмыстар
![]()
|
|
Формалары
![]()
![]()
|
Оқушылардың
даярлығы |
Нәтижесі
![]()
Сурет 1– Кәсіби бағдар беру жұмысын
ұйымдастырудың педагогикалық шарттар жүйесі
Педагогикалық
шарттар дегеніміз – оқу-тәрбие жұмысының
мәселелерін шешуде, сонымен қатар оқыту үрдісін
жүзеге асыруда қойылатын шарттар. Жалпы кәсіби бағдар
беру жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын
төмендегідей анықтауға болады:
Бірінші шарт
оқу-кәсіби бағдар беру жұмысының ең алдымен
тәрбиелік жағынан дұрыс ұйымдасуын
қадағалау. Сол арқылы оқушылардың танымдық
іс-әрекеттік қызығушылықтарын арттыру. Егер студенттер
мамандықтар туралы барлық ақпаратты қабылдап, сол кезден бастап дұрыс шешім
қабылдаса, келешекте
сұранысқа ие мамандық иесі бола алады.
Екінші шарт жалпы мектептерде, колледждерде,
жоғары оқу орындарында кәсіби бағдар беру
жұмысы үрдісін технологиялық тұрғыда
қамтамасыз етіп, оқушылар немесе студенттердің танымдық
қызығушылықтарын ескере отырып, оқушының
қандай мамандыққа немесе қызмет саласына
қабілетті екендігін арнайы сұрақнамалар немесе тесттер,
көптеген бақылау әдістері арқылы кезеңдеп
жүзеге асыру.
Жалпы
Қазақстанда педагогикалық шарттарға сүйене
отырып, белгілі бір проблемамен айналысқан ғалымдар, белгілі бір
ғылым докторлары, кандидаттары жетерлік. Атап айтсақ, Сиргебаева
С.Т. “Жоғары оқу орындарында ақпараттық технологияны
қолданудың педагогикалық шарттары (ағылшын тілі
пәні материалдары негізінде)”. Аталмыш зерттеудің мақсаты - жоғары
оқу орындарында ақпараттық технологияны қолдануды
теориялық тұрғыдан негіздеу және оның
педагогикалық шарттарын айқындау. Зерттеудің жетекші идеясы - жоғары оқу
орындарында ақпараттық технологияны қолдану ағылшын
тілін заманауи талабына сай жетік меңгерген, білімді тұлғаны
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Пряжников Н.С. Профессиональное и
личностное самоопределение - М.: Воронеж 1996. – 45 б.
2. Климов Е. А.
Как выбирать профессию. – М., 1991. – 214 б.
3. Студенттердің
кәсіби бағытын қалыптастыру // Ұлт тағылымы. –
КарГУ № 3. - 2008.- Б.20-22.
4. Сарбасова Б.Қ, Шәушекова
Б.Қ. Педагогика негізі. -Қарағанды, 2004. – 126 б.