Мінез-құлқында
қиындығы бар оқушылардың жеке ерекшеліктері және
оларға себепші болатын факторлар
Кусаинова Д.Т.
Қазақстан Қарағанды
қаласы N95 мектеп-гимназиясы
Мектепте жұмыс
істейтін педагогтар, тәрбиешілер балаларды оқытып-тәрбиелеу
барысында, сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім
деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын,
ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын балаларды жиі
кездестіреді. Психолог мамандар мұндай оқушыларды «Қиын
балалар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар оқушылар»,
«Қиын тәрбиеленуші» қатарына жатқызады [1].
Ағылшын психологы
Хевитта және Дженкинс қиын балаларды екі үлкен
категорияға бөлген :
1. Әлеуметтік
формадағы антиқоғамдық мінез-құлқы
тән балалар.
2. Әлеуметтік емес
антиқоғамдық агрессивті мінез-құлықты
балалар. Бұл балалардың жанұясымен, қатарластарымен
қарым-қатынасы жаман, эмоциялары бұзылған, агрессивті,
қатыгез әрі кекшіл балалар.
Ғалымдардың
бірқатары қиын балалардың пайда болуын өмірдің
қолайсыз және әлеуметтік-биологиялық факторлармен
байланыстырды.
Ал И.А. Невский
қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі
жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының
жеткіліксіздігінен деп түсіндірді. Яғни, ата-ана тарапынан, мектеп
қабырғасынан жылулық сезінбеген, мейірімділік көрмеген
оқушы өмірде өзінің ешкімге қажетсізбін деп
есептеп, ашуланшақ, агрессивті, қатыгез болып өседі.
Қиын оқушының пайда болу себептерін анықтағанда,
біріншіден отбасындағы тәрбиеге, ал екіншіден мектептегі
оқу-тәрбие мәселесіне аса көңіл бөлеміз.
Өйткені, көптеген психолог ғалымдардың зерттеулеріне
жүгінетін болсақ, оқушылардың
мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда
болу себептерін отбасындағы дұрыс тәрбие бермеудің
салдарынан болатындығын анықтады:
1) отбасының
әлеуметтік және экономикалық жағдайы;
2) ата-ананың баласына немқұрайлы
қарауы;
3) қараусыз қалған бала немесе
шектен тыс қамқорлық.
Қазіргі кездегі жас ата-аналар өсіп келе
жатқан баласын аса тым еркелетіп өсіріп жатыр десек те
қателеспейтін шығармыз. Аса тым артық мадақтау мен
шектен тыс мәпелеуде өскен бала ешқандай күш
жұмсамайақ көзге түскісі келеді, егер
мұғалім ескерту айтатын жағдайда жылай салатын әлсіз,
өздігінен еш нәрсеге қол жеткізе алмайтын, ерке болып,
өзбеттілігі қалыптаспаған бала болып өседі. Сонымен
бірге «Үйлену оңай, отбасын құру қиын» деп
ата-бабамыз айтқандай қазіргі жастарымыздың отбасылық
өмірге дайын еместігінен, немқұрайлы
қарағандықтан қара көзді балалар толық емес
отбасында немесе жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Не
анасының жылылығын, не әкесінің мейірімділігін,
тәрбиесін көрмей өскен баланың психикасы
жарақатталып, қиын балалар санының қатарына
қосылады.
Сондықтан «Қиын бала қайдан пайда
болды?» - деген сұраққа жауап бермес бұрын,
отбасымыздағы ерлі-зайыптылар арасындағы
қарым-қатынасты, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты
ретке келтіріп алғанымыз дұрыс сияқты. Алайда,
бұрынғы ата-бабамыз мұра қылып қалдырып кеткен
отбасындағы баланы тәрбиелеу стильдерін қайта
жаңғыртатын болсақ та қателеспеген болар едік.
Бұл қоғамдағы, отбасындағы көптеген
мәселелердің шешілуін біраз жеңілдететіні сөзсіз деп
ойлаймыз.
Сонымен балалардың
мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда
болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі
оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады [2].
Бала мектепке келген кезден бастап оқушы -
мұғалім және оқушы-оқушы арасында
қарым-қатынас қалыптаса бастайды. Бұндай
қарым-қатынасты орындау оқушыға бастапқыда
қиын соғады. Жалпы мектептегі мұғалімнің барлық
балаларға қойылатын талаптары да көзқарастары да бірдей
болуы керек. Дегенмен де кейбір мұғалімдердің
өзінің сүйіктілері және сүйікті емес
оқушылары да (гадкий утенок) болады. Бұл
мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас
орнатуын аса қиындатады. Өйткен мұғалім
өзінің сүйіктілеріне жақсы баға қойып,
қолдап отырады, ал қалған балалар қаншама
тырысқанмен шет жақта қалып «Мен қанша тырысып
айтқанмен де төмен баға қояды» деген пікірлер
қалыптасып, оқушылардың оқу мотивациясының
төмендеуіне әкеледі.
Д.Б. Элькониннің айтуынша, баланың дамуы
кезінде оқу процесінің алатын орны ерекше. Бала мектепке келгенде
оның ойында оқуға деген қызығушылық
әлі толық қалыптаспаған, тек оқу барысында
мұғалімнің ықпалымен қызығушылғы
біртіндеп қалыптасады деген.
Белгілі ғалым Л.С. Выготский былай деп
жазған: «Қызығушылық-бала қылығын
итермелеуші күш. Баланың іс-әрекеті оның органикалық
қажеттілігімен сәйкестілігін көрсететін инстинктивті
ұмтылыс. Тұлғаны қандай да бір іс-әрекетке
шақырғыңыз келсе, ең алдымен оның
қызығушылығын тудыру қажет. Оның сол
іс-әрекетке дайын екеніне және оны орындауға барлық
күшін бағыттайтынына көз жеткізуге керек. Сонда ғана
тұлғаның іс-әрекетті өз бетінше істей алады, ал
мұғалім тек қана оның іс-әрекетін басқарып
және бағдарлап отырады».
Ал, мұғалімге психологиялық білім
өзіне-өзі белгілі талап қоя білу үшін де және
оқушыларға білу, білім беру және тәрбиелеу үшін
де қажетті өзіндегі жеке адамдық қасиеттерді
дамытуға да керек.
Ал оқушының оқуға
қызығушылығын тудыру мұғалімнің
педагогикалық шеберлігі мен қабілетіне байланысты болады. Бұл
негіз ең біріншіден педагогтың жеке қасиетіне,
қабілетіне, оқушымен қарым-қатынасына, олардың
әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруына қарай
құрылады.
Бала білімінің бастапқы іргетасы
бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. Бастауыш сыныпта
сабақтың бір элементтерін түсінбеуі оқуда
қиындық тудырады, ал оқу бағдарламасы сыныптан сыныпқа
ауысқан сайын күрделене береді, бұл баланың оқу
үлгерімі нашарлап, сабақтан қашу, сабаққа келмеу
және т.б. әрекеттері арқылы көріне бастайды [2].
Мінез-құлқында
қиыншылығы бар оқушыларды әдетте екі топқа
бөліп қарастырады:
1. Тән кемтарлығы және жан
жарақаты бар оқушылар;
2. Отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет
қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері
факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері
болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен
мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.
Қиын балалардың психологиялық
ерекшеліктерін теориялық тұрғыда Л.С. Выготский
еңбектерінде талқыланды, сондай-ақ А.С. Макаренко
тәжірибелерінен де үлкен орын алды.
Бірқатар қазақстандық педагог
зерттеушілер В.Г. Баженов, А. Жұмабаев, К.А. Жүкенова, А.М.
Карабаева, И.Ф. Назаров, В.А. Парфенов, В.А. Трифонов, В.П. Шевченко, Л.В.
Лысенко, Л.К. Керимов және т.б еңбектерінде қиын
балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз
қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық
факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп
оқушылары мен жасөспірімдердің асоциальды
мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке
жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту,
отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге
балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әртүрлі
жолдарын көрсетті.
Қазіргі кезде мектепте бала өрескел
қылық жасаса, тәртіпсіздік көрсетсе кінәні
ата-аналар мұғалімдер не тәрбиешінің тәрбиесі деп
санайды. Тәрбиенің түп негізі бала дүниеге шыр етіп
келегеннен кейін басталады. Баланы материалдық жағынан
қамтамасыз етеміз деп ата-аналар күні бойы маңдай терін
төгіп, жұмыс істеп, балаларының ешкімнен кем болмағанын
қалайды. Алайда, қараусыз қалған балалардың
елігуі тез және жаман қылықтарға да бейім келеді.
Қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты, балаларды
заманымызға сай етіп оқытып-тәрбиелеу үшін
педагогтарға кәсіби және жеке тұлғасына талаптар
қойылады (жоғары білімді, іздемпаз, жаңашыл, креативті
және т.б. Педагогтың жұмысы табысты болуы үшін
әрбір баланың психологиясын жақсы білуі тиіс. Егер де бала
мұғалімнің тілін алмай жатса, бұл қиын бала деген
жаңсақ пікір қалыптасып, психологтың кабинетіне баруды
нұсқайды. Бірақта бұл жағдайда бала мүлдем
қиын бала емес шығар, мәселенің түп тамыры
педагогтың өзінің жеке басына қатысты болуы
мүмкін, яғни, педагогтың оқушылардың психологиясы
туралы ақпараттардың таяздығынан оқушылармен
жұмыс істеуде біршама қиындықтарға кезігеді [3].
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.
Серкебаев Қ.
"Қиын балаларға көмек." «Ұлағат»
журналы, 1998-2006/1 аралығы.
2.
Петровский А. В.
"Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы" Алматы,
Білім, 1987.
3.
Әділова К. "Қиын
оқушыны тәрбиелеу қиын ба ? Бастауыш мектеп, 2002/5.