Педагогика/Стратегические направления

 реформирования системы образования.

 

Аға оқытушы Ахметова И.А., 3 курс студенті Сагинтаева А.С.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Қазақстан

Януш Корчактың педагогикалық жолы

 

Әлемде белгілі бір кітапты оқығанда, керемет әсер алғанда, оқып отырған кітаптың авторының таланты мен дарынына таңырқайсың. Осындай авторлардың бірі ХХ ғасырда Еуропада өмір сүрген педагогикаға ұлан-ғайыр үлес қосқан, дарынды педагог Януш Корчак.

Генрик Гольдшмит – Януш Корчактың шын есімі. Ол 22 шілде 1878 жылы әйгілі Варшава адвокатының отбасында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған Януш Корчак университетте білім алу, отбасына қолғабыс болу үшін, қосымша жұмыс істеуге мәжбүр болады. Студент кезінде-ақ, Януш Корчак санитар, жүк тасушы секілді еңбек түрлерін емес, репетиторлық жолды таңдайды. Репетиторлықпен айналысып жүрген шағында, Я.Корчак балаларға тәрбие берудің жолдары туралы ойлана бастайды. Осы кезде оның «Дитя гостиной» атты еңбегі жарыққа шығады. Бұл еңбекте жас Генриктің тек бастапқы ойларының сұлбалары ғана берілгенімен, ол бар өмірін педагогикаға арнауға бел байлайды. Ол ғылыми журналдарға балалар, олардың өмірлері туралы мақалаларды жолдауды тоқтатпайды. «Каким путем?» атты еңбегі әдеби сайыста марапатқа ие болады, автор бұл еңбекті Януш Корчак деген лақап атпен жолдаған болатын, сөйтіп жас лауреат Генрик Гольдшмит, Януш Корчак атанады.

Негізгі мамандығы бойынша Корчак – дәрігер. Варшава университетінде дәрігер мамандығын тәмамдаған Корчак, басынан орыс-жапон және Бірінші дүниежүзілік соғысты өткереді, бұл жерде ол көптеген қиындықтарға тап болады. Ота жасаудан қолы босаған кзде, майшамды жағып, жазуға көшетін. Сол қажырлы еңбегінің нәтижесінде, Я.Корчак соғыстан «Как любить ребенка» атты еңбекпен оралады. Бұл еңбек педагогиканың ең үздік туандыларының бірі [1, 2, 3].

Біз педагогикада неліктен осы уақытқа шейін Януш Корчактың есімін атап келеміз? Ол әлемдік педагогикаға қандай үлес қосты? Деген сұрақтар туындайды осы тұста. Януш Корчакқа шейін көптеген педагогтар ғасырлар бойы, бала жан-дүниесі «tabula-rasa» деп саналды, яғни, әртүрлі ойларды жазуға болатын таза тақтай. Бала жан-дүниесін әртүрлі қалыптарды қабылдай алатын, өзгертуге болатын мүсіндермен салыстырды. Алайда, Я.Корчак бұл педагогтармен келіспеді. Басқа өмірлік идеалды таңдады. Ол: «Кемеңгер француз этнологы Фабр, өзінің эпохалды зерттеулерімді ешбір жәндікке зиян келтірмей бақыладым деп мақтанады. Фабр жәндіктердің іс-қимылдарын тек сырттай ғана бақылайтын. Ешқашан оларға зиян немесе бөгет жасап көрмеген. Әрбір педагог, Фабр секілді болса ғой!» дейді өз жазба күнделігінде. Жоғарыда айтылған бұл жазбада Корчак педагогикасының тәрбие методикасы берілген. Корчак балалар әлемінің алғашқы Фабры атанды. Балаларға арналған ауруханаларда, тәрбие мен білім беру мекемелерінде, жазғы лагерьлерде көптеген жұмыс істген Я.Корчак үнемі балалардың өмірін бақылап, саралайтын. Бұл бақылаулардың негізгі мақсаты медицина, педагогика және психология салаларымен ұштасқан, балалар турал ұлы ғылымды қалыптастыру еді[4, 5].

Осы арманын жүзеге асыру мақсатында, Я.Корчак Варшава қаласында «жетімдер үйін» ашады. «Жетімдер үйінде» ол гумандық педагогиканы – тәрбиелеудің басты құралы ретінде қолдана бастайды. 2-3 жылдың көлемінде, Я.Корчак басқарған жетімдер үйінің жағдайы түзеліп, Польшаның ең үздік білім беретін мекемелерінің біріне айналады. Ғалым-педагог Александр Левин естеліктерінде, жетімдер үйі туралы: «Жетімдер үйі – тамақпен, киіммен қамсыздандыру жағынан әрқашанда ақшалай қиындыққа тап болатын. Алайда, Корчак балаларды жылы, жайлы бөлмелерге жайғастыруға тырысатын. Ал, мәселе тамақтану мәселесіне келгенде, оқушыларды тек қана пайдалы тамақтармен тамақтандыруға бұйырық беретін. Себебі, әрбір тамақ қабылдағаннан кейін, оқушылар бөлмелерінде салмақтар мен бойларын өлшейтін. Ал мұғалімдер сол қортытындылар мен жүйелерден, әрбір баланың физиологиясы туралы қорытынды ақпарат жазатын. Әрбір жатын бөлменің жанында, жуынатын бөлмелер де болатын. Яғни, ол балалардың гигиеналық тұрғыдан үнемі таза жүрулерін қолдады. Сонымен қатар, басқа мектеп-интернаттарда немесе жетім үйлер секілді мекемелерде еден жуатын құралдар жасырынып тұрса, Я. Корчактың жетімдер үйінде құралдар керісінше, барлық жерлерде көрініп тұратын. Себебі, балаларды еңбексіз тәрбиелеу мүмкін емес, дейтін Я. Корчак » - деп, еске алады[6, 7].

Януш Корчак тек тамаша педагог ғана емес, сонымен қатар дарынды қалам иесі, әдебиетші. Өзінің қысқа ғұмырын жетім балаларға, олардың тәрбиесіне ғана арнап қоймай, сонымен қатар артынан тәрбие туралы 20 шақты еңбек қалдырды. Бұған дәлел ретінде, Я.Корчак бөлмесінде ешқашан артық заттарды ұстамаған, бөлмесі кітапханаға ұқсайтын. Оның сүйіп оқитын авторлары: М.Аврелий, А.П.Чехов, М.Пруст, т.б.

Януш Корчак ұлы педагогтардың ұлы ізбасары, оған дәлел оның еңбек жолы, артында қалдырған еңбектері мен өсиеттері. Оның өмірдегі жалғыз махаббаты – педагогика, ал оның қарым-қатынас құралы – гуманды педагогика болатын. Ол ең алғашқы болып, «Жетімдер үйінің» апталық газеттерінен шығаруды қолға алған. Сонымен қатар, радио бойынша, гуманды педагогика бағытында Қария Доктор лақап атымен балалармен сұхбаттар жүргізген.

Өмірде балалар әлемі болса екен деген ойды ол өзінің «Король Матиуш І» атты еңбегінде жүзеге асырады. Ең соңғы болып жарыққа шыққан еңбектерінің бірі, педагогика тарихында бұрын-соңды кездеспеген атаумен жарық көрді: «Наедине с Господом Богом» атты еңбек, ал кітап мұқабасының төменгі жағында «ғибадат етпейтіндерге арналған ғибадаттар» деген жазу басылған [8].

Я.Корчак 64 жасында өзінің жетімдер үйінің 200 тәрбиеленушісімен бірге  Треблинка атты немістер лагерінде, газ камераларында көз жұмды. Қазіргі таңда, газ камераларының орнында, «Януш Корчак және балалар» деген ескерткіш тақтасы орнатылған.

Ешкімде, ешнәрседе ұмытылған жоқ, себебі Януш Корчактың педагогикалық ойларын мен тәжірибесін, еңбектерін күллі әлем оқып, біледі. Әлем бойынша, Корчак өсиеттеріне құлақ асып ер жетіп келе жатқан бүлдіршіндер бар.

 

Әдебиеттер:

1.     Валеева Р.А. Гуманистическая педагогика Януша Корчака: Учебное пособие, Казань:КГПИ, 1994.

2.     Кочнов В.Ф. Януш Корчак: Книга для учителя. М.:Просвещение, 1991.

3.     Василий Кочнов. «Януш Корчак», книга для учителя. М., Просвещение, 1991г.

4.     Антология гуманной педагогики. «Корчак». Сост. Матятин Олег Петрович. Издательский дом Шалвы Амонашвили, М., 1998г.

5.     Иван Зюзюкин. «Под знаменем цвета надежды». «Смена», ежемесячный литературно-иллюстрированный журнал, №6, 1996г.

6.     Януш Корчак. Избранные педагогические произведения. М., «Педагогика», 1979г.

7.     Януш Корчак. «Воспитание личности», книга для учителя. Сост. В. Ф. Кочнов. М., Просвещение, 1992г.

8.     Мойтлис Е.Л., Януш Корчак, «Советская педагогика», 1958.