Педагогика. Современные методы
педагогики
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің
мұғалімі Берекенова
Асем Сергеевна
№51 МГ КММ, Алматы қаласы, Қазақстан
Топтық
жұмыстарды тиімді ұйымдастыру арқылы оқушылардың шығармашылықтарын арттыру
Әлем тәжірибесі көрсеткеніндей,
кез-келген мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы сол
елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне
байланысты болып отыр. Осы орайда Қазақстанды әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енгізуде
білім беру ісі басты құрал болып табылады.Мектеп
мұғалімдерін кәсіби дамыту және озық оқыту
технологияларын енгізу идеясының пайда болуы ең алдымен
әртүрлі теориялық және тәжірибелік
іс-әрекет аймақтарына техникалық прогрестің енуімен
байланысты екені баршамызға
аян.“Оқыту технологиялары” термині тек қана оқытуға
байланысты қолданылады, ал технологияның өзі техникалық
құралмен оқытуды түсіндіріледі. Оқыту
технологиялары – педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін
ғылыми жобалау және нақты өндіру болып табылады.
Оқыту технологиялары педагогикалық шеберлікпен өзара
тығыз қарым-қатынаста. Оқыту технологияларын өте
жақсы меңгеру дегеніміздің өзі – үлкен шеберлік.
Педагогтің тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатыны
байқалады. Бір ғана технология әр түрлі
мұғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру
ерекшеліктерінде олардың осы педагогикалық шеберлігі және
кәсібилігі, құзыреттілігі
айқын байқалады.Қазіргі таңда білім берудің негізгі
талаптарының бірі білімді үздіксіз жетілдіру болып табылады.
Мұның нәтижесі білімдерді терең және жоғары
мәдениетті, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін
игерген азаматтарды тәрбиелеумен тығыз байланысты.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты
міндеттерінің бірі оқытудың әдіс – тәсілдерін
үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық
технологияны меңгеру. Бұл жөнінде Қазақстан
Республикасы «Білім туралы» заңынының 8 – бабында «Білім беру жүйесінің
басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологиясын
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғылымдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап
көрсетілген.
Мектеп тәжірибесіндегі топтық,
ұжымдық оқыту түрлері.Көптеген
әдіскерлердің еңбектерінде оқу сабақтарын
ұйымдастыруды жетілдірудің қажеттігі айтылған.Мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт беруші. Оқитын
пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім
оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен
нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік
арқылы жүзеге асады.Оқыту
әдістері сабақтың мазмұнының баяндау
тәсіліне байланысты болса, оқу сабақтарын ұйымдастыру
түр-пішіндері оқушылардың оқу әрекетін
ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді.Оқу
сабақтарын ұйымдастырудың жалпы түр-пішінінің
бір-бірінен айырмашылығы мұғалімнің
оқушыларға орындауға беретін тапсырмаларына байланысты
анықталады: 1) сыныптың барлық оқушыларына; 2) жеке топ
оқушыларына; 3) әрбір оқушыға беріледі. Оқу
сабақтарын ұйымдастырудың нақты
түр-пішіндерінің бір-бірінен айырмашылығы
оқушылардың алатын білім көздеріне байланысты
анықталады. Топтық жұмыстарды ұйымдастыруда
ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің
әртүрлі формаларын мен түрлері жүйесінде топтық
жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын
алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері
көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды
моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен
оның тиімділігі бойынша зерттеулерді әртүрлі бағытта
жүргізуге болады. Психологтар тұлғаның жетілуі
үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай
туғызатынын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық
жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады.
Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта
түседі, оқу жұмыстарын нығайтып, сыныпта жылулық
атмосферасы сезіледі.Топтарға арналған негіз қалаушы
ережелерді құру: Негіз қалаушы ережелер топтардағы
жұмыс жағдайында өте пайдалы болуы мүмкін.
1. Топтарға арналған негіз
қалаушы ережелерді әзірлеу. Төменде ұсынылған әр түрлі
негіз қалаушы ережелер оларды қабылдау немесе бейімдеу және
басымдықтарды белгілеу үшін әрбір топқа арналған
бастапқы нүкте ретінде ғана қарастырылуға тиіс.
Топтың топты құрайтын нақты адамдарға
арналған ережелерді жасауға болады деп есептегені өте
маңызды.
2. Адалдық мәдениетін
күшейту. Топтың табысты
жұмысы шындыққа негізделеді. Топ мүшелері үшін
өздері келіспейтін немесе онымен өмір сүре алмайтын
қандай бір нәрсеге шыдау, олар үшін бұл шындықты
айтпаумен бірдей болғандықтан, әділ емес деп болжанады.
Дегенмен оқушылар адал болып, әдептілік сақтау
қажеттігін ескерулері керек.
3. Топ мүшелеріне адамдармен
жұмыс істеу үшін оларды жақсы көру міндетті емес екенін
ескертіңіз. Кәсіби
өмірде сияқты топтық жұмыста адамдар топ
құрамында жұмыс істейді, жеке дау-дамайларды барлық
топтың алға жылжуына кедергі жасамайтындай етіп шешу керек.
4. Ұжымдық жауапкершілікті
белгілеу. Мәселелер көтерілген
соң және де толық талқыланғаннан кейін топ шешімі
қабылданған соң, топтың алға қарай жылжуы
үшін ұжымдық жауапкершілік туралы уағдаластықты
қолдану керек. Топ ережелерін қабылдаған әрбір адамды
бұл топтан тыс жеке блок құрудан сақтап, алға
қарай апарады.
5.
Тыңдау машықтары тәжірибесін дамыту. Адамдар
бастапқыдан-ақ айтылған пікірлермен келіспеген жағдайда
да әрбір дауыс естілуге құқылы.
6. Топтағы жұмысқа әрбір мүше
атсалысуға тиісті.Топтың
әрбір қатысушысы өз көзқарасын, пікірін білдіруін
ынталандыру керек, олар естілмей қалмасын. Топ мүшелеріне
өзінің пікірімен қоса, әркімнің пікірі
құнды екенін көрсету керек.
7. Топ жұмысына топ
мүшелерінің әрқайсысы тең дәрежеде
қатысуға тиіс. Бәрінен
де, міндеттер топ мүшелеріне қалай бөлінетіні туралы
ақылдасып шешкен дұрыс болады. Топ мүшелері сондай-ақ
бір–бірімен тәжірибе алмаса және басқалардың идеяларына
сүйене отырып, өз үлесін қосуға дайын
болуға тиіс.
8. Топ мүшелерінің
мықты жақтарын пайдалану өте пайдалы болу мүмкіндігі. Міндеттер әрбір топ мүшесінің
тәжірибесіне және біліміне сәйкес бөлінген
жағдайда топ жұмысы өте тиімді болады.
9. Дегенмен, топ тек мықты
қатысушыларды ғана пайдаланбау. Топтағы тапсырмалар дамытушы сипатта болуы
мүмкін, яғни міндеттерді бөлу топ мүшелеріне
өздерінің әлсіз жақтарына және жеткіліксіз
тәжірибелеріне негізделуге мүмкіндік беретін мақсатты
жағдай болуы мүмкін.
10. Топ мүшелеріне жазбаларды
сапалы жүргізудің
маңыздылығын ұғуға көмектесу. Міндеттерді орындау және жазбаларды жүргізу
бойынша топ жұмысын қорытындылауға жауапты адамдарды
ауыстырып отырыңыз.
11.Топ міндеттерінің мерзімдерін
өзгертуге болмайды. Топтың
табысты жұмысының «Сен қандай да бір нәрсені орындай
алмауың мүмкін, бірақ топтың қандай да бір
тапсырманы орындамауына мүмкіндік берсең, бұл дұрыс
емес» қағидатына негізделген.
12. Қайырымдылықты
дамытыңыз. Топтық
жұмыс кейде адамдардан топ мақсаттарына өздерінің жеке
қажеттіліктері мен тілектерін бағындыруды талап етеді.
13. Адамдарға
шығармашылық пен стандартты емес идеяларды бағалауға
көмектесу. Топ мүшелері тек
қойылған міндеттер шеңберінде болуына жол бермеңіз
және прогресс пен шығармашылық арасында дәлелденген
балансты белгілеу керек.
14. Топ жұмысында
жүйелендіруші түрлі
элементтерді пайдалану.
Тұрақты кездесулерді ұйымдастыру, есеп жүргізу
және міндеттерді бөлу топтың тиімді және өнімді
жұмыстарының кепілі болмақ.
15. Күн тәртібінде
топтық ережелер туралы тармақты тұрақты бақылау.Бұл мезгіл-мезгіл негізгі ережелерді қарап
және қайта қарап отыру үшін, кейде пайда болуы
мүмкін күтпеген оқиғаларды шешу үшін
жаңасын жасау үшін өнімді болуы мүмкін.Алайда
практикада өзінің пайдалылығын дәлелдеген, бірақ
саналы түрде қолданылмаған негізгі ережелерді ұмытпай,
олардан бас тартпаған маңызды. [1]. «Тіл – оқытуда және
оқып – білуде негізгі рөл атқарады». Себебі, негізінде білім
алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық
жұмыстағы өзара байланыс пен келіспеушілікті қабылдау
деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша
жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен және басқа
оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет
белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын
маңызды құрал. Оқушыларда әр түрлі
және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу
мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік және
түсініктерінің өрісін зерттей алады. Сондықтан,
оқушының білім діңгейін дамытуға әлеуметтік
қолддау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше.
Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине,
бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы
мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда,
білім беру жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы
түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА
(Жақын арадағы даму аймағында) аясында
қарастырылғандықтан білім беру табысты болмақ. Барнс
(1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса,
оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін
айтады. Барнс білім берудің мұғалімді селқос
тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды
қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және
дәлелдей барысында жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер
және Хождкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі
жұмысына негізделе құрылып, білім беру барысындағы
диалог атқаратын негізгі назар аударуды мақсат етеді.
Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың
бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін
жеткілікті дәлелдер бар. Олар:оқушылардың тақырып
бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкндік береді; басқа
адамдарда түрлі идеялардың болатындығын
оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында
олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін
түсінуге көмектеседі. Оқытуда қолданылатын
әңгімелесу түрлері: Әңгіме-дебат барысында:
ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы
өз шешімдерінде қалады; ресурстарды біріктіруге
бағытталған аздаған талпыныс жасалады;Қарым-қатынас
көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген
бағытта жүзеге асады; Орта бірлесуден гөрі, көп
жағдайда бәсекелестікке бағытталған. Топтық
әңгіме барысында айтылған пікірлермен
тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде
келісе беруі; әңгіме білім алмасу мақсатында
жүргізілгенмен, оған қатысушылардың өзгелер
ұсынған қандай да болмысын идеяларды төзімділікпен
тыңдауы; идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі
мұқият бағалана бермейді. Зерттеушілік әңгіме
жүргізілу үстінде: әркім ақылға қонымды мәлімет
ұсынады; әркімнің идеясы пайдалы ретінде
бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі;
қатысушылар бір-біріне сұрақтар қояды;
қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын
дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме
«көрінеді»; топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады
(олар келісімге жетуі де, жетпеуі де мүмкін, ең бастысы-келісімге
ұмтылу). Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Сыныптағы
қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір
өзара әрекеттестік үлгілері – зерттеушілік
әңгіме, дәйек пен диалогтің мұғалімдер мен
оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке
тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері
өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына
ықпалын тигізетіндігін көрсетті. Александердің (2004)
Диалогтік оқытуға сәйкес сыныпты қолданбалы зерттеуді
зерделер болсақ, оқушылардың ой-пікірлері назарға
болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың
дәстүрлі моделі диалектикалық және диалогтік педагогика
тұрғысынан күмән туғызады. Көзбен
көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей
қарым-қатынас жасау . Сапа мен әңгіменің
мазмұны балалардың білім алуы үшін маңызды болып
табылады. Талқылау мен диалог өзінің танымдық
әлеуметімен ерекшеленеді. Диалог барысында балаларға баламалы
мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын
өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп,
дамуын ынталандыратын әдістерін қарастыру ұсынылады.
Бұл-мұғалімдердің көпшілігінің
түсінігі бойынша, диалогпен басы ауызекі немесе «интерактивті» білім
берудің арасындағы айырмашылықты логикалық және ұтымды
дәлел ретінде қолданылады. Мерсер сыныпта талқылаудағы
дәлелдің үш түрін анықтады, олар:
пікірталастық әңгіме, оқушылар бәсекеге
қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын
қабылдауды қабылдамайды; кумулятивтік әңгіме,
мұнда оқушылар бір –бірінің үлесін сынамайды және
сынарлылыққа негізделеді; зерттеушілік әңгіме,
ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып,
негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы
жалғасады.(Мерсер, 2000). Диалогтік оқыту ұжымдық
(мұғалім мен бала бірігіп тапсырманы орындайды ) және
өзара білім алмасуға жағдай туғызады
(мұғалімдер мен балалар бір- бірін тыңдап, идеялармен
бөлісіеді және балама көзқарастарды қарастырады )
және қолдаушы ( балалар қате жауап бергені үшін
қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір-біріне өзара
түсіністікке жетулеріне көмектеседі) болып табылады. Диалогтік
педагогика- балалар мен мұғалімдердің жаңалық ашу
мен білім алуда өзара қарым - қатынас орнатуы. [2]. Өз
бетімен оқып білуге үйрету – баланың қоршаған
ортаның өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде
құрылған оқытудың негізгі тәсілі болып
отыр. Өз бетімен оқып білуге үйретудің негізгі
мақсаты – оқушының адамзаттық мәдениеттің
қай саласында болсын өз бетімен шығармашылық жаңа
іс-әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін
қалыптастыру. Алған білімді өмірде қолдана білуге
дағдылана білуі керек.Ол – белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу
үрдісі. Бұл – адамның танымдық
әрекеттерінің бірі. Әрине, білім беруде тиімді нәтижеге
жету үшін оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу,
технологияны таңдау, оқу үрдісін құру –
мұғалім құзырындағы іс. Оқушылармен
жұмыс жасауда жеке дара, топтық, ұжымдық топтарға
бөлудің психотерапиялық мүмкіндігінің зор екені
де белгілі болып отыр.Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым
қызметкерлерінің ІІ съезінде: «Болашақта еңбек етіп,
өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары,
мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан
сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстаздарға
жүктелетін міндет өте ауыр», – деген.
Оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін ашатын, ойлау, сөйлеу,
әрекет ету сияқты қасиеттерін ашуға тиіс, яғни
оқушының барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін
ескере отырып, оның жеке ерекшеліктерін дамытуға үнемі
қажетті жағдайлар жасау.Әрбір ұстаздың
да, оқушының да іс-әрекеті ерекше
шығармашылық сипатта болуға тиісті.Қазіргі
уақытта көптеген ғалымдардың зерттеулерінде
оқытудың жаңа технологиялары негізінде әр
оқушыға бейімделу жағдайын жасау идеясы бар, ол білім алып
қана қоймай, оны өмірде қолдана білетін,
көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну
қабілеті бар адамды дайындау арқылы жан-жақты дамыған
жеке тұлғаны қалыптастыру. «Оқушы-толтыратын
құмыра емес,тұтататын алау»,-деп Д.Ховард
айтқандай,шәкірттерімізге сапалы білім беру- ұстаздар
қауымының алдында тұрған үлкен міндеттердің
бірі болып отыр.Ендеше Қазақстанның жарқын
болашағы үшін білім беру саласындағы жастардың
білімді,саналы тұлға болып қалыптасуына өз үлесімді қосамын деген
үміттемін.