Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі,

Әдістемелік бірлестік жетекшісі

сертификатталған І деңгей мұғалімі-Сакиева Сағыныш Жанатқызы

46 гимназия, Алматы  қаласы, Қазақстан

 

Қазақ тілін оқытудағы инновациялық бастамалар

    2014 жылдың 8 қарашасында Елордамыз  Астана қаласында «Қазақ тілін оқытудағы инновациялық бастамалар: Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі» атты форум өтті. Форум Астана қаласындағы Халықаралық Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілді. Бұл форумға Қазақстанның түпкір-түпкірінен шақыртылған  қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қатысты. Алматы қаласының әр ауданынан қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің 12 мұғалімі болып, Астанаға жол тарттық. Форум бағдарламасы бойынша таңғы сағат 9-дан, кешкі сағат 17-ге дейін жүргізілді. Қатысушылар қатарына жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері (әр облыстан және Алматы мен Астанадан 10 мұғалімнен), 30 пилотты мектеп мұғалімдері (3 мұғалімнен), 35 базалық мектеп (2 мұғалімнен), Білім және Ғылым министрлігі өкілдері, Мәдениет және Ақпарат министрлігі, Тіл комитетінің өкілдері, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, БАҚ өкілдері қатысты.

    Бұл форум «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының  ұйымдастыруымен өткізілді.

     Форумның тіркеуінен өткеннен кейін, пленарлық мәжілім залында Форумның ашылу салтанаты болды.  Алдыңғы сөзді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы К. Шәмшидинова ханымға берілді. К.Шәмшидинова Қазақстандағы Білім беру жүйесінің Кембридж бағдарламасының маңызы туралы баяндама жасады.    Келесі сөзді «Қазақ тілін оқытудағы жаңа бағыттар» туралы Білім беру бағдарламалары және саясаты департаментінің өкілі-Ж.Абуовқа берілді.

      Одан кейінгі сөз Халықаралық сарапшы Тауфик Черкауи мырза «Коммуникативтік әдіс-тәсілдер» жайында өз тәжірибесімен бөлісті. Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлердің осы форумға қызығушылығы артқаны туралы айтты. Кері байланыс жайында бөлісті. Білім беруді бағалау және кері байланысты орнату жайында көп сөз қозғады. Сабақ соңындағы кері байланыстың маңызы туралы да айтты.

       Білім беру бағдарламалары және саясаты департаментінің өкілі Ж.Сүлейменова ханым «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қазақ тілінде жүзеге асырылатын шаралар» атты баяндама жасады. Бұл баяндамада 2013-2014 оқу жылында өткізілген іс-шаралар жайында баяндап өтті. НЗМ-нің оқушыларының Қазақстан өлкесін  «Туған елге тағзым» атты өлкетану 6 маршрут бойынша, 120 оқушының «Шаңырақ»қауымдастығы осы экспедецияға шығып, геологиялық жұмыстар жүргізгені туралы айтып өтті.

        Өзім қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің маманы болғандықтан, «Қазақ тілі сабақтарында аудио, видео материалдарды қолдану» атты 4-секцияға қатысуды жөн көрдім. Бұл секцияда Қазақстан қалаларының НЗМ-де жұмыс істейтін мұғалімдердің тобынан тұратын модераторлар өз тәжірибелерімен бөлісті. Секция: «Оқушыларға берілетін аудио-визуалды тапсырмалардың ерекшелігі», «Қазақ әндері мен күйлерін тіл үйрету құралы ретінде қолдану», «Сұхбаттарды тыңдалым ретінде пайдалану», «Оқушы дәптері: табысқа жету жолдары», «Мультфильмді қолдану арқылы оқушының тілдік қорын байыту» сияқты тақырыптардан тұрды. Бұл секциядан өзімнің тәжірибеме көп көмегі тиетін әдіс-тәсілдерді қоржыныма жиып алдым.

   Қарағанды қаласы ХББ НЗМ модераторы Магзумова А.Е. «Көркем шығармаларды талдату арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту» атты шеберлік сағатына қатыстым. Шеберлік сағатында оқушылардың жазба жұмысы арқылы жұмыстар жүргізу туралы айтып өтті. Көркем мәтін арқылы жұмыс жүргізу оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. «Шұғаның белгісі» романы бойынша талдау жұмысын жүргіздік. Бұл романдағы әйел теңсіздігі, әлеуметтік жағдай, заман көрінісі, жазушының стилі, тілдік нақыштық  жайлы сөз қозғап, топтық жұмысты өз постерімізде көрсетіп қорғадық.   

    Назарбаев Зияткерлік мектептерінде үш тілде білім беру тек қана үш тілді оқыту емес, сондай-ақ пәндерді де үш тілде оқытуды көздейтін білім беру моделі негізінде жүзеге асырылады. НЗМ  шетелдік мұғалімдері және оқушылары қазақ тілінде дәріс береді. Мемлекеттік тілге деген құрметті байқауға болады. Кіріктірілген сабақтардың қазақ, орыс және ағылшын тілінде өткізілгендігінің пайдасы көрініп тұр. НЗМ-нің оқушыларының үш тіді еркін меңгергендігін көруге болады.  Тарих, география, математика, биология, физика сабақтары осы екі тілде өтетіндігінен деп ойлаймын. Тілді тек қазақ, орыс, ағылшын тілдерін ғана оқытпай, өзге пәндерді сол тілдерде кіріктіру арқылы өтетіндігінен байқалады. НЗМ өзге ұлт өкілдерінің бірнеше тілде еркін сөйлеуінің себебі осыған байланысты.

   Форумның соңында, қатысушылар болып, өткізілген іс-шаралар жайында өз сұрақтарымыз бен ұсыныстарымызды, тілектерімізді қағаз бетіне жазып қалдырдық. Осындай форумның жыл сайын дәстүрлі өткізілуіне,  НЗМ-нің мұғалімдерінің іс-тәжірибесімен бөлісуі,  қазақстандық мұғалімдердің белсене атсалысуына, оларға алып келер пайдасы мол деп сенімді айта аламын. Осындай іс-шаралардың қазақстандық мектептерінің көркейуіне алып келері мол.