Карашина А.Т ,
Омарбекова А.Ж
№16 ЖББОМ. Қарағанды
қаласы
Қазақстан
Республикасы
Бастауыш сыныптарда
оқытудың жаңаша әдіс –тәсілдерін
қолданудың тиімді жолдары
Бастауыш мектеп
–оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың
алғашқы баспалдағы. Үздіксіз өзгеріп
тұрған заман адамнан сол талабына сай білім алып, жаңаша
әдіс –тәсілдерді меңгеруді талап етеді. Оқу мен тәрбие
үрдісінде баланы жаңаша
әдіспен оқыту үшін
әрбір пәннің иесі-мұғалім сол жаңа технологияларды толық түсініп меңгеруі
тиіс .Жаңаша әдіс –тәсілдерді меңгеру
мұғалімдердің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, өзін-өзі дамытып,
оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі. Жаңа технологияларды
күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әрбір
мұғалім алдында отырған
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,
педагогтық мақсат- мүддесіне сай, өзінің
шеберлігіне орай таңдап алады.Осы жаңа технология түрлерін
пайдалану оқушының шығармашылық, интелектік
қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу
дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Бастауыш сынып мұғалімдері
үшін пәнді оқытуда кездесетін қиындықтарды атап
өтуге болады:
Ø
Әдебиеттік
оқуда оқу ынталарының төмендігі;
Ø
Алған
білімдерін өздігінен одан
әрі толықтыруға ұмтылыстарының аздығы;
Ø
Сөздік
қорларының аздығы;
Ø
Байланыстырып
сөйлеу тілдерінің жеткіліксіздігі;
Ø
Ата-ана
тарапынан қадағалаудың төмендігі;
Аталған
қиындыққа жол бермей , сабақта оқушыларды
жалықтырмай, қызығушылығын , ізденушілігін,
шығармашылығын арттырудың мынадай жолдарын тиімді деп
санадық:
Ø
Оқытудың
жаңа педагогикалық технологияларын қолдану
Ø
Пәнаралық
байланыс
Ø
Ойын
элементтерін пайдалану
Ø
Дидақтикалық
материалдарды қолдану
Ø
Дәстүрлі
емес сабақ түрлерін қолдану
Ø
Интерактивті
тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану
Жаңа
педагогикалық әдіс тәсілдерді меңгерген әрбір мұғалім өз
сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Мұғалім
алған технологияларды біріншіден
оқып, үйреніп, екіншіден меңгеріп, үшіншіден
өз тәжірибесінде қолданып, төртіншіден дамытып,
нәтижесін тексереді.
Өз тәжірибемізде осындай сатыдан өткен технологияларға тоқталып
өтсек.
СТО бағдарламасы «Топтастыру»,
«Кубизм», «Бес жолды өлең», «РАФТ», «Венн диаграммасы»,
«Түртіп алу» стратегиялары СТО бағдарламасының тиімділігі:
1 . Оқушы ой-пікірін
ашық еркін айта алады. 2. Сабақ –білім естерінде сақталады,
3. Оқушылар өз
білімдерін талдайды.
4. Бірлестік қызмет ,
көзққарасын талдау мен дәлеледеу түрінде
қорғау . Мысал ретінде РАФТ статегиясына
тоқталсақ. Қазақ тілі сабағында «Хат жазып үйренеміз» туралы өтілген
сабақта осы сратегияны былай толықтырды
Р-(рөл)-дәрігер
А-(аудитория) - халық
Ф-(форма)-хат Т-
(тақырып) –судың тазалығы
Ақпараттық технологияны
қолданудың тиімділігі: Қазіргі
заман ағымына сай
сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдануда
тиімді нәтиже беруде. Жаңа ақпараттық
технологияның негізгі ерекшелігі,
бұл –оқушыға өз бетімен немесе бірлескен түрде
шығармашылық жұмыспен шұғылдануға ,
іздегнуге, өз
жұмысының нәтижесін
көруіне мүмкіндік береді.Қызығушылығы
артады, дидактикалық, шығармашылық материалдарды
қолдану тиімсділігі артады, уақытты тиімді пайдалануға
мүмкіншілік туады.
Қорыта
айтқанда осындай
оқытудың жаңаша әдіс –тәсілдерін
пайдаланудың тиімділігі :
оқушының қызығушылығы артады,,
тақырыпты қаншалықты
меңгерген-меңгермегендігі байқалады, ойлау қабілеті
шыңдалады, шығармашылық
қабілеттері дамиды, ізденушілікке үйренеді, сыни
тұрғыда ойлайды, өзі бағдарлап, бағалай алады.
Осындай жұмыс түрлерін жүргізу арқылы оқушының оқуға деген
ықыласының, , пәнге қызығушылығының
болмауының алдын алып, білім
нәтижесін көруге болады.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Бастауыш
мектеп журналы . 2007 жыл
2. С.Ахметов
«Бастуыш сыныптарда білім
берудің тиімділігін арттыру
жолдары» .Алматы .2005жыл
3. Бастауыш
мектепте оқыту журналы . 2010 жыл
4.Әдістемелік құралдар
(бастауыш пәндері бойынша) Алматы баспасы.