Педагогика / 5. Современные методы
преподавания
Тарих пәнінің мұғалімі Г. И.
Ходжаева
№ 49 мектеп - гимназиясы, Тараз қаласы,
Қазақстан
Тарих пәнін оқытудағы тиімді әдіс –
тәсілдердің қолданылуы туралы
Бүгінгі
тарихты оқытудағы басты мақсат - дүниежүзілік
дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған
бүкіл әлемдік құндылықтарды білетін, оларды
Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан -
жақты жетілген, өзінің тарихи тамырларын,
қоғамдағы орнын түсінетін белсенді азаматтарды
қалыптастыру. Осындай
міндеттерді жүзеге асыруда тарихшы мұғалімдердің
атқаратын орны ерекше.
Тарих пәнін оқыту,
ұрпақтар бойына дарыту көп ізденістерді, сан түрлі
әдістемелік тәсілдерді қажет етеді. Ізденетін
мұғалімдерге ғасырлар қойнауында тұнып
жатқан бай шежірелер баршылық. Оны талмай ізденудің, жан -
жақты талдаудың нәтижесінде күнделікті баспасөз
құралдарынан табуға болады. Қазақ атамыз
«Мың естігеннен бір көрген артық»дейді, бұл оқушы
есінде ұзақ сақталар еді. Жиырма бірінші ғасыр
мұғалімі, оның ішіндегі Тәуелсіз
Қазақстанның тарих пәні мұғалімі жан
жақты, білімді, өз ісін өте жақсы білетін
ұлттық идеологиямен сусындаған азаматтар болуға тиісті.
Ендеше бұл көп ізденісті, талмай еңбектенуді қажет
етеді.
Тарих – мектептегі
оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық
гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың
негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік
сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды
қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық
негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен
өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ
логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік
береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы
картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен
құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты
ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады. Тарихи білім
берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай:
- оқушылардың
адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге
дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;
- бүкіл
адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи
тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;
-
оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын
қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани,
адамгершілік тәжірибесін меңгерту;
- оқушыларды
өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті
мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын
сақтауға тәрбиелеу;
-
оқушылардың бойында патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;
- эстетикалық,
экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы
қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.
Осы міндеттер мен
мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың
жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің
тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын
жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын
арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау,
тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша
элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге
дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше
оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай
жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен
инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу
және т.б.
Бүгінгі
таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде.
Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы
тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып
келемін. Осы мақсатта оқушылардың танымдық қызығушылығын,
белсенділігін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып
жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн
көрдім. Жоғарғы сыныптарда сын тұрғысынан дамыту,
ұжымдық оқыту, пікірталас, семинар, сынақ, жарыс,
өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқыту т.б. тәсілдерді
қолданамын. Сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме
құрастыру, тірек сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер,
хронологиялық таблицалар құрастыру, тірек-конспектілер, Венн
диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады.
Тағы бір ерекшелік, күнделікті сабақпен салыстырғанда
қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше
ойланып жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарихи
оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдайды,
салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді. Мысалы:
1. Қазақ жүздеріне
сипаттама бер.
|
Жүздер |
Территориясы |
Ұраны |
Жүздерге енетін тайпалар |
|
Ұлы жүз |
|
|
|
|
Орта жүз |
|
|
|
|
Кіші жүз |
|
|
|
2. Алтын Орда мемлекетіне мінездеме
бер.
1.
Территориясы______________________________
2. Қоғамдық
құрылысы ________________________
3. Ішкі саясаты
_______________________________
4. Сыртқы саясаты
____________________________
5. Құлау себебі
_______________________________
6. Қорытынды
_______________________________
3. Венн диаграммасын толтыру:
1783-1797
ж. ж. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің ерекшеліктері
Көтерілістердің
ортақ белгілері
1837-1838 ж. ж. Ішкі
Ордадағы шаруалар көтерілісінің ерекшеліктері
4. «Портреттер сөйлейді»
(көрсетілген фотосуреттегі
адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу)
Қабанбай
батыр
Бөгенбай батыр
5. «Бұл кімнің сөзі?»
(мәнерлеп оқып, карточкада
берілген жырдың кімнің сөзі екенін анықтау).
Бастыны
еңкейтті,
Тізеліні
бүктірді,
Бек ұлдары
құл болды,
Пәк
қыздары күң болды.
6. Мына тарихи
Ұлы тұлғалардың құрған мемлекеттерін
ретімен орналастыр?
1. Батый Ұлы
моғолдар
2. Мамун Алтын
Орда
3. Керей мен Жәнібек Мамлюктер
4. Бабыр Қазақ
хандығы
Ал, ойын элементтері
кез келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті
нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген
тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен
орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын
туғызатын ойындардың бірі - танымдық, тарихи ойындар. Ойын
элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру
мақсатында әртүрлі әдіс - тәсілдерді
қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын
жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды
қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты
көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.
Сабақтарда танымдық ойындарды жаңа тақырыпты
түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, қорытындылау
сабақтарында да пайдалануға болады. Ойындар оқушылардың
ой - өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар,
үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік
меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың
шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар,
сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды.
Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып
қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын
да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз
байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
«Кубик ойыны».
Кубикті
лақтыру арқылы тақтадағы жасырын тұрған
даталарға жауап береді.
1. Б. з. б. 55 жыл.
2. Б. з. б. 519-518
ж.
3. 1889 жыл.
4. 451 жыл.
5. 552-603 жыл.
6. Б. з. б. 570-520
жыл.
«Ой саптау ойыны».
Келтірілген
мәтін жұмбақталуы. Мәтіннің мәнін аша білу
керек.
1. «Егер сендер, ...
құс тәрізді аспанға ұшып кетпесеңдер немесе
тышқан секілді жер астына түсіп кетпесеңдер,
көлбақа құсап суға түсіп
жоғалмасаңдар, біздің жебеміздің астында
қаласыңдар».
2. «Алдымен ... ...
өзінен алыста ұстамақ болып, Юечжі еліне аманатқа
береді. Аманат деген сөз ертеде кепілдікті білдіреді, яғни екі
елдің арасында бейбітшіліктің кепілі деген мағынада.
Бірақ кейіннен ... осы уәдені бұзып, Юечжі еліне шабул
жасайды. Кепілдікте жүрген ... өзінің жанқиярлығы
арқасында аман қалады».
3 «....әулеті
күшейген кезінде .... ..... қағанына елшілік жіберіп,
ханшайымын қалыңдыққа беруді өтінді.
Бұған .... қағаны былайша жауап береді: «Сен-темір
балқытушы құл. Қалай мұндай өтнішке
аузың барды?».
«Ойлан тап!» ойыны.
|
Қашан? |
Қайда? |
Қандай оқиға болды? |
|
542 ж. |
Қытай
деректерінде |
|
|
|
Сақ жеріне |
Кир бастаған парсы әскерлері басып кіреді. |
|
453 ж. |
|
Ғұн билеушісі Еділ қайтыс болды |
|
Б. з. б. ІV ғ. 30 ж. |
Сақ-скиф
жерінде |
|
|
|
Енисей
аңғары |
Д. Миссершмидт пен Ф. Страленберг тұңғыш рет көне
түркі жазу-ескерткішін тапты. |
|
300 ж. |
Ғұн,
Қытай елдері |
|
Міне, осы
тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын арттыру
мақсатында түрлендіре отырып қолданамын. Бұл
жұмыстар оқушылармен тығыз байланыста болуға,
оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға,
оқушының танымдық іс-әрекеттерін
қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып,
дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін
қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың
алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін
дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта
оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның
пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын.
Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баули отырып,
шығармашылық қабілеттерін шыңдаймын. Бірақ
шамадан тыс тапсырмалар беруден сақтану керек, ең басты
оқиғалар мен фактілерді ғана білуі керектігін ескеріп,
нақты тапсырмалар берген жөн.
Мұғалімнің
ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ізденімпаз ғалым,
тынымсыз еңбекқор, кез-келген ортаның ұйтқысы,
оқушылары алдында беделді, ұжым мүшелері мен ата-аналар
арасында сыйлы болуы керектігін ескере отырып, Отаны мен халқы
алдындағы жауапкершілігін сезіне алатын жас ұрпақтың
азаматтық ұстанымын қалыптастыруға өз
үлесімізді қоса білейік.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Ә. Байбатша.
«Қазақ даласының ежелгі тарихы». Алматы, «Санат» 2001 ж.
2. «Қазақстан тарихы»
әдістемелік журнал
3. В. Ф. Шаталов «Тірек-сызбалары»,
Алматы, 1989 ж.
4. Педагогикалық ізденіс. Алматы,
Рауан, 1983 ж.