Педагогические науки/5.Современные
методы преподавания
п.ғ.к. Сәдуақас
Г.Т.
Абай
атындағы ҚазҰПУ, Қазақстан
СТУДЕНТТЕРДІҢ СӨЗ
МӘДЕНИЕТІН ЖЕТІЛДІРУДЕ БЕРІЛЕТІН ЖАТТЫҒУЛАР ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жаттығу – белгілі бір
пәннен дағды
қалыптастыратын, оны жетілдіретін,
ойлау операцияларын
қалыптастыратын жұмыс. Студенттердің сауаттылығы
да жаттығу арқылы қалыптасады. Сондықтан жаттығу
қалай болса солай емес, жүйемен, белгілі бір
заңдылықпен берілуі тиіс. Өйткені «без стройной системы
упражнений эффективное обучение языку невозможно» деп оның маңызын
ғалымдар да атап көрсетеді /1/. Бұл жөнінде ХІХ
ғасырдың 70-жылдарында-ақ К.Д.Ушинский: «Упражнение дара
слова... должны идти систематически. Всякое новое упражнение должно находиться
в связи с предыдущим, опираться на них» деген еді. /2/. Демек,
жаттығулардың негізінде жүйелілік ұстанымы
қатаң сақталынуы тиіс. Сонымен қатар орындауға
қолайлылық және бірізділік ұстанымдарының да
маңызы зор. Қолайлылық ұстанымы бойынша жаттығу
оңайдан қиынға, белгіліден белгісізге қарай берілуі
тиіс. Ал бірізділік ұстанымы бойынша жаттығу логикалық
жағынан жалғасып жатуы тиіс. Яғни берілетін жаттығу өткен жаттығумен байланыста
болып, бұрынғы қалыптасқан білім, білік әрі
қарай жалғасып, дамып жатуы
тиіс. Демек, байланыстырып сөйлеуге, жазуға мүмкіндік болып
отырады.
Оқу материалын игеру үрдісінде студент әр түрлі
ойлау операцияларын ( анализ, синтез) орындайды. Студенттердің ойлау
әрекетінің сипатына қарай жаттығулар: аналитикалық,
аналитика-синтетикалық және синтетикалық болып бөлінеді.
Аналитикалық
жаттығулар. Аналитикалық жаттығулар негізінен синтаксистік,
пунктуациялық нормаларға қатысты жиі орындалады.
Жаттығуды орындау барысында студент сөйлемді бөліктерге
бөледі, тыныс белгілерін қояды, сөз тіркестерін бөліп
алып, олардың бір-бірімен синтаксистік байланысқа түсіп
тұрғандығына, араларындағы синтаксистік
қатынастың түрлеріне, тіркестің түрлеріне,
құрамындағы сөздердің бір-бірімен мағыналық
байланысына анализ жасайды. Яғни студент синтаксистен өткен білімін
сөз мәдениеті ғылымымен байланыстырады, пәндерді
интеграциялау арқылы тілдік
құбылысқа толық талдау жасайды.
Аналитика-синтетикалық
жаттығулар. Жаттығудың бұл түрінде ойлау
әрекетінің анализ, синтез
түрі қатарынан орындалады. Сондықтан да жаттығу
аналитика-синтетикалық деп аталады. Студент берілген сөйлемді
алдымен талдайды, сөз тіркестерін бөліп алып, олардың
синтаксистік нормаға сай тіркесіп тұрғандығына
көңіл бөледі, ол үшін құрамындағы
әр сөздің мағынасын саралайды(бұл анализ жасау),
одан кейін барып олардың қандай ережеге бағынатындығын
(тіркесу формасы, тәсілі жағынан) айқындап, ережені тіркеспен
баланыстырады (синтез) т.т. Демек, студент бұл жерде екі түрлі
ойлау операциясын орындайды.Бірі-анализ, екіншісі -синтез.
Синтетикалық жаттығу. Жаттығудың
бұл түрінде студент ұқсас
құбылыстарға қатысты ережені пайдаланады.
Жаттығудың бұл түрі тілдік норманың қай
түріне болмасын,
әсіресе
орфографиялық нормаға қатысты тиімді. Мысалы, берілген
сөздердің бірге жазылатындарын бір бөлек, бөлек
жазылатындарын бір бөлек таратып жазу т.т. мысалдар беруге болады.
Сонымен қатар
пунктуациялық нормаға да қатысты беруге болады. Сызбалар
жасатуға болады.
Жаттығулардың орындалу
тәсіліне қарай жіктелуі. Студенттердің оқу материалын
игерудің әр түрлі психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктеріне қарай жаттығудың барлық түрлері
кезеңге бөлініп беріледі. Ең алдымен орфоэпиялық норманың
дұрыс қалыптасуына мән беріледі. Соған орай
студенттердің ауызша сөз мәдениетін қалыптастыратын
жаттығулар көбірек беріледі. Ауызша жаттығулардың да
бірнеше түрі ұсынылады. Мысалы, сұраққа жауап
беру, орфограмма, пунктограммаларды түсіндіру (мәтінде кездесетін),
сөзді құрамына қарай талдау, сөйлемнің
айтылу интонациясына, паралингвистикалық факторларға мән
беріледі. Студент мәтінге, өлеңге ауызша талдау жасап
қалыптасқаннан кейін,
екінші кезеңде жазбаша тапсырмалар беріледі. Ондай
жаттығуларға: диктанттың түрлері, сөйлемнің
тыныс белгілерін қою, мәтінге өзгерістер енгізіп
сөйлемдерді қайта құру, ондағы өзгерістерге
(сөйлем мүшелерінің орны ауысқан жағдайда)
түсінік беру, туынды сөздерге графикалық
талдау,сөздерді әр түрлі сөздермен тіркестіру арқылы оның
түрлеріне, тіркесу тәсіліне, формасына студенттің назарын аудару, мазмұндама, шығарма
жаздыру т.т. ұсынылады.
Жаттығулардың орындалу
бірізділігіне қарай жіктелуі. Дидактикада ең маңызды
ұстанымның бірі — оқу материалын игертудегі бірізділік екені
белгілі. Мысалы, алдымен ереже, қағидалар, одан кейін оның
мысалдармен бекітілуі, содан кейін барып шығармашылық
тапсырмалардың берілуі білім, біліктің бірізді қалыптасуын
қамтамасыз ететіні аян. Осыған орай алдымен репродуктивтік
сипаттағы жаттығулар беріледі, одан кейін ізденушілік,
шығармашылық жаттығулар орындалады. Осыған орай
жаттығулардың мынадай түрлері ұсынылды.
1.Білімді алғашқы
бекіту (репродуктивтік) сипатындағы жаттығулар. Ондай тапсырмалар
мынадай болуы мүмкін:
- көп нүктенің
орнына әр түрлі қосымшалар қойып, туынды
сөздің мағынасына назар аудару. Яғни
сөзжасамдық және морфологиялық нормаға
көңіл аудару;
- синоним сөздерді
қатыстырып, сөйлем құрау, мағыналық
ерекшеліктеріне көңіл аудару;
- берілген сөздердің
омонимдерін тауып, сөйлемдер құрау;
- сөздердің
тіркестерін тауып, оларды түрлеріне қарай ажырату;
-берілген сөйлемдердегі
синтаксистік нормадан ауытқуларды табу;
- сөйлемді дұрыс
құрау т.т.
Берілген сызбалар бойынша
сөз мәдениеті пәнінің нысанын, негізгі аспектілерін
айқындап сөз ету;
2. Іздену сипатындағы
жаттығулар. Олар мынадай болуы мүмкін:
- игерген материалдары бойынша
білімі мен білігін жүйелеу, қорытындылау;
- ереже, қағидаларды
салыстыра қолдану сипатындағы жаттығулар;
- таңдау сипатындағы
жаттығулар, яғни студент игерген ережелерді басқа жағдайда да қолдануы;
- сөзді, сөз тіркесін,
сөйлемді модельдеу сипатындағы жаттығулар;
-
сөйлемді қайта құру,
құрылымдық өзгерістер жасау т.т.
Қандай жаттығу
орындауда болмасын, (сөз мәдениетіне қатысты) таңдау
нұсқасы, варианттары болуы
қажет, яғни «там, где нет возможности выбора нет и проблемы
нормы»/3/. Яғни студентте «дұрыс-дұрыс емес» деген
таңдау болғанда ғана норма, сөз мәдениеті туралы
айта аламыз.Осыған орай мынадай жаттығуларды орындатуға
болады.
1.Екі нұсқаның
біреуін таңдау.бір нұсқаны таңдау арқылы
студентте «тілдік сезім» қалыптасады. Студенттің сөз
мағынасын қаншалықты білетіндігін тексеру. Жаттығуларды
тест түрінде де беруге болады.
Әдебиеттер:
1. Демидова Н.И. Орфография и
пунктуация: Теория и практические
учебные пособии., 2001.
2. Ушинский К.Д. Педогогические
сочинения. Том 4, 1989.
3. Филин Ф.П. «Несколько слов о
языковой норме и культуре речи», журнал: Вопросы культуры речи., вып. 7., 1966.
Резюме
В
статье рассматриваются вопросы развития
культуры речи студентов посредством
упражнений.