Қазақ, татар дүнетанымның ұлттық сипаты

 

Исаханова Қорлан,

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың

2-курс магистранты

 

Резюме

     В данной статье  автор рассматривает казахского, татарского языка национальная историческая  культура особенностей в национальном характере.

 

Summary
     In this article an author examines the Kazakh, Tatar language national historical culture of features in national character.

                                                                     

Рухани мәдениет – адамдардың өмір сүру, тіршілік ету барысында сол ұлттың тұрмыс-салты, дәстүрімен астарлас ұғылатын танымы, білімі, заңы, этикасы сөз түйіні болып табылатын тұрақты сөз тіркестерінен, бейнелі фразеологизмдерінен айқын сезіледі. Түркілік дүние бейнесінің тілдегі көрінісі, ондағы ұлттық нақыштар осы кезге дейін салыстырыла зерттелген емес. Тілді ұлттың тарихымен, мәдениетімен, рухани қазынасымен, дүниетанымымен тығыз қарым-қатынаста, бірлікте алып қарастырылған жағдайда ғана ұлттық тілдің табиғатын шынайы танып білуге жол ашылады.

Ұлт мәдениетінің қай түрінде болмасын, онда сол ұлттың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс-тіршілік суреті сақталады. Белгілі бір ұлттың тарихынан, мәдениетінен, таным болмысынан, тұрмыс тіршілігінен хабардар ететін тілдік бірліктердің ішінде фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер мазмұндық құрылым тұрғысынан ерекшеленеді. Олар белгілі бір ұлттың өзге ұлттардан менталдық айырмашылығын көрсетеді, салт-дәстүр ерекшеліктерін білдіреді. Сондықтан тіл-тілдегі айрықша бейнелі тұрақты орамдар − ұлт өмірінің айнасы болып саналады.

Ұлттық рухани құндылықтардың мән-мағынасы көне түркілік дүние-танымнан бастау алады және олардың арасында терең рухани сабақтастық пен жалғастық  бар. Дәстүрлі қазақ мәдениеті де өзге түркілердің ішінде татармен тарихи-мәдени тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да түркілік ортақ мәдениетті мұраланды, әрі қарай да дамығаны қарастырылды. Жалпы түркі халықтарының менталдық ерекшеліктерінен ақпарат беретін тілдік бірліктер де сол түркілік мәдениеттің бір бөлшегі ретінде, әр халықтың өзіне ғана тән тұрмыс тіршілігінен хабар бере алады. Әсіресе халықтың сан ғасырлардан бергі тарихы тұрақты сөз оралымдарында − фразеологизмдері мен мақал-мәтелдерінде сақталып қалған. Өйткені олар халықтың бастан кешкен күрделі оқиғаларын, жүріп өткен жолын, өмір сүру салтын, дәстүрін, шаруашылығын, кәсібін т.с.с. бейнелейтін, солардың негізінде қалыптасқан тіл бірліктері.

Құрамында антропонимдер кездесетін фразеологизмдер халық жадынан мықтап орын алған жеке тұлғаларға қатысты қалыптасқан тұрақты сөз тіркестері болғандықтан олар да халық тарихынан сыр шертеді және ұлттық сипатта болып келеді.Осы тұрғыдан қазақ, татар тілдерінде кездесетін оралымдарға тоқталсақ.

Мысалы, татар тілінде Ғали, Вәли есімдері жақсы сақталған. Шамасы, аталған тұлғалар татар халқында өздерінің жауапсыз, тұрақсыз, сенімсіз сипатымен есте сақталса керек. Сондықтан да татарлар осы ұғымдырды жеткізуде Гали, Вәли есімдерін жиі қолданады. Мысалы, Вәли да хатынлы булган, эт тә койрыклы болган «бір кездерде бізде де бәрі болған», Гали Вәлигә, Вәли Гәлигә аудара «бірі-біріне сілтеу», Гәли кылычы кебек «өтпес пышақ», Гәли батыр дөлдөлә «өлімсі ат» т.б. Ал Мөгәйдине көргәннән ишеткен яхшырак фразеологизмі қазақ тіліндегі молданың айтқанын істе, істегенін істеме фразеологизміне сәйкес келеді. Демек, татар халқының тарихында Мөгәйдин есімі сөзі мен ісі бөлек адамның келбеті ретінде есте қалғанға ұқсайды. Сол секілді, Хөсрәт Хасан «Асанқайғыға салыну», авызына Хазыр төкергән «ақылды, шешен» Абдулла биясе мыш «тез ұйықтайтын адам», Сәлмән/ Әмәк белән Шәмәк/ «өте ұқсас» деген мағынада қолданылатын оралымдарда да тарихта қалған тұлғалардың күлкілі мінез-қылықтары жатыр. Мұның өзі татар халқының аса бір көңілді, әзіл-қалжыңға бай халық екенін танытса керек.

Зерттеушілер тілдік қарым-қатынастың жандана түсуіне қоғамдағы түрлі әлеуметтік, мәдени, экономикалық өзгерістер ерекше әсерін тигізетінін айтады. Сөйтіп, тарихтағы қоғамға өзгеріс әкелетін өтпелі кезеңдер тілдің фразеологиялық қорының қалыптасуында өз ізін ерекше қалдырады.

Мысалы, татар және башқұрт халқының бастан кешкен тарихи оқиғаларға қатысқан Мамай заманында фразеологизмінде атақты Мамай хан есімі сақталған. 1380 жылы 8 қыркүйекте Мамай хан бастаған ор далықтар Куликова даласындағы әйгілі шайқаста жеңіліс тапқан болатын. Соған қарай туындаған фразеологимдерде бар.Сол секілді кырым сиреүләй, дарыны коро тотоу «дайын тұру, қаруын сайлап тұру» секілді оралымдыр да тарихтағы осы бір жаугершілік, соғыс кезеңдерінің тілдегі көрінісі.

Татар тілінде қолданылатын Әндрәй казынасы, Әндерей әбете секілді тұрақты тіркестер тарихта болған тұлғалардан хабар береді. З.Г.Ураксин татар,башқұрт  тілдерінде кездесетін осы бір тіркестің шығуын тарихта болған жеке тұлғамен байланыстырады: «Татарско-башкирский Әндери пройсходит от имени Уфимского воевода начала 18 века в Андрей Жихарев отличавщиеся особым усердием по облажению башкир новымыи подаяниями» деп келтіреді [1, 248]. Түркі тілдерінің орыс тілімен тікелей жанасуының, тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде орыс тіліндегі жекелеген сөздер түркі фразеологиясы құрмына енгені анық.

Көптеген қарғыс сөздерде түркі халқының ішінде қазақ, татар халқының тарихта бастан кешкен ауырт пашылықтары, жан қиналыстары, үрей-қорқынышы, кең тараған ауру зардаптарының ізі жатыр. Халық қатты ренжіген адамына осы ауыртпашылықтарды тілейді, сол арқылы басқа адамдарды жамандық жасамауға, ешкімге қиянат көрсетпеуге шақырады.Сол секілді қазақ тілінде қолданылатын ала тайдай бүлдіру фразеологизмінің қазақ халқының басынан кешкен тарихи оқиға негізінде қалып-тасқандығы жайлы деректер бар. Әр халықтың фразеологизмдері сол халықтың басынан өткен тарихи оқиғалардың көрінісін бойына сақтаған нағыз дереккөзі деуге болады. Мысалы тіліміздегі құлақ салу фразеологизмі барлық қыпшақ тілдерінде де, басқа түркі тілдерінде де кездеседі [2,157]. Аталған фразеологизмнің терең этимологиясы тіркестің бойында халықтың көшпелі өмір сүрген кезеңінен хабар беретін тілдік дерек екенін көрсетеді. Ертеде түркі халқы көшпелі кезеңде өмір сүрген кезеңдерде жау келе жатқанын білу мақсатында жерге құлағын салып, ат тұяғының дүбірін тыңдаған болса керек, міне, осы бір тарихи оқиғаның ізі құлақ салу тіркесінің қалыптасуына негіз болған дейді ғалымдар. Дәл сол секілді кеңістік дәуірдің көріністері де фразелогизмдердің бойынан табылады. Айталық, татар тіліндегі ак билетке калыу «әскерден қалу», аяк тотоу «байдан қарызға бидай алу», илле алла кырык мулламен «әрең», осы кеңестік өмір деректерінің тілдегі көрінісі екені даусыз.

Қазақ, татар халықтарының тұрмыс-тіршілігінің өзіндік болмысын фразеологизмдерден аңғаруға болады. Ағаштан түрлі тұрмысқа қажетті дүниелерді қолдан жасау кәсібі татар халқында ертерек дамығанын білеміз. Себебі, татар халқы орналасқан аймақтың өзі орманды болып келеді. Сол себепті де бұл халықтың фразеологизмдерінде ағаш, тақтай атаулары жиі қолданылса керек. Мәселен, татар тілінде ике такта арасында калыу «екі оттың ортасында қалу»; бер тактадан гына йөру «бір сызықпен жүру»; бер тактасы кем «жетіспейді» т.б.

Қазақ фразеологизмдерінде көп кездесе бермейтін теңіз, кеме сөздері татар тілінде көптеген фразеологизмдердің құрамында кездеседі. Мұны Еділ бойы түркілерінің өзенді өлкені мекендеуімен түсіндіруге болады.

Мысалы: татар тілінде төпсөз көймәгә утыртыу; т.б. дағы негізгі қажеттілік. Осыған байланысты малға жем-шөп дайындауда, жер жыртып, егін егуде қолданылатын саймандар, құралдар түгелімен халық тіліндегі образды тіркестерден көрініс тапқан. Мәселен, татар тілінде доға, тәрте, атауының қатысуымен жасалған фразеологизмдер көптеп кездеседі: қазақ, татар тілінде: дуга белән печен чабу «келіссіз іс жасау»;қазақ, татар тілінде: тәртәсе тез сына «сөз көтере алмайтын адам». Сол сияқты тегермәне желсез көнне де әйләнә «жағдайы өте жақсы», жилсез тегермән «көп сөйлейтін адам», сука башы тоторлок «есею», тегермен тарттыру «көп сөйлеу», тел белән тегермән тарту «істің емес сөздің адамы»; теленең тупсасы юк «тіліне тоқтау жоқ» «көп сөйлейтін адам», тәгрмәчкә таяк тыгу «аяқтан шалу» т.б. соқа, диірмен фразеологизмдер татар халқының өмірінде егін шаруашылығының маңызды екенін көрсетеді.

Сондықтан қыпшақ тобы тілдерінің ішіндегі қазақ тілінде жеміс, көкөніс түрлерінен жасалған фразеологизмдер жоқтың қасында болғанымен, татар тілінде аздаған көкөніс атауларымен бірге үй құстарының атаулары, олардан жасалатын тағам түрлері, жармалардан дайындалатын тамақ түрлері (боламык, коймак), көкөніс атаулары, (шалкан, керән) фразеологизмдер құрамында жиі орын алатыны аңғарылады. Мысалы, татар тілінде: тәлеинке ялаучы «жағымпаздану»; керән (хрен) тормадан татлы болмас, тултырган тауык кеүек (ішіне жеміс салып пісіретін тауықтан жасалатын тағам) «толық, семіз» секілді фразеологизмдер орыс тілінің ғана емес, орыс халқының өмір салтының, тұрмыс тіршілігінің әсерін байқаймыз. Жалпы біраз фразеологизмдер орыс тілінен калька түрінде енгендігін көреміз [2, 160].

Аталған тілдеріндегі кейбір фразеологизмдер халықтың өзі айналысатын таза тұрмыс тіршілігінің нәтижесінде пайда болғанын көреміз. Мұндай фразеологизмдердің бойында керемет үлкен тарихи мән-мағына болмауы да мүмкін. Тек халық арасында орын алған нақты бір оқиға ұмытылып кетеді де соған қатысты тіркестер халық тілінде тұрақталып, образдылық реңк алуы мүмкін. Ондай тіркестердің қатарына татар тіліндегі тавык кетәгенә кертү «алдап кету» немесе табан бешкән мәче төсле, кодагый ашы белән конак сыйлау «біреуді пайдалану» секілді фразеологизмдерді жатқызуға болады. Жалпы фразеологизмдердің барлығы да о баста жай тіркестерге негізделгендігі белгілі.

         Қазақ, татар халықтардың тілдегі танымдық ерекшеліктерін осылайша әр қырынан зерттеу арқылы әр ұлттың өзіне ғана тән ерекше болмыс бітімін, қасиеттерін, басқа халықтардан негізгі ұлттық айырмашылықтарын, ерекше ойлау жүйесін, яғни менталитетін ажыратуға болады деп ойлаймыз.

Мұның барлығы да аталған тілдерде өз ізін қалдырды. Соған байланысты жалпы қазақ, татар тілдеріндегі қалыптасқан тілдік бірліктерді, я болмаса одан кейінгі дәуірлерде рухани сабақтастықтың әсерімен пайда болған тілдік бірліктерді салыстыра қарастыру арқылы біз әр халықтың  өзіндік ұлттық ерекшеліктерін айқындайтын, оның түркілік ортақ діңгегіне апарар жолды анықтауға мүмкіндік аламыз деп ойлаймыз. Жалпы дүниетанымдық ортақтығына жетелейтін сөз маржандарының қыр-сыры бұл айтылғандармен бітпейді. Болашақта жақын туыс түркі халықтарының сан ғасырлық қалыптасқан сөз маржандары салыстырылып, бір жүйеге негізделеді деп ой түйіндеп. Бұл мәселе болашақтың еңшісінде сөз болмақ  деп ойлаймыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ураксин З.Г. Фразеология башкирского языка. – Уфа, 1975.

2. Түркологиялық зерттеулер. Ғылыми жинақ. – 155-158 б.