Терминлексемдерді іріктеу принциптері
Ахметова Э.Т.,Ажибаева М.А. АЭжБУ, аға
оқытушылар
Бұл
мақалада сөздіктердің сөзтізбесін
құрудағы терминлексемдерді іріктеу принциптері туралы
мәліметтер берілген.
В
данной статье приведены принципы отбора
терминолексем при составления словника словарей.
Егемен еліміздің
мемлекеттік тілі ретіндегі қазақ тілінің ғылыми
негіздерін нығайту, оны орта, арнаулы және жоғары оқу
орындарында оқыту ісінде аса күрделі, кезек күттірмей шешуді
талап етіп отырған көптеген мәселелер бар. Солардың
бірі – тілдік жүйені, оның грамматикалық құрылысы
мен лексикалық құрамын, семантикалық
құрылымын меңгеру үшін аса қажетті оқу
құралдарының бірі ретіндегі оқу сөздіктерін
түзу. Демек қазіргі таңдағы ең өзекті де
күрделі міндеттердің бірі – белгілі бір оқу кезеңіне,
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, оқыту
мақсатына бағдарланған
оқу сөздіктерін түзу болып табылады.
Оқу сөздіктерінде
сөзтізбені құрайтын атау сөздерді іріктеу
лингвистикалық және лингводидактикалық ұстанымдарды
ескеру негізінде жүзеге асырылады. Атап айтқанда, бірінші кезекте коммуникативтік
құндылық ұстанымы ескеріледі. Мұнда басты
назарда ұғым не түсініктің тілдік
жағдаяттардағы қолданылу мүмкіндігі болады. Бұл
ұстаным бойыша жалпы сөйлесу үшін және белгілі бір
тақырып аясында әңгіме өрбітуге қажетті
сөздер сұрыпталып алынады. Сөздердің тіркесім
қабілеті сараланады. Мұнда өзара байланысу, тіркесу
қабілеті жоғары сөздер іріктеліп алынады. Бұл
оқушылардың сөздерді өзара байланыстырып, сөйлем
құрап, ойын жеткізе білу дағдысын қалыптастыруға
көмектеседі. Екінші кезекте көпмағыналылық
ұстанымы ескеріледі. Сөз мағынасы көбейген сайын
оның қолданылу мүмкіндігі де жиілейді, ол дерексізденіп,
басқа мағыналарды қамту, ішіне алу мүмкіндігіне ие бола
береді. Сондықтан көпмағыналы сөздерді үйрену
арқылы оқушы сөздің қай контексте қандай
мағына алып тұрғанын айыра білетін болады. Сөзжасамдық
ұстаным негізінде сөзжасамдық мүмкіндігі мол
сөздер, басқа, туынды сөздерге негіз болуға
қабілеті мол түбір сөздер іріктеліп алынады.
Сөздің жаңа сөз тудыру мүмкіндігі көп
болған сайын оның сөздікте берілу ықтималдығы да
арта түседі. Қолданым жиілігі ұстанымы негізінде тілдегі
лексикалық варианттар арасынан ең жиі қолданылатын атаулар
алынады. Қазақ лексикографиясында оқу сөздігіне
лексикалық бірліктерді сұрыптап алу ұстанымдары туралы
алғашқылардың бірі болып зерттеме жүргізген –
Р.Түсіпқалиева. Р.Түсіпқалиева өзінің
еңбегінде қазақ тiлiн үйренушiлерге қажет сөздердi, грамматикалық материалдарды
сұрыптаудың Қ.Жақсылықова ұсынған
ұстанымдарын келтіреді: 1/ сөздiң қолданылу жиiлiгi,
2/сөздiң жеңiл-қиындығы, 3/ сөздiң
тiлдiң дыбыстық ерекшелiгiн қамтуы, 4/ сөздiң
тақырып қажетiне сәйкестiгi, 5/ сөздiң тiркесу
қабiлетi, 6/ сөздiң синонимдiк қасиетi, 7/
сөздiң сөзжасамдық қабiлетi, 8/ екi тiлге
ортақ сөздердi санатқа кiргiзбеу, 9/ сөздiң
оқушының психофизиологиялық ерекшелiгiне сәйкестiгi.
Тілдік минимумдарға сөздік
бірліктерді сұрыптау мәселесіне З.Күзекова да
тоқталады. Ғалым оқытудың мақсатын, оқыту
кезеңін, оқытуға бөлінген уақыт
ұзақтығын, оқушылар контингентін ескерудің
қажеттілігін жазады. Автор сөздерді сұрыптау
мәселесінде В.Мэкки ұстанған өлшемдерді жөн
көреді: 1/ жиілік, 2/ диапазон,
3/ сөздік қор бола алу сипаты, 5/ қамти алушылығы, 6/
жаттауға ыңғайлылық.
Р.Түсіпқалиеваның
еңбегінде басты сұрыптау ұстанымдары туралы
төмендегідей тұжырымдар келтіріледі:
«1. Сұрыптаудың басты
ұстанымы – статистикалық ұстаным (Ең алдымен тілдік
бірліктің қолданым жиілігі ескеріледі).
2. Сөздің тіркесімдік қабілеті
(тіркесімге көп түсетін сөз – тілүйренім
тұрғысынан маңызды сөз. Сондықтан ортақ
минимумға синтаксистік және лексикалық тіркесімдік әлеуеті
мол сөз алынады).
3. Тілдік
бірліктің сөзжасамдық мүмкіндіктері, яғни
сөз түбірінің тарамдану қабілеті мол сөз. Бір
сөзді білсең, біртекті сөздерді тану қиын емес.
4.
Сөздің семантикалық құндылығы. Бұл
ұстаным бойынша, минимумға көпмағыналы сөздер
алынуы керек. Барлық мағыналары бірдей актив меңгерілуге
жатпайтындықтан, минимумға ол сөздің негізгі, басты
мағынасы алынады. Бұл ұстаным тілдік қатардан
синонимдерді таңдап алуға, антонимдерді тауып алуға, т.т.
жағдай жасайды. Осы ұстаным арқылы интернационалдық
лексиканың минимум сөздігіне сұрыптау жасалады.
5.
Сөздің стилдік бейтараптығы. Бұл ұстаным бойынша,
ұлттық мектепке (жоғарғы, орта) арналған
минимум-сөздікке стильдік тұрғыдан бейтарап әдеби тіл
сөздерін алуға жағдай жасайды.
6.
Жағдаяттық-тақырыптық ұстаным. Бұл
ұстаным қолданым жиілігі төмен болса да, тілде
сөйлеушінің әрқайсысына да қажетті нақты
сөздермен минимумды толықтыруға мүмкіндік береді.
Лексиканы сұрыптаудың жағдаяттық-тақырыптық
ұстанымның қолданылуы минимум сөздікке алынуға
тиісті тақырыптар мен
жағдаяттың нақты көлемі белгіленген жағдайда ғана мүмкін болмақ.
7.
Сөздің методикалық тұрғыдан оқыту
мақсатына сәйкестігі. Бұл ұстаным лексикалық
минимумды үйренілетін тілдің грамматикасымен, сөзжасамымен,
фонетикасымен, орфографиясымен, әдебиетімен, жалпы тілүйренім
процесін ұйымдастырумен үйлестіруге мүмкіндік береді».
Оқу сөздігінің сөзтізбесін түзуде осы
аталған ұстанымдарды басшылыққа алған жөн
болмақ.Сөздік
атаулының, бір жағынан, ғылыми өнім, екінші
жағынан, ақпарат көзі, үшінші жағынан тілді
үйрететін дидактикалық туынды болып саналатыны белгілі.
Сөздік түзудің ғылыми-теориялық және
практикалық негіздерін анықтау төмендегі міндеттерді шешуді
талап етеді:
1. Оқу
лексикографиясының әлемдік тәжірибесін қорыта отырып,
оның жалпытеориялық мәселелерін бағамдау;
2. Отандық оқу
лексикографиясы тәжірибелерін тұжырымдау;
3. Шағын көлемді
оқу сөздіктерінің құрылымына қатысты
ғылыми-теориялық әдебиетті зерделеу;
4. Шағын
сөздіктің сөзтізбесіне алынатын лексикаға қатысты
алғанда тілдік сананың лексикалық базасын
құрайтын бірліктердің, құрылымдық
сөздердің, жалпығылыми базистік сөздіктің
құрамын анықтау;
5. Сөздік бірліктерді
сөзтізбеге сұрыптап алуда басшылыққа алынатын
ұстанымдар құрамын айқындап, олардың қызмет
ету ерекшеліктерін көрсету;
Сөздіктердің дереккөздері
жөніндегі, сөздікке негіз болатын бастапқы материалдарды
жинақтау мен сақтаудың формалары мен
әдіс-тәсілдері
жөніндегі мәселе – сөздік түзу
жұмысындағы келелі мәселелердің бірі.
Сөздік
жасау барысында мынадай ұстанымдар (принциптер) басшылыққа
алынады: cөздіктің атына (бағытына, қолданылу саласына
) сай міндет атқаруы;(түсіндірме, аударма)сөздікте тек
өз саласына қатысты лексика қамтылуы тиіс;бекітілген
терминдердің болуы;арналған ортасы мен деңгейінің
анықталуы (студенттерге, оқушыларға т.б.);сөздік құрамның
алфавиттік ретпен берілуі, сөздердің орналасу принципі; (аударма
сөздіктер үшін алфавиттік принцип ұсынылады).
Жиіліктік
принцип, сөздерді қолданылу жиілігіне қарай топтастыру,
яғни сөздікке алынатын сөздердің қолданым
жиілігі;тілдік материал ұсынуда жүйеліліктің сақталуы;
(жүйелілік принципі түсіндірме сөздіктер үшін)
пайдаланушының сұранысы
есепке алынуы тиіс; ұяшық принципі, сөздік ұяшықтардың
дұрыс берілуі; Бұл принцип сөз тудырушы және
семантикалық терминдерді бір жерге топтастырады.
Осы аталған ұстанымдар негізге алынған
жағдайда сөздіктің сапасы жақсарып, мән маңызы
артады деген сенімдеміз.
«Терминлексемдерді
іріктеу ұстанымдары» атты тақырып бойынша баяндама жазу барысында
тақырыпқа қатысты әлемдік лексикография мен
қазақ лексикографиясы саласында жазылған ғылыми
еңбектердегі тұжырымдарға, оқу сөздігін
түзу тәжірибесі мен ғылыми негіздері қарастырылатын
зерттеу еңбектерге шолу жасалып, зерделенді;
сөздік түзудің ғылыми
теориялық және практикалық негіздері анықталды;
сөздік бірліктерді сөзтізбеге сұрыптап
алуда басшылыққа алынатын ұстанымдар (принциптер)
айқындалды;
Тіл білімі
маманы, профессор Б.Қалиев былай деп жазады: “Лексикография (грек.
lexikos – сөз туралы, сөзге қатысты, grapho - жазамын) –
қолданбалы тіл білімінің өз алдына бөлек, жетекші
саласы. Ол сөздік жасаудың теориясы мен тәжірибесімен
айналысады, олардың ғылыми ұстанымдарын (принциптерін)
жасайды. Лексикография ұлт тілінің лексикалық байлығын
жинастыру, оларды ретке келтіріп, жүйеге түсіру ісімен
шұғылданатындықтан, ол жалпыхалықтық тілді
байытады, әдеби тілдің нормасын қалыптастырады, тіл
мәдениетін арттырады”.
Сөздік
жасаушылар сөздіктің атына (бағытына) сай міндеттерін
атқаруын; cөздік мақалалардың түсінікті
түзілуін; тек өз саласына қатысты лексиканы қамтуын;
терминдерді Мемтерминкомның бекітуін; арналған ортасы мен
деңгейінің анықталуын (үлкендерге, балаларға,
студенттерге); пайдаланушының сұранысын есепке алынуын;
сөздік құрамның алфавиттік ретпен берілуін; тілдік
материал ұсынуда жүйеліліктің сақталуын;
пайдаланушының білімін жетілдіру мақсатында қолжетімді
болуын; танымдық ақпараттармен қамтамасыз етілуін
(ғылым, тарих, әдебиет, өнер т.б.); тіл мәдениетін
көтерудегі рөлінің артуын; әдеби тілдік норма
сақтаудағы міндеттердің атқарылуын;
сөздіктің түріне қарай грамматикалық ережелерді
ұсынуын; грамматикалық норманы есепке ала отырып сөйлеу стилін
қалыптастыруын; шартты таңбалардың берілуін; сөздік
құрылымындағы белгілер мен таңбалардың
түсіндірілуін; сөздік ұяшықтардың (словарное
гнездо) дұрыс берілуін; сөздік мақалалардың
көлемінің қысқа, түсінікті болуының есепке
алынуын; көрнекілік (иллюстративті) материалдардың енгізілуін
қадағалап, ескеруі тиіс.
Жоғарыда
аталған ұстанымдар негізге алынған жағдайда
сөздіктің сапасы жақсарып, мән-маңызы
артады.
Пайдаланылған әдебиет:
1.
А.
Құсайынов, Б. Нұржанов, С. Балабатыров, Ж. Шотанов, Т.
Жумаханов. Электр техникасы мен энергетикасы терминдерінің
орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы, 1994.
2. Хожин Г.Х. Леньков Ю.А. Электр энергетикасы мамандығы бойынша
орысша - қазақша сөздік. Оқу құралы. Алматы
2009. Нақты тақырып аясында қолданылатын терминдер
қамтылған.
3.
Орысша-қазақша сөздік ( 70 000 сөз). Алматы Дайк Пресс,
2005 А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты.
4. Бекітілген терминдер
сөздігі. Қазақша-орысша, орысша-қазақша (15
мыңға жуық сөз ) Алматы Дайк Пресс, 2009