Шалтықов Ә.Е., саяси ғылымдар
докторы, профессор
Алматы, Қазақстан Республикасы
ҚАЗАҚСТАН
– ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ БАСТАМАШЫСЫ, ДЕМ
БЕРУШІСІ
2015 жылдың 1
қаңтарынан бастап Қазақстан, Ресей және Беларусь
елдері Еуразиялық одақтың жұмысын бастайды. Бұл
одақты құрудың негізінде 5 қағидат жатыр.
Олар: экономикалық прагматизм, егемендікті құрметтеу,
интеграцияға қатысу еріктілік, шешімдерді қабылдаудағы
тең құқықтылық, дамудың эволюциялылығы
мен еуразиялық кеңістіктің ашықтығы.
Еуразиялық экономикалық одақ құру КСРО-ны
қайта жаңғыртуға ұмтылыс болып табылмайды. Саяси
егемендік ешқашан мызғымақ емес. Бұл барлық
қатысушы мемлекеттер – Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің
біржақты ұстанымы. Экономикалық интеграция ұлттық
мемлекеттілікті нығайтып, оны экономика арқылы барынша
орнықты ете түсу үшін дамытылады.
Бүгінде бүкіл әлемде интеграциялық трендтер
үстемдікке ие. Жаһандану мен аймақтану – ХХІ
ғасырдың көрсеткіші. Дүниежүзінде
қазірдің өзінде Еуроодақ, НАФТА, МЕРКОСУР, Африка
одағы, АСЕАН, АТЭС сияқты және басқа бірлестіктер
құрылған.
Экономикалық интеграцияның жаһандық
тәжірибесі мынаны көрсетіп отыр: күш-жігерді біріктіру
ұзақ мерзімді экономикалық дивиденттер әкеледі,
қауіпсіздіктің беріктігін қамтамасыз етеді,
халықтың әл-ауқатын арттырады.
Қазақстан, Ресей және Беларусь Еуразиялық
экономикалық одақты стратегиялық әріптестік пен
достық рухында құру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Өйткені, экономикалық интеграция әр мемлекеттік
мүмкіндігін айтарлықтай күшейтеді. Экономикалық
одақ әлемдік қоғамдастықпен барынша табысты
ынтымақтасу үшін құрылатындығын да айта кеткен
жөн.
Айта кету керек, Кеден
одағының біртүтас кеден аумағын құру
үш кезеңнен тұрды. Олар: 2010 жылдың1
қаңтарына дейінгі алдын ала кезең, 2010 жылдың 1
қаңтарынан 1 шілдесіне дейінгі бірінші кезең, 2010
жылдың 1 шілдесінен 2011жылдың 1 шілдесіне дейінгі екінші
кезең.
Алдын ала кезеңде Кеден одағының
келісімдік-құқықтық базасын қалыптастыруды
аяқтау мен шекара, біртұтас кеден аумағының
сыртқы контурын қоспағанда, мемлекеттік
бақылаудың келісілген түрлерін кезең-кезеңімен
көшіруді ұйымдастыру міндеттері шешілді. Кеден одағының
нормативтік-құқықтық базасы (70-тен астам
құжат) қалыптастырылды (1).
2009 жылдың 27 қарашасында Минск қаласында өткен
ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық кеңесі (Кеден одағының
жоғары органы) мәжілісі барысында мемлекет басшылары
деңгейінде 2011 жылдың 1 қаңтарынан қызметін
бастау үшін Кеден одағының маңызды
құжаттарына: Біртұтас кеден тарифі мен Кеден одағының
Кеден Кодексі турал шартқа қол қойылды.
Кеден одағына мүше елдер мемлекет басшылары, сондай-ақ,
2010 жылдың 6 шілдесіне бастап Кеден кодексін іске қосу туралы
және үшінші елдердегі тауарларға қатысты Беларусь,
Қазақстан және Ресей аумақтарында еркін айналымға
шығарылған Кеден одағына мүше елдің
шеңберінде қозғалыста болатын кедендік рәсімдеуді алып
тастау туралы шешім қабылданды.
Біртұтас кеден аумағын қалыптастырудың бірінші
кезеңі аясында 2010 жылдың1қаңтарынан бастап Кеден
одағының комиссиясы Кеден одағының сыртқы
саудасында тарифтік және тарифтік емес қағидатты және
сауданы реттеу өкілеттігін жүзеге асырды. Бұл жерде Кеден
одағы сыртқы экономика қызметінде Біртұтас тауар
номенклатурасы мен Кеден одағының Біртұтас кеден тарифі
қолданылады.
Кеден одағының біртұтас тарифтік преференциялар
жүйесін қалыптастыратын құжаттар бекітіліп,
күшіне енгізілді. Олар: дамушы және онша дамымаған елдерде
шығарылатын және әкелінетін тауарлар тізімі мен оларды
әкелу кезінде тарифтік прференциялар ұсыну, сондай-ақ, дамушы
және онша дамымаған елдер – Кеден одағының тарифтік преференциялар
жүйесін пайдаланатын елдер тізімі.
Сыртқы сауданы реттеу мен тараптардың атқарушы билік
органдары өкілдерінен жасақталған санитарлық,
ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану
бойынша Техникалық реттеуді үйлестіру комитеті құрылды.
2010 жылдың 1 шілдесіне қарай біртұтас кеден
аумағын қалыптастырудың бірінші кезеңінің
міндеттері орындалып, оның біртұтас тариф жүйесі мен тарифтік
емес реттеу, кедендік, санитарлық, ветеринарлық және
фитосанитарлық бақылау қызметіне қажетті
құқық шарттары құрылды.
2009 жылдың 11 желтоқсанында Санкт-Петербург қаласында
өткен ЕурАзЭҚ-тың үкімет басшылары деңгейіндегі
Мемлекеаралық кеңесінің мәжілісі барысында Кеден
одағының келісімдік-құқықтық базасын
толықтыратын халықаралық құжаттарға
қол қойылды. Атап айтқанда, Кеден одағында
санитарлық, ветеринар-лық және фитосанитарлық шараларды
техникалық реттеу, жанама салықтар алу, тауарлардың экспорты
мен импорты жағдайында және Кеден одағында қызмет көрсету
кезінде, сондай-ақ, тараптардың өкілетті органдарымен
сыртқы және өзара сауданың статистикалық
деректерін беру құжаттарына қол қойылды.
2011 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасқан екінші
кезеңде тараптардың кеден аумақтарын біртұтас кеден
аумағына біріктіру бойынша практикалық жұмыстар
жүргізілді.
Кеден одағы интеграцияның жоғары сатысын құру
үшін негізгі алаңға – 2012 жылдың 1
қаңтарынан жұмыс істей бастаған Біртұтас
экономикалық кеңістікке (БЭК) айналды. БЭК жұмысы
жағдайында мынадай төрт еркіндік қағидаты
қамтамасыз етілетін болды: тауарлардың еркін қозғалысы,
қызмет көрсетулердің еркін қозғалысы,
капиталдың еркін қозғалысы және жұмыс
күшінің еркін қозғалысы.
Былтырғы Астанада өткен мамыр кездесуінің
қорытындысы бойынша Қазақстан, Ресей және
Беларусьтің үш ел үкіметі мен
Еуразиялықэкономикалық комиссияға Еуразиялық
экономикалық одақ туралы шартты дайындау жөнінде тапсырма
берілген еді.
2013 жылдың 24 желтоқсанында Мәскеуде Жоғары
еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары
деңгейіндегі үшінші мәжілісі өтіп, ондағы
келіссөздердің басты тақырыбы Еуразиялық
экономикалық одақ туралы шартты дайындау жұмыс барысы болды.
Сөйтіп, әр тарап 2014жылдың мамырына қарай
Еуропалық экономикалық кеңес туралы шартқа қол
қою үшін барынша күш-жігерлерін жұмсайтын болады.
Әрине, Еуразиялық экономикалық одаққа
әкелетін бірден-бір құрылым – Кеден одағына мүше
елдер таңдаған интеграция жолы оңай емес. Жоғары
экономикалық кеңес осы жолда алдан шығатын шығар
түйткүлді мәселелерді тарқатып, Кеден одағы мен
Біртұтас экономикалық кеңістіктің жұмысын
үйлестіретін бірден-бір орган болып табылады. Кеңестің
негізгі міндеті – ұйымның атқарушы органы саналатын комиссия
ұсынған құжаттарды бекіту.
Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері өкілдерінен
тұратын Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық
экономикалық одақ құру туралы келісімнің
институттық бөлігі болып табылады. Бүгінде еуразиялық
интеграциялық жобаның арқаулық қағидатары
бекітілді. Ал бұл қағидаттар Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше барлық елдердің
мүдделерін жан-жақты ескерумен ерекшеленеді.
Еуразиялық экономикалық одақтың елдеріміздің
экономикаларын нығайту, дамыту және мемлекеттер
ықпалдастығын жандандыру үшін құрылып
отырғаны белгілі. Сонымен, 2015 жылдың 1 қаңтарынан
бастап Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысына толыққанды кіріседі.
Қазақстанның ТМД елдерін интеграциялық бастамалары,
Еуразиялық экономикалық одағы, оның себептері,
біздің еліміз үшін оның қандай пайдасы бар деген
сұраққа келетін болсақ, 1994 жылы ТМД-ның
қызметіне өте қауіп туғанда Қазақстан осы
елдерді біріктіру және өздерінің барлық мемлекеттік
егемендігін толық сақтап және біріңғай
экономикалық кеңістікті қалыптастырып, Еуразиялық
одақ туралы модульдік идея ұсынды. Бүгінгі күні
Еуразиялық одақтың теориялық идеяларының
көпшілігі үш елдің Кеден одағы
құжаттарында, сонымен бірге қалыптасып жатқан
Біріңғай экономикалық одақта іске асуда. Бұл
Еуразиялық одақтың бірте-бірте өмірге кіріп
жатқанын, ертелі кеш пе, ол еуразиялық кеңістікте толық
өмір сүретінін көрсетеді. Бұл интеграциялық
процеске басқа елдер сияқты Қазақстан ынталы,
бірақ та ол үш елдің Кеден одағы ғана емес,
Бүкіл Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы шеңберіндегі
интеграцияның дем берушісі болып табылады.
1.
Егемен Қазақстан, 2014 жылдың 1
қаңтары.