Билялова Маржан
Исаққызы
Е.А.
Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН НОРМАЛАРҒА
ИМПЛЕМЕНТАЦИЯСЫ
Заң
ғылымдарының кандидаты В.В Смирновтың айтуынша, ХХ
ғасырдың аяғында жаһанды демократизация тек қана
дүние жүзі мен жекеленген мемлекеттердегі география мен саяси
құқықтар мен бостандықтардың
кеңейтілуімен ғана емес, сонымен қатар берілген
аумақтағы жаңа тенденциялар мен шешілмеген мәселелерді
тудырады.
Халықаралық
құқықтық нормалардың Қазақстан
Республикасындағы саяси құқықтарды
қамтамасыз ететін нормаларға эмплементациясы қазіргі кезде
өте өзекті мәселелердің қатарынан көрінуде.
Мысалға, сонау 90- жылдардан бері Қазақстан Республикасы
өзінің тәуелсіздігіне ие болған сәттен бастап
мемлекет пен қоғам өмірінде және елімізде
халықаралық деңгейде
ірі өзгерістер болды. Бұған дәлел
мемлекетіміздегі адамзаттың құқықтық
қорғалу дәрежесінің күрт өзгеруі,
яғни тек қана мемлекеттің ішкі саясатында адам
құқығы маңызды құбылысқа
иеленбей, сонымен қатар мемлекеттің сыртқы саясатында да
ерекше қадағаланып маңыздылыққа бет бұрды.
Әрине мемлекетіміз ол жылдары өте жас болғандықтан
бұл мәселе төнірегінде қиыншылықтарға
көп төнді. Ол кезіңде адам және азамттардың саяси
құқықтары мен қатар халықаралық деңгейде
амам құқықтарың қорғау
және реттеу мәселесі
оңйға соқпады. Бұл
құқықтардың халықаралық аренада
өзге мықты дамыған мемлекеттердің қатарынан онды
көру үшін біздің жас мемлекетімізге талай- талай
тәжірибе жинау қажет болды. Алайда бірқатар заңдар
қабылдау қажет етілді. Халықаралық деңгейде
мемлекетіміздің заңдарын шығарып халықаралық
құқықтық нормалардың Қазақстан
Республикасындағы саяси құқықтарды
қамтамасыз ететін нормаларға эмплементация жүргізу басталып
кетті. Содан бері Қазақстан Республикасында Адам
құқықтары жөніндегі халықаралық
пактілер мен Азаматтық және саяси құқықтар
жөніндегі пакт және Азаматтық және саяси
құқықтар жөніндегі пактіге Қосымша хаттама
нормалары әрекет етуде. Осы халықаралық нормалардың
қалыптасуымен қазіргі кездегі әрекет етуіне шолу
жасағанымызды жөн көрдік.
Біріккен Ұлттар
Ұйымының Бас Ассемблеясы Экономикалық, әлеуметтік
және мәдени саладағы құқықтар
жөніндегі пактіні және Азаматтық және саяси
құқықтар жөніндегі пактіні 1966 жылдың
желтоқсан айында қабылдады және ол қол қоям
деушілерге ашық. Отыз бес мемлекет, яғни пактіні күшіне
енгізу қажетті (кворум) сан мөлшері екі құжатты
бекіткенше тағы он жыл өтті. Соңғы жылдары
аталған пактілерді бекіткен қатысушы-мемлекеттердің саны
айтарлықтай өсті. 1944 жылға олардың саны 130-ға
жуықтады. АҚШ пактілерді 1992 жылы бекітті. Кейіннен шартқа
айналған пактілер қатысушы-мемлекеттер үшін
құқықтық міндет жүктеуге жол ашады.
Сондықтан, олардың арасындағы пактілер кепілдік беретін адам
құқықтарын сақтау мен жүзеге асыруға
қатысты мәселелер халықаралық деңгейде
қаралып, бұдан былай мемлекеттің ішкі құзырына
жатпайтын болды. Пактілердің негізгі мәселесі бойынша бірқатар
ортақ ережелер бар. Олардың екеуі «халықтар
құқық» немесе «ұжымдық
құқықтар» деп аталатындар. Екі пактінің де
1(1)-бабы «барлық халықтардың өзін-өзі билеуге
құқығы бар» деп жариялайды. Екі
құжаттың да 1(2)-бабында «барлық
халықтардың» табиғи байлықтарын еркін пайдалануға
құқығы бар және «халықты қажетті
күн көріс көзінен ешкімнің айыра алмайтынын»
мойындайды. Сонымен бірге олар нәсіліне, терісінің түсіне,
жынысына, тіліне, діни саяси немесе басқа көзқарастарына,
ұлтына немесе әлеуметтік шығу тегіне, меншігіне немесе
туылуына қарай кемсітуге жол бермейді. Пактілердің
әрқайсысы шартқа қатысушы-мемлекеттер өздеріне
алған міндеттемелерін орындау үшін шартты сақтауды
қамтамасыз ететін айқын халықаралық жүйені
белгілейді. Шартты орындауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
Азаматтық және саяси құқықтар
жөніндегі пактідегі Қосымша хаттама арқылы күшейтілген.
Ол жеке адамдарға осы пактіге сәйкес кепілдік берілген өз
құқықтарын қорғау жөнінде шығым
жасау мүмкіндік береді.
Бұл пактідегі
Азаматтық және саяси құқықтардың
тізбесі құқықтық тұрғыдан
мүмкіндік әзірленген, мұнда Адам
құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына
қарағанда құқықтар саны едәуір
көп. Тағы бір маңызды қосымша – мемлекеттердің
этникалық, діни немесе тілдік жағынан аз ұлттар
өкілдерінің «қауым ретінде өз тобының басқа
мүшелерімен бірге төл мәдениетін, дінін, оның
салт-дәстүрлерін орындау немесе тілін пайдалану
құқығынан бас тартпау міндеттемесі. Декларацияны 1992
жылы БҰҰ қабылдаған ұлттық немесе
этникалық діни және тілдік жағынан аз ұлттарға
жататын адамдардың құқықтары жөнінде
Декларация әзірлеуге негіз болды. Адам
құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында
тікелей айтылмаған, азаматтардың саяси құқықтар
жөніндегі пакті кепілдік беретін
құқықтардың ішінде – қарыздары үшін
түрмеге қамалмау, бас бостандығынан айрылған
адамдардың өздеріне адамша қарауға және
адамға таусылы қадір-қасиетін құрметтеу
құқығы және әр баланың
«азаматтық алуға және ол нәресте
болғандықтан соған лайықты «қорғау
шараларына»ие болуға құқықтары бар.
Адам
құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы
азаматтардың саяси құқықтары жөніндегі
пактіде жоқ бірнеше маңызды құқықтарды
жария етеді, атап айтқанда, дүние-мүлікті иемдену, саяси
баспана сұрау және алу, сондай-ақ, азаматтыққа ие
болу құқықтары. Дүние мүлікке ие болу
құқығының пактіге кірмеген себебі – сол кезде
БҰҰ-ғы түрлі идеологиялық және саяси
бірлестіктердің оның ауқымы мен анықтамасын келісе
алмауы кедергі болды. АСҚ жөніндегі пактіде шартқа қатысушы-мемлекеттер
«халықтың өміріне қауіп төндіретін төтенше
жағдай кезінде», ең негізгі жеті құқықтан
басқалардың күшін тоқтатуға жол беретін «ереже»
бар. Осы пактіге қатысушы әрбір мемлекетөзінің
аумағындағы және қарамағындағы
адамдарға аталмыш Пактіде танылған
құқықтарды, ешқандай өзгешеліксіз,
дәлірек айтқанда, нәсіліне, терісінің түсіне,
жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа көзқарастарына,
ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік
жағдайына, туылуына, басқа да жағдайына қарамастан
құрметтеу мен қамтамасыз етуді міндеттенеді.
Ұлттық заңда аталған ережелер болған
жағдайда қоспағанда, бұл ереже 2(2)-баппен
толықтырылды, мұнда шартқа қатысушы-мемлекеттерден
«құқықтарды іске асыру үшін қажетті
заңдық немесе басқа шараларды қабылдау» талап етілді.
АСҚ жөніндегі пактінің міндеттемелерді қолда бар
мүмкіндіктерге қарай бірте-бірте орындауды көздейтін,
экономикалық, әлеуметтік және мәдени
құқықтар жөніндегі пактіден өзгешелігі, ол
қатысушы-мемлекеттерден өзі жариялаған
құқықтарды «құрметтеу мен қамтамасыз
етуді» жедел орындауды және осы міндеттемелерді орындау үшін
барлық шараларды қабылдауды талап етті. АСҚ жөніндегі
пакт Адам құқықтары жөніндегі комитетті
(бұдан былай: АҚК немесе Комитет) құрды және
оған қатысушы-мемлекеттер келісімді бекіте отырып, мойнына
алған міндеттемелерін сақтауды қамтамасыз ету үшін
оған әр түрлі міндеттер жүктеді. Бұл міндеттер
есеп беру жүйесіне және мемлекетаралық шағымдарды
қарау ісін жүзеге асыруға басшылық етуден тұрады.
Және басқа да қосымша міндеттерді АҚК жеке өтініш
жасау құқығын бекіткен АСҚ жөніндегі
пактінің Қосымша хаттамасына сәйкес орындайды. Комитеттің
басты қызметі – барлық қатысушы-мемлекеттердің олар
беруге тиіс «өздері қабылдаған шаралар мен (Пакті)
таныған құқықтарды жүзеге асыру шаралары
туралы және осы құқықтарды пайдалануда қол
жеткен жетістіктер туралы» баяндамаларды зерттелді. Уақыт өте
Комитет осы баяндамалармен жұмыс істеу үшін ауқымды
ұсыныстар мен іс-қимылдарды әзірледі. Бұл ережелер
іс-қимылдардың мақсаты – шартқа
қатысушы-мемлекеттерді өздерінің шартта көрсетілген
міндеттемелерін сақтауға ұмтылдыру және сол
бағыттағы қиыншылықтарды жеңу үшін
оларға көмектесу. Пакт Комитетке жеке өзі тексеру жолымен, ол
мүдделі рұқсат сұраса да, мемлекеттерден
баяндамаларының шындығын тікелей тексеру
құқығын бермейді. Дегенмен, Комитет мүшелері,
адам құқықтары жөніндегі сарапшылар ретінде
өздерінің білімін және оларға адам
құқықтары жөніндегі мемлекеттік емес
ұйымдар беретін ақпараттарды, Комитеттің жұмыс
тәртібіне сәйкес қатысушы мемлекеттердің баяндамаларын
қараған кезде қатысып отыруға, олардың
өкілдеріне сұрақ бере отырып, пайдалана алады. Комитет
мемлекет өкілдерінен баяндаманың мазмұнын түсіндіруді
талап ете отырып және қосымша деректер алу үшін
сұрақтар бере отырып, шарттық міндеттемелерді
сақтауға байланысты елеулі кемшіліктердің бетін ашуы
мүмкін және өзінің жыл сайынғы баяндамасында осы
кемшіліктерге БҰҰ Бас Ассемблеясының назарын аударады.
Соңғы жылдары баяндамалар жүйесін жетілдіру тездетілді,
бұл осы жүйені Пактіні жүзеге асырудың
анағұрлым тиімді құралына айналдырды. Мәселен,
бұрында Комитет ішінде мүше-мемлекеттер мемлекеттік емес ұйымдардан
келіп түскен ақпаратты мемлекеттік баяндамаларды қарау
кезінде пайдалана алама деген мәселе көтерілген болса, қазір
мұндай ақпарат Комитет мүшелеріне ресми түрде
таратылады. Бүгінде Комитет шартқа қатысушы-мемлекеттер мен
БҰҰ Бас Ассемблеясына беретін жылдық баяндамасына
мемлекеттердің жекелеген баяндамаларына өзінің
қорытындыларын, сондай-ақ Комитеттің кез келген
мүшелерінің қосымша түсіндірмелерін де қосады.
Сонымен қатар, соңғы уақытта Комитет мемлекеттерден
нақты оқиғалар бойынша Комитет берген ұсыныстарды
орындау үшін қандай шаралар қолданылғаны жөнінде
баяндамалар тапсыруды талап ететін болды, бұл баяндамаларды Комитет
қосымша хаттама бойынша қарады.
Сонымен бірге, Комитет
БҰҰ Бас Хатшысына және сол арқылы
БҰҰ-ң тиісті органдарының назарына мемлекеттер
баяндамаларын қарау кезінде анықталған адам
құқықтарының елеулі бұзылғаны
жөнінде ақпарат ұсыну қажет деп шешті. Сондай-ақ,
жеке адамдар шағымдары мен мемлекеттер баяндамаларын қарау
тәжірибесін негізге ала отырып, Комитет Пактінің
әртүрлі ережелерінің мәні баяндалатын жалпы
түсіндірмелер деп аталатынды барған сайын көптеп
қабылдайтын болды. Жалпы түсіндірмелер Пактіні түсіндіретін,
консультативтік қорытындыға ұқсайды.
Азаматтық және
саяси құқықтар жөніндегі пактіге Қосымша
хаттама қабылданып өз көрінісің тапты.
Дербес құжат
ретінде қабылданған бұл келісім-шарт азаматтардың
саяси
құқықтары жөніндегі пактіні жүзеге
асырудың қосымша шаралары болып табылады. Ол, өзін Пактіні
бұзудың құрбаны ретінде санайтын жекелеген
тараптарға Адам құқықтары жөніндегі
комитетке «жеке» хабардар ету немесе шағымдану дейтінді
қлдануға жағдай туғызады. Шағымдар тек Пакті
хаттамасын бекіткен Пактіге қатысушы-мемлекеттерге ғана қарсы
жасалуы мүмкіншілігі туындады.
1976 жылы Хаттама
күшіне енгеннен бері Адам құқықтары жөніндегі
комитетке түскен шағымдардың саны өсуде. Олардың
көбісі қабылданбай тасталды, өйткені көп жағдайда
мәселені ел ішінде шешу жолдары сарқа пайдаланымаған немесе
олар «басқа бір халықаралық тергеу немесе реттеу барысында
қаралғандарға мүлдем ұқсас болып
шықты (Хаттама, 5(2)-бап). Соңғы жылдары шешуге болатын
шағымдардың саны едәуір өсті. Олармен жұмыс істеу
барысында Комитет Пакті мен Хаттаманы түсіндіру және қолдану
жөнінде дербес құқығы бар бағалы нормалап
жиынтығын жасады. Соңғы жылдары Қосымша Хаттаманы
бекіткен қатысушы мемлекеттер санының күрт өсуі
және одан туындаған сот тәжірибесіндегі жағдайлар
Комитетті Бас Ассемблеяға жолданылатын жылдық есепті екі
томдық басылым ретінде шығаруға мәжбүр етті,
соның ішінде екінші том Қосымша хаттамаға сәйкес істерді
талдауға арналған. Комитет, сонымен бірге, Хаттамаға
сәйкес адам құқықтарын жүзеге асыру
жолдарының тиімділігін бірте-бірте күшейте түсті.
Мәселен, бүгінгі таңда оның Пактіні бұзудың
сөз болған «құрбанына орны толмас зардап» келтірмеу
мақсатында уақытша шараларды ұсыну өкілеттігі бар.
(Адам құқықтары жөніндегі комитеттің іс
жүргізу ережелері, 86-ереже). Комитет қазір шартқа
қатысушы-мемлекеттерден мерзімді баяндамаларына Пактіні бұзғаны
үшін айыпты болған нақты жағдайлар кезінде қандай
шаралар қолданғанын көрсетуді талап етеді. «Дәлірек,
айтқанда, шартқа қатысушы-мемлекеттер Комитетке
құқығы бұзылғаны жөнінде
шағымданған авторға қандай көмек берілгенін атап
өтуге міндетті» АҚК Шартқа
қатысушы-мемлекеттердің баяндамаларын әзірлеуге
арналған түзетілген ережелер.
Азаматтық және саяси
құқықтар жөніндегі халықаралық
пактіге екінші Қосымша хаттамасы.
Бұл Хаттама 1989
жылдың 15 желтоқсанында қол қоюға ашыө
болды және 1991 жылдың 11 шілдесінде күшіне енді. Хаттама
шарттарына сәйкес, ол АСҚ жөніндегі пактінің қосымша
ережесі болып табылады. Хаттаманың мақсаты - өлім жазасын
жою. Бұл жерде, осы құжат бойынша біріншіден, мемлекет
Хаттаманы бекіткен жағдайда, «өзінің заңды
қамтуындағы ешбір адам өлім жазасына кесілмейтініне
және, екіншіден, әрбір мемлекет өзінің қарамағындағы
аумақта өлім жазасын жою үшін қажетті шаралар
қолдануға» міндеттенеді. (Екінші қосымша хаттама, 1-бап).
Хаттамаға енгізілетін бірден-бір ескертпе шарт – «соғыс
уақытында аса ауыр әскери қылмыс жасағаны үшін
кінәсі дәлелденген жағдайда өлім жазасын қолдану
көзделінеді» (2-бап). Сонымен қатар, Хаттамада АСҚ
жөніндегі пактінің 4-бабына сәйкес, оларға өлім
жазасын ішінара жоюға жатпайтын кепілді құқық
береді ( 6 (2)-бап).
Хаттама Адам
құқықтары жөніндегі комитет құзырын
Пактінің 40-бабына сәйкес кеңейтеді. Мұны
Хаттамаға сәйкес, Пактінің 41-бабына сәйкес
Комитеттің құзырын таныған мемлекеттерге қатысты
мемлекетаралық шағымдарға және Бірінші қосымша
хаттамаға сәйкес, қатысушы-мемлекеттерге қатысты жеке
шағымдар жөнінде де айтуға болады (Екінші қосымша
хаттаманың, 3-5-баптары).
Осы мәселелерді
ескере отырып біздің мемлекетімезде жақында болған
өзгерістерімен толықтыра аламыз, яғни 2007 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасының
Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Онда
халықаралық тәжірибедегідей мәселелер көрініс
тапты: Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға
хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен
байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін,
сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар
жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді,
ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету
хақы бар. Яғни бұдан былай Қазақстан Республикасы
өзге дамыған мемлекеттер сияқты өлім жазасын
қолданбайды. Бұлда халықаралық аренада
Қазақстан Республикасы енді белгі бір жоғары сатыларға
котерілетініне ділел.
Жаһандану үрдісі кейбір саяси –
басқарушылық функциялардың ұлттық – мемлекеттік
дәрежеден халықаралық – мемлекеттік дәрежеге, сонымен
қатар ішкі аумақтық және жергілікті дәрежеге
ауысумен байланыста болады. Саяси – басқарушылық шешімдерді
қабылдаудағы ұлттық ұйымдардың үлесі
азаматтардың 1948 жылғы Адам
құқықтарының жалпы декларациясының 21
бабында, басқа халықаралық құжаттарда, сонымен
қатар демократиялық мемлекеттердің конститутцияларында
(өзінің мемлекетін тікелей немесе өздерінің
сайланған өкілдері арқылы басқару) бекітілген негізгі
саяси құқықтарының жүзеге асуына
жоғары дәрежеде кедергі келтіреді.
МВФ мен
Дүниежүзілік Банк сияқты транс ұлттық
корпорациялардың саясатына сынау, Сиэтлдан Прагаға дейінгі
халықаралық қарсылық толқындары С.Хантингтон
«Давос мәдениеті» деп атаған құбылыс, тек қана
транс ұлттық корпорациялар мен элиталардың қызметіне
ғана қарсы емес. Бұл бір уақытта жалпымен
танылған азаматтардың саясат пен басқаруға
қатысуға құқықтарын жүзеге
асырудағы нысандар мен әдістерді іздеу. Егер адамзат бұл
қатысудың бейбіт жолдарын таппайтын болса, онда
қарсылықтық, яғни радикалды – зорлаушылық,
азаматтардың (халықтардың) «жетілік», әртүрлі
саммиттер мен басқа да саяси және экономикалық
көшбасшылардың және әр түрлі мемлекеттердің
элиталарының халықаралық кездесулерінде және
жиналыстарында қабылданған шешімдерге әсер ету әдістері
қалыптасады.
Қазіргі кезде
БҰҰ – ның жүйесінің реформасы емес,
халықаралық – құқықтық нормаларда
танылған саяси құқықтар мен бостандықтарды
жүзеге асыруда жаңа нысандар, әдістер мен үрдістерді
іздеу қажеттігі анық. Мысалы, қазір ақпаратты –
технология жағынан жаһанды интернет желісін құру
мүмкіндігі бар. Ол бойынша дүние жүзінің азаматтары
ұлттық – мемлекеттік және халықаралық
органдардың базалық ақпаратына және оның
негізінде қабылданатын шешімге қол жетімді болуы мүмкін еді.
Желі бойынша айтылатын интернет
пікірлер дүниежүзілік қауымдастыққа дейін жете
отырып, ішкі ұлттық және халықаралық
шешімдердің жүзеге асуы мен қабылдануына әсер етуі
керек. Азаматтардың саясатқа қатысуының қолайлы
нысаны ретінде жоғарға ақпараттық
технологиялардың негізінде өткізілетін халықаралық
және жаһандық консультативтік референдумдар болуы
мүмкін.
Бұл технологиялар
халықаралық және жаһандық институттар мен
ұйымдарда, соның ішінде БҰҰ – нда
халықаралық – аумақтық және жалпы
адамзаттық сайлау өткізуге мүмкіндік береді. Аталған
мақсаттарға жетудегі ең басты кедергі – мейлінше күшті
және дамыған мемлекеттердің әлемдік әділетті
тәртіппен келісуге дайын еместігі.
Қазіргі кезде саяси
құқықтар мен бостандықтарды ашық
түрде аластайтын мемлекет қалған жоқ деп айтуға
болады. Сонымен қатар, олардың ішіндегі көшбасылары мен
элиталары берілген құқықтар мен
бостандықтардың пайдалану технологияларын қамтыған,
яғни бұл құқықтарды манипуляциялау
технологияларын үйренген. Осыдан келе азаматтардың мемлекет пен
қоғам істеріне, соның ішінде сайлау арқылы қатысу
көбінде басқару билігінің БАҚ – на монопольдық
бақылау және тар қаржылық – экономикалық
элиталарды бекіту арқылы бұзылады.
Қазіргі кезде
халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес
ұйымдардың қызметі, халықаралық
заңнаманың толық еместігі және
дамымағандығы, көп мемлекеттердің саясаткерлері
және тағы басқа жағдайларға байланысты
біздің дүниежүзінің көп тұрғындарының
саяси құқықтары мен бостандықтарын жүзеге
асыруға бөгет жасайды. Сонымен қатар, сауатсыздық,
қарулы қақтығыстар, кедейлік және
адамзаттың басқа да осал жерлері – саяси
құқықтар мен бостандықтардың
шектелуінің маңызды себептері ғана емес, сондай – ақ
бұл шектеулердің салдары болып табылады.
Азаматтардың бірігуге
құқығының негізі заң
ғылымдарының кандидаты Д.В.Шутьконың еңбектерінде
көрініс тапқан.
Берілген
құқық адам мен азаматтың
құқықтары туралы халықаралық билльдерде
бекітілген: Адам құқықтарының жалпы
декларациясында (20 бап), Азаматтық және саяси
құқықтар туралы халықаралық пакті (22 бап),
Экономикалық, әлеуметтік, мәдени
құқықтар туралы халықаралық пактіде (8
бап), Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын
қорғау туралы Европалық конвенцияда (11 бап), Адам
құқықтары туралы Американдық конвенцияда (16
бап), Адам және халықтар құқығының
Африкандық хартиясы (10 бап). Бірігуге құқық 12
мемлекеттің конститутциясында бекітілген.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
3. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28
қарашадағы «Азаматтық және саяси
құқықтар туралы халықаралық пактіні
ратификациялау туралы» Заңы.
4.
«Азаматтық және саяси
құқықтар туралы» Халықаралық Пакт.
БҰҰ. 16 желтоқсан 1996 жыл // Права человека в междунородных
документах. – Алматы: САК, 1999. - 327б.
5.
Амандыкова С.К. Конституционное право Республики
Казахстан. Караганда, 2006. – 385 б.