Омарбаева Айдана
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ
1 курс магистранты
Қазақстан
Республикасы Азаматтық заңнамасы бойынша комиссия шартындағы
мүліктік құқықтық мәселер
Комиссиондық
қатынастардағы меншік құқығына қатысты
мәселе күрделі болып саналады. Себебі, мысалы комиссиондық
саудада комитент меншігіндегі мүлік сатып алушығы (үшінші
тұлғаға) қалай өтеді, бұл материалдық
құндылықтарды сату барысында кім меншік
құқығын иеленеді, комиссиондық сату барысында
мүліктің кездейсоқ жойылу бүліну қаупі, екі тараппен де қатынаста
тұрған комиссионердің жағдайы сияқты
бірқатар маңызды сұрақтар туындайды.
Бұл жердегі тағы бір назар
аударарлық жағдай, барлық уақытта комитент меншік иесі
болып қала береді деген заң нормасы комитенттен үшінші
тұлғаға немесе керісінше жағдайда меншік
құқығы қалай ауысады және бұл жердегі
өз атынан әрекет ететін комиссионердің атқаратын ролі
қандай деген сұрақтарға толық жауап бермейді.
Бұл сұрақтарға толық жауап беру үшін
комиссия шартының арнайы нормалары жеткіліксіз, сондықтан ҚР
Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 238-239 бап нормаларына
сүйенуге тура келеді.
Комиссионердің комитенттен немесе
үшінші тұлғадан комиссиялық мүлікті
қабылдап алу міндетті ҚР АК 871 бабы 1т, 873 баптарын Комиссиондық
қатынастардағы маңызды мәселердің бірі-
комиссиялық мүлікке қатысты меншік
құқығының жүзеге асуы. Әдетте
комиссионерге комитент берген немесе комиссионер комитент мүддесі
үшін сатып алған мүлік комитенттің меншігі болып
табылады (ҚРАК 871 бабы 1- тармағы). Біріншіден,
бұндағы комиссия шартының объектісі ретінде тек заттар
(ақша, бағалы
қағаз(құжатты,құжатсыз)) ғана емес,
мүлік, мүліктік құқықтар,
шығармашылық қызмет нәтижелері де танылады. Оған қоса автордың мүліктік
құқығы шығармаға қатысты
айрықша құқықты пайдалануға
мүмкіншілік береді. Өз кезегінде айрықша
құқық бірнеше бөлек
құқықтардан құралады, бұл бөлек
құқықтардың саны шектелулі. Авторлардың
пікіріне сүйенетін болсақ өнертабысқа қатысты
айрықша құқық патент иеленушінің субъективті
құқығы болып табылады [1, б.6]. Оған қоса, тектік белгілері
анықталған заттар(тектік белілері анықталмаған заттар
комиссионердің затымен араласып кететін болса және ажырату
мүмкін болмаса, меншік құқығы комиссионерге
өтіп кетеді).
Комиссия шарты бойынша мүлік
комитенттен бірден үшінші тұлғаға көшетін болса,
онда комиссинерде тек билік ету құқығы ғана
жүзеге асады. Бұл құқық комиссионерге
комиссия шартын жасаған кезден бастап туындайды. Ал керісінше,
комиссионер тауарды комитент үшін сатып алған болса, үшінші
тұлғадан меншік құқығы комиссионерге
берілуге тиісті сәттен, бір мезетте комитентке өтеді.
Комиссионердің өз атынан басқа біреудің затын
иеленуі заттық сипатқа емес, заң мен комиссия шартының
негізінде туындайтын, міндеттемелік сипатқа ие [2,
б.76].
Бұнда меншік иесінің еркімен меншік құқығы
бірден үшінші тұлғаға өтеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 871
бабының 1-тармағына сәйкес, комиссионерге меншік
құқығы өтпейді, тек уақытша иелікке
ғана беріледі. Үшінші тұлғалармен шарт жасағанша
меншік құқығы комитентте немесе мүлікті сатып
алған жағдайда сатып алушының меншігінде болады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 238 бабына
сәйкес, «шарт бойынша мүлік алушының меншік
құқығы, егер заң құжаттарында немесе
шартта өзгеше көзделмесе, зат берілген кезден бастап пайда болады.
Егер мүлікті иеліктен айыру туралы шарт мемлекеттік тіркеуге немесе
нотариалдық куәландыруға жататын болса, алушының меншік
құқығы тіркелген немесе нотариалды
куәландырған кезден бастап, ал шартты нотариаттың
куәландыруыда, мемлекеттік тіркеу де қажет болған
жағдайда ол тіркелген кезден бастап пайда болады». Басқаша
айтқанда, шартта өзгеше
көзделмесе комиссионермен үшінші тұлғаға
мүлікті берген сәтпен, ол үшінші тұлғада меншік
құқығының пайда болуы сәті сәйкес
келеді, алайда шартта өзгеше көзделуі де мүмкін. Ол бойынша
мысалы өндірістен артылған өндірістік-техникалық
өнімдерді сату үшін жасалған комиссия шартында, өнім
комитенттің қоймасында сақталынуы мүмкін, яғни
комиссионерге өнім берілмеуі мүмкін, онда өнімінің
меншік иесі де нақты иеленушісі де комитент болады. Сондықтан, меншік иесі де, мүлікті иеленушіде
комитент болғандықтан, комитент пен үшінші тұлғаның
арасында мүлікті бері туралы басқа шарт жасалуы мүмкін.
Мысалы: меншік құқығы мүлікті беру сәтінен
емес, шартты нақты жасау сәтінен белгіленіп, тауарды комитент
қоймасында сақтай тұру туралы шарт жасауы мүмкін [3, б.14].
Ғалым А.Ф.Сохновскийдің пікірінше: «Комиссия шарты бойынша
комиссионерге берілетін мүліктің меншік иесі комитент
болғандықтан, комиссионердің несие берушілері оның
қолында тұрған комитент мүлкінен айып өндіре
алмайды, және мәміленің салдары комитент үшін туындайды[3, б.14]. Алайда, комиссионердің мүлікті иелену, билік ету
құқығы бар»-, дейді.
Әрине бұл мәселеге қатысты туындап отырған
даулы мәселе көп. Сондықтан ғалымдарда бір да бірдей
көзқарасты ұстанбайды.
Комиссионер иелігіндегі мүліктің комитент меншігінде болуы, императивті сипатқа ие
және тараптар оны өздігінен өзгерте алмайды. Бұл жерде
басты нәрсе комитент мүддессі үшін қойылып тұр,
егер комитент банкрот болған жағдайда, бұл мүлік
бәрібір конкурстық массаға өтеді. Ал егер комиссионер
банкрот болса, комиссионердің комитент өтемеген қарыздарының
санатына кіргізілуі мүмкін.
Оған қоса, мүліктің меншік иесі комитент
болғандықтан, мүліктің кездейсоқ жойылу
бүліну қаупі, комитенттің мойнында болады.(АК-тың 190
бабы). Сондай-ақ комитент меншік иесі ретінде басқа
тұлғаларға мүлікке қатысты виндикациялық талапты да қоя
алады.
Комиссионер үшінші тұлғаларға мүлікті
сатқанда да немесе сатып алғанда да меншік құқығын иеленбейді.Сондықтан
комиссионер тек бір қандайда бір сәтте ғана мүлікті
иеленіп, оны комитенке немесе үшінші үшінші
тұлғаға өткізеді. Сондықтан мүліктің
кездейсоқ жойылу бүліну қаупі комиссионерде болмайды, ол не
комитентте немесе үшінші тұлғада болады. Сондықтан
комиссионер тек тауарды қолдан қолға өткізуі ролін
атқаратыны сөзсіз.
Комиссионерге комитенттен немесе соның есебінен келген мүлік
комитент меншігі, сондықтан оның кем шыққаны,
бүлінгені, жоғалғаны үшін комитент алдында жауапты.
Оған қоса комиссионер комиссия шарты бойынша төленуге тиісті
сыйақыны алу үшін комитентке немесе үшінші
тұлғаға берілуге тиісті мүлікті ұстап
қалуға құқылы.
Комиссионердің
міндеттерінің келесі тобын мүліктік деп топтастыруға болады.
Аталған топ міндеттері мыналарды қамтиды: комиссиялық
мүлікті қабылдап алу, сақталуын қамтамасыз ету, жеке
өзі пайдаланбау жүйелі талдаудан туындайды.
Комиссионер шартта өзгеше
көзделмесе комитенттен қабылданған және оған
комиссия шартын орындау үшін жасалған мәмілелер бойынша
берілген мүлікті пайдалануға құқылы емес.
Комиссионер өз қарауында тұрған комитенттің
мүлкін сақтандырмаған болса, бұл үшін комитент
оған мүлікті сақтандыруды тапсырған немесе
мүлікті сақтандыру заң бойынша міндетті болған
жағдайларда ғана жауап береді. Сонымен жалпы ереже бойынша
комиссионер комиссиялық мүлікті сақтандыруға міндетті
емес.
Сақтандыру жағдайына
қатысты заңнама оның комитент есебінен жүргізілетінін
қарастырады. Бірақ мұнда сақтандыру шарты бойынша комиссионер
мен комитент кім ретінде қатысатыны және сақтандыру
төлемі кімге төленетіні белгісіз. Аталған сұрақты
шешудің теориялық тұрғыда екі нұсқасы болуы
мүмкін. Бірінші нұсқа бойынша комиссионер сақтанушы
ретінде өз пайдасына сақтандыру шартын жасайды. Бұл
жағдайда сақтандыру жағдайы пайда болғанда
сақтандыру төлемін алып, өзінің шығындарын есепке
ала отырып қалған соманы комитентке беруге міндетті. Бірақ
аталған жағдайда мүліктік сақтандыру жүзеге
асырылып жатқандықтан ҚР АК 809 бабы 2т. сәйкес,
мүлікті және оған байланысты мүліктік мүдделерді
сақтандыру мүліктік сақтандыруға жатады.
Комиссиялық мүлікке қатысты мүліктік мүдделерге
оның меншік иесі комитент ие болып табылады. Комиссионер мүлікті
заңды иеленуші болып табылады, және бұл мүліктің
сақталуына шарттық жауапкершілік алады, бірақ оны
өзінің мақсатына қолдана алмайды. Сонымен
комиссиялық мүлікті сақтандырудың келтірілген варианты
мүлікті сақтандырудың негізіне қайшы келеді, ал
мұндай сақтандыру шарты ҚР АК 809 бабы 4 т. сәйкес
мұндай сақтандыру шарты жарамсыз болады. Осыған байланысты
екінші нұсқасы дұрыс деп тануға болады.
Комиссионер мүлікті сақтандыру міндетін бұзған
жағдайда, ол міндеттемені тиісінше орындамау туралы жалпы ережеге
сәйкес жауапкершілік алады. Одан басқа атап өтетін нәрсе
сақтандыру комиссионерді комиссиялық мүлікті сақтауды
қамтамсыз ету міндетіннен босатпайды.
Қорыта келгенде, комиссия шартындағы мүлікті
құқықтық режимі азаматтық
құқықтағы күрделі мәселелердің
бірі, сондықтан оны ғылыми тұрғыдан терең
зерттеуді қажет етеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной
собственности в РК (комментирование). - Алматы: Баспа, 1998. – Вып. 6. – С. 101-112.
2. Скороходов С.И. Договор
комиссии по законодательству РФ и практика его применения в предпринимательской
деятельности, Томск 2003.
3. Сохновский А.Ф.
Комиссионная торговля . –М.: юридическая литература. – 1989. – С.7.