Өмірәлі Айғаным

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1 курс магистранты

Халықаралық тасмалдау шартының құқықтық мәселелері

 

Халықаралық тасымалдау шартын жасасу мен орындау нәтижесінде туындайтын құқықтық қатынастардың жалпы жиынтығын білу үшін оны құрайтын элементтерді қарастыру қажет, әсіресе, жүкті тасымалдау мен жолаушылар қол жүгін ажырата білген дұрыс.

Халықаралық тасымалдау шартын жасаудың негізі жүк тасымалдаушының жүкті немесе жолаушыны бір орыннан екінші жерге белгілі бір көлік құралымен сыйақыға өткізуге міндеттенуі болып табылады. Жалпы халықаралық тасымалдау дегеніміз — мүліктерді және жолаушыларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу немесе транзитпея жүктерді, жолаушыларды өткізу.

            Халықаралық тасымалдауды ішкі тасымалдаудан айырудын негізгі белгілері: жүк, жолаушы кеден шекарасынан өтуі керек; жүкті немесе жолаушыны шекарадан өткізбей-ақ халықаралық тасымалдау шарты арқылы халықаралық тасымалдау деп есептеуге болады;  халықаралық тасымалдауда ұлттық валютадан басқа шетелдік валюта қолданылады; халықаралық тасымалдаудың қайнар көздері ретінде халықаралық конвенциялар, ұлттық заңдар, халықаралық әдет-ғұрып танылады (1).

Қазақстан Республикасы соңғы жылдары тасымалдауға қатысты бірнеше конвенцияларды ратификациялады. Мысалы халықаралық әуе тасымалдарына қатысты кейбiр ережелердi-сәйкестендiруге арналған конвенция. Бұл акт әуе кемесi арқылы, адамдарды, теңдеме жүктi немесе жүктердi ақысын төлеп жүзеге асырылатын, сондай-ақ тегiн жүзеге асыратын барлық халықаралық тасымалдау мәселелерін реттейді кезiнде қолданылады.

Бұл конвенцияға сәйкес, «Халықаралық тасымал» деп тараптардың айқындамасына сәйкес, егер аялдама тiптi басқа уағдаласпаған мемлекеттердің егемендiгiне, тәуелсіздігіне, мандатына немесе өкiмет билiгiне қарасты аумақта көзделсе, жөнелтiм жерi мен тағайындалым жерi тасымал барысындағы үзiлiстiң немесе қайта тиеудiң бар-жоғына қарамастан, не екi жоғары уағдаласушы тараптың аумағында, не сол бiр ғана жоғары уағдаласушы тараптың аумағында орналасқан кездегi барлық тасымал аталады.

Халықаралық тасымалдау шарты жасалған болып, шарттың екі жақ тараптары да өзара еркіндік білдіруі болған кезде есептеледі. Осылайша, жүкті тасымалдау шарты ереже бойынша, консенсуалдық шарт болып табылады, яғни шарттың мазмұны мен екі тарап танысқан сәттен бастап құқықтық нәтижені тудырады, бірақ басқа да жағдайлар бар, олар әр түрлі ұлттық заңдарда бекітілген.

Жүкті тасымалдау шарты бойынша бір тарап, яғни тасымалдаушы өзіне басқа тараптың, жүк жөнелтушінің сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға, яғни алушыға оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге міндеттенеді.

Жолаушы мен тендеме жүкті тасымалдау шарты тиісінше жол жүру билетімен және тендеме жүк түбіртегімен рәсімделеді. Жол жүру билеті мен тендеме жүк түбіртегінің нысаны көлік туралы заң актілерівде көзделген тәртіпте белгіленеді.

Шарт нақты болып табылады және жүк жөнелтушінің жүкті белгілі мекенге жеткізуге тасымалдаушыға беріп, оның осы мақсатты жүзеге асыруды қабылдап алған сәтінен жасалған деп танылады. Жолаушыны тасымалдауға қатысты шарт жасасқан кезде келісім қай кезден басталатынын анықтау қажет. Құқықтық доктрина және сот тәжірибесі бұл сұрақты шешудің бірнеше жолын үсынады (билетті сатып алу сәті, көлік құралына отырғызу басталған сәтте және т.с.с.).

            Халықаралық жеке көлік құқығында тасымалдау шарты екі жақты сипатқа ие және көліктік жабдықтауды қайтарумен байланысты бола бермейді, сонымен қатар, құқықтық доктрина және сот тәжірибесі тасымалдау шартының қайтарымсыздығын білдіреді.

            Сондықтан әр мемлекеттердегі тасымалдау шартының нақты анықтамасы өзара ұқсас, дегенмен, өзара айырмашылықтарға ие.

            Тасымалдау шартында әр түрлі құқықтық субъектілер қатысады. халықаралық тасымалдау талаптарының субъектісі ереже бойынша жеке және заңды тұлға табылады. Шарттың бір тарабы ретінде тасымалдауға мүдделі және осы тасымалдау үшін белгілі бір ақшалай сыйақыны төлеуге дайын тұлға танылады; тасымалдау шартының екінші тарабы ретінде көлік құралын иеленуші және сондықтан, белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті жүзеге асырушы тұлға қатысады. Шарт бойынша бір тарап болып табылатын тасымалдаушы ретінде көлік ұйымы, яғни тасымалдаушы танылады, бірақ «тасымалдаушы» деген ұғымның өзі эволюцияға ұшырады.  Англосаксондық, француз, неміс құқығы бойынша тек кана тасымалдау шартын жасасқан көлік кұралын меншіктенуші (2). Француз және неміс құқығында «көлік иеленушімен»  қатар «фрахтователь» термині пайда болады, осындай өзгерістер Солтүстік Еуропаның көптеген елдерінде және Голландияда пайда болды (3). Халықаралық тасымалдауда тасымалдаудың бірнеше түрі бар: теңіз тасымалы, әуе тасымалы, теміржол тасымалы, автокөлік тасымалдауы, аралас тасымал.

Халықаралық тасымалдаушы жүктердi автомобильмен халықаралық тасымалдау шартының мазмұны бойынша: жүктердi халықаралық тасымалдау қауiпсiздiгiне және олардың сақталуына қатер төнгенi туралы жүк жөнелтушiнi (жүк алушыны) дереу хабардар етуге, бұл орайда жүк жөнелтушiден (жүк алушыдан) алынған нұсқауларды сақтауға, сондай-ақ жүктердi Халықаралық тасымалдау қауiпсiздiгiн және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде өзi жүргiзген әрекеттер туралы дереу хабардар етуге; жүктi қабылдау кезiнде тауар-көлiк жүкқұжатындағы жүк орындарының санына, олардың маркалануы мен нөмiрлерiне қатысты жазбалардың дәлме-дәлдiгiн, сондай-ақ жүктiң және оның орамасының сыртқы жай-күйiн тексеруге; автокөлiк құралына тиеудiң белгiленген нормаларын сақтау, автомобильмен Халықаралық тасымалдауды орындау қауiпсiздiгiн және жүктiң сақталуын қамтамасыз ету мақсаттарында жүктiң салынуы мен бекiтiлуiн бақылауға;  жүк алушы автомобильмен Халықаралық тасымалдаушыға қатысы жоқ себептермен жүктi алмаған жағдайда, жүктi межелi пунктiнде, келген күннен бастан отыз күн бойы, тез бүлiнетiн жүктi - төрт күн бойы сақтауға мiндеттi.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Конвенция от 28.05.1999 г. "Конвенция для унификации некоторых правил международных воздушных перевозок"

1.Ермолаев В.Г., Сиваков О.В. Международное частное право. Курс лекций. М. 1998.

2.Игнатьев Д.Ю. Договор международной железнодорожной перевозки грузов: его понятие, значение и правовая природа. Правовая и философская мысль. Вып.1 Саратов-Санкт-Петербург 2001.