Оқытушы: Нурызбаева Сатыпалды Наурызбайқызы

Ғылыми жетекші: магистр Нурбекова Ш.К.

 

Гуманитарлы-экономикалық колледж

 

Міндеттеменің ұғымы мен оның жүйесі

«Міндеттеме» - бұл АК-да міндеттемелік құқықтық қатынастар ретінде  беріледі: «Міндеттемеге сәйкес бір адам басқа адамның пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу, және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға  міндетті, ал несие беруші борышкерден өз міндеттерін талап етуге құқылы. Несие беруші борышкерден атқарылғанды қабылдауға міндетті» [1, 292].

Егер өндіру өрісінде сатып алу-сату рәсімделсе, онда мүлік, еңбек нәтижесі ретінде  өндіріс өрісінен айналым өрісіне, сонан соң қайтадан өндіріс өрісіне ауысады. Егер халық тұтыну тауарларын сатып алу-сату  жүргізілсе, онда мүлік айналым өрісі арқылы өндіріс өрісінен тұтыну өрісіне ауысады. Мүліктің өндіріс өрісінен айналым және тұтыну өрісіне ауысымен байланысты барлық қатынастар міндеттемелік қатынастар болып табылады [2, 589].

Осыдан барып міндеттемелік қатынастардың ерекшеліктері және олардың басқалардан айырмашылығы туындайды.:

1. Міндеттеме - мүліктік емес азаматтық құқықтық қатынастармен  салыстырғанда  мүліктік құқық қатынастары болып табылады. 2. Егер заттық құқық қатынастары үшін материалдық игіліктердің берілгендігін  бекіту керек болса, міндеттемелік үшін иеленіп қойған материалдық игіліктердің ауысуын бекіту керек, сондықтан заттық құқық қатынастарда - жылжымалық сипат бар; 3. Бұдан заттық құқықтық қатынастардағы міндетті тұлғалардың пәс мінез-құлқы және міндеттемелік құқық қатынастардағы міндетті тұлғалардың белсенді мінез-құлқы туындайды; 4.Міндеттемелік құқық берілген адамға нақты міндетті қарсы тұрады, ал заттық құқықтық қатынастарда құқық берілген адамға анықталмаған міндетті адамдар қарсы тұрады; 5.Міндеттемеге заттық құқықтармен, бәрінен бұрын меншік құқығымен, тығыз байланысты болу тән. Міндеттемелік құқық қатынастар заттық құқықтық қатынастардың туындысы және олармен өзара байланысты. Міндеттемелік заттық құқықтық қатынас, туындаған кезде заттық қатынастардың болуын, көздейді, ал ол өз тарапынан міндеттемелік құқық қатынастарының дамуының заңдық нәтижесі болып табылады. Сатып алу-сату меншік құқығының болғандығын көздейді, сонымен қатар, сатып алу-сату нәтижесінде меншік құқығы пайда болады. Яғни, міндеттеменің көмегімен меншік құқығының немесе басқа заттық құқықтардың ауысуы болады. Міндеттеменің жоғарыда келтірілген нышандарына сүйеніп, оған анықтама беруге болады: міндеттеме дегеніміз - мүліктік салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынас, оған сәйкес бір тарап екінші тараптың пайдасына  мүлікті беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөнінде белгілі бір әрекет жасауға  не білгілі бір әрекеттен бас тартуға міндеттенеді. Белгілі бір әрекетке бармау міндеті, яғни әрекетсіздік  борышкер міндетінің мазмұны ретінде міндеттемеде сирек кездеседі. Әрекеттер жасауға бармау міндеті, әдетте, әрекет жасау міндетіне қосымша болып табылады. Мысалы, кепіл міндеттемесі бойынша кепіл ұстаушы немесе сақтау шарты бойынша сақтаушы кепілге салынған немесе сақтауға берілеген мүлікті пайдалануға құқылы емес, егер шартта басқадай көзделмеген болса [2, 590].

Егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапқы несие берушінің құқығы жаңа несие берушіге құқықтың ауысуы кезінде болған көлемде және сондай жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жаңа несие берушіге міндеттемені орындауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ басқа да құқықты, соның ішінде алынбаған сыйақыға (мүддеге) құқықты талап етуге байланысты құқықтар ауысады. Борышқор талаптардың осы адамға ауысқанына дәлелдемелерді өзіне табыс еткенше жаңа несие берушіге міндеттемелерді орыңдамауға құқылы. Талап етуді басқа адамға берген несие беруші оған талап ету құқықтарын куәландыратын құжаттарды беруге және талапты жүзеге асыру үшін маңызы бар мәліметтерді хабарлауға міндетті. Борышқор міндеттеме жөніңдегі құқықтардың жаңа несие берушіге ауысқаны туралы хабарды алар кезінде бастапқы несие берушіге қоймақшы болған қарсылықтарын жаңа несие берушінің  талаптарына қарсы қоюға құқылы. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, міндеттеме жөніндегі несие берушінің құқықтары заң құжаттары және соларда көрсетілген мынадай жағдайлардың болуы негізінде [4, 129].

1) несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құкықты мирасқорлық нәтижесінде; 2) заң құжаттарында мұндай ауысу мүмкіндігі көзделсе, несие беруші құқықтарының басқаға ауысуы туралы сот шешімі бойынша; 3) міндеттемені оның кепіл болушысы, тапсырушы немесе осы міндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын кепілге зат берушінің орындауы нәтижесінде; 4) сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына жауапты борышқорға несие берушінің құқықтарын алып берген кезде; 5)  заң құжаттарында көзделген өзге жағдайларда басқа адамға ауысады.

Борыштың ауысуы дегенді былай түсінген жөн   несие беруші, борышқор және үшінші тұлға арасындағы соңғысының борышты өз мойнына алу жөніндегі келісім  шарты. Борышқордың өз борышын басқа адамға ауыстыруына тек несие берушінің келісімімен ғана жол беріледі. Бұл түсінікті де, өйткені, несие берушіге борышкорының кім екеңдігін білу маңызды ғой. Сондай-ақ борышқорының тындырымды әрі төлем төлей алатын қабілеті болғанын қалайды.Оның үстіне бұрынғы борышкордың міндеті жаңасына айна  қатесіз ауысуы шарт, жаңа борышқор несие берушімен бастапкы борышқордың арасындағы қатынастарға негізделген қарсылықтарын несие берушінің талабына қарсы қоюға құқылы. Борыштың ауысуымен бірге үшінші жақтың тағайындаған кепілі мен кепіл болушылық өзінің күшін тоқтатады. Ол тек кепілдік беруші немесе кепіл беруші жаңа борышқор үшін жауап беруге келісілген жағдайда ғана күшін жоймайды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, үшінші адамның әрекеттері салдарынан міндеттемені орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын өтеуді талап етуге құқылы. Ортақтасқан міндеттемені орындаған борышқор қалған борышқорлардың әрқайсысына оның өзіңе тиесілі үлесін шегеріп, тең үлеспен кері талап қоюға құқылы. Борышқорлардың бірі ортақтасқан міндетті орындаған борышқорға төлемегені осы борышқорларға және қалған борышқорларға тең үлесте түседі [4, 136].

Кейде міндеттемелік құқыққа мүліктік емес сипаттағы әрекеттер де жатады. Мысалы, театр драмалық шығарманың авторымен жасаған шартқа сәйкес жарнамада автордың аты-жөнін көрсетеді. Мұңдай мүліктік емес құқық пен міндет мүліктік әрекетке байланысты болатын міндеттеме мазмұнында қосалқы рөл атқарады  [3, 216].

7. Құқықтық қатынастарға сәйкес міндеттеме заңмен қорғалады. Борышқор өз міңдетін орындамаған жағдайда оған мемлекет тарапынан мәжбүр ету шарасы қолданыла алады. Сол арқылы міңдеттемені талапқа сай орыңдауы қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде - несие берушінің бұзылған мүддесі қалпына келтіріледі. Міндеттемені бұзған кезде қолданылатын мәжбүрлеу шарасына санкция жатады, сол арқылы міндеттемеге қажетті толықтыру енгізіледі. Бұл мәжбүрлеу шарасының түп қазығы болып табылады. Ол тек міндеттеме бұзылған жағдайда ғана жүзеге асады. Санкция қолдану нәтижесіңде борышқордың міндеттемені бұзуына жол берілмейді немесе орын алған кемшіліктің жойылуына жағдай жасалады, ал несие беруші кеткен ағаттықтан болған залалдың орнын жабады. Бірақ та, санкцияның әр түрі бұл міндеттерді әрқалай шешеді [2, 220].

Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық-құқықтық қатынастар жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтудың да, осы мақсаттың алдын алудың да тәрбиелікмаңызы айрықша. Азаматтық құқық қатынасының субьектілері болып табылатын талаптар өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар  мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық-құқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік жеке сипатқа ие. Яғни   оның қолданылуы құқықтары мен мүдделеріне зиян келтірілген субъектінің немесе жәбірленушінің атынан талап   арыз қоюға құқылы тұлғаның еркіне тәуелді болады. Кәмелетке толмағандардың мүдделеріне зиян келтірілген кезде, егер олар ата-анасының қамқорлығында болмаса, талап-арыз бала тәрбиелеу мекемелерімен, қорғаншылар мен қамқоршылармен, тікелей қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен немесе прокурормен қойылады. Өз құқықтарын өздері қорғай алмайтын тұлғаларға зиян келтірілген жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілік мүмкіндігінше мүлтіксіз жүзеге асырылуға тиіс. Ол үшін қажетті жағдайлар заңнамамен қалыптасуға тиіс, мұндай қажеттілікті деликтілік құқық нормаларын қолданатын мемлекеттің құзіретті органдары мен соттары тарапынан ескерген жөн. Мемлекетке, жария мүддеге зиян келтіру жағдайларына да қатысты осындай ой айтыла алады.

 

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Төлеуғалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Жалпы бөлім. Алматы, 2001.-376 б.

2.Сулейменов М.К., Басин Ю.Г.Азаматтық құқық. 1-том. Алматы,2003.-735 б.

3 Дүсіпов Е.Ш., Қағазов О.К. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Жалпы бөлім.-Алматы, 2006.-158 б.

4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ресми мәтіні ( Жалпы және ерекше бөлімдер ); 2-бас., 2007 жылғы 1 ақпанға дейін толықтырулар мен өзгерістер енгізілген нұсқасында.- Алматы, 2007.-488б.