ӘОЖ 974 (3)
Әлеуметтік
дағдарыстың адамдар психологиясына кері әсері және
кикілжің туындау себептері
Сариева Т.Қ. 2
курс магистранты. ғылыми
жетекшісі: Ордабаев Н.
Аннотация
Зерттеудің
өзектілігі жастар ортасындағы кикілжіңдердің алдын алу
мен шешудің қажеттілігінен туындап отырғанымен, сонымен
қатар әртүрлі жас, әлеуметтік және
демографиялық топтар арасындағы кикілжіңдерді болдырмау,
шешу, жоюдың және алдын ала ескертудің қажеттілігінен
кикілжіңдік жағдайларды ескертудің
ғылыми-психологиялық негізін зерттеу қажеттілігінен туындап
отыр. Яғни, туындаған
мәселелерді әрбір адам нәтижелі шешу үшін
кикілжіңдердің пайда болу себептерімен оны шешу тәсілдерін,
сонымен қатар кикілжіңдік жағдайдағы
мінез-құлықтың стильдерін теориялық білімдері мен
практикалық дағдыларының қажетті деңгейін
меңгеріп алуы, болашақта жақсы қарым-қатынас
арқылы, иеленген кикілжіңдерді басқара білу құнды
дағдысы әрбір адамның бүкіл өмірінің
жолында қажет болады.
Түйін сөз: кикілжіңдердің
алдын алу, әлеуметтік және демографиялық топтар арасындағы
кикілжіңдер, шешу, жою, алдын ала ескерту
Кикілжіңдер –
қазіргі қоғамның әлеуметтік және
саясаттық өмірінің маңызды
құбылыстарының бірі болып саналады. Адамның
қоғамдағы өмірі күрделі және жеке
индивидтердің, сонымен қатар үлкен және кіші әлеуметтік
топтардың қызығушылықтарының
қақтығысына жиі алып келетін
қарама-қайшылықтарға толы екендігі баршамызға
анық.
Мұндай қасиеттер
қоғамымызды көптеген қиыншылықтарға
және көптеген кикілжіңдерге әкеп соқтырады.
Кикілжің (лат.«conflictus») күштердің, пікірлердің,
жақтардың қақтығысын білдіреді.Статистика бойынша
мұндай үдеріс әр түрлі әлеуметтік және
демографиялық топтар арасында байқалады. Қазіргі кезде
көбінесе оқушылар немесе жасөспірімдер, жастардың кикілжіңге түскіштігінің
көрсеткіші өте жоғары болып тұрғаны белгілі. Әсіресе
мектеп қабырғасындағы оқушылар арасындағы
кикілжің мәселесі өзекті болып саналады. Оқушылардың, әсіресе
жасөспірімдердің жеке басының қалыптасуы барысында,
бұл өтпелі кезеңді басынан өткеруінде көптеген
қиыншылықтарға кездеседі: балалықтан өз бетінше өмір
сүруге талпынысы, ағзаның үйлесімді күрт
өзгеруі, ортасының да солай өзгерістерге түсуі т.б.
факторлар баланың жеке тұлға болып қалыптасуында
көптеген қарама-қайшылықтар, түсінбеушіліктер
туындап, қоршаған ортадағы жағымсыз әсерлерге,
қалыпты талаптарға әр түрлі жауап қайтаруда
өзгереді. Соған байланысты жасөспірімдердің өзін-өзі
басқаруы, істеген қылығы кикілжіңге жақын болады.
Жасөспірімдер мен жеткіншектердің кикілжіңдік
қылықтарының топтасып бір-біріне қарсы шығу,
өзін топта ерекше етіп көрсету сияқтылардан басқа жаңа
түрлері пайда болуда: олар саяси ұйымдасқан экстремистер
құрамында, рэкеттер, мафияның құрамында болып,
көптеген қылмыстық әрекет жасауда (соның ішінде,
ішімдікке салыну, нашақорлық, бұзықшылық сонымен
қатар жезөкшелік, қоғамдық ережелерді бұзу,
т.с.с.), міне осындай факторлар көптеген кикілжіңдерге әкеп
соқтырады.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан
дамуында ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізу
үшін адамгершілігі мол, мәдениетті, ғылыми және
шығармашылық дамуы жоғары деңгейлі
интеллектуалдық қоғамдық потенциалдың
болуында»,-деп көрсеткен. Яғни, бүгіндері демократиясы
дамыған өркениетті елдер қатарына бағыт ұстап
отырған еліміздің болашағы жастар, бүгінгі мектеп
оқушылары болып табылады. Жастар динамизммен, мобильділігімен,
жаңашылдыққа икемділігімен, өзгермелілігімен, тез шешім
қабылдағыштығымен, барынша макимализмімен ерекшелінетіні
белгілі. Сондықтан да бүгіннен бастап олардың бойына
ұлттық рухты сіңіре отырып, Отанымыздың шынайы патриоттарын,
мәдениетті, білімді, парасатты,
бауырмал, ізгі ниетті, адал азаматтарын тәрбиелеп шығару екенін
ескертеді.
Сондықтан да жастар
ортасындағы кикілжіңдердің алдын алу мен шешудің
қажеттілігінен туындап отырғанымен, сонымен қатар
әртүрлі жас, әлеуметтік және демографиялық топтар
арасындағы кикілжіңдерді болдырмау, оларды алдын ала
ескертудің қажеттілігінен және ол жағдайларды шешу мен
жоюдың, кикілжіңдік
жағдайларды ескертудің ғылыми-психологиялық негізін
зерттеу қажеттілігінен туындап отыр. Яғни, туындаған
мәселелерді нәтижелі шешу үшін кикілжіңдердің
пайда болу себептерін, оны шешу тәсілдерін, сонымен қатар
кикілжіңдік жағдайдағы мінез-құлықтың
өзіндік ерекшеліктерін теориялық білімдері мен тәжірибелік
дағдыларының қажетті деңгейін меңгеріп алуы,
болашақта жақсы қарым-қатынас арқылы, туындаған
кикілжіңдерді басқара білудің дағдысы әрбір адамзат
үшін, оның әрі қарайғы бүкіл
өмірінің жолында қажет болады.
Кикілжіңдер –
қазіргі қоғамның әлеуметтік және саясаттық
өмірінің маңызды құбылыстарының бірі.
Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе
жеке адамның дамуы күрделі үдеріс екені анық. Бұл
үдеріс әрқашан да жұмсақ түрде жүзеге
аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан
және шешілуімен байланысты. Әрбір адамның, әрбір
ұжымның немесе ұйымның, әрбір елдің
бүкіл ғұмыры қарама-қайшылықтардан
тұрады. Мұндай қарама-қарсылықтардың
табиғатын әрбір адамның әртүрлі ұстанымдарды
ұстануына, әртүрлі
қызығушылықтары бойынша жетекші болуына, әртүрлі көзқарастарына
байланысты мақсаттағы талпыныстарына байланысты өздерінің
қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және
мақсаттарын жүзеге асыруда бір-бірімен екі немесе одан да көп
тұлғалардың қарама-қайшы қақтығыстарға
жиі түсуімен түсіндіруге болады. Кейде бір-бірінің арасында туындаған
қақтығыс тек бір ғана адамға ғана емес,
сонымен қатар әлеуметтік топқа, кейде мемлекетке де
қарсы күреске түсуі мүмкін.
Олар өзінің
қарсыласының мақсатына жетуіне кедергі жасау мүмкіндіктерін
белсенді түрде, талмай іздейді, олардың мақсаттарының қанағаттандырылмауын
тілейді немесе олардың көзқарастарын, қоғамдағы
беделін, оларға қымбат дүниелерді, олардың өмірдегі
алатын орнын өзгертуге тырысады. Физикалық күш қолдану,
қару қөолдану, өміріне қауіп төндіру
және дау, қорқыту арқылы жүретін
қарама-қайшылықтық қақтығысты
кикілжің деп атайды.
Бірақ
жоғарыда айтылғандардың барлығында
қызығушылықтар мен мақсаттардың
қарама-қайшылығы өзара кикілжіңге әкеп
соқтырады деп ойлауға болмайды. Қарама-қайшылық
пен кикілжің – бір нәрсе емес және
қарама-қайшылықтың дамуы әрқашанда
кикілжіңге ұласпайды. Кикілжің туындауы үшін
қарсыластар, яғни жеке тұлғалар немесе олардың
әлеуметтік топтары, біріншіден, өздерінің мақсаттары
мен қызығушылықтарының
қарама-қарсылығын сезінуі қажет, ал екіншіден,
өзінің қарсыласына белсенді қарсы әрекеттер
жасауы қажет. Екі немесе одан да көп жеке
тұлғалардың, топтардың, партиялардың,
елдердің, т.с.с. бір-біріне белсенді қарама-қарсылық
әрекеттер жасайтын болса, тек сонда ғана
қарама-қайшылықтар әлеуметтік
кикілжіңдердің негізі болып табылады.
Қоғамдық
өмірдің барлық сфералары – экономикалық,
саясаттық, әлеуметтік рухани жағы – барлығы өзара
көптеген дифференциацияларға, қарама-қайшылықтарға,
әртүрлі мақсаттар мен
қызығулықтарының қақтығыстарына толы.
Сондықтан да қоғамда әртүрлі кикілжіңдерге
орын бар. Кикілжіңге жеке адамдар және олардың топтары немесе
әлеуметтік топтар, ұлттар, мемлекеттер, кейде мемлекеттердің
коалициялары да түсуі мүмкін. Әртүрлі кикілжің
түрлерін тудырушы объектілер және оны шешу тәсілдері бар,
сонымен қатар кикілжіңді әрекеттерді тудырушы
субъекттердің түрлері аз емес, олар тек бөлек ерлер немесе
әйелдер, балалар немесе жастар, жұмысшылар немесе студенттер,
оқымыстылар немесе жазушылар типтес ғана емес, сонымен қатар
олардың бүкіл топтары –кәсіби жағынан, партиялық,
ұлттық, рухани және тағы басқа жағынан да
болуы мүмкін. Сондықтан өзінің объектісі және
субъектісі бойынша, қарама-қайшылықтарының
әрекетінің мінездемесіне қарай, оның түбірлі
негізіндегі себебіне, дамуы мен шешілуіне, тереңдігі мен өту
ұзақтығына байланысты кикілжіңдердің
әртүрлі де әрқилы түрлерін ажыратуға
болады. Бірақ кикілжіңдердің әрекеттерінің
интенсивтілігінің функцияларының, қоғамдағы рөлінің
әртүрлілігіне қарамастан, дұрыс та терең зейін
аударсақ, олардың барлығына ортақ
ұқсастықтарды сызып көрсетуге болады.
Кикілжіңнің
объектісі болып әлеуметтік ортадағы және қоршаған
ортадағы құбылыс немесе үдеріс, немесе басқа да кез
келген зат болып табылуы мүмкін. Мысалы, жер, су ресурстары,
жекеменшілік, мәдениеттік құндылықтар немесе авторитет,
бедел, басқару, т.с.с. Ал кикілжіңнің субъектісі болып – жеке
адамдар , сонымен қатар олардың ортақ жиылысы – жанұя,
ұжым, ұлт және тағы басқа болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Анцупов А.Я., Шипилов
А.И. Конфликгология. - М, 1999ж
2. Донцов А.И., Полозова Т.А. Проблема объективных
детерминант межличностного конфликта в группе. - М, 1982. С.
3. Анцупов А.Я., Шипилов А.И. Проблема конфликта:
аналитический обзор, междисциплинарный библиографический указатель. - М, 1992.