Психология и социология/3.Современные тенденции
в методологии психологических исследований.
Аға оқытушы Какенова Д.Б.
«Өрлеу» БАҰО»
АҚФ Қарағанды облысы
бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институты, Қазақстан
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру
бағдарламасы - ізгілікке тәрбиелеу кілті
Халықтың бақытқа бөленуін
көздегендер әуелі оның бойына ізгілік дарытқаны абзал.
Уызға жарымаған қозыдай ізгілікке мейірі қанбаған
адамның бақытты болуы мүмкін емес. Ой-өресі
жоғары, парасатты жандар әрқашан да ізгілік пен бақытты
тел емген егіз ұғымдар
ретінде қарастырған. Өйткені, ізгілік
деп – ең жоғары адамгершілік құндылықтармен
жасанып, тұтас тіршілікке
сүйіспеншілікпен назар салуды айтамыз.
Фетуллах Гүлен
Қазіргі
қоғамдық санада болып жатқан өзгерістер мен
жаңарулар жас жеткіншектерді жалпыадамзаттық
құндылықтар мен өмірдің қарапайым
ақиқаты тұтастығында тәрбиелеуді нысана
тұтады. Жастардың бойында әлемдік мәдениетті
бағдар ұлттық мәдениетті сезімін ұлғайту
әлеуметтік белсендігі дамытады. Сол себепті, оқыту
құндылықты беруге назар аударылып, білім мазмұынына
дүниетанымдық және рухани-адамгершілік сипаттары айқын
мәселелерді көбірек қамту мәселелері қажеттігі
туындайды. Қазіргі педагогика ғылымы тәрбие саласындағы
басымдық міндеттердің бірі ретінде жас ұрпақты
ғасырлар бойы жинақталған халық даналығының
жалпыадамзаттық құндылықтарын меңгерту негізінде
тәрбиелеу қажеттігін дәлелдеп отыр. Бұл іс ізгілікке
жол ашады.
Ізгілік (латынша Нumanitas — адам
табиғаты) — адамның еркін ойлауының әр түрлі
көріністерімен байланысты; оған сәйкес еркіндікті, адамның
индивидуалдық дамуын уағыздайды. Қоғамдық
жағдайы мен өзінің шығармашылық күштерін еркін дамытатын жеке бас
құқығына тәуелсіз түрде, адамның
құндылығын, адамдардын арасындағы тендік,
әділеттілік, адамгершілік қатынастарды қуаттайтын
көзқарастар мен идеялар жиынтығы [4].
Осы ізгіліктің бастауына көз салсақ,
Жүсіп Баласағұни өзі туған түркі
дүниесі халқының салттарының әдет -
ғұрыптарын, дәстүрлерін жақсы біледі, оның
рухани өміріне тереңдей енді. Ойшыл ғалымның айтуынша,
егер адамда ізгілікке қарсы тұратын белгілерді жеңетін
күш жоқ болса, онда ұнамды сапалар жойылады, жоғалып
кетеді. Бұл құндылықтар мен олардың қарама
- қарсылықтарының халықтық түсіндірмесі
мыналар:
• біріншісі – ақыл, оны ашулану, өшігу
күңгірттендіреді;
• екіншісі - достық, оны күншілдік бұзады;
• үшіншісі - ұят, оны тойымсыздық, ашкөздік жояды;
• төртіншісі - жақсы тәрбие; оған нашар орта әсер
етуі мүмкін;
• бесіншісі - бақыт, ал оны қызғаншақтық
бүлдіреді, - деп
«Құтты білік» дастанының "Тіл
өнерінің қасиет - сипаты мен пайда зияны" айтылатын
тарауын да егжей - тегжейлі қозғалған. Халықтық
тәрбие дәстүрлерін жетік білгені
Баласағұнға мінез - құлық ережелерін
жүйелеуге жәрдемдесті. Аталған мінез-құлық
ерекшеліктері адамның ізгілігінің құрауыштары.
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фарабидің
ойларына сүйенсек, жас
ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш
нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу шарт екенін
айтады. Ол:
1.
Баланың ішкі ынта-ықыласы,
құмарлығы;
2.
Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы;
3.
Сабақ процесінің алатын орны.
Ғалым дене
тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің
ұқсастығына, оның бір-біріне тигізетін әсеріне
ерекше мән берді.
Осы
шарттарға қысқаша тоқталсақ, баланың ішкі ынта-ықыласы,
құмарлығы ізгіліктен бастау алады. Ұрпақ
тәрбиесіне айрықша мән беру адамгершілікке жетелейді.
Кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып,
ұяттылық, әдептілік, имандылық, көрегенділік,
мейірімділік, шарапаттылық ізетпен ілтипат танытып отыру – әдеп
нормалары, ұлттық тәлімнің ең көкейтестісі.
Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі от басы, ошақ
қасында басталады. «Ел боламын десең бесігіңді түзе»
деген қазақ атамыз. Жастарға рухани тәрбие беру
құндылықтары – ар ұят, адамгершілік, адамдық
қасиеттерді ардақтау және сақтау.
Екінші шарт - ұстаздың
шеберлігі, ар тазалығы.
Әбу Насыр әл Фарабидің ойымен сабақтасақ,
«Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік
түсінген, көрген, естіген және аңғарған
нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың
ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте
шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны
таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап,
үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін
батыл, ержүрек болуы керек» – деген еді. Осы бір қасиетті
мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны
ерекше. Осындай ұстазға тән мінез-құлық
ізгілікпен ұштасып, бала жүрегінің төрінен орын
алған жағдайда жас ұрпақтың рухани бай,
адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған, елін
сүйер абзал азамат болары сөзсіз.
Демек, білім сапасын
көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ оның
теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық
қызметі. Мұғалім үшін басты ереже –
басқаларға үйреткеніңді алдымен өзің
орындау. Мұғалім ойы, сөзі және ісі үйлесімді
борлуы керек. Әр сабағын сүйіспеншілікке толтыра білген
мұғалім ғана білімнің мақсатына қол жеткізе
алады.
Үшінші шартқа тоқталсақ, сабақ процесінің
алатын орны басты назарда. Қазақстандағы
жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік және
білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа
сатыға көтеріліп, жаңаша
реңге ие болуы, жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту
жүйесін жақсартуды талап етеді. Еліміздің ертеңі
– бүгінгі жас ұрпаққа саналы тәрбие беруде,
өмірде баланың жеке тұлға болып қалыптасуына
ерекше мән берген Сара Алпысқызының игі бастамасы білім беру
саласына жаңаша бетбұрыс әкелді. «Өзін – өзі тану» оқу пәні ретінде жеке
тұлғаның рухани – адамгершілік тұрғысынан
дамуында түйінді рөл атқарады [5].
«Өзін –
өзі тану» пәнін оқыту процесінде жүзеге асырылатын
рухани – адамгершілік білім берудің табыстылығы – пәнді
жүзеге асырудың мақсат, қағидалар, міндет,
мазмұны және жағдайымен шартталады. Себебі, бұл үдеріс тек оқушыны ғана емес,
мұғлімді де өзгертеді.
Өзін –
өзі тану пәнін оқытудың шарттары:
1. Сүйіспеншілік, сенім, өзінің шығармашылығын
ашуға мүкіндік жасау, өзін – өзі зерттеу, өзін
және әлемді сезіп, ұғынуын дамытуға жағдай
жасау.
2. Рухани – адамгершілік білім беруде тек жағымды адамгершілік
тәсілдерді қолдану қажет.
3. Рухани – адамгершілік білім беруді мектептің тұтастай педагогикалық
үдерісімен ықпалдастыру [2].
Қазақстан
қоғамындағы өскелең ұрпақтың
рухани – адамгершілік білімі мен тәрбиесі жалпыадамзаттық,
жалпыұлттық, этномәдени және тұлғалық
құндылықтардың үйлесімді жинақталуына
бағытталған. Осы құндылықтар адамның
өзін толық іске асуына, өмірдегі өз рөлі мен
өмірлік мұратының мәнін ұғынуына,
қоғамға қызмет етуіне мүмкіндік береді.
«Өзін – өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру
бағдарламасын жүзеге асыруда пәнді жаңа
құрылым бойынша өткізу, мектепте оқытылатын басқа
пәндерді өзін-өзі тану пәнімен интеграциялау және
оқудан тыс іс-шаралардың рухани мазмұнын тереңдетуге
қазіргі таңда біліктілікті арттыру курстарының
мазмұнында баса назар аударылады.
«Өзін – өзі
тану» рухани – адамершілік білім беруді пәндермен ықпалдастыру –
бұл білімді жандандыру, оның рухани – адамгершілік мәнін ашу,
жалпыадамзаттық құндылықтарға және әр
түрліліктен ұқсастықты ажыратуға негізделген,
барлық пәндердің синтезі, тұтас білім.
«Өзін – өзі тану» рухани –
адамгершілік білім беру мен мектептегі басқа пәндерді
ықпалдастырудың дүниетанымдық негізі адамның
әлемді биологиялық және әлеуметтік тұрғыда
меңгеруі ғана емес, қоршаған әлемдегі
өмірмен, қозғалыспен, даму және тәртіппен
үйлесімділікте, адамның
санасында мәңгілік жалпыадамзаттық
құндылықтар ретінде байқалатын жоғарғы
рухани табиғатпен тұтастай түсінуімен, байланысты [1].
Әр сабақтың құндылықтық
әлеуетін арттыру ғана ізгілікке жол ашады. Баланы
жан-жақты дамытып, өзінің ішкі дүниесін тану
арқылы өмірдің мәнін пайымдауға үйретуді
мақсат ететін «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік
білімінің қағидалары мен
әдістеме-нұсқауларының қайнар бұлағы
– ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардан
негіз алады. Атап айтқанда, халқымыздың
аңыз-әңгімесі, ертегісі, мақалы, нақыл
сөздері, ұлылардан ұлағат алу, ақын-жазушыларамыздың
шығармашылық еңбектерінен тәрбиенің түйінін
табу, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйрену «Өзін-өзі тану»
пәнінің өзегі болып табылады. Бұл пән адамды
жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағыт ұстайды.
Әрбір жеке тұлға, жеке азамат өмірдің мәнін
түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін
аша білуі қажет. Осыған орай, өтілген әрбір сабақ
баланы өзінше ойлауға, шешім шығаруға, өз ісіне
жауапты болуға баулиды. Ғасырлар бойы ұрпақтан
ұрпаққа жеткен халқымыздың мол мұрасы осы
пән арқылы келесі ұрпаққа жетіп жатса
біздің де мақсаттарымыздың орындалғаны. Өзін –
өзі тану білімінің құндылық
тұрғысындағы мәнін күшейте түсіп, жеке
тұлғаның риясыз сүюін, өзіне және өз
күшіне сенуін, жақсылық жасауын, өзін және
өмірді бар мүмкіндігінше тануын, өзін – өзі жетілдіруі
мен физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік,
шығармашылық өсуі тұрғысынан үйлесімділікке
қол жеткізу қабілеттерін ашады және дамытады [3].
Білімнің жаңа жүйесі педагогика теориясымен
оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен
қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы
білім беру қызметіне жаңаша қарауды,
оқушының шығармашылық қабілетін дамытуды
талап етеді. Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір
шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.
Өмірде дұрыс жол табу үшін, дұрыс ой түйіп,
өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге
үйренуі. Оқушылардың белсенділігімен танымдық іс-әрекеттері
арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда
айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау,
осыған орай оқытуды ізгілендіру мектептерінің алдында
тұрған үлкен міндет екені белгілі.
Мұғалім - оқудан тыс шараның басты негізі болады.
Ол оқушылар үшін
тәлімгер және шабыт көзі болып, адами
құндылықтар негізінде өмірде кездесетін кез-келген
жағдайларды адамгершілікпен шеше білуге көмектеседі.
Әрбір айтылған сөз іс-әрекет арқылы
орындалса, әңгіме моральды-адамгершілік тақырыбында
жүргізілсе, онда айтылған сөздер бала санасында өшпеуге
сенім бар.
Оқудан тыс іс-шара міндеттері:
1.
Оқушылардың бойына
ізгі қасиеттерді дамыту;
2.
Балалардың қоғамдағы
әлеуметтік-мәдени ортамен үйлесімді байланысын
қалыптастыру;
3.
Балаларды мәдениетті адамдарға тән адамгершілік
нормалармен таныстыру;
4.
Жеке тұлға ретінде әр оқушының жеке
ой-пікірімен санасып, шығармашылық іс-әрекеттер арқылы
өзін-өзі айқындауға басшылық жасау;
5.
Табиғат, қоғам байлықтарына
жауапкершілікпен қарайтын тұлға қалыптастыру;
6.
Оқушылардың патриоттық қасиеттерін
арттырып, Отанын,отбасын, достарын, мектебін сүюге тәрбиелеу.
Әрбір
адамның болашағы балалық және жастық
шағындағы көргендері мен алған әсеріне тікелей
байланысты. Жастар адамның рухын шыңдап, жігер беретін ортада
ақыл-ойы ұшқыр, көргенді боп өседі. Ізгілік –
адамдықтың негізі, әрі адамгершілік қасиеттерінің
жиынтығы. Ізгілік – адамды
басты құндылық ретінде танитын, оның адами
қасиеттері мен азаматтық құқығын
қорғау, тұлға
қабілетінің еркін және жан – жақты ашылуына
жағдай жасау.
Қорыта айтқанда,
рухани-адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына
өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт,
сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды
құндылықтарды дарыту арқылы адамның
қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла
түсуіне, ақыл-парасатын дамытуына яғни сәнді де
мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.
«Өзін-өзі тану» пәні баланы
өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға,
өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және
қоршаған өмір жағдайларында өзінің
бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім
қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері
үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді. Тәуелсіз
Қазақстанның ертеңгі болашағына өз
үлесін қосар білікті маман, зерделі азамат болып, ел тағдырын
шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға
ұмтылған әрбір жас үшін ізгілік өте қажет.
Әдебиеттер:
1.
Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. Методика преподавания
дисциплины «Самопознание» в школе. Учебно – методическое пособие для учителей.
Алматы: ННПООЦ «Бөбек», 2013г.
2.
Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. «Самопознание» и другие
предметы: возможности интеграции содержания и метеоедв обучения. Учебно –
методическое пособие для учителей. Алматы: ННПООЦ «Бөбек», 2013г.
3.
Өзін-өзі тану
терминдерінің түсіндірме сөздігі. 9 б.
4.
Орысша-қазақша
заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. —
Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%80%D0%BD%D0%B0%D0%B9%D1%8B:%D0%9A%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%BF_%D2%9B%D0%B0%D0%B9%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BB%D0%B0%D1%80%D1%8B/9965112746