Тұлға бойындағы жан күйзелісін
жеңудің психологиялық негізі
А.Ш.Танирбергенова
– «Тұран-Астана» университетінің доценті педагогика
ғылымдарының кандидаты
М.Ж.Шолықбаева
- «Тұран-Астана» университетінің магистранты
Ключевые слова: Социокультурно-когнитивный подход, синергетический подход, психологическая основа преодоление стресса
у личности.
Кілтті
сөздер: әлеуметтік-мәдени-когнитивтік тәсіл,
синергетикалық тәсіл, тұлға бойындағы жан
күйзелісін жеңудің психологиялық негізі.
Keywords: Sokial, culbural, cognitive anal synergebic apporoach of
indiniduali sbress obercoming.
Түйіндеме
Мақалада
тұлға бойындағы жан күйзелісін жеңудің
психологиялық негізі екендігі ашылып көрсетілген.
Аннотация
В
данной статье
рассматривается психологическая основа преодоление стресса у личности.
Annotation
In this article psychological basis is examined
overcoming of stress at personality.
Жан қуаттарының
күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі
топтарға жіктеуіміз керек. Мұны жан қуаттарының
топтастырылуы деп атайды. Осылайша адамзат жаңа заман өміріне,
ғылыми техниканың информациялық жасанды табиғатқа
бейімделу үстінде. Ал, адам өмірге бейімді болғысы келсе, ол
өзінің дене құрылымын, сана-сезімін, ақыл ойын
соған жаттықтыра, шынықтыра түсуі қажет.
Бұлардың бәрі адамның сезім дүниесімен,
санасымен, ақыл-ойымен атқарылады. Осы аты аталған адам адам
психикасының, яғни адам жанының әр түрлі
қасиеттері, ауыртпашылықтар мен қиыншылықтар
үстінде сан қилы қозғалыстарға түседі. Оны
жан дүниесіндегі қозғалыстыңсыр-сипаты мен мәнін,
олардың әр адамның жеке басына түсетін
ауыртпашылықтарды жеңу үстіндегі күрес кезіндегі
жағдайларын және осы күрес үстінде
ауыртпашылықтарды пәрменді жеңу үшін жан дүниесін
қалай шынықтырудың тәсілдерін баяндау осы
жұмыстың негізгі мазмұны болмақшы.
Күйзеліс және жарақаттанғаннан кейінгі
күйзеліс арасын теориялық қосуға қарамастан,
бұл екі түсініктің ортақтығы аз. 1936 ж. Ганс
Селье стресс концепциясын ұсынды, оның ойынша стресс
ағзаның өзін-өзі сақтайтын және стрессорға
реакция үшін ресурстарды мобилизациялайтын гомеостатикалық модель
болып табылады. Ағзаға әсер ететін барлық агенттерді
екіге бөлді, ол спецификалық (тұмау вирусы
тұмауды тудырады) және жалпы адаптациялық синдром
түрінде көрінетін спецификалық емес стереотиптік эффектілер. Бұл синдром
өзінің дамуында үш сатыдан өтеді: 1) мазасыздану
реакциясы; 2) ресистанция сатысы және 3) қажу сатысы. Селье
ағзаның гомеостатикалық механизмдерінің адаптациялық
құрылуы негізінде мобилизацияланатын адаптациялық энергия
түсінігін енгізді. Қажу Селье бойынша ол қайтарылмайтын
және ағзаның қартаюына, жойылуына алып келеді. Жалпы
адаптациялық синдромның психикалық көрінуіне
эмоционалды стресс деген атау берілген – яғни стрессті бастан
өткізетін аффективті бастан кешу
және адам ағзасын қолайсыз өзгерістерге алып келеді.
Экстремалды және бұзушы факторлардың әсерінен стресстік
реакциялық эмоционалды аппарат бірінші қосылады, ал бұл кез
келген мақсатқабағытталған
мінез-құлықтық актімен байланысты. Осынын салдарынан
мінез-құлықтық реакцияны реттейтін вегетативті
функционалды жүйелер және олардың спецификалық
эндокриндік қамтамасыз етілу белсендендіріледі. Стресстік ситуацияны
жеңе алмаған жағдайда шиеленістік күй пайда болады да
ағзаның алғашқы гормоналдық өзгерісне алып
келеді, бұл ағзадағы гомеосазды бұзады. Кейбір
жағдайларда қиындықты жеңуге ағзаның
мобилизациялануының орнына, стресс қауіпті
бұзылыстардың себебі болуы мүмкін. Бірнеше рет
қайталануынан немесе өмірлік қиындықтармен ьайланысты
аффективті реакциялардың жалғасуынан эмоционалды қозу
тұрып қалған станционарлы форманы қабылдауы
мүмкін. Мұндай жағдайларда ситуация қалыпқа келсе
де тұрып қалған эмоционалды қозу әлсіремейді. Ол вегеративті
жүйке жүйсін белсендендіріп, сол арқылы ішкі органдарды
және жүйенің жұмысының бұзылуына алып
келеді. Егер ағзада әлсіз буындар болса, олар аурудың
қалыптасуының негізі бола алады. Эмоционалды стресстен пайда
болған мидың нейрофизиологиялық реттелуінің түрлы
құрылымындағы алғашқы бұзылыстар,
жүрек тамыр жүйесінің, асқазан-ішек жұмысының
қалыпты жұмыс істеуін өзгертеді, қан
жұйесінің өзгеруіне, иммундық жүйенің
бұзылуына әкеледі. Эмоционалды стресстер өзінің
пайдаболуына әлеуметтік болып табылады, және оған деген
қарсы тұра алу адамдар да әр түрлі болып келеді.
Қазіргі көз қарастар бойынша, стрессордың
нәтижесінен физикалық бұзылыспен бірге психикалық
сферада бұзыысқа ұшыраса стресс травмалық болып
табылады. Мұндай жағдайда концепциялар бойынша, өзіндік
(самость) құрылымы, әлемнің когнитивтік модельі,
аффективті сфера, неврологиялық механизмдер, ес жүйесі,
үйренудің эмоционалды жолы бұзылады. Мұндай
жағдайларда травмалық оқиғаға жататындар –
күшті негативті салдарға ие экстремалды дағдарыстық
ситуациялар, өзіне және жақындарына өмірлік қауіп
төндіретін жағдайлар болып табылады.
Атақты
шетел психологі Ганс Селье стрестің келесі сатыларын анықтады:
әсерге тікелей
реакция (мазасыздану сатысы);
максимальды
эффективті адаптация (ресистенттілік сатысы)
адаптациялық
процестің бұзылуы (қажу сатысы).
Бұл сатылар кез
келген адаптациялық процеске тән. Стрессті тудыратын
факторлардың бірі эмоционалды шиеленістік, ол адамның эндокриндік
жүйесінің өзгеруіне әкеледі. Мысалы, клиникадағы
науқастарды экстремалды зерттеуде, үнемі жүйкелік шиеленісте
жүретін адамдар вирустық инфекцияны ауыр өткеретінің
анықтаған. Мұндай жағдайларда білікті
психологтың көмегі қажет.
Психикалық стрестің
негізгі белгілері:
1) стресс-
ағзаның күйі, оның пайда болуы ағза мен орта
арасындағы өзара әрекетті көрсетеді;
2) стресс-
неғұрлым шиеленіскен күй, әдетегі мотивациялық
күйге қарағанда, ол өзінің пайда болуында
қаупті қабылдауын талап етеді,
3) стресс-
қалыпты адаптациялық реакция жеткіліксіз болған
жағдайда орын алады.
«Адам-орта»
тепе-теңдігінің бұзылуы, бұл индивидтің психикалық және физикалық
ресурстарының жетіспеушілігі, өзекті қажеттіліктерін
қанағаттандыра алмауының көзі қауіп (тревога)
болып табылады. Қауіп бұл:
белгісіз
қауіпті сезінуден;
диффузды
ққауіптену және үрейді күту;
белгісіз мазасыздану
болып табылады.
Адекватты
емес жағдайдан мазасыздану қарқындылығы және
ұзақтығы бойынша, адаптациялық
мінез-құлықтың қалыптасуына кедергі келтіреді,
мінез-құлықтық интеграцияның бұзылуына
және адам психикасының жалпы дезорганизациясына әкеледі.
Професор Березин
психикалық адаптация процесіндегі элементтерді көрсететін
мазасызданудың қатарларын көрсетті:
1) ішкі шиеленісті
сезіну-қауіптің айқын белгісін көрсетпейді, тек
оның жақындап келе жатқандығы туралы сигнал береді
және рихани дискомфорт тудырады.
2)
гиперстезиялық реакция – мазасыздану күшейеді, алғашқы
нейтралды стимулдар негативті көрініске ие болады, ашуланушылық
күшейеді.
3) өзіндік мазасыздану - орталық элемент болып болып табылады.
Белгісіз қауіпті түйсінумен көрінеді. Негізгі белгілері:
қауіпті анықтай алмау,
оның пайда болу уақытын айта алмаушылық. Адекватты
емес логикалық қайта өндеу жиі байқалады, соның
нәтижесін фактілердің жетіспеушілігінен дұрыс емес
қорытынды шығарады.
4) қорқыныш – белгілі бір обьектіге
нақтыланған үрей. Дегенімен үреймен
байланыстырылған обьектілер үрейдің себебі болмауы да
мүмкін, субъектіде үрейді белгілі бір әрекеттермен
өзгертуге болады деген түсінік қалыптасады.
5) жақындап келе жатқан
катастрофаның қайтпайтының түйсіну –
мазасызданушылық бұзылыстың
қарқындылығының өсуі субъектіні болған
оқиғаны жою мүмкін еместігі жөнінде түсінік
қалыптасады.
6) мазасыз-қорқыныштық
қозу (тревожно-боязливое возбуждение) – үреймен пайда
болған дезорганизация максимумға жетеді және
мақсатқа бағытталған іс-әрекет мүмкіндігі
жоғалады.
Әр
адам өз өмірінде сан алуан қиыншылықтар мен ауыртпашылықтарды
кездестіруі мүмкін. Олармен күресіп, соларды жеңумен
өмір жолын кешеді. Өмір деген, қиыншылықтармен
күрес, деп Маркс тегін айтпаған ғой. Өмірдің сыры
мен сипаты осы күрес жолында анық мақсатына жету
үстінде қиыншылықтармен күресе отырып, шыңдалады,
жетіледі, рухани қанағаттанады. «Күрес деген өмір
шарты: күрес тоқтаса, ол өмірдің өшкені», деген
В. Г. Белинский: Алайда өмірде кездесетін
қиыншылықтардың түрі де мол. Енді осы өмірде
кездесетін қиыншылықтардың түрі де мол. Енді осы
өмірде кездесетін қиыншылықтардың қайсыбірін
жеке-жеке қарастырайық. Солардың бірі адамның
мінез-құлқына, іс-әрекетіне байланысы жоқ
тысқары дүниенің себебінен пайда болатын сәтсіздіктер,
апаттар, бақытсыз жағдайлар. Одан адамның басына
ойламаған жағдайда кенеттен тап болады. Мұндай
жағдайдың салдарынан оған тап болған адам әр
түрлі күйге түседі. Өзінің жеке басының
басына ойламаған жағдайда кенеттен тап болады. Мұндай
жағдайдың салдарынан оған тап болған адам әр
түрлі күйге түседі. Өзінің жеке басының
ерекшелігіне байланысты әр адамның жан дүниесінде
әрқилы психологиялық сипат туады. Біреулер кенеттен
туған бақытсыз жағдайда тілден айырылғандай мелшиетін
болса, екінші біреулер дауыс көтерін жылайды.Үшіншісінің
көз жасы көл болып еңіресе, төртіншісі
ұстамдылық етіп, өзін-өзі ұстай біледі, бойын
билеген дегбірсіздіктен тез құтылады. Әрине, кенеттен болсын,
біртіндеп болсын адам басына тап болған ауыртпашылық оның жан
дүниесіне дақ салмай әр адам әр түрлі жолмен арылады.
Адам жанына түсетін мұндай жарақаттар психикалық
жарақаттар, деп аталады. Психикалық жарақаттың ерекше
бір қасиеті оның сырттан онша білінбей жан-дүниесінің
терең түбінде жатуында.
Адамның
көңіл-күйіне түсетін ауыртпашылықтардың
түріне кісі- аралық қым-қыйғаш
қарым-қатынастарда жатады. Күнделікті өмірде адамдар
өзара қарым-қатынастарда іс-әрекет жасайды,
еңбектенеді, көңіл көтереді, т.б.сол сияқты
тіршілік өмір жүріп жатпақшы.
Жоғарыда
айтылған жанға түсетін ауыртпашылықтар әр
адамның жанына әр түрлі әсер жасап қана
қоймай, оған әр түрлі із де қалдыратынында.
Қиыншылыққа ұшыраған біреулер оны
қайсарлықпен жеңуге тырысса, екінші біреулер сағы
сынып, сарыуайымға беріледі. Қайсы біреулер қиындықты
елең етпей есінен шығаруға тырысады. Енді біреулер не болса
соған күйіп-піседі. Біреулер
ауыртпашылықтарды тез ұмытса, қайсыбіреулердің
көңілінде ол жоғалмайтындай із қалдырады.
Мұның бәрі әр
адамның жеке мінездерінің ерекшеліктеріне байланысты.Дегенмен де,
ауыртпашылықтар қай адамның болса да
көңіл-күйіне салмақ түсірмей, із салмай қоймайды,
тек оның әсері әркімге әр түрлі.
Мысалы, адамаралық
қайшылықтарға біреу жауап беріп, ашу шақыра
айқаса түссе, екінші біреу сыр білдірмей ашуын ішінен тындырады.
Жанға
да, тәнге де түсетін ауыртпашылықтардың бәрін
бірдей (түрлі ауру-сырқаулар, көңілге түсетін
салмақтар) жер жүзіне әйгілі Канада ғалымы Ганс Селье
стресс деп атаған. Жанға түсетін ауыртпашылықтар,
яғни психикалық стресстер тек қана невроздар емес, одан басқа
да ұзақ дамитын псхосоматикалық аурулардың тууына жол
ашады[4]. Адам өз өмірінде әр түрлі
ауыртпашылықтармен, яғни стресстермен кездеспей қоймайды.
Жүре келк оған төзеді, көнеді. Олармен күрес
үстінде адам шыңдалады, жетіледі, сөйте тұра ауыртпашылықтар
адамның көңіл-күйіне қаяу салмай қоймайды.
Бірақ адамның ардагерлік қасиеті оның
ауыртпашылықтар мен қайшылықтарға мойын ұсынбай,
оған қарсы тұрып қайрат көрсетуінде.Әр адам
мұндай ардагерлікке өз білгенінше жол табады. Жас кезінде оны
үлкендер үйретіп, тәрбиелесе, есейе келе ол өз
тәжірибесін дамытады. Сөйтсе де, көп жағдайларда адам
ауыртпашылықтарға қарсы тұрудан қашып,
қысқа мерзім болса да өз қалпынан тайқып,
өз билігінен айрылғандай жағдайға түседі.
Бұл, әрине, невроздық жағдайдың белгісі.
Жан күйзелісі түрлі
қарым-қатынас жағдайында пайда болып отыратын
барлығымызға мәлім. Күйзеліс - (латын тілінен conflictus -
күйзеліс ) қарама - қарсы бағыттағы
оппоненттердің, субъектілердің мақсаттарының,
көзқарастарының,
бағыттарының
қарама-қайшылықтары.
Күйзеліс жағдайы - ұжымдағы
ситуацияның қайшылығының күшейген шегі.
Өзінің
табиғатына сай қарым-қатынастың сыртқы
шектеулері әр түрлі болуы
мүмкін. А.Б.Добрович
қарым-қатынастағы екі жақтың қанағаттанбаушылығын
туғызуға себеп болатын шектеудің 3 типін көрсетіп
береді /2/.
Шартты
түрдегі шектеулер - адамдар расында "конвенция"
болған жағдайда
пайда болады, яғни салт - дәстүр,
ғұрып өзін
қалай ұстау керектігін көрсетеді. Осыған сай жасы
төмен жастар - үлкендерді үлгі тұтып, тыңдау керек, үлкендер -
кішілерді үйретіп, көмектесу керек, күйеу бала қалыңдығын
қамқорына алу керек,
қалыңдық - басқа ер адамдарға
көңіл аудармау керек, достар-бір-бірін сатпай, алдамау керек. т.б.
Жағдайлық
шектеулермен - біз
толыққанды қарым-қатынас қатаң жағдайдың
шеңберінде шектеулі болған жағдайда кездесеміз. Қарым-қатынасқа
тұлғалардың серіктес ретінде
қатысуы жағдайды одан ары
қиындатып жататынын кездестіріп жатамыз. Мысал ретінде
жүгірушілердің эстафетаны беруі, қарауышының кезекті
өткізіп беру ережесі, студенттердің емтихандық сессиясы,
жапондықтардағы шәй беру рәсімін т.б.айтуға
болады. Сондықтан да қалалық транспортта кездейсоқ
кездескен әңгімелесушінің жеке өміріне қатысты
сұрақтар қойылмайды. ("Сіз бүгін жақсы
ұйықтамаған сияқтысыз?") немесе өзінің
жеке өмірі туралы хабар беру ("Білесіз бе, менің өмірден
көңілім қалған") Мұндай жағдайда жеке өміріне қатысты емес
қаратпа сөздерді қолдану керек. "Рұқсат па?-
Мәселе жоқ", "Рұқсат етесіз бе?-
Өтінемін", "Кешіріңіз-Айыбы жоқ" т.б..
Бұндай жағдайда осындай
жолмен көпшілік қарым-қатынасқа көшуге болады.
Эмоционалды
шектеу - қарым-қатынас атмосферасының құрылуында
анықталады. Егер
әңгімелесушілер бір-бірін кездестіргенде жасанды қуаныш пен
махаббатты сезінсе, онда олар қарым-қатынастағы бақытты минуттарды бұзбау
үшін олар өздерінің
уайымы мен проблемаларын жасырады. Егер
серіктестер эмоционалды суық болса немесе бір-бірімен жауласқан болса, онда олар конфликтіні шектеуге тырысып, қарым-қатынаста масканы қолданады. Мұндай
жағдайда әркім
өзінің серіктесіне
қуаныш сыйлауы өте сирек болады.
Н.И.
Шевандрин біздің
эмоциямызға негізделген келесі
кедергілерді көрсетіп берді:
Жек көру және
жиренгіштік кедергісі -
күнделікті өмірде жиі
кездеседі. Қолайсыз иістер, тер
қолдар, әңгімелесушіге тым жақын жүру әдеті
- бұның бәрі қарым-қатынастағы серіктесінің жиренгіштік сезімін
туғызады. Ал мұның
алдын алу үшін гигиена мен
әдетке жиі көңіл бөлу керек.
Уайым мен қайғырудан пайда болатын қарым-қатынастағы
кедергімен кез-келген адам кездеседі.
Қайғырудың адам ойын өзіне аударатыны соншалық,
ол адамның ойын басқа адамдарға бұру өте
қиын. Қайғыруға себеп әдетте
трагедиялық оқиғалар,
өзінің жағдайына
қанағаттанбаушылықтан,
артық физикалық шаршауды сезінуден пайда болады.
Қорқыныш кедергісі -
тұлғалар арасындағы
қарым-қатынаста кедергі жасайтын жеңуі қиын кедергілердің бірі. Кейбір адамдарда өмірлік қиын жағдайлардан
қорқыныш тез туындайды. Қорқыныштың себептері
түрлі болып кетуі мүмкін.
Сіз бұл қорқыныш кедергісін жеңе алуыңыз, оны
қаншалықты дұрыс шеше алуыңызға байланысты.
Ұят
пен кінә кедергісі - бұл басқа
біреудің немесе өзіне деген
қолайсыздықтан туатын кедергі. Ұят адамды сынау немесе
жақтау кезінде пайда болады.
Ұят пен кінәнің әңгімелесушімен қарым-қатынасты үзетін кездері аз емес. Артық ұялушылықтан зардап
шегетін және ұятқа мойынсынбайтын адамдар да бар.
Соңғылары өзінде
психологиялық қорған құрып
алған. Олар көп
жағдайларда, оларға сын айтқандарды тыңдамайды,
өзіне ақтаушы мотивтер
іздейді. Өте төмен және өте жоғары кінәні сезіну адамдар арасындағы психологиялық
қарым-қатынасты бұзады.
Күштеу шектеулері туралы біз серіктестердің біреуі тұлғааралық қарым-қатынасқа дайын болса,
басқасы қандай да бір
себептер арқылы бұдан өтіп кетіп, вербальды немесе вербальды емес жолдарды қолдана
отырып, өзінің серіктесін
тура соны істеуге
мәжбүрлеуінен көреміз. Осындай қарым-қатынасты әйгілі Шекспир сахнада бейнелеп берген болатын, оны
Рамеоның Капулетти әулетімен достасуға тырысқан
көрінісінен көруге болады. Осындай шектеудің ішінен мынандай
кедергілерді көрсетуге болады:
Жек көрушілік кедергісі - мінездің бейнеленуін көрсетеді,
бірақ бұл кейде нәсілдік немесе ұлттық кемсітушіліктен көрінеді. Кейбір
жағдайда ғана болмаса, оны жеңу қиын.
Қабылдау кедергісі - түсініксіз ойды
айтуда, әңгімедегі ойдың дұрыс
құрылмауы, т.б.
жағдайда пайда болады.
Ойдың
дыбысталуы, мағынасына қарағанда маңызды емес. Аз
эмоционалды сөздің адамның жүрегі мен жанына жол табуы
қиын.
Жоғарыда
айтылған сыртқы шектеулермен қатар,
қарым-қатынас кедергісі
ретінде басқа да факторлар конфликтінің пайда болуына әсер етеді. Көбіне ішкі
психологиялық кедергілермен
күйзеліс жиі кездеседі. Кез-
келген конфликт өздігінен пайда болып, ізсіз жоғалып кетпейді. Кез-келген әрекеттің
астында
қарым-қатынастағы
әріптестердің мақсаттар, ал конфликтінің артында - қарым-қатынастағы серіктестердің мақсаттары
мен тілегінің келіспеушілігі
жатады. Әйгілі психолог М.
Аргайл
қарым-қатынастың маңызды мотивтері,
конфликтінің себептері ретінде:
өзіндік таным, рухани және эмоционалдық байланыс,
басқару, агрессия, басқаларды өзіне
бағындыру сияқты т.б.
себептерді көрсетіп береді/9/.
Күйзелісті шешудің бес негізгі стильдері
Томас-Килменн әдісі деп аталатын жүйенің негізіне
салынған бағдарламаларда бейнеленген және кеңінен
қолданылған (1972ж. Кеннет У.Томас және Ральф Х.Килменнмен
өңделген). Жүйе әрбір адамға күйзеліс жағдайы барысында өзінің
жеке мінез-құлық стилін анықтауға
көмектеседі. Күйзеліс
жағдайына байланысты көрсететін
мінез-құлықтың негізгі стильдері, екі немесе одан да
көп күйзеліс ушы жақтардың
қызығышылықтарының сәйкес келмеуінен пайда
болатын кезкелген күйзеліс тың жалпы себебімен тығыз
байланысты.
Сіздің белгілі
бір күйзеліс
жағдайдағы көрсететін мінез-құлық
стиліңіз өзіңіздің жеке бастық
қызығушылықтарыңызды (белсенді немесе енжарлы
әрекет ете) және екінші жақтың
қызығушылықтарын (бірігіп немесе жеке әрекет ете)
қанағаттандыру шегімен анықталады. Егер де графикалық
түрде бейнелейтін болсақ, онда кикілжіңді шешетін бес негізгі
стильдердің әрқайсысының атауын және алатын орнын
анықтайтын Томас-Килменн торын аламыз.
Күйзеліс жағдайына байланысты
мінез-құлық стильдерін анықтайтын Томас-Килменн торы
|
Өзіңіздің
жеке қызығушылықтарыңыз ды
қанағаттандыруға тырысатын іс-әрекетіңіз |
Қарсыластық стилі |
---------- |
Бірлестік стилі |
Белсенді әрекеттер |
|
---------- |
Компромисс стилі |
--------- |
||
|
Күйзелістен кетіп қалу стилі |
----------- |
Бейімделу стилі |
Енжарлы әрекеттер |
|
|
Жеке әрекеттесу |
|
Бірігіп әрекеттесу |
Бұл
тор өзіңіздің және кезкелген басқа адамның
стилін анықтауға көмектеседі. Алдымен белсенді және
енжарлы әрекеттер деп белгілеп қойған жақтан
бастаңыз. Егер сіздің реакцияңыз енжарлы болса, онда сіз
күйзелістен шығуға тырысасыз; ал егер де белсенді болса, онда
сіз оны шешуге талпынасыз. Мұндай бағалауды өзіңізге
және кикілжіңдесуші екінші жаққа да
қолдансаңыз болады. Тордың жоғарғы жағы
бірігіп әрекеттесуге жатады. Егер де сіз бірігіп әрекеттесуді
қаласаңыз, онда сіз кикілжіңді кикілжіңдесуші адаммен
немесе күйзеліске қатысушы адамдар тобымен бірігіп шешуге
тырысасыз. Ал жеке әрекеттесуді қаласаңыз, онда
мәселені шешудің өз жолын іздейсіз.
Тордың
екі бөлігін біріктіргенде, ортасындағы компромисс стилімен
қоса бес стильден тұратын матрицаны аласыз. Ол бірдей
деңгейде кооперативті және индивидуалды, сонымен бірге енжарлы
және белсенді мінез-құлықты қамтиды. Егер де
әртүрлі стильдерге мұқият қарасаңыз,
әдетте өзіңіздің күйзеліс жағдайларда қолданатын стильді
тануыңыз мүмкін; сонымен қатар сізбен байланысты
адамдардың әдетте қолданатын стильдерін де анықтай
аласыз. Бірақ белгілі бір жағдайда сіз басқа стильді
қалауыңыз мүмкін. Әрбір адам қандай да бір
деңгейде осы стильдердің барлығын қолдануы
мүмкін, бірақ әдетте әрбір адам приоритеттісін
қолданады.
Қарсыласу
стратегиясында іскерлік әріптесіне қатысты басқарушылық
әдісін пайдаланады, даулы сұрақта өз бағытын
алға шығаруға талпынады, әріптесінің қарсыласқанына
қарамастан мұны өзгенің қызығушылығын
тастап, жоғары белсенділік танытады.
Біріккен іс-әрекет жасау стратегиясында
да басқарушы алдыңғы стратегиядағыдай
әрекетіндегі сәттілікке ұмтылады, алайда, мұнда тек
өзінің емес, сонымен бірге әріптесінің де
қызығушылығы ескеріледі, сөйтіп Жан күйзелісі көзқарастан
қашушылық орын алады.
Компромисс
стратегиясында басқарушы әріпсестерімен пікір келісімін реттеуге
тырысады, әріптесінің қызығуларына назар аудара отырып,
оның назарын өз жағына аударады.
Кету
стратегиясында қойылған мақсатқа жетудегі
жауапкершілігінен бас тарту, өзіндік шешім қабылдамайды,
іс-әрекеттегі жетістікке құлықсыздық танытады.
Бейімделу
стратегиясында басқарушы басқарушылық мақсаттағы
іс - әрекетінің нәтижелілігіне белсінділік танытпайды,
бейтараптылық бағытын ұстанады. Бұл стратегия
адамдармен Жан күйзелісі жағдайлардан қашуға
негізделген, бұл бағытты ұстанған басқарушы жағдайдан
кетуге және жауапкершіліктен бас
тартуға да бейім болады.
Күйзеліс құрылымын
түрлі авторлар өзінше сипаттайды, дегенменде негізгі элементтері
барлығына дерлік түсінікті. Бұлар-Жан күйзелісі
жағдай қатысушылардың
ұстаным, обьект,
күйзеліс тың даму мен шешілуі. Бұл элементтер
күйзеліс типіне байланысты
жүреді [14].
М.
Дойчтің еңбектерінде күйзеліс тың екі түрі аталады: диструктивті
және продуктивті. Диструктивті күйзелістердың анықталуы
көбінесе қарапайым түсінік пен сәйкес келеді. Күйзеліс
тың осындай типі өзара әрекеттің шайқалуына
әкеліп соғады. Диструктивті күйзеліс өзін тудырған себептерден
тәуелсіз болған. Оған спецификалық даму тән,
нақтырақ айтсақ күйзеліске тартылған
қатысушылардың санының көбеюі, олардың Жан
күйзелісі әрекеттер мен бір-біріне деген жағымсыз істердің санының өсуі,
т.б.
Келесі
– күйзеліс тың «эскалациялық»
сипаты бұл Жан күйзелісі жағдайдың өрши
түсуі, қарсыласына деген жек көрініштің өсуі.
Күйзеліс тың мұндай түрін шешу әсіресе қиын
болатын, мұны шешудің негізгі тәсілі келісімге келу
мұнда жетістікке жету үлкен қиыншылық тудырады.
Продуктивті күйзеліс - көбінесе белгілі бір мәселеге байланысты түрлі
көзқарастардың
және оның
шешілуінің түрлі жолдарының болуына байланысты. Мұндай жағдайда күйзеліс
тың өзі мәселені
түсінуді қалыптастырады.
Қорыта айтқанда,
қарым-қатынастағы
күйзелістер біздің өміріміздің түрлі
қырлары мен формаларының әлеуметтік-экономикалық
және техникалық дамуының ерекшеліктеріндегі және
адамның еңбек
іс-әрекетіндегі
психологиялық білімдерінің рөлі арта түсуде.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кожахметова К.Ж.
Казахская этнопедагогика методология теория практика. –Алматы:
Ғылым,1998.
Баубекова Г.Д.
Этнопедагогика. – Астана: АртprintХХІ, 2009. – 192 с.
Ильина Т.А. Предмет
педагогики и методы научно-педагогических исследований. – М., 1983.
Маркарян Э.С. Теория
культуры и современная наука «логико-методологический анализ). – М., 1983. -
284 с.
Келли Д. Когнитивная
теория личности // Хьелл Л., Зиглер Д. Теории личности. –Спб.:Питер, 2007.-С.
Основные тенденции развития высшего образования:
Глобальные и Болонские измерения//Под науч.ред.д.пед.наук профессора
В.И.Байденко. –Астана:Исследовательский центр проблем качества подготовки
специалистов, Независимое Казахстанское агентсво по обеспечению качества в
образовании(НКАОКО). – 2010.-352с
Байденко В.И. Компетенции: к освоению
компетентностного подхода. Лекция в слайдах. Авторская версия. – М.:
Исследовательский центр проблем качества подготовки специалистов, 2004.Userfiles/ 20100311083502.paf