Психология/Психология
развития
Педагогики және психологии магистрі, аға оқытушы
Салғараева Г.И., психологии магистрі, оқытушы Айуп Ж.Г.,
педагогики
және психологии магистрі, аға оқытушы Ағыбаева С.Е.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті,
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРҒА
ҚҰМАРЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі кезде
оқушы жастар арасындағы агрессивті
мінез-құлықтың көбеюі күннен-күнге
өзекті мәселеге айналып жатыр. Қоғамда жетістіктерге
жету күресінің құралы ретінде агрессивтілік ашық
және жасырын формада қолданылуы сирек емес. Мұндағы
жасырын формаға компьютерлік ойындар жатады.
Агрессивтілік
жеткіншектердің жеке тұлғасында негізінен
қоғамдағы орнына қанағаттанбаудан,
үлкендердің оларды түсінбеуіне қарсылық
көрсету түрінде қалыптасады, яғни агрессивті
мінез-құлық көрсетуінен байқалады.
Қазіргі кезде
жеткіншектерге жаңа заманғы жеке өздерінің
компьютерлері зиянды қауіп төндіріп отыр. Жеткіншектер
әртүрлі көптеген компьютерлік ойындарға
өзінің бос уақытының бәрін дерлік арнайды. Он бес
жыл бойы фантазиядағы (ойындағы) және шынайы өмірдегі
жауыздықтың арасында тығыз себеп-салдарлық байланысы
бар ма деген пікір таластар жүруде. Алайда, психологияда компьютерлік
ойындарға бейімділіктің, агрессивтіліктің жеке тұлғалық қасиет
ретінде қалыптасуына ықпалы аз зерттелінген.
Бүгінгі
күні білім беру саласын компьютерсіз елестету мүмкін емес. Балалар
бұл күрделі техниканы жылдам және үздік
меңгеруде. Меңгеру барысында мектеп оқушыларының
логикалық ойлау қабілеті жылдамдап, өзіне тиісті
қызметтерді жетік жоспарлайды және өмірге икемді келеді.
Қазіргі
кезде психологтар адамдардың құмарлық ойындарға
тәуелділігі немесе гэмблинг тәуелділік сұрақтарын
зерттеуге арналады. Ойынға тәуелді адамның өмірі
қалыпты өмірден өзгеше болады және толығымен
жаңа
құндылыққа бағынады.
Құмарлық
ойындарға деген тәуелділік (ойынмания, лудомания және
гэмблинг-тәуелділік) бүкіл әлемге жайылған, соның
ішінде Қазақстанда да көптеп кездеседі. Құмарлық
ойындарға жасерекшелік құрамы (жеткіншектік кезеңнен
кәрілік кезеңге дейін), материалды қамтамасыздығы,
қарым-қатынас шеңбері, этникалық тобы және т.б.
жағынан әртүрлі адамдар қабаты тартылады. Бұл жәйт
құмарлық ойындардың әртүрлі формалары мен
түрлерінің адамдардың түрлі категориясының кіріс деңгейі
мен қызығушылықтарына байланысты қарастырылған
кеңдігімен түсіндіріледі. Сонымен қатар,
құмарлық ойындарды кез келген адам ойнай алады, өйткені
құмарлық ойындардың көпшілігі ерекше шеберлікті
қажет етпейді [1].
Бұл
мәселе қазірігі дамыған коммуникация кезінде ерекше
өзекті болып отыр. Интернет жүйесінің пайда болуымен,
компьютелік ойындар әрбір үйде қол жетерлік нәрсе.
Бүгінгі күні жұмсақ жиғаздан
тұрмай-ақ құмарлық ойындарды үйде
ойнауға болады. Мұндай интернет-казинолардың
тартымдылығы жасерекшелік бойынша шектеулердің болмауы,
ойыншылардың толығымен жасырындылығының кепілдігі.
Мұндай мүмкіншіліктердің болуы жас ерекшелік бойынша шектеу
қойылған балалар мен денсаулық жағдайына байланысты
ойын клубтарына бара алмайтын кәрі адамдардың ойнауына жағдай
жасайды. Екінші жағынан, ойынға деген кіші отбасы
мүшелерінің
қызығушылықтарының дамуына жағдай жасайтын
кейбір теледидарлық лотереяларға бүкіл отбасының
қатысуы кең таралған [2].
Сонымен бірге
соңғы кездері компьютерлік ойындарға деген
тәуелділіктің кеңінен таралып кетуін атап өтуіміз
қажет. Мұндай тәуелділіктің таралуы компьютерлік
технологияның адам іс-әрекетінің барлық аймағына
енуімен және компьютерлік ойындардың жоғары деңгейде
шынайы дамуы мен күрделігімен шартталған.
Осыған байланысты көптеген
американдық зерттеушілері құмарлық ойындарды
халыққа зиянын тигізетін салмақты әлеуметтік
мәселе ретінде қарастырады. Ойын барысында босаңсу,
эмоционалды қысымды жою, жағымсыз мәселелерден арылу
және ойынға уақытты жағымды өткізу
құралы ретінде қарау
мәселені тереңдете түседі. Бұл механизм бойынша
біртіндеп ойынға тартылу болып, тәуелділік қалыптасады [3].
Алғашында ойын жайлы қуанышпен айтады
және қатысуға шақырады. Біртіндеп уақыт
өткізудің бұл тәсілі қайталана береді,
адамға деструктивті әсер етеді.
1.
Жиі әуестену, ойынға кететін уақыттың молаюы.
2.
Қызығушылық шеңберінің өзгеруі,
алдыңғы мотивациялардың ойынмен ығыстырылуы, ойын жайлы
ойлардың мазалауы, ойын комбинацияларымен байланысты қиялдық
жағдайлардың үстемдік жасауы.
3.
Үлкен ұтыстан және жиі ұтылыстан кейін ойынды
тоқтатуға деген
«бақылауды жоғалту».
4.
Ойыннан кейінгі аралықтағы салыстырмалы қысқа уақытта және күрделі
меңгерілетін ойынға қайта қатысу тілегінен
психологиялық үйлесімсіздік, тітіркенушілік, мазасыздық
жағдайы дамиды. Мұндай күй нашақорлардың абстиненция
күйін еске түсіреді, адамда бас ауруы, ұйқының
бұзылуы, көңіл-күйдің төмендеуі, зейіннің
шоғырланушылығының төмендеуі байқалады.
5.
Ойынға қатысу біртіндеп жиілеп, жоғары
тәуекелділікке талпынумен сиаптталады.
6.
Ойын тілегімен ілесе жүретін қысым жағдайы
кезеңдері пайда болады, құмарлық ойынға
қатысу жолдарын табудың
мүмкіндіктері
қарастырылады.
7.
Ойынмен қош айтысқысы келгендер аз ғана арандату бола
қалған жағдайда, құмарлық ойындарға
қатысуды қайта бастайды, яғни азғыруға қарсы тұрушылықтың
төмендеуінің жылдам
қарқындауы байқалады [4].
Әдебиеттер:
1.
Арзуманов Ю.Л.
"О медицинских аспектах
игромании. Методы выявления, реабилитации и
профилактики. Опыт решения проблем игровой зависимости за рубежом" http://www.vesti.ee/avgust02/22/press.htm
2.
Балғымбаева. З.М., Ахтаева Н.С. Мектептегі психологиялық
қызмет. Алматы, 2006.
3.
Берн Э. Игры, в которые играют люди и люди, которые играют в игры. М., 1985
4.
Иванов М.С.
Психологические аспекты негативного влияния игровой компьютерной зависимости на
личность человека // Психологический журнал, 1999. том 20, 1, с 94 - 102.
5. Кулаков С.А. Диагностика и психотерапия аддиктивного
поведения у
подростков.
– М.: Смысл, 1998. – 195 с.