Психология / Психология развития
Психология магистрі, аға оқытушы Лимашева
Л.А.
Абай атындағы ҚазҰПУ
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕВИАНТТЫ
МІҢЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мінез-құлықтағы
қиындық және «қиын» балалар ұғымы 1920-1930
жылдары пайда бола бастады. Психолог педагог ғалымдар А.Макаренко,
С.Шацкий, Л.Выготский, П.Блонский және т.б. «қиын» балалар
мәселесін жан жақты зерттеді. Зерттеу жұмыстарының
нәтижелері бойынша «қиын» балалардың шығуына үш
фактор себепші болады.
1. Отбасы
тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы,
тұрмыстағы ұыс-керіс, маскүнемдік, ата-ананың
біреуінің болмауы.
2. Мектептегі
оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда жіберілген
кемшіліктер, яғни жеке оқушылардың
мінез-құлық ерекшеліктерін, ынта-ықыласын,
қызуғуын, талап-тілігін ескермеу:
3.
Жұртшылдық, қоғамдық ортаның тәрбие
үрдістеріне дұрыс көңіл бөлмеу болып
табылады. Қоғамды
алаңдатып отырған көкейкесті мәселеленің бірі -
тәрбиесі қиын балалардың санының көбеюі.
Ғылыми деректерге қарағанда, тәрбиесі қиын
балаларда байқалатын белгілер: біріншіден, анамалды қажетттілік,
екіншіден тұрақты жаман қасиеттер жиынтығы,
үшіншіден ата-аналармен немесе мұғалімдермен
тұрақты шиеленісу жағдайлары, төртіншіден, басқа
адамның көмегінсіз өзін-өзі түзетуге
қабілітсіздігі.
Сынып жетекшелері
тәрбиесі қиын балалармен жүргізілетін жұмысты мына
мәселелерден бастағаны жөн:
-
тәрбиесі қиын оқушылардың жас және дербес
ерекшеліктерін есепке алу;
- олардың
кемшіліктерін терең зерттеу, психологиялық-педагогикалық
және медециналық мәселелерін жете білу;
- мектептерде мақсатқа
бағытталған жоспар бойынша нақты жұмыстарды дұрыс
үйымдастыру, жетілдіру;
- психолог мамандармен жиі әңгіме
ұйымдастыруды дағдыға айналдыру.
Қиын оқушылардың шығу
себебіне үңілсек: 1) бұған қоғамдық
құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен
психикалық өзгеше қалыптасыунан немесе қалыпты нормадан
ауытқуы; 2) қоғамдық жағдай мен өмірдегі
тұрмыс жағдайы себепші болады;
3) педагогикалық тәрбиенің дұрыс болмауы.
Тәрбиелеуге
қиын оқушылар мен педагогтың оқудағы
қырым-қатынасын, оқушылардың қараусыз
қалушылығын педагогикалық рөлдің субъектпен
байланысын көрсетуінде функционалдық байланыс бар. Мектеп
қабырғасындағы эпизодтық төбелес,
ұрлық, мұғалім мен оқушы арасындағы жанжал,
т.б. барлығы мектеп өміріндегі бұзақылық
қалып. Бұзақылық сипат оқушылардың
қараусыз қалушылығының педагогикалық
мінез-құлқын бейнелейді.
Тәрбие жас ерекшеліктеріне
қарай жүргізілсе, баланың ынтасын дамыту арқылы
әдіс-тәсілдері жаңартылып отырса іс нәтижелі болады.
Осы орайда «Егер бала бұзақы бола бастаса, оған бұл
бала кінәлі емес, педагогикалық әдістер кінәлі» деген
А.Макаренконың пікірін қайта қарауға тура келеді.
Пайдасыз әдістердің зиянды салдарын түзеу үшін
жан-жақты ойластырылған, ғылыми негізделген
психологиялық-педагогикалық жүйе болуы керек. Р.В.Овчарова
ұсынған тәрбиеден тыс қалған баланы
педагогикалық тузету балармен
мектепте жұмыс істеудің бір түрі болып табылады.
Педагогикалық түзетудің негізгі құралдары –
түсіну, мұғалім жанашырлығы, қысымды алу,
тәрбиелік-оқу процесін жаңарту, баланың мәдени-ағарту
мүмкіндіктерін теңдестіру. Р.Н.Овчарова көрсеткен
әдістердің ішінде баланың өз мүмкіндіктеріне
деген сенімін қалыптастыратын тұлғалық перспективті
әдіс маңызды роль атқарады. Тәрбиеден тыс
қалған баланың тұлғалық жеке типтік
ерекшеліктерірінін психокоррекциялау әдістеріне қозғалыс,
танымдық, эмоционалды сферадағы дамуы, психогимнастикалық
әдістер, өнер құрылымдары арқылы емдеу
әдістері жатады. Ал ұлы Абайдың сөзі қайта
тәрбиелеу ісін жігермен бастауға дем береді. Ол жеке
тұлғаның қалыптасып дамуы туралы былай
тұжырымдайды: «Баланың ең алдымен қоршаған
ортасы, көшесі тәрбиелейді».
Жалпы «қиын» оқушыларды
тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда
психологиялық-педагогикалық проблема ретінде күн
тәртібінен түспей отырғаны
мәлім. Мұның өзі «қиын» оқушылар
санының жылдан жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда «қиын»
оқушыларға көбінесе жасөспірімдер жатқызылса,
бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да
осы категорияларға жататындар аз емес. Сондықтан «қиын»
оқушыларды балабақша жасынанан және бастауыш кезеңнен
бастап қолға алып, олардың сапалы білімімен саналы
тәрбие алуларына мүмкіндік жасалу керек. «Қиын»
оқушыларды тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесін
аса маңызды орынға ие болып табылады.
Әдебиеттер:
1.
Романенко-Бовакова Н.А. Основные направления работы практического
психолога. – Алматы, 2006
2.
Абрамова Г.С. Практическая психология. – М., Академический проект, 2005
3.
Ануфриев А.Ф. Психологический диагноз: система основных понятий. – М.,
1995.