к.т.н.
Тобашов М.Ш., магистр с-х.н. Джусупова А.М.
Казахский
гуманитарно-юридический и технический колледж, Кызылорда
Техникалық
қызмет көрсету орталықтарына жаңа технологияларды
қолдану арқылы тиімділігін арттыру
Қазіргі нарықтық жағдайда
қолда бар мүмкіндікті пайдаланып қаржы көзін табу
мекеме үшін маңызды мәселе. Осы мәселені шешу бірнеше
техника-экономикалық және инженерлік шешімдерді қабылдап
шешуді талап етеді. Себебі қазіргі уақытта қала бойынша жеке
меншік иелегіндегі жүк автокөліктер, автобустар саны
көбейген. Жеке меншік иелігіндегі автокөліктерге сапалы
ТҚК жұмыстарын
жүргізетін арнайы кәсіпорын жоқ.
Көрсетілетін қызмет сапасы мен оның
бағасы тұтынушыны толықтай қанағаттандыратындай
қызметті жолға қою маңызды іс-шара. Осы туындаған
сұрақтарға төмендегідей шешімді ұсынамыз:
-техникалық қызмет көрсету орнын
жаңа технологияларды тиімді пайдалануды ұйымдастыру;
-ТҚК
жұмыстарына сұранысты зерттеу;
-сұраныс көлеміне байланысты жұмыс
орындарының санын, көлемін анықтау;
-жұмыс орнының жүктелуіне байланысты
қажетті құрал-сайман және қондырғылар санын
табу;
-шеберхана жөндеу жұмыстарын
ұйымдастырған кезде, еңбекті ұйымдастырудың осы
кезеңге лайықты жаңа түрлерін қарастыру
қажет.
-шеберханаға қайта жөндеу
жұмыстарын жүргізу барысында 2-ТҚК орнын қайта
құрып керекті технологиялық жабдықтармен
қамтамазсыз етілуін, жұмыс орнын мекеменің ерекшеліктерін
ескеру қажет.
Шеберхананың күнделікті қанша автокөлік
өткізу мүмкіндігіне сай жұмыс орнындарын жеке-жеке
қарастырған жөн. Шеберханадағы төмендегідей жалпы постар мен цехтар қызметі
жасайды:
·
мотор
жөндеу және трансмиссия цехы;
·
қоректендіру
жүйесін жөндеу және электр цехы;
·
аккумулятор
цехы;
·
моторға
жедел қызмет көрсету немесе оларды орнынан алу орны;
·
қоректендіру
жүйесін реттеу орны;
·
электр
жабдықтарының ақауын түзеу орны;
·
трансмиссияға
жедел қызмет көрсету және оларды бөлшектеу үшін
алу орны;
·
май
ауыстыру орны және жедел усақ-түйек қызмет
көрсету орны;
·
майды
өңдеу және сақтау орны;
·
тежеу
жүйесін жөндеу цехы.
Жөндеу шеберхана
мүмкіндіктерімен талап-етіліп жатқан жөндеулердің
қатынасы бірден жоғары екендігі байқалады. Сол
мақсатта, жөндеу
шеберханасына реконструкция жасау керек деген
шешім қабылдауы тиіс.
Негізінен алғанда реконструкция үш
жағдайда өтеді:
–
технологияларды жаңа үлгіге сай өзгерту;
–
жабдықтарды жаңасымен ауыстыру;
–
қосымша бөлімшелер қосу арқылы
реконструкция
жасау.
Қорытынды:
Қазақстан Республикасының
жағдайында ең көп орын алатын көлік түрі болып автомобиль көлігі саналады. Автомобиль
көлігінің сенімді және тиімді жұмыс атқаруы
оның техникалық жағдайына байланысты болады. Автокөліктің
техникалық жағдайы оның техникалық қызмет
көрсетілуіне және жөндеуіне тікелей байланысты.
Әдебиеттер:
1.
Аксенов П.В. Организация и планирование
автотранспортных предприятий. М.: Колос, 1982.
2.
Бабусенко С.М. Проектирование ремонтно-обслуживающих
предприятий. 2-*е изд.,М.: Агропромиздат, 1990 г.
3.
Краморенко Г.В. Техническая эксплуатация
автомобилей. Москва: Транспорт 1972.
438б.