“Экономические науки” / 13.Региональная экономика
Аға оқытушы Утебалиева Д.Б. және ЭК-12-1тобының студенті Алиханова
М.
Ш.Есенов атындағы КМТжИУ,
Қазақстан
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру
және реттеу жолдары
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан
жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, мемлекет
саясатының маңызды бағыттарының бірі –
кәсіпкерлікті қорғау және қолдау болып табылады.
Осы тұрғыда кәсіпкерліктің келешегі үшін
Елбасының бизнесті тексеруге мораторий жариялағанын атап
өтуге болады. Қазақстан Республикасының Президенті 2014
жылғы 27 ақпанда еліміздегі кәсіпкерлік қызметтің
дамуына қажетті жағдайларды жақсарту жөніндегі
түбегейлі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды.
Жарлыққа сәйкес 2014 жылғы 2 сәуірден бастап 2015
жылғы 1 қаңтарға дейін орталық мемлекеттік
және жергілікті атқарушы органдарға шағын және
орта бизнес субъектілеріне қатысты тексерулер жүргізуге тыйым
салынды [33].
Бұл мораторий, ең алдымен, кәсіпкерлердің тынысын
ашып, өрісін кеңейту үшін жасалған қадам.
Сонымен, мемлекеттік органдар 2013 жылы 182 126 тексеру жүргізді,
бұл 2012 жылмен салыстырғанда 25%-ға аз (2012 жылы 242 698
тексеріс жүргізілді).
Тексерулердің қысқаруына қарамастан, шағын
және орта кәсіпкерлік субъектілеріндегі олардың
шоғырлануы байқалады. Шағын және орта бизнес
субъектілерінің жалпы тексерулердегі үлесі 92%-ды
құрайды.
Сондай-ақ, мемлекеттік бақылау бағыты қауіп
дәрежесі орташа және төмен тобына жатқызылған
субъектілерде болғаны байқалады. Олардың үлесі 74%
құрады. Осындай субъектілерге қатысты тексерулер
жүргізу мемлекеттік бақылауды қауіп дәрежесі орташа
және төмен субъектілерге қарағанда, қауіп
дәрежесі жоғары субъектілерге бағыттауға
мүмкіндік бермейді.
Әкімшілік іс жүргізу барысында мемлекеттік органдардың
мемлекеттік бақылаудың жазалау тәжірибесін
қолданатынын байқалады.
2013 жылдың қорытындысы бойынша әкімшілік
жазалаудың жалпы санындағы айыппұл үлесі 98%-ды
құрады, бұл мемлекеттік органдардың ескертуді
әкімшілік жазалау шаралары ретінде қолдануды қаламайтынын
білдіреді. Айыппұлдың сомасы 13,8 млрд. теңгені
(ШОБ-тың үлесі 23%) құрады. Айыппұлдың
негізгі үлесі жоспардан тыс тексерулер барысында салынған (11,1
млрд. теңге немесе 90%). Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне негізінен
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау және су ресурстары министрлігі айыппұл
салған болатын (76%). Жалпы тексерулер мөлшерінде үлестерге
қатысты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігі мен Санитарлық-эпидемиологиялық станциялар органдары
алда тұр, үлесі 65%-ды құрады.
Еліміздегі
кәсіпкерлік қызметтің дамуы, жалпы алғанда,
әлеуметтік – экономикалық және саяси шарттардың
оңтайлы емес, қиын уақытында, макроэкономикалық
дағдарыстың, адамның өмір сүру
деңгейнің төмен кезеңінде болды. Кез келген мемлекет
үшін, сонымен қатар Отанымыз үшін кәсіпкерлік
қызметтің дамыту жолдарын жетілдіру, оны қолдау, оның
өркендеуіне ат салысу, өзекті мәселе болып табылады. Ел
экономикасының қарқынды дамуы – шағын және орта
кәсіпкерлік қызметтің белсенді өрлеуімен
түсіндіріледі. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға ұмтылатын адам үшін жол ашық, мемлекет
инициативті жандарды әрдайым қолдап, қол ұшын беруге
даяр.
Дегенмен,
кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырып, оның әрі
қарай дамуын бәсеңдететін бірқатар себептер бар,
оларға келесілер жатады:
- шағын кәсіпкерлік қызмет
заңдылықтарының тұрақсыздығы;
- қатаң салықтық қысым;
- бастапқы капиталдың және жеке айналым
қаржының жеткіліксіздігі;
- квалификациясы жоғары, білікті кадрлардың
жетіспеушілгі;
- нарықтың толық сегменттелмеуі;
-кәсіпкерлік қызметті
ұйымдастырудағы тәжірибенің жеткіліксіздігі және
т.б. себептер жатады.
Соңғы
жылдары елімізде жүргізілген экономикалық реформалардың
ең жоғары нәтижесі, Қазақстанда кеңестік
елдерінің ішіндегі ең озық қаржы жүйесінің
жасалуы болып табылады. Қазақстандық қаржы
жүйесінің оң жетістіктері беделді халықаралық ретингтік
агенттіктердің жоғары бағасына ие болып,
қазақстандық банктердің әлемдегі беделін
арттырады. Осының нәтижесінде қазақстандық
банктер шетелдік қаржы жүйелерінен тиімді деңгейде мол
несиелік қаржы тартты [34].
Бұл өз кезегінде еліміздің экономикасын қаржыландыруда
зор мүмкіндіктер беріп, өндіріс саласының
қарқынды дамуына ықпал етті.
Бизнесте мемлекеттік
қолдаудың тағы бір бағыты кәсіпкерлікті
қолдау инфрақұрылымдарын дамыту болып табылады (жеке
кәсіпкерлік орталықтарын, бизнес-инкубаторларды,
технологиялық парктерді, индустриялық аймақтарды және
жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымының басқа да
объектілерін дамыту және құру).
Консультациялық
көмек және кәсіпкерлерге ақпараттық-талдамалы
қолдау көрсету, сонымен бірге кәсіби өсуіне
көмектесу Кәсіпкерлікті қолдау орталығының
(бұдан әрі – КҚО) функционалдық міндеттері болып
табылады.
Кесте 1 2012
жылы Кәсіпкерлікті қолдау орталығының қызметін
алған өңірлер бөлінісіндегі клиенттердің саны:
|
Аты |
Клиенттердің жалпы саны |
Қаңтар |
Ақпан |
Наурыз |
Сәуір |
Мамыр |
|
Ақмола |
532 |
112 |
120 |
100 |
100 |
100 |
|
Ақтөбе |
536 |
100 |
116 |
116 |
104 |
101 |
|
Алматы |
25 |
0 |
0 |
0 |
0 |
25 |
|
Атырау |
502 |
99 |
100 |
94 |
106 |
103 |
|
ШҚО |
478 |
100 |
100 |
101 |
102 |
75 |
|
Жамбыл |
440 |
100 |
100 |
20 |
110 |
110 |
|
БҚО |
500 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
|
Қарағанды |
671 |
116 |
106 |
146 |
186 |
117 |
|
Қостанай |
533 |
100 |
100 |
100 |
121 |
112 |
|
Қызылорда |
505 |
100 |
100 |
100 |
100 |
105 |
|
Маңғыстау, оның ішінде |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
Жаңаөзен |
679 |
258 |
156 |
130 |
72 |
63 |
|
Павлодар |
548 |
112 |
103 |
102 |
114 |
117 |
|
СҚО |
536 |
112 |
104 |
104 |
104 |
112 |
|
ОҚО |
510 |
110 |
100 |
100 |
100 |
100 |
|
Астана қаласы |
541 |
110 |
112 |
111 |
105 |
103 |
|
Алматы қаласы |
307 |
100 |
100 |
0 |
0 |
107 |
|
БАРЛЫҒЫ |
7811 |
1729 |
1617 |
1424 |
1503 |
1537 |
Ағымдағы
жылғы 1 маусымдағы жай-күй бойынша барлық облыс
орталықтарында (Маңғыстау облысын қоспағанда)
Астана және Алматы қалаларында 15 КҚО жұмыс істейді,
сонымен бірге Маңғыстау облысының Жаңаөзен
қаласында 1 аймақтық орталық бар.
Сонымен
бірге КҚО қызмет тиімділігін жоғарылату мақсатында
мыналар ұсынылады:
1) толық,
сапалы және дұрыс ақпараттар және консультациялар
беруде КҚО консультанттары үшін біліктілік деңгейін арттыру
мақсатында семинарлар өткізу;
2) сандық
талдамалар қағидаты бойынша берілген қызметтер
нәтижесін анықтау үшін есептер нысандарын аяқтау.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Қазақстан Республикасының
Президентінің «Кәсіпкерлік қызметтің дамуына
қажетті жағдайларды жақсарту жөніндегі түбегейлі
шаралар» туралы Жарлығы, 2014 жылғы 27 ақпан.
2.«Даму Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
2012-2022 жылдарға арналған стратегиясы.
3.Феномен предпринимательсва в
преходных общестах:состояния, проблемы, перспективы. \\ сборник научных работ.Алматы,
2007 г.