Есқара М.- профессор, Аширов С.О.-магистрант

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы Университеті

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ОҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫННЫҢ

ПАЙДАЛЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ

 

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы әрбір шаруашылық бірлікті дамыту және бүкіл агроөнеркәсіп кешенінің қызмет етуі үшін жетілдірілген жаңа тәсілдерді игеру қажеттілігімен байланысты мәселелерді шешумен ұштасуда. Бұл міндеттерді жүзеге асыру бірінші кезекте ауыл шаруашылығы өнімдерін оңдейтін кәсіпорындардың пайдалылығын талдау бойынша кешенді шараларды жүргізу керектігінен туындайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін оңдейтін кәсіпорындардың өндірістеріне баяу дамуына әсер етуші факторлар бұл біріншіден, ұлттық экономиканың ең монополиясыз саласы бола отырып, Ауыл шаруашылығы  өнеркәсіп саласының азық-түлік тауарларын өндірушілері тарапынан тұрақты баға үстемдігін көріп отырады. Бір жағынан, барлық дамыған елдерде өндіріс құралдары мен өндірістік қызметтерге деген бағалардың өсуі ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасының өсуінен артық болады. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің олардың табыстарымен салыстырғанда шығындарының өсуіне әкеледі. Екінші жағынан, өңдеуші және сауда кәсіпорындарының монополиясы ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу үшін қолайсыз жағдайларды қалыптастырады. Соның нәтижесінде, өткізілген бір бірлік тауарға есептегенде оның өндірушілерінің абсолютті және салыстырмалы түрде табыстарының қысқару тенденциясы байқалады.  

Екінші фактор, ауа райының өзгерісіне байланысты ауыл шаруашылығы өндірушілерінің табысының тұрақсыздығы. Ауа райының өзгерісі ішкі  азық-түлік нарығына тұрақсыздандырушы әсерін тигізеді, яғни тауарлар бағасының өзгерісіне әкеледі.

Үшінші фактор, азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнімдері нарығының тұрақты ашықтығы және осыған байланысты экономиканың жаҺандануы және әлемдік нарықтардың интернационализациясы жағдайында ұлттық өндірушілердің бағалық үстемдік көруі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін оңдейтін кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі меншік капиталының сомасының өсуімен сипатталады; ең алдымен негізгі қалыптасу көзі ретінде негізгі, инвестициялық қаржылық, төтенше жағдайдан болатын пайда табылады.

Өнеркәсіптік кәсіпорынға қарағанда ауылшаруашылық кәсіпорыны алынған өнімнің барлығын өткізбейді. Оның бір бөлігі (тұқым, фураж, өңдеуге арналған шикізат) өндірілген мақсаттарда қолданылады.

Меншікті өндірістегі өнімдерді тиімді пайдалануға бір жағынан, өсімдік және малшаруашылығы саласының кеңеюуіне, 2-ші жағынан өндірістің тауарлығының өсуі мен қаржылық жағдайының тұрақтылығы байланысты.

Кәсіпорынның пайдалылығы кәсіпорын жұмысының тиімділігін, әртүрлі бағыттағы қызметтің табыстылығын көрсетеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін оңдейтін кәсіпорындардың пайдалылығын талдау үшін  «Шымкент құс»  ЖШС-ң  экономикалық көрсеткіштерін қарастырамыз.

 «Шымкент құс» ЖШС-ауыл саласындағы құс шаруашылығымен айналысатын кәсіпорын.

«Шымкент құс» ЖШС күрделі өндірістік, негізгі, қосымша және қосалқы өндірісі бар кәсіпорын болып табылады. Негізгі өндіріс бұл – жұмыртқа алу мақсатында құс өндіру, бұл өндіріске арнайы жағдайлар жасалынған.

Технологиялық процесс келесідей сипатта бола алады. әрбір базада бірнеше цех бар, ал әрбір цехтың өзінің мақсаты бар (1 цехта 5-6 мың тауық басы болады). Өндірістік цехтардағы тауықтарды туатын (аналық) деп бөліп, оларды қораздармен бірге бір цехта ұстайды.

Сатуға арналған жұмыртқалардың барлығы нарыққа жіберіледі. Тасмалдаған кезде жұмыртқаларды гофра ыдысына салады.

Өндірістің міндеті шарты – бұл санитарлық гигиеналық шарттарды қатаң орындалуы, ол үшін санитарлық цех ұйымдастырылып, тазалайтын және ауа тазалайтын құрылғылармен толықтай жабдықталған. Тамақтандыру технологиясы – тамақтандыру мезгіліне сәйкес жасалынған арнайы технология арқылы жүзеге асады. Комбикорм – жем, бірнеше жем түрінің қосындысынан тұрады (бидай, арпа, сүлы және т.б.), канцкормдар – бұл арнайы қоспалардан дайындалатын жем, оған – витаминдер , аскарбиналық және лимон қышқылдары, ас содасы, күкірт, примекс, креолин, сары және қызыл корофил, метионин, лезин және т.б. бұл жемдер құстың ауыруға төзімділігі мен жалпы саулығына оң ықпалын тигізеді. Оларға ветеринариялық блокта арнайы дәрі егіледі. Норма сәйкес келмейтін құстарды, ауыруға немесе басқа жағдайларға байланысты, оларды қасаптық цехқа жіберіліп ары қарай мақсатына байланысты жіберіледі.

Құстардың бір бөлігін сойып олардың етін сатуға жібереді.

 «Шымкент құс» ЖШС барлық өнімдері – жұмыртқа, ет қайтарылған кезде арнайы лабороториялық бақлау жүргізіліп, жарамды өнімдерді тоңазытқыштарға жіберіліп, ертесіне қайтадан нарыққа шығарылады.

 «Шымкент құс» ЖШС үздіксіз көлемдік өндірісі бар, ұзақ уақыт бойы бір түрлі өнімді – жұмыртқаны, шығаратын кәсіпорындар санатына жатқызылады. Мұндай таптегі кәсіпорындарды сипаттайтын негізгі ерекшеліктерінің бірі, өнім көлемінің ауқымдылығы, яғни жоғарғы мамандандырылған деңгей, автоматтандырылған жүйе және өндірістің шапшандылығының әсерінен пайда болатын өнім көлемінің ұлғайуы.

Өндіріс  тиімділігінің маңызды көрсеткіштері табыс пен рентабельдік болып табылады. Табыс - бұл  бір жағынан кәсіпорынның негізгі қор көзі болса, ал екінші жағынан мемлекеттік және жергілікті бюджет табысының көзі. Бұл жерде пайданың мөлшері мен  өсімін есептеп қана қоймай, рентабельдік деңгейін де анықтау керек, сондай-ақ өндірістік қордың әр теңгесінен қанша пайда алынғанын білу керек.

Табысты тереңдетіп талдау үшін оның көлеміне әсер ететін факторларды топтастыру қажет. Сыртқы факторларға жататындар:

1.     табиғи жағдайлар, көлік т.б. факторлар

2.     кәсіпорын жоспарында қарастырылмаған өзгерістер

3.     жабдықтаушылардың, басқа да мекемелер мен органдардың кәсіпорын мүддесіне қатысты шаруашылық сұқрақтар бойынша тәртіп бұзуы.

Табыстылықтың көрсеткіші – жалпы табыс өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады. Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.

Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника экономикалық параметрлердің және тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады.

Бұдан кейінгі талдау өнім шығару көлемі мен өткізу көлемінің өзгерісін тудырған факторлардың әсерін анықтауға бағытталады.

 

      1 Кесте 

          Өткізілмеген өнім қалдығы мен өнім шығару көлемі өзгерісінің

                           пайда мен рентабельдік деңгейіне әсері

 

Көрсеткіштер мың теңге

Босату бағалары бойынша

Өзіндік құн

Пайда

Рентабель-

Ность  %

1

Жыл басындағы өткізілмеген өнім қалдығы

364

291

73

25

2

Өнім  шығарылымы

2630

2104

526

25

3

Өткізілетін өнім

(стр. 1+стр. 2)

2994

2395

599

25

4

Жыл соңындағы өткізілмеген өнім қалдығы

292

234

58

24,8

5

Өткізілген тауарлы өнім көлемі

2702

2161

541

25

 

Бұл кесте өткізілмеген өнім қалдығы мен өнім шығару көлемі өзгерісінің пайда мен рентабельдік деңгейіне қалай әсер ететіндігін көрсетеді.

Өнім шығару көлемі 2630 мың теңге болғанда пайда 526 мың теңгені құрайды. Бірақ өткізуге арналған өнім көлемі өткізілмеген өнім қалдығы есебінен артып отырғандықтан, пайда 599 мың теңгеге детуі де мүмкін.

Кәсіпорын  бүкіл тауарлы өнімін өткізе алмағандықтан (жыл соңындағы қалдық 292 мың теңге), пайданы 58 мың теңгеге аз алды, (599-58=541) яғни жыл соңындағы пайда 541 мың теңгені құрады. Есепті кезеңдегі рентабельдік деңгейі 25% болды (541:2161´100%).

Талдаудың  келесі кезеңі-есепті кезең көрсеткіштерін өткен жылмен салыстыру. Оны келесі кесте көмегімен қарастырайық:

 

2Кесте                     Көрсеткіштердің салыстырмалы түрі

 

Көрсеткіштер

2012ж.

2013ж.

Ауытқу

1

Босату бағасындағы өткізуден алынған табыс, мың теңге

2310

2702

392

2

Өткізілген өнімнің толық өзіндік құны, мың теңге

1885

2161

276

3

Өнім өткізуден алынған пайда, мың теңге

425

541

116

4

Рентабельдік деңгейі, %

22,5

25

2,5

 

Кестеден көріп отырғанымыздай, есепті кезеннің барлық көрсеткіштері артқан.

Біріншіден, маркетингтік шараларға жұмсалған шығындар есебінен өткен жылмен салыстырғанда өткізілген  өнімнің өзіндік құны 276 мың теңгеге немесе 14,6%-ке тең.

Бірақ бұл өнім өткізуден алынған табыс есебінен 17%-ке немесе 392  мың теңгеге ақталып отыр.

Екіншіден, жоғарыда аталған факторлардың әсерінен табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіші-рентабельдік өткен жылмен салыстырғанда 2,5%-ке артып отыр. Бұл есепті кезең барысында кәсіпорын қарамағындағы ресурстарды тиімді жұмсап, дұрыс экономикалық шешімдер қабылдағандығын байқатады.

 

3Кесте

                             Пайданың өзгеруі

 

Көрсеткіштер

Ауытқу, мың теңге

1

Өткізілген өнімнің өзіндік құнының артуы

-276

2

Өнім өткізу көлемінің артуы

+392

3

Келісім бағалары деңгейінің артуы

+448

4

Өткізілетін өнім құрамындағы  құрылымдық өзгерістер

-564

 

Барлығы

+116

 

Осылайша, пайданың өзгеруіне жағымды (өнім өткізу көлемінің және Келісімдік бағалардың артуы), сондай-ақ жағымсыз (өзіндік  құнның артуы мен өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер) әсер етті.

Жағымсыз факторлардың ықпалымен табыс 840 мың теңгеге (276+564) кеміді, бірақ жағымды факторлардың әсерінен құралған өзгеріс бұл санадан артып отырғандықтан, жалпы алғанда пайда 116 мың теңгеге өсті.

 

 


 


Сызба 1. Таза табыстың қалыптасу моделі.

 

«Шымкент құс» ЖШС-ң жалпы табысқа әсер еткен факторларын анықтау үшін қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп берудің мәліметтері бойынша кестесін құруға болады.

 

4Кесте

«Шымкент құс» ЖШС-ң жалпы табысы

Көрсеткіштер

2012ж.

2013ж.

Құрылым-ның өзгеруі

1.      

Өнімді өткізуден түскен табыс

24665291

24686306

+21015

2.      

Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны

7034788

7029897

- 4891

3.      

Жалпы табыс

1631463

1657369

+ 25906

 

Кестедеден байқап отырғанымыздай, жалпы табыстың көлемі 25 906 мың теңгеге артқан. Оның өсуіне өткізілген өнімнің өзіндік құнының төмендеуі және өнім бірлігінің бағасының жоғарылауы әсер еткен. Өнімді өткізуден түскен табыс алдыңғы жылы 24665291 мың теңге ал есепті жылы 24686309 мың теңгені құрады, яғни 21 015 мың теңгеге артқан. Өнімнің өзіндік құны өткен жылы 7034788 мың теңге, есепті жылы 7029897 мың теңге құрады, 4 891  мың теңгеге азайған. Бұл жағдай елдегі инфляцияның әсерімен және «Шымкент құс» ЖШС өніміне, сипатталады. Кәсіпорында өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдар іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелерінің материалды-шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету мен тиімді қызмет еткені көрінеді.

Сондықтан экономисттер өнім шығару көлемін 2%-ке қысқарту есебінен өткізілмеген өнім көлемін төмендетіп, ресурстарды  үнемдеуге шешім қабылдап отыр. Бірақ өндіріс көлемін қысқарту артық өнімнен толығымен құтылуға жеткіліксіз, яғни ол үшін өткізу көлемін арттыру қажет. Бұл өз кезегінде қосымша шаралар мен қосымша шығындарды талап етеді: өнім  сапасын жоғарлату, жарнама, жаңа сатып алушыларды іздестіру, яғни бұл шаралар өнімнің өзіндік құнын арттырады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Стратегия индустриально-инновационного развития Казахстана на 2003 – 2015 годы. – Астана, 2003 г.

2. Аудит и анализ финансовой отчетности, под редакцией Дюсембаева К.Ш., А. 2005г.