Болашақ мамандарға мемлекеттік
тілде дәріс беруде жаңа технологияны пайдалану жайы туралы
Исабекова К.Ж.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Қазіргі
студенттер – келешек заманның саналы, мәдениетті, білімді, білікті
азаматтары.
Қазіргі
қоғамда бұрынғы дәстүрлік оқыту
өзінінің әдістемесі, формасы, стилі, ұйымдастырылуы
жағынан, оқуда техникалық және көрнекілік
құралдардың мүмкіндігін пайдалану жағынан
жаңа ғасыр адамын оқып үйретудің мақсаттарын толық
қанағаттандыра алмайды.
Өткен
ғасырдың 70-80 жылдарынан басталған оқытудың
жаңа технологияларын іздестіру «инновациялық әдістеме» деп
аталған әдістемелік жүйелерді дүниеге алып келді.
Бұл мүлдем жаңадан жасалған әдістеме емес. Ол
дәстүрлі әдістемеден шығарылады. Оның
өзгешелігі барлық оқу әрекеттері студенттердің
танымдық, білімдік белсенділігін және мотивациясын тудыруға
бағытталады.
Бүгінгі
таңда технологиялар өз қолдауын тауып, оқу
үрдісінде қолданылуда.
Технология – бұл
қандай да бір жұмысты, өнерді, шеберлікті іске асыру
жиынтығы.
Ғылым мен
техниканың даму қарқыны, адамзат баласының талап-талғамының өсуі
электронды есептеуіш құралдарының кең көлемде
қолданулары, ағарту саласында жаңа технологиялық
әдістерді енгізуге ықпал етуде. Қазіргі уақытта
жоғары білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды
жаппай қолдану, білім берудің негізгі бір мақсатына айналып
барады.
Мұндағы
негізгі бағыт – жоғары білім саласында оқып жүрген
студент жастардың өздерін қоршаған әлем жайында
алған білімін ғылыми болжаулармен ұштастырып,
қалыптастыру негізінде жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау. Бұл
бағыт Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңының талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
Соңғы
жылдары қоғамдық және әлеуметтік өмірде
болып жатқан елеулі өзгерістер білім беру саласының алдына
көптеген жаңа міндеттер қойып отыр.
Ал тиімді білім беру
жүйесін қалыптастыру үшін қазіргі білім беру
жүйесін қоғамның даму
мақсатына сай, дүниеге этикалық жауапкершілікпен
қарайтын, шығармашыл ойлауға дағдыланған,
дүниетанымдық мәдениетті жетілдірілген, адамгершілігі мол
білікті мамандардың жаңа ұрпағын
қалыптастыруға бағыттау қажет.
Білім беру
жүйесі бір-бірімен тығыз, жан-жақты байланысқан
үш саланың – білім, білім беру, білімді тексеру бірлігі.
Заман талабына сай
мемлекеттік тілді тез арада игеріп, қоғамның бар саласында
толыққанды жұмыс атқаратындай дәрежеге жеткізу
мақсатында, ақпараттық технологияларды қажетті
деңгейде қолданудың маңызы өте зор. Компьютерлік
оқыту программалары
оқытушыны үйренушілерге арналған жеке оқыту
траекториясын жасауға, студенттердің жеке мүмкіндіктерін,
қабылдау қабілеттерін қалыптастыруға,
пәнаралық байланыс жасауға, өзін-өзі
оқытуға ұмтылу мүмкіндіктерін ашуға және
дамытуға көмектеседі.
Тіл – ол абстракция
емес. Егер біз оны көрмесек те, қолымызбен ұстамасақ
та, оған қалай болса солай қарауға болмайды. Тіл – ол
Жер-Ана сияқты. Біз жер бетінде жүреміз, Ана тілінде
сөйлейміз. Ол шалажансар күйінен тек нақты істер
жасалғанда ғана, қайта гүлдеп дамиды.
Психолог
ғалымдардың айтуынша, сөйлеуге үйретуде
техникалық құбылыстарға сүйенудің
қажеттілігі зор. Тіл үйренушілердің психологиялық
ерекшеліктерін ескермей, тілді оқытуда нәтижеге жету мүмкін
емес. Сөйлеу әрекеттерінде қолданылатын тілдік
тұлғаларды меңгерту барысында көру, есту, есте
сақтау қабілеттері маңызды рөл атқарады.
Өзге ұлт
өкілдеріне тілді үйретуде, жаңа материалдарды бекітуде,
сабақты түрлендіріп жүргізу арқылы олардың тілге
деген ынтасын арттыруға болады.
Олар бір-бірімен
қазақша сөйлесу, пікірлесу дәрежесіне жеткенде оларда
тілді білуге деген ынта, қызығушылық арта түседі. Кітап
оқыту, қазақша хабарлар тыңдату, қазақ
халқының өнерімен, мәдениетімен таныстыру,
қазақ тіліндегі фильмдерді көрсету, қазақша
ән тыңдату, жұмбақтар шешу, жаңылтпаштар
айту-олардың алған білімдерін толықтырады және
сана-сезімнің дамуына жақсы әсер тигізеді, танымдық
деңгейін арттырады. Әр тіл
үйренушінің сана сезімінде тілді үйренсем, білсем
деген талпыныс пайда болады.
Студент әр
сабақта аз-аздап болса да білгенін, үйренгенін айтып отыруы керек.
Ал оқытушы өз тарапынан тіл үйренушіге «Иә,
дұрыс», «Айтыңыз, тағы да айтыңыз», «Бәрекелді»
деген сияқты қолдау, қолпаштау көрсетіп отырғаны
дұрыс.
Бұл тіл
үйренушінің тілге деген құлшынысын арттырады,
қызығушылығын оятады. Керісінше, «Жоқ», «Дұрыс
емес», «Қате айтасыз» деген сөздерді тіл үйренушіге
мүлдем айтуға болмайды. Мұндай сөздер тіл
үйренушінің тіл үйренуге деген құлшынысын
басып, тоқтатып, тастайды.
Тек
марапаттаулардың нәтижесінде ол тілді оқуға,
үйренуге ынтасы нығайып, тілге деген қызығушылығы
артады.
Қазақ
тілін ЭЕМ арқылы оқыту Ғ.М.Бектұрованың
ғылыми еңбегінде толық дәлелденген. ЭЕМ-ның жеке
адамның таным қабілетіне, оқытудың себебін
түсінуге, сезіміне әсері жайлы Ғ.М.Бектұрова
өзінің еңбегінде: «компьютер воздействует не только на
познавательную, но и мотивационную сферу личности человека»,-деп айтады.
Ғылымда
көрнекілікті қолданудың оқытылуға тиісті
объектімен қабылдауға әсері екі деңгейде қарастырылады:
алғашқы қабылдаудың жай түрі, екіншісі,
қабылдаудың шығармашылық түрі.
Қабылдаудың бірінші деңгейінде көрсету
объектісінің мазмұны ғана анықталады. Екінші
деңгейде объектіні тану, білу жүйесінен оған баға беру,
бұрынғы біліммен, тәжірибесімен салыстыру бірлігі пайда
болады.
Тілді
меңгеруге көмектесетін жаттығулардың екі түрін
атауға болады:
- сөйлеуге дайындалатын жаттығулар;
- нағыз сөйлеу жаттығулары.
Сөйлеуге
дайындайтын жаттығулар ауызша және жазбаша түрде орындалады.
Жаттығу жұмыстары арқылы тілдік материалдарды меңгере
отырып сөйлеу үлгілері қалыптасады. Нағыз сөйлеу
жаттығуларын орындату арқылы өз ойын еркін жеткізуге,
естігенді ұсынуға үйренеді.
Нағыз сөйлеу
жаттығулары ауызша жүргізіледі. Нағыз сөйлеу
жаттығуларын мәтін, сурет, кинофильм, күнделікті өмір,
болып жатқан жаңалықтармен, әр түрлі
жағдайлармен байланысты өткізуге болады.
Сабақтың
қызықты, сапалы өтуі тікелей оқытушының
шеберлігіне байланысты болады. Белгілі ғалым Ахмет
Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті
қолдана білу», - деген өткен ғасырдың өзінде де.
Студенттің оқу және танымдық әрекеттерінің
белсенділігін арттыру-ең негізгі әдістемелік мәселе.
Сабақ формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық
формалар студенттер арасында қарым-қатынастың нығаюына
ықпалын тигізеді.
Студенттің
тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай
тыңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін,
шама-шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз, сезінуіне,
қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге
тырысуына жетелейді.
Технологияның
тиімді жақтары мыналар:
- әр студент өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
- студенттің жеке қабілеті айқындалады;
- іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
- тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес
студенттің ойлау қабілеті артады;
- әр студент өз деңгейіне қабілетіне қарай
бағаланады;
- топ студенттері толық бағаланады және әр студент
өзінің алатын бағасын біліп отырады.
Демек, жаңа
технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасын
арттырудың бірден-бір жолы. Оқыту үрдісіне
студенттердің білім қорын молайтуға, белсенділігін
арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге
көмегі бар.
Мемлекеттік тілде
сабақ жүргізетін оқытушылар алдында шешуге тиіс
қарапайым, бірақ өте маңызды мәселе бар. Ол
мәселе – бүгінгі студенттер, біздің қазіргі жастар
өз ана тілінде дәріс алулары керек және «Қазақ
тілінде бұл ойды жеткізу мүмкін емес» - деген сөзді қою
керек. Тіпті кейбіреулер «Қазақ тілі ғылым тілі бола алмайды»
- деген ойсымақтарын айтып жүр.
Атақты Б.Паскаль
сөзімен айтсақ: «... Біздің ең үлкен жетістігіміз
– ойлау қабілеттігіміз. Біз кеңістік пен уақыт
көлемінде түк емеспіз, бізді асқақтата көтеретін
тек-ой. Қасиетті түрде ойлай білейік, ол-біздің
өнегелілігіміздің негізі» - деген. Мемлекеттік тілде сабақ
беретін әрбір ұстаз өз сабағын, дәрісін өз
баласына, барлық балаға беретін өнеге сабақ,
көрнекі сабақ деп есептеулері керек.
Оқыту
әдістері – бұл оқытушы мен тіл үйренушінің
оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге
бағытталған іс-әрекеттің тәсілдері. Білім мен
дағдының өзара байланысы білім беру әдісінің
шоғырлануына мүмкіндік жасайды, құрылымын білуге жол
ашады, оқытушы мен тіл үйренушінің қарым-қатынасын
күшейтеді, оқу әдістерін саралай білуге машықтандырады.
Тілші-ғалым С.Қазыбаевтың пікірінше: «Оқу
әдісі-студенттердің дүниетанымын қалыптастыру,
қабілетін дамыту, оларға білім, білік, дағдыны меңгерту
жолындағы оқытушы мен студенттердің өзара бірліктегі
атқаратын жұмыстарының тәсілі».
Жаңа
технологияның өріс алуына орай оқыту үрдісінде
«интерактивті әдістер», «интерактивті оқыту» терминдері жиі
кездеседі. «Интерактив» сөзі «interakt» ағылшын тілінің «inter»-бұл
өзара «akt»- әрекет жасау деген сөздерінен енген. Осыдан
«интерактивті әдістер» тіркесін студенттердің өзара
әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер, ал «интерактивті
оқытуды» өзара әрекеттесуге негізделіп
құрылған оқыту деп түсінуге болады.
Интерактивті
әдістердің мәні – оқытушының басшылығымен студенттердің
бір-бірімен өзара белсенді байланыста бола отырып
оқу-танымдық нәтижеге жетуі.
Қ.Қадашева
интерактивті интерактивті әдісті мемлекеттік тілде дәріс беруде
жоғары белсенділікті дамыту
әдісі деп қарастыра отырып, рөлдік ойындар, іскерлік ойындар,
иммитация әдістері, өрнектеу (моделирование) осы жоғары
белсенділікті дамыту әдістемесінің белгілері болып табылады деп
көрсетеді.
Интерактивті
оқыту әдістері тіл үйренушілердің өмір
тәжірибесіне, біліміне сүйенуге бағытталған.
Оқытушының рөлі көбінесе оқу үрдісін
ұйымдастырушы, топ басшысы, студенттердің ынта-ықыласын
белсенді ету қалпында көрінеді. Тіл үйренушілер ашық
түрде белгілі бір мәселелерді талдауға, өз ойын
ортаға салуға, қарама-қайшы пікірлерді салыстыруға,
пікірталасқа түсуге машықтанады. Бұл жөнінде
М.В.Кларин: «По сравнению с традиционным в интерактивном обучения меняется и
взаимодействие с ведущим: его активность уступает место активности студентов,
его задача – создать условия для их инициативы. В таком обучении студенты
выступают не пассивными «обучаемыми», но полноправными участниками, их опыт
важен не менее, чем опыт ведущего, который не дает готовых знаний, а побуждает
к самостоятельному поиску», - дейді.
Оқыту
үрдісінде оқытушы белсенділігінің орнына студенттер
белсенділігі артуы тиіс, ал оқытушының мақсаты –
студенттердің қабілеттерінің шыңдалуына жағдай
жасау. Егер студент оқитын ортасында, біріншіден, іс-әрекет
үстінде болатын болса, екіншіден, танымдық үрдіске
қатысушының бірі болған жағдайда оқыту
интерактивті болып саналады.
Интерактивті
әдістердің тиімділігін былай тұжырымдауға болады:
-
ойындар студенттерді инновациялық іс-әрекетке
жетелейді, өзін-өзі тануына түрткі жасайды;
-
жеке тұлғалық қасиеттерін
дамытады;
-
өзін-өзі басқара білуі, өз
бетімен алдағы мақсатқа жетуіне көмектеседі;
-
алғырлық, тапқырлық,
шапшаңдық қасиеттерін дамытады;
-
білімін тереңдетеді, толықтырады;
- сөздік қорлары байиды, әсіресе ауызекі сөйлеу
тілдерін жетілдіреді. Сабақта интерактивті әдісті пайдалануда
төмендегі шарттар орындалуы тиіс:
І)
Сабақтың мақсатын айқындау. Оқытушы топ
студенттеріне орындалатын жұмыстардың мақсатын, ережесін,
түсіндіріп, олардың бірлесіп жұмыс жасауға дайын
екендіктеріне толық сенімді болуы керек;
ІІ) Тіл
үйренушілердің білім деңгейін ескеру. Оқытушы
студенттердің білім деңгейін ескере отырып, олардың бірлесіп
жұмыс жасау дайындықтарына қарай сабақты
ұйымдастыруы қажет.
Қатысымдық
қарым-қатынас – интерактивті әдістің негізі бола
отырып, тіл үйренуші сөйлеу жағдаятына байланысты белгілі бір
мәселені шешуге, өз пікірін
айтуға үйренеді. Ал бұның өзі
студенттердің сөздік қорларын байытып, білімін дамытады.
Қазіргі кезде
оқыту технологиясы туралы екі
түрлі пікір қалыптасып отыр. Бірінші, технология-өнер,
шеберлік, деген ұғымның синонимі ретінде аталады, яғни
педагогикалық шеберлік деген ұғымды білдірсе, екіншіден,
білім беру ісін технологияландыру, сол арқылы жоғары сапалы өнім
алу, ғылым мен өнердің синтезі деген мағынаны
білдіреді.
Өндірістегі
технология сапасы, жаңа бір нәрсе жасап шығару үшін
нақты мақсат болса, жақсы материал, шикізат іздейді,
оның жобасын, конструкциясын жасайды, құрал-жабдықтарын
әзірлейді. Ал педагогикалық технология үшін баланың
жеке бас ерекшелігін білу, білімді соған қарай бағыттай беру
жан-жақты дамыған, өзіне сенетін, өмірге икемді
тұлға қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ, гуманды
педагогика тұлғаға бағыттала отырып, оның мінез
құлқы, адами қасиеттерін, іскерлік дағдысы,
өз беттерімен өмір сүруге бейімділігін, кез-келген
жағдайлардан жол таба алатын, өз пікірін ұсына және
қорғай алатын гуманист-азамат қалыптастыруды мақсат
етеді.
Жаңа
технологияларды қолдануда пайда болған көкейтесті
мәселе оқу процесін қолдап, жетілдіруде бағдарлама
әзірлеп, оны дұрыс қолдану болып табылады.
Сөйлеу
қызметін меңгеру – қазақ тілін оқытудағы
басты мақсат болып отыр.
Егер сіз
тіліңізге үңіле бір қарасаңыз, онымен
жаныңызбен, көңіліңізбен біріксеңіз сіз
оның үндерінен құрылған сөздерден
өзіңізді емдейтін, сізге күш беретін
дұғалық қасиетке ие сөздер табасыз, онымен
өзіңізді емдейсіз, бақытты боласыз, ол сізді әрдайым қорғап
жүреді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. С.Қазыбаев. Қазақ тілі методикасы. – А., 1990.
2. Қ.Қадашева. Жаңаша жаңғыртып
оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: өзге тілді
дәрісханалардағы қазақ тілі: п.ғ.к...дисс., А.,
2001.
3. М.В.Кларин. Интерактивное обучение – инструмент освения нового
опыта//Педагогика 2000№7