Камардинова Ү.О., Атамуратова М.

Қазақстан Инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті

2 курс магистранты

 

Жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін психодиагностиканың ролі

 

 

Халық педагогикасының қайнар көздерін талдау қазақтың  педагогикалық этномәдени мұрасы өте бай дидактикалық мұмкіндіктерге ие екендігін көрсетеді. Халық педагогикасының оқыту процесі туралы идеялары мен тәжірибесі қазіргі мектепте оқу-тәрбие процесін жетілдіру, әсіресе үлгерім проблемасын шешуде үлкен роль атқаруы мұмкін [70;71;72;73]. Бастауыш мектептке кең аумақты дидактикалық міндеттерді жоғары әдістемелік деңгейде шешу үшін алдын ала халық педагогикасының дидактикалық мұмкіндіктері туралы айқын  түсініктер алу  қажет.

М.И.Стельмахович халық дидактикасын этнопедагогиканың компоненті деп сипаттайды. Оның пайымдауынша, халық дидактикасы халықтық балаларды оқыту әдістері мен құралдарының жиынтығы. Халық дидактикасы себебімен жалпы және  адамдардың нақтылы өндіріс салаларына тиісті білімдер, мыслалы шаруашылық, балықшылық, диқаншылық, халық техникасы, қолөнер, құрылыс, жылжу тәсілдері, киім тігу т.б. салалардағы білімдер мен іскерліктер ұрпақтан-ұрпаққа берілген.

Халықтық дидактика негізінде тарих, география, арифметика, үй шаруашылығы, механика, медицина салаларындағы халықтық білімдер сақталынған және ұрпақтан-ұрпаққа берілген. Автордың пайымдауынша, халықтық дидактиканың негізгі қызметі - әр бір индивидке беклгілі білімдер жиынтығын бері, өмірлік қызметте аса қажетті практикалық және интеллектуалдық дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру [74,31-34].

Отбасының дидактикалық мұмкіндіктері мәселелерін зерттеген М.И.Колодезникова оған мынандай анықтама берген: «Отбасының дидактикалық мұмкіндіктері – бұл тұлғаның ақыл-ой, интеллектуалды дамуына негіз болған  баларның есін, ойлауын, тілін, байқағыштығын, кеңістікті қабылдаун, бағдарлануын және басқа психикалық сапаларын дамытуға ата-аналардың әсері әдіс-тәсілдері мен құралдарының кешені» [75,6].

Н.Ш.Алметовтің монографиясында халық педагогикасының дидактикалық мұмкіндіктеріне мынандай анықтама берілген: «Халық педагогикасының дидактикалық мұмкіндіктері – бұл халықтың дидактикалық идеялары мен тәжірибесіның жиынтығы. Халықтың оқыту процесінің маңызды ерекшеліктері мен қажетті байланыстары туралы ой-пікірлерінің дидактикалық жұмыстың халықтық тәсілдері мен жиынтығы  халық педагогикасының дидактикалық мұмкіндіктерін құрайды» [76,25].

Халық үйретудің қарапайым іс еместігін, оның үйретушіден үйренушіге білімнің жеткізілуімен ғана шектелмейтінін түсінген. Халықтық педагогикадағы үйретудің принциптері мен әдістерін ешкім де ойынан шығарған жоқ. Олар халық практикасындағы қарым-қатынастар және типтік объективті заңдылықтар негізінде эмпирикалық жолмен пайда болды.

Халықтық педагогикадағы үйрету оқыту мен тәрбиелеу түсініктерін кіріктіреді. Сондықтан үйрету әдістері дегеніміз білім, іскерлік және дағдыларды игеруге қол жеткізуді, сондай-ақ адамның танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды және оған жан-жақты тәрбие беруді жүзеге асыратын педагогикалық әрекеттер тәсілдері [77].

Халықтық дидактикадағы үйрету әдістері жеке тұлғаға психологиялық –педагогикалық тұрғыдан ықпал етеді. Оның үстіне олар өте қарапайым, жеңіл және қолдануға лайықты болып, педагог мамандардың ғана емес, барлық адамдардың бұқаралық пайдалануына арналған.

Қазақ этнопедагогикасын теориялық - әдіснамалық, тарихи тұрғыдан зерделеп, негіздеген ғалімдар (Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаева, С.Қалиев, К.Қожахметова, С.Ғаббасов) еңбектерінде халықтық педагогикадағы тәрбие әдістері жан-жақты ашып көрсетілген. Жоғарыда айтып өткеніміздей, үйрету ұғымының тәрбиелеу түсінігін де қамтитындағы себепті, біз халықтың балалар мен жастарды үйрету әдістерін топтастыру барысында көрсетілген ғалымдардың анықтаған деректер мен мәліметтерге негізделе отырып, аталған үйрету әдістерін бес топқа бөліп қарастырамыз:

1.   Көрнекі (үлгі-өнеге, көрсету);

2.   Ауызша (түсіндіру, әңгіме, әңгімелеу, иландыру, ишара және т.б.)

3.   Практикалық (жаттықтыру, тапсырма беру);

4.   Ынталандыру (қолдау, мақтап-марапаттау, түзеу және т.б.);

5.   Қорытындылау (сынау, қоғамдық (ауылдық) бағалау, бата беру [78].

Мысалы,  бастауыш сынып оқушыларын  қолөнерге үйретудің көрнекі әдісіне үлгі-өнеге, көрсету жатады. Ертеде қолөнер материалдық және рухани қажеттілікпен туындағандықтан және кәсіпшілікке айналғандықтан ерлер, әйелдер атқаратын қолөнер түрлері болған. Сондықтан қыздарға аналары, әжелері, әпкелері, ауылдың салиқалы қариялары, ер балаларға әкелері, аталары, ағалары, ауылдың қарттары, өнерлі құрдастары үлгі - өнеге болды.

Үлгі-өнеге қолөнеріне үйретудің әдісі ретінде үйренушінің осы өнер түрін білетін үлкендерге еліктеуіне негізделеді. Үлгі-өнегенің халықтың негізгі үйрету әдістердің бірі болғандығын «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», «Не ексең, соны орасың», «Құр сөзбен жалықтырасың, үлгі-өнегемен, үйретесің», «Жақсы үлгі жүз сөзден артық» деген нақыл сөздері дәлелдейді [78,9].

Халықтық педагогикасыда көрсету көрнекілікке негізделген әдіс болып табылады. Бұл қолөнершілердің басты әдістерінің бірі саналады. Халық үйрету практикасында көрсету әдісінің тиімділігін «Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық» деп бағалайды.

Балалар мен жастарды қолөнеріне үйретуде көрсету әдісі екі бағытта жүзеге асырылады: біріншіден, үлкендер жұмыс процесінде балаларға жұмыстың қалай жүзеге асырылатындығын (қандай құрал-саймандар, жұмыс тәсілдерін қолданатындығын) бағалауға мүмкіндік береді; екіншіден, үлкендер балаларға құралдарды көрсете отырып оларды қалай ұстау, олармен қалай жұмыс істеу керектігін, жұмысты неден бастап және оның нәтижесі немен аяқталуға тиістігін көрсетеді.Бірінші жағдайда көрсету көрнекілік ретінде ғана болса, екінші жағдайда – баланың өз әрекеттерін де қамтиды.

Айта кететін жәйт, жоғарыда көрсетілген әр топтағы әдістер бір мақсатта біргелікте қолданылуы әбден мүмкін және солай болуы аса қажет. Мәселен, көрсету әдісі түсіндіру, әңгімелеу әдістерімен біргелікте қолданылғанда қолөнер түрлерінің жасалу жолдарын және сол жұмыс барысындағы адами-қарым-қатынастарды жетік меңгеруге септігін тигізеді.

Отбасында қолданылған осы көрсету әдісі қолөнер түрлерін өндірісте үйрету барысында да «мен сияқты жаса» принципімен жүзеге асырылады және негізгі әдістердің бірі болып саналады [78,10-12 ].

Ал, үйретудің ауызша әдістеріне түсіндіру, иландыру, ишара, әңгіме, әңгімелесу және т.б. жатады.

Халықтың қолөнерін үйретуде қолданылатын түсіндіру  әдісі ол не бұл іс-әрекеттерді, амал-әдістерді, құрал-саймандарды, материалдарды, бояу түстерін қолдану қажеттігі тұралы ой-пікірлерді жеткізу негізінде жүзеге асырылады. Мұнда түсіндіру әдісі кең мағынаға ие болады, өйткені ол барлық еңбек іс-әрекеттерінің мәні мен мағынасын, мазмұнын, еңбек операцияларының түрлерін, еңбек құралдары мен олардың бөлек бір бөлектерінің қолдану ережелері мен тәртібін қамтиды. Мысалы, тоқымалы өнерінде оның мәні, тоқу құралдары және олардың бөлшектерінің түрлері, құрылысы, тоқу тәсілдері, әр түрлі жіптерді, бояу түстерін таңдай білу іскерліктері және т.б. түсіндірілді.

Иландыру әдісі баланың белгілі бір ұғымдар мен іс-әрекеттерге, талаптардың дұрыстығына күмән келтірмеуі мақсатында және түсіндіру, дәлелдеу мен көрсету әдістерімен бірлікте қолданылады. Мәселен, кестелеу барысында әпкелері, аналары, әжелері не болмаса тәжірибелі шеберлер үйренушіге ең алдымен қандай өрнекті кестелеу қажеттігін ойланып болған соң ғана, өз ойын материалға бормен немесе сабынмен сызып түсіру керектігін түсіндіріп айтты. Содан кейін өрнек ұқыпты да әдемі, түзу түсу үшін сол дайын үлгімен жіппен кестелеу қажеттігін түсіндірді. Үлкендер қыздарға осы бағытты түсіндіру барысында дайын кестелер үлгілерін көрсетті.

Әсіресе балалардың үлкендер көмегімен жалпыға ортақ қабылданған эстетикалық идеалдар мен түсініктер тұрғысынан бұйымдар, объекттер, іс-әрекеттерді дәлелді бағалай білуі маңызды болды.

Сол себепті айтылып өткендей түсіндіру әдісі көрсету әдісімен қатар жүзеге асты. Қыздарға кестелеу барысында бастапқы тігістерді қалай жасау, көйлекке, төсектер мен сүлгілерге ою-өрнектерді қалай орналастыру керектігі көрсетілді. Түсіндіру барысында бояу түстерін таңдай білуге аса мән бірілді. Шеберлер шәкірттеріне қою қызыл-қоңыр түсті фонға алтын түсті ою-өрнектердің, ашық жасыл түсті фонға күміс түсті жіптермен ою-өрнектер түсірудің ерекше, тамаша үйлесетіндігін түсіндірді. Осы айтқандары дәлелді болу үшін дайын үлгілерді көрсетті.

Кей жағдайларда үлкендер ишара көмегімен балалардың іс-әрекетке қызығушылығын оятады. Ол балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне қарай қолданылды. Мысалы аналар қыздарына: «Көршінің қыздары жасаған тоқыма, кесте бұйымдарын көрдіңдер ме? Үйіне кіргендердің барлығы олардың қыздарының тоқи алатындығын, тіге білетіндігін, үй ішіне сұлулық пен жанға жайлылық орната алатындығын үлкен мақтанышпен айтады, қыздарының өнерін, еңбегін айрықша бағалайды», дейді. Осындай ишаралардан кейін қыздар артық сөз айтпай – ақ, өздері жұмысқа кіріседі.

Қолөнерін үйретуге қызықтыруды тиімді әдісі болып үлкендердің сол жергілікті ауылдарға тараған қолөнер түрлері туралы әңгімелері табылады.Осылайша балалар қолөнер түрі туралы алдымен ата-аналарынан есітіп біледі, содан соң олардың жұмысын бақылап жүреді. Ұжымдық жұмыс түрлеріне қатысады. Олар қолөнерінің қай түріндегі болмасын жауапкершілікті істе еңбексүйгіш, шебер адам ғана жүргізетіндігін көріп өседі. Халық арасында ондай адамды «қолы жеңіл адам» деп атайды.

Сондай-ақ әңгімелеу әдісі арқылы үлкендер белгілі бір қолөнер шеберінің өмірі мен шығармашылығы, оның жұмысы мен шәкірттері туралы әңгімеледі. Олар осы естігендерін мал бағу, егістегі жұмыс кезіндегі демалыс уақытында, жұмыстан кейінгі кешкі мерзімде немесе ауыларалық отырсытарда естімеген балаларға жеткізеді. Ал бұл болса, балалардың қолөнерін білуге деген қызығушылығын оятады.

Үйрету барысында сұрақ-жауап әдісі де қолданылады. Балалар қолөнер туындыларын қарау мен бағалау, оның жұмыстарын атқару кезінде үлкендерге, шеберге сұрақтар қойып, оларға жауап алу арқылы да білімдерін толықтырып отырды.