Камардинова Ү.О., Абдугаппарова Р.

Қазақстан Инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті

2 курс магистранты

 

Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынасты орнатуда психологиялық көмек көрсетудің ерекшеліктері

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты: жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңартуды көздейді. Жоғарыда айтылған мақсаттың орындалуына Қазақстанда әрбір оқу орны үлес қосуда. Бұл бағдарламаның алға қойған міндеттері – халықтың барлық жіктерінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету, білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде білім берудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеу базасын жетілдіру, қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік тілді басым дамыту, отандық дәстүрлерді, әлемдік тәжірибе және тұрақты даму қағидаттары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу мақсатын алға қоя отырып оқытудың жаңа технологияларының тиімдісін қолдану. Бұған сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы бойынша «Оқушылардың үлгірімін жақсарту бағытындағы жұмыс түрлері» деп аталатын педагогикалық кеңесті өткізуі дәлел [86].

Бұл кеңесті өткізуде ұжыммен бірлесе отырып оқушылардың үлгірімін жақсарту арқылы білім сапасын көтеру жолдарын қарастырдық. Оған сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялары мен кезеңдері басты көмек болды. Мұғалімдермен алғашқы кезеңде ой шықыру арқылы жеке,жұпта,топта ізденушілік жұмыс әрекетін ұйымдастыру барысында «Үлгірімін жақсартуды қажет ететін оқушы кім?» сұрағына жаүап беру ұсынылды. Алдынала мұғалімдер өз ойларын жеке қағаз бетіне түсірді, кейін жұпта өз ойын көршісімен болісті. Содан соң топта ойларын жинақтап, қағаз бетіне түсіріп,топ көшбасшысы ортада қорғады [87].

Біздің алғашқы ойымыздың қорытындысы мынадай болып шықты: кез келген оқушы үшін үлгерімді жақсарту жұмыстары қажет екендігі анықталды. Ал әр оқушының білімді қабылдау деңгейі әр түрлі,өйткені ең төменгі деңгейде оқитын оқушымен қатар үлгірімі жоғары оқушы бар. Осы кез келген білім деңгейіндегі оқушылардың әрқайсысы өзімен жұмыс жасағанды талап ететіндігін ой-пікіріміздің ортақ мәселесі деп алуымызға болады.

Психологтің ойынша, оқушының үлгірмеу себептері манылар:

-  ата-ана мәдениеттілігін аздығы, педагогпен байланысының жоқтығы;

-  отбасындағы сәтсіздік;

-  балаға талап қою бірлігінің жоқтығы;

-  отбасында бала тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы;

-  балаға дұрыс қарым-қатынас жасамау (мінез-құлқы, жеке тұлға болып қалыптасуына, шектен тыс қамқорлық жасау себептерінен);

-  білім алуға баланың дайындығының жоқтығы;

-  баланың жалпы дамуының жетілмеуінен , аурушаңдығынан [88, 34-36].

Үлгірімін жақсарту бағытындағы жұмыстарға мыналар жатады:

1. Отбасында бала тәрбиесіндегі жағдайдың жақсы жолға өзгеруі.

2. Ата-ананың психологиялық – педагогикалық сауаттылығын жоғарлату.

3. Оқу - тәрбие үрдісіне ата-аналарды белсенді түрде араластыру.

4. Баланың дұрыс күн тәртібін ұйымдастыруын бақылау.

5. Баланың жағымды және жағымсыз қасиеттерін тәрбиелеуде ата-анаға жеке кеңес және көмек беру.

6. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарын жоғары сатыға көтеру.

7. Сыныпта ізгелендіру қарым-қатынасын алға қоя отырып шағым топтарда қолайлы жағдай жасау.

8. Балаға жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесу.

9. Балаға психологиялық зерттеу ұйымдастыру және қажетті психологиялық көмек көрсету.

10.         Жеке жұмыс барысында интелектуалдық, адамгершілік, еркіндік, көңіл-күй сезімдерін қалыптастыру.

11.        Оқудағы жағымсыз ынталарының туу себептерін анықтау.

12.        Оқушының қызығуын, бейімділігін негізге ала отырып дамыту [55, 23].

 Мұндай жұмыс түрлері оқушыға үлгірімін жақсартуға көмектеседі.

Мұғалімнің ойынша, жақсы оқитын оқушы төмен үлгірімді оқушыға өзінің қабылдаған білімін әрқашан бөлісіп, көмек жасай отырып өзімен қатар санаса, мұғалім оған ықпал жасаса онда төмен оқушы саны болмас еді. Оқушыны жақсы, орта, төмен деп бөлмей, оларды тұлға ретінде қалыптастыруға психологпен, әлеуметтанушымен, медбекемен жұмыс ұйымдастыру керек.

Әлеуметтік педагогтардың ойынша, үлгірімі жақсы оқушының әлеуметтік жағдайын тексере отырып үлгірімі төмендеп кетпеуі үшін мынадай жұмыс түрлерін жүргізу қажет: 1)жеке әңгімілесу; 2) ата-анамен сүхбаттасу; 3) мадақтау арқылы баланың ынтасын арттыру [90].

Үлгірімі және әлеуметтік жағдайда төмен оқушымен жұмыс барысында әлеуметтанушы,психолог, сынып жетекшісі мына мәселелерге көңіл бөлгені жөн. Яғни,баланың жеке басын мадақтау арқылы ортада өзін еркін сезінетіндей нәтижеге  жеткізу керек.

Сынып жетекшісі ойы да ата-аналар пікіріне сәйкес келді. Өйткені оқушының үлгірімін жақсарту үшін пән мұғалімдерімен, ата-анамен тығыз байланыс қажет. Әр оқушының оқу үлгірімін жақсарту үшін үнемі бақылау керек. Міне, осы ойлар ортаға салынды.

Екінші кезеңде ұжыммен тәжірибелік іс-әрекет жұмыстары үйымдастырылды. Алғашқы екі топқа үлгірімінжақсарту барысында оқушы мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас, кейінгі екі топқа үлгірімін жақсарту барысында оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынас, үшінші екі топқа үлгірімін жақсарту барысында оқушы мен сынып жетекші арасындағы байланыс, соңғы екі топқа үлгірімін жақсарту барысында оқушы мен ата-ана арасындағы байланыс бойынша сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Осы кезеңде мұғалімдер өз белсенділіктері мен шеберліктерін байқатып, тапсырмалар бойынша үлгірімін жақсарту барысында оқушымен жүргізілетін жұмыс түрлерін өз іс-әрекеттері бойынша ашып көрсете білді.

Үшінші кезеңінде әр топ өздерінің тиімді шешімдерін шығара отырып үлгірімін жақсарту барысында жүргізілетін жұмыс түрлерін айқындай түсті. Одан мынадай екі жақты қорытынды шықты. Осы екі бағанды мұғалімдер өздері әр топтан қажетті пікірін алып, қайталамай отырып, құнды пікілерін, жұмыс түрлерін анықтап жазды. Төмендегі сызба – кестеде мағлұматтар беріліп отыр [55,24].

 

Кесте 1. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері

 

топтар

 

   Үлгірімін жақсартуды

  қажет  ететін оқушы кім?

  Жүргізілетін жұмыс түрлері

1 топ

Әлеуметтік жағдайы төмен

Ата-ана баланың жағдайын жасауға көмектесе алмайды. Өзі күнде ішкілікке салынып жүреді. ГДН есебіне алып ата-аналық құқықтан айыру. Ішкіліктен арылу жолдарына көмек жасау. Мектеп тарапынан көмекке алу.

2 топ

Мұғалім мен ата – ана  байланысының төмендігі

Мектепте ата-ананы қызықтыратын іс-шаралар ұйымдастыру. Ата-анамен жиі қарым-қатынаста болу жолдарын қарастыру. Айына бір-екі рет ата-ананың сабаққа қытысуына мүмкіндік жасау. Мұғалім өз талаптарын жете білу.Баланың төмендеу себептерін ата-анаға баласының іс-әрекетін барысында ашып дәлелдеп көрсете білу. 

3 топ

Денсаулығының нашарлығы

Денсаулық-зор байлық. Ендеше денсаулығы дұрыс болмаса, баланың сабақты қабылдау деңгейіне кедергі келтіреді. Мектепке бала қабылданғанда әр мұғалім өз алдындағы баланың денсаулығын жетік білуі қажет. Мектеп дәрігерімен бірлесе отырып, балалардың денсаулық куәлігімен танысып отырып, ауру себептерін білу. Диогностикалық карта жасап, ауруды алдын ала пән мұғалімдеріне, мектеп басшыларына ескерту.

4 топ

Еріншектік пен жалқаулық- тың қалыптасуы

Бұл кемшілік ата-аана және мұғалім тарапынан кетуі мүмкін. Бұл көбінесе ата-ананың тарапынан жиі қадағалаудың болмауынан туады. Мұғалім тарапынан баланың психологиялық жағдайын жетік білмегендіктен, пәнге белсенділік пен қызығуын жағалтады. Сондықтан кемшілікті алдын алып тез жою үшін оқушы бойында ерінбей еңбек етуге, кітап оқуға, оқығанын жазбаша түрде жазып беруге, өлең, мақал-мәтелдерді жатқа айтуға, жұмбақтарды шешуге бала кезден қалыптастыру қажет. Жалқаулықты бала бойында болдырмас үшін үнемі жасаған істеріне баға беріп, еңбекпен келген нанның тәтті болатынын сезіндіру керек. 

5 топ

Ата-ана қадағалауының төмендігі

Ата-ана қадағалауының төмендігі оқушының оқу сапасының төмендеуіне әсер етеді. Ата-ана мен мұғалім арасындағы жиі қарым-қатынас ата-ана қадағалауына мүмкіндік ашады.

6 топ

Сабақты себепсіз босатуы

Ата-ана қадағалауының аздығы, мұғалім мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың төмендігі баланың жаман қылықтарға әуестенуіне жол ашады. Сол себепті мұғалім баланың сабақтан қалу себептерін айқындап ашып, ата-анасымен кездесіп, пікір алысуы және мектеп басшысына осы жайында хабарлама түсіріп отыруы керек.

7 топ

Қоғамдық ортадағы кері әсерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушының мектептегі және үй ауласындағы достарын біліп отыру. Жас жағынан үлкендермен араласпауын қадағалау. Баланың басқа ортаның адамдарымен араласуын болдырмау. Бос уақытын көшеде не аулада өткізуіне жол бермеу, баланың мектептен тыс уақытында үйірмелерге, спорт түрлерінің секцияларына сынып балаларымен бірге баруын қалыптастыру. Театрға бару, кештерге келу жақтарын ұйымдастыру.

 

Бұдан біздің байқағанымыз: оқушыларды жақсы бала, төмен бала, орташа бала деп бөлмей, әрқайсысының білім алуға ынтасын көтеру шартты нәрсе.

Жұмыс түрлерін ұйымдастыруда оқушылардың үлгірімін жақсарту барысында үш түрлі бағытты атап көрсетуге болады. Осы үш бағыттың бірлігінде жұмыс үнемі орындалса, мұғалімдер қиыншылыққа ұрынбас еді. Олар- психо–педагогикалық, медико–биологиялық және әлеуметтік бағыттар.

Бұл бағыттар оқушының даму дәрежесіне, сабаққа қатысуына, оқу үрдісінде жеке оқушының өз қабілеті мен мүмкіншілігін пайдалану жолдарын ашуға көмек береді. Ал мұғалім оқушының үлгірімін жақсарту бағытының себептерін сабақ беру үрдісінен, отбасының және қоршаған ортаның әсерінен, сондай-ақ жеке басының жағдайларынан іздестіріп, зерттеу және бақылау әдісін қолданады. Үлгірімін жақсарту бағытында оқушыны бақылауға алғаннан кейін оны сабақ үрдісінде, үзіліс кезінде, сыныптан тыс жұмыс кезінде жиі бақылауы керек екенін ескереді де үлгірімін жақсартуды қажет оқушыны бақылауға алған кезде белгілі бір мақсатты айқындап алу қажет екендігін анықтайды. Оның сабақ үстінде айтылған тапсырманы қалай меңгергенін және түсінгенін, берген жауабының талдауын, сөйлеу жүйелігін, қисынды ойлануын, оның ұғымының нақтылығын тексерумен байланысты болады. Үлгірімін жақсарту барысында оқушыдан сабақты сұрағанда білім деңгейінің беріктігін және тереңдігін анықтап қана қоймай, сонымен білге ол сабаққа үнемі даярлана ма, оған қандай тапсырма қиын, қандай тапсырма жеңіл екенін анықтап алуы керек.

Оқушыны бақылау әдісінде мұғалімге қажетті көмекші құралдың бірі-күнделікті бақылау дәптері. Бақылау дәптеріне ең бағалы, құнды пікірін жазып қояды. Бақылау күнделігі әр түрлі жобада құрылуы мүмкін. Оны қалай құру мұғалімнің шығармашылық деңгейіне, ізденуіне байланысты. Ал төменде осы бақылау дәптерінің бастауыш сыныпта қолданған бір жобасын ұсынамыз.