Камардинова Ү.О., Абдугаппарова Р.

Қазақстан Инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті

2 курс магистранты

 

Отбасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында психологиялық көмек көрсетудің негіздері

 

 

Халықтық тәрбие – адамгершіліктің негізін қалайтын, оны негізгі қасиет ретінде қалыптастыратын өзіндік орны бар тәрбие бастауы бар екені баршаға аян. Халқымыз адамгершілік – ізгілік қасиеттерді басқа да адам баласына тән қасиеттермен ұштастыра білген. Оның ішінде әдемілікті сезіну, сұлулыққа сүйсіну сияқты эстетикалық талғам мен тәрбиені іске асыру халықтық педагогиканың негізгі буыны болып саналған [96;97;98;99].

Сондықтанда қазіргі кезде білім беру ісінде, жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, танымдық іс-әрекеті мен ой-санасын дамытып, қалыптастыруда білім берудің ұлттық, педагогикалық, психологиялық негізін айқындау – басты мәселе болып табылады.

Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, мәдени өзгерістер оқу-тәрбие үрдісін ұлттық сипатта ұйымдастыруды талап етеді. Бұл қазіргі күнгі - өмір талабынан туындап отыр. Әр халықтың ұлттық – тарихи дәстүрі, оның адамзаттық білім берудегі мәдениеті мен диалектикалы білімі осы оқу-тәрбие үрдісіне тікелей байланысты.

Халқымыз – елін, жерін, ата-мекенін, табиғи, мәдени байлығын, өнері мен тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын сақтап, ізгі қасиеттерін дамытып, қорғап, рухани –адамгершілік тағылымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Қазіргі жаңа технологиялар дамыған заманда өзіміздің ұлттық болмысымызды жоғалтпаймыз десек, оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, ұлттық психологиялық ерекшеліктер ескеріле отырып, жасалу керек.

Қазақ елі ұлан байтақ елі мен жерін, қойнауы байлыққа толы жерін сан ғасырлардан бері қорғап, халықтың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін, елі үшін «от кешкен» ерлерін, халқының сөзін сөйлеп, ел қамын жеген «орақ тілді, от ауыз» билері мен шешендерін мақтан еткен. Тарихы сан ғасырдан бастау алатын шежереге толы Отанымызды қоғау, ұлтығымыздың айғағы тілімізді, салт-дәстүрімізді сақтау, оны зерттеу, білу,  келер ұрпаққа жеткізу-адамзаттық парыз.

Қазақ халқы өзінің ұрпағына тәрбие беруде күнделікті айналысатын іс-әрекетін, жүргізетін шаруалылығын, кәсібн ұлттық психологиялық арнада ұйымдастырумен қатар рухани өмірін адамгершілік-эстетикалық тәрбиесімен ұштастыра білген. Бала тәрбиесі- баршаға ортақ. Десек те, ата-ана тәрбиесінен кейінгі жас ұрпақ бойында жастық қасиет, адамдық құндылық, талғам мен талантты жетілдіру-тәрбиеші мен мұғалімдің басты міндеті. Сондықтанда оқыту мен тәрбиелеуді бір-бірінен бөлінбейтін біртұтас процесс ретінде қарастыруымыз керек. Тәрбиені оқытудан бөліп алып, сынып сағатына асыра беруге болмайды. «… Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың  қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне атап әкеледі»,- деген әл-Фарабидің сөзі сабақты ұйымдастыруда негізгі ұсыным болуы керек [100,121]. Сонда ғана оқушының жан дүниесін түсініп, сезіміне жол таба аламыз.

Адамгершілік құндылықтарға бай және жоғары сезімтал «сырты қандай сұлу болса, іші де сондай көркем» жеткіншек ертеңгі күні «ел қамын жейтін ел ағасы» болатынын бала бойына сіңіру сабақ процесі болсын, өзге де педагогикалық іс-шаралар өткізу кезінде болсын, бір сәт те ұмытылмауы керек. Ал енді осы көзге көрінбейтін, өте нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен –жүрекке үзбей жеткізу тек шебер тәлімгердің, ұлағатты ұстаздың ғана қолынан келеді.

Демек, бүгінгі күнгі мұғалімнің басты мақсаты- өзіндік  адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту.

Келер ұрпақтың бойына дарытып, өн бойынан көргіміз келетін адамзаттық асыл қасиеттердің жиынтығын алдымен мұғалім өз бойынан табуы тиіс, оларды шәкіртімен қарым-қатынаста шынайы түрде іске асырмай, мұғалім - ата-ана, қоғам тіпті болашақ алдындағы жауапты ісін өз дәрежесінде атқара алуы мүмкін емес. Өйткені мұғалімнің сабақты ұйымдастырар алдындағы жауапты ісіне деген құштарлығын оятатын, бойындағы бар қабілет мүмкіндігін жарыққа алып шығатын күш – осы рухани адамгершілік құндылықтар мен талғам-таланты [101].

Оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын, сонымен қатар баланың шығармашылық қабілетін шыңдауда, соған барар жолда  адамгершілік – эстетикалық құндылықтардың маңыздылығын айқындауға апарар жол көп.

Солардың негізгісі ретінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қиял – қабілеттерін, бүкіл адамзаттық ізгі қасиеттерін, эстетикалық сезімін, талғамы мен көзқарасын, мәдениетін, ой-өрісін кеңейтіп, ана тілінде сөйлеп, сөз өнеріне, айнала –қоғам және өзін қоршаған орта өміріндегі әсемдік пен сұлулықты сезініп, бойына сіңіре білуге тәрбиелеуде ауыз әдебиеті жанрлары орасан зор рөл тақарады. Олай дегеніміз көркем шығарманың қайнар бұлағы – халықта. Балаларды оқу іс-әрекетін қалыптастыруда  көркем шығарманың маңызы зор. Балалардың ой-санасын дамытуға, мінез құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге көркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірі мен іс-әрекеттері үлкен әсер етеді. Әсіресе, бастауыш сыныптардың балалары өздерінің жас шамаларына қарай ертегі, аңыз-әңгімелерді, батырлар туралы шығармаларды сүйіп оқиды. Ондағы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне еліктейді, тәтті қиялдарға беріледі, өзінше қорытынды жасауға тырысады [102].

Бастауыш сыныптың қазіргі оқып жатқан ана тілі оқулығы көркем шығармаларымен тығыз байланысты. Ана тілі, дүниетану сабақтарында көркем шығармаларды өтілетін материалдармен сабақтастырып байланыстыруға болады. Сөйлеу, тіл байлығын дамыту, сөздік қорын молайту, ой-өрісін кеңейту, оқушылардың оқу белсенділігін арттыру көзделеді [103].

Халақтың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиесі, ұлт қаһармандарының өмірі мен ерлік істерінің тарихы, даналық сөздері, өмір сүру ерекшелігі, тұрмыс-тіршілігі- адамгершілік- эстетикалық тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. Қазақ халқының басын қосып, жауынгерлік-ерлік мектебінің негізін салған батыр бабалардың ерлігін, олардың асқақ рухын күні бүгінге дейін ел ауызында, халық тәрбие ісінде үлгі етеді. 

Халықтық педагогиканың тәрбиелік нәрі туралы сөз қозғағанда, алдымен фольклор ауызға алынады.

Қазіргі заман талаптарына сай жеке тұлғаның оқу іс-әрекетін  қалыптастыруда балалар фольклоры жанрларын пайдалану арқылы оң нәтижелерге жететініміз сөзсіз. Сәби дүние есігін алғаш ашқан күндерінен бесік жырымен тербеліп, өмірінің әр кезеңінде сол кезеңге сәйкес халықтық педагогика нәрімен сусындаса, қазіргі қоғамда орын алып отырған тәрбие саласындағы олқылықтар орын алмас еді. Оған дәлел қазақта ата-ананы қарттар үйіне өткізбек түгіл, қарсы сөз айту болмаған, ата-анасы бола тұра жетім атанып, балалар үйінің тәрбиесінде болмақ түгіл, тұлдай жетімдер де қараусыз қалмаған. Мұның бәрі халқымыз бала өсіруде педагогика ғылымының қыры мен сырын жете меңгеріп, оқыту мен тәрбиелеудің биік шыңына қол жеткізгенін айғақтайды. Олай болса халқымыздың бай тәжірибесін пайдаланбай, іске асырмай жатсақ, келер ұрпақ алдында ұятты боларымыз сөзсіз [104;105;106].

Өз халқының тілін, дінін, тарихын, рухани мәдениетін біліп өскен адам біртіндеп, әлемдік мәдениетті де игереді. Халықтық педагогиканың құндылығы сол-халық қазынасының озығын ақылды да әдепті, жан-жақты жетілген, ақыл-ой сипаттары дамыған, адамгершілігі мол азамат тәрбиелеуде таптырмас тәрбие құралы ретінде пайдалансақ қателеспейтініміз анық. Ендеше, бұл қасиеттер бесік тербеткен ана әлдиімен, ақ жаулықты әже ертегісімен бірге өскелең ұрпақ бойына дарытылып, сіңірілуі керек.

Еліміздің ертеңі  бүгінгі жастар екені белгілі. Ал бүгінгі өскелең ұрпақ ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпынан тым алыс, батыстық үлгіге бой алдырып барады.

Халықтық педагогиканың асыл мұралары болып табылатын салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мақал-мәтел, шешендік өнер, халық ауыз әдебиетін бүгінгі жастар бойына сіңіру үшін ең алдымен ана тілімізден бастаған жөн. Ана тілін білмейтін ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру әсте мүмкін емес. Өз тілінде сөйлеп және ойлай алмайтын ұрпақтың өз ұлтына деген құрмет ешқашанда болмақ емес [107;108;109].

Қазақтың тектілік» деген сөзінде үлкен мән-мағына, аса құнды астар жатыр. «Текті» деп білім қуып, еңбек етіп, ата-бабасының атына кір жуытпайтын, бойына ұлттық болмысымыздың бар қасиетін жинақтаған, инамды-инабатты, арлы да абыройлы азаматты айтамыз.

Ал «текті» ұрпақ тәрбиелеу үшін, отбасындағы ата-анасы беретін тәрбиемен қоса, мектеп қабырғасында бере алғашқы тәрбие бастауыш сыныптан басталады.

Білім негізгі – бастауышта демекші, бастауыш сыныптағы әрбір баланың ішкі дүниесіне үңіліп, қазақи тәрбие беру негізгі міндетіміздің бірі болуы шарт.

1. Ана тіліміздің ерекшелігін ескеріп, сонау  ақын – жазушыларымыздың «тіл» жайлы айтылған нақыл сөздерін, олеңдерін пайдалана отырып, ұрпақ бойына тілімізге деген құрмет қалыптастыру.

Мәселен, Әбділда Тәжібаевтың «Тіл туралы» өлеңінде:

                             Туған тілім тірлігімнің айғағы,

                             Тілім барда айтылар сыр ойдағы. 

                             Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

                             Өшсе тілім мен де бірге өшемін,- деген.

Осы өлеңнің өзі ана тіліміздің қажеттілігі жайында көптеген мағлұматтар беріп тұр. Осы сияқты қаншама ақын-жазушылардың тіл туралы ұлағатты сөздері бар. Ойшыл даналарымыз қалдырған нақыл сөздерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – тәрбие жұмысының міндеті.

2. Сабақ барысында ұлттық ойындарды (қыз қуу, көкпар, теңге алу, бәйге, алтын сақа) түрлі әдістермен ыңғайына қарай қолдану. Бұл оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын оятады.

3. Мақал-мәтел сайысын ұйымдастыру.  Сабақ барысында оқушыларды қатар бойынша бөліп сергіту сәті ретінде пайдалану. Бұл баланың сөздік қорын молайтады, әрі есте сақтау қабілетін арттырады.

4. Ұлттық тәрбие арқылы оқу-тәрбие ұрдісінде бала бойына рухани мәдениетті қалыптастыру.

5. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып негізінде ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.

6. Ұлттық дәстүр арқылы дүниеге бағалы рухани байлықты жеке тұлға бойына дарыту [104].

      Белгілі жазушы, педагогика ғылымдарының докторы С.Ғаббасов: «Халық педагогикасы» дегенізім, адамның жан дүниесін тәрбиелейтін және зерттейтін ілім», - деген [110, 77].

Халықтық педагогикасы ұрпақтан – ұрпаққа қажетті қасиеттерді жинақтаған тәжірибе. Оның мақсаты ұлттық ерекшелігімізді айқындай түсетін, өнегелі азамат, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұлтымыздың тәлім-тәрбиесін ұрпаққа жеткізу әрбір ұстаздың алдына қойылатын мақсаты, бағдарламасы болуы шарт [111].