Камардинова
Ү.О., Әділбекова Ж.Б.
Қазақстан
Инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті
2
курс магистранты
Мазасызданудың
өзін-өзі бағалауына тигізетін әсері және
оқушының сыныптағы жағдайы
Бастауыш
мектеп – бұл оқушы
тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін,
ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да,
бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы
басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір
білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу,
оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста
болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау
жасауғы үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстара білуге, дәлелдеуге,
сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың да
басты мақсаты-баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Көптеген
ғалым педагогтардың, практик-мұғалімдердің
тәжірибесіне сүйенсек, оқу-тәрбие үрдісі
негізінде даму мәселесінде басты рөлі ең алдымен,
оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі
атқарады.
Себебі,
сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі,
тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан
өзіндік белсенділік, әрекет болмаса жұмыстың
нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.
Зерттеу
мәселесі бойынша философиялық, психологиялық,
педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді, бастауыш сынып
мұғалімдерінің өзіндік тәжірибесін талдау мынадай
қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
1.
Үлгермеушілік – бұл оқушының
оқуда жоғары дәрежеде артта қалуы, оқуға
ажыратылған уақыт ағымында мектептік оқу
бағдарламаларында көзделген білімдер, дағдылар мен іскерліктерді
қанағаттанарлы деңгейде меңгере алмауы.
2.
Қазіргі таңда мектепте оқытудың
сапасы және деңгейінің ең айқын белгілерінен
бірі- бұл оқушының үлгерімі. Бірақ
оқушылардың үлгермеушілігі, оның алдын алу және
жеңудің сан-алуан жолдарын, әдіс-тәсілдерін анықтау
мен қолдану тәжірибесі жинақталғанымен, өкінішке
орай, педагогиканың «мәнгі» проблемасы болып қалуда. Әсіресе, оқушылар
қабылдайтын ақпарат ағымының үздіксіз артуы,
мектеп оқу бағдарламаларының күрделенуі, білім беру
мазмұнының үздіксіз жаңаруы мен қиындық
дәрежесінің артуы оқушылар үлгермеушілігі
мәселесін тағыда асқындайды. Оның алдын алу және
жеңудің маңыздылығын арттырады.
3.
Оқушылардың үлгермеушілігі оқу
пәндері бойынша білімдер, дағдылар мен іскерліктерде
меңгерудегі үлкен олқылықтар, өз оқу
еңбегін ұйымдастыру дағдыларының әлсіздігі,
оқу жұмысы қарқынының төмендігі,
ақыл-ой операцияларының жеткіліксіз дамуымен сипатталады.
4.
Бастауыш сынып оқушыларының
үлгермеушілігін үш категорияға болуге болады:
- жалпы және терең үлгермеушілік (және оқушы
ұзақ уақыт ағымыда көп немесе барлық
пәндерден үлгермейді);
- оқу пәндері бойынша бірен-сарандап, бірақ біршама
тұрақты үлгермеушілік;
- эпизоттық үлгермеушілік
5. Оқушылар
үлгермеушілігін педагогикалық негізгі себептеріне мыналар жатады:
-
қолайсыз тұрмыстық жағдайлар;
- мектепке даярлықтың
жамандығы және білімдердегі елеулі кемтіктер;
- оқуға деген жамансыз
қатынас;
- ұйымдастырылған
оқу еңбегінің болмауы;
- оқытудағы
кемшіліктер.
6. Бастауыш сынып оқушылары
үлгермеушілігін алдын алу және жеңудің негізгі жолдары:
- оқушылардың оқу
жұмыстары үшін санитария нормалары және оқу
кабинеттеріне эстетикалық нұсқауларға, олардың
оқу еңбегі және демалыс тәртібіне қойылатын
физиологиялық-гинетикалық талаптарға сәйкес
оңтайлы жағдай жасау.
- отбасымен байланыста балалардың
мектепке даярлық деңгейін көтеру, үйдегі оқу
тапсырмаларын орындау сапасын жақсарту бағытында
ынтымақтастық орнату;
- оқу жүктемесінің
оңтайлығының қамтамасыз ету,
мұғалімдердің педагогикалық және
әдістемелік шеберлігін арттыру;
- оқу-тәрбие процесін
ұйымдастыру және жоспарлаудың дер кезінде және
нақтылығын қамтамасыз ету, оның нәтижелерін
бақылау және жарялау;
- үлгермеуші оқушылармен
педагогикалық жұмыстың белгілі бір жүйесін
құру (оқушылар алдында нақтылы, түсінікті
оқу міндеттерін қою; сабақ құрылымының
аумалылығы; әр қандай оқу тапсырмаларына жүйелі
түрде қызығушылық тұғызу; ақыл-ой
әрекеттерін және оқу еңбегін ұйымдастыру дағдыларын
қалыптастыру; өтілген материалдарды үнемі пысықтау;
оқытуды дербестендыру; дамыта оқыту технологиясын,
ұжымдың оқыту тәсілдері қолдану; оқу
тапсырмаларының көп деңгейлігін қамтамасыз ету;
оқу тапсырмаларын келе-келе қиындату; теориялық білімдерді
практикамен ұштастьру т.б.)
7. Философиялық, психологиялық, педагогикалық,
әдістемелік еңбектерді, бастауыш сыныптардың алдынғы
қатардағы мұғалімдердің іс-тәжірибесін
зерделеу, талдап қорыту, кіші мектеп жасындағы
оқушыларның үлгермеушілігін алдын алу және
жеңудің нәтижелелігі халық педагогикасының
құралдарын мақсатты және жүйелі түрде
пайдаланумен байланысты екендігін айқындауға мүмкіндік
береді.