Камардинова Ү.О., Атамуратова М.

Қазақстан Инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті

2 курс магистранты

 

Жеке тұлғаны қалыптастыруда жүргізілетін психологиялық жұмыстар орны

 

Қазіргі кезеңдегі жалпы білім беретін мектептердегі оқыту процесінің сапасы және деңгейінің айқын көрсеткіштерінің бірі – оқушыларның үлгерімі. Бірақ үлгермеушілік мәселесі «мәнгі проблема» деп атауға болады. Мектептегі әр бір педагог оқушыларның үлгерімінің әр түрлілігі, кейбір оқушыларның үлгермеушілігімен сөзсіз кездеседі.

Психология және педагогика ғылымы осы уақытқа дейін оқушылар үлгермеушілігі, оның алдын алу және жеңу мәселелері бойынша үлкен теориялық және практикалық материалдар жинақтағанымен, өкінішке орай үлгермеушілік проблемасы өз шешімін толық тапқан дейуге болмайды.

Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді [7;8;9;10;11], бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік тәжірибесін талдау «үлгермеушілік» ұғымына мынадай анықтама беруге мүмкіндік береді:

Үлгермеушілік – бұл оқушының оқуда жоғары дәрежеде артта қалуы, оқуға ажыратылған уақыт ағымында мектептік оқу бағдарламаларында көзделген білімдер, дағдылар мен іскерліктерді қанағаттанарлы деңгейде меңгере алмауы.

Оқушылардың үлгермеушілігі оқу пәндері бойынша білімдер, дағдылар мен іскерліктерде меңгерудегі үлкен олқылықтар, өз оқу еңбегін ұйымдастыру дағдыларының әлсіздігі, оқу жұмысы қарқынының төмендігі, ақыл-ой операцияларының жеткіліксіз дамуымен сипатталады.

Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігін үш категорияға бөлуге болады:

-   жалпы және терең үлгермеушілік (және оқушы ұзақ уақыт ағымыда көп немесе барлық пәндерден үлгермейді);

-   оқу пәндері бойынша бірен-сарандап, бірақ біршама тұрақты үлгермеушілік;

-  эпизоттық үлгермеушілік [11, 28].

Педагогика ғылымының классиктері Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, А.Дистервег оқушыларның үлгермеушілігін алдын алу және жеңу мәселеріне ерекше мән берген. Әсіресе, балалардың өзіндік дербес ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды, олардың мүмкіндіктеріне сай тапсырмалар беруді, білімді қызығушылықмен қабылдауға, оқытудың қолжетерлігіне жағдай жасау қажеттілігіне үлкен мән берген. Ұлы педагогтар тұжырымдаған дидактика принциптері негізінен оқушылар үлгерімін көтеруге бағдарланған [12].

 Ресейдің ұлы педагогтары Л.Н.Толстой және К.Д.Ушинский оқушылардың үлгермеуін алдын алу және жеңу мәселелерін жан-жақты қарастырған. Мысалы, Л.Н.Толстойның Ясная поляна мектебіндегі тәжірибесі бастауыш мектеп оқушылары үлгермеушілігінің алдын алу және жеңудің тиімді әдістемесінің үлгісі болып табылады. Сонымен қатар К.Д.Ушинскийдің дидактикалық еңбектерінде бұл мәселеге ерекше назар аударылған [13].

В.А.Сухомлинскийнің «Жас мектеп директорымен сырласу» еңбегінде балалар өздерінің дене сипаттары бойынша айырмашылықтарға ие болу сияқты, ақыл-ой еңбегі үшін қажетті күштерге қарай да бір-бірінен өзгешеліктерге ие екендігін атап өтеді. Әрбір оқушының есі, зейіні, қиялы, ой-орысы тек қана тереңдігімен, тұрақтылығымен, қарқынымен ғана емес сапа тарапынан да айрықша екендігін атап өтеді [14].

Әлсіз үлгіретін балаларға В.А.Сухомлинский ерекше көңіл бөледі. Ол үлгермеушіліктің басты себептерін мыналар деп есептейді:

-  ақыл-ой қабілеттерінің дамымағандығы;

-  зейін мен естің тұрақсыздығы;

-  ойлауның селқостығы;

-  сөйлеудің сұйықтығы;

-  білімқұмарлықтың болмауы;

-  көңіл-күй саласының дамымағандығы [14, 155].

Қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсарин шығармаларында педагогикалық, гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке мейірімді болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақты көрініс тапқаны байқалады [15].

Қазақ ұлттық мектебіның қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан ағартушы-педагогтар бастауыш мектепте үлгерім мәселелеріне да ерекше мән берген. А.Байтурсыновтың «Бастауыш мектеп» мақаласында[16], Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» оқу құралында[17], Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология» еңбегінде[18] оқушыларның үлгермеушілігін алдын алу және жеңудің кейбір аспектілері қарастырылған .

Оқушылар үлгермеушілігі проблемаларға көбірек психолог ғалымдар назар аударған. Л.С.Выготский[19], В.В.Давыдов[20], Н.А.Менчинская[21], Н.Ф.Талызына[22], И.А.Зимняя[23], Д.Б;Эльконин[24], Л.И.Божович[25], А.Н.Леонтьев[26] т.б. атақты психологтардың еңбектерінде бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігінің психологиялық – педгогикалық себептері, оның алдын алу және жоюдың психологиялық заңдылықтары, қағидалары, тиімді әдіс-тәсілдері жан-жақты зерттелген. Ғалымдар үлгерімі төмен бастауыш сынып оқушыларның танымдық процестерін және нақтылы ойлау ерекшеліктерін, дедуктивті ойша пайымдауын зерттеген. Бастауыш сыныптарда педагогикалық бағалау және оның үлгермейтін оқушы тұлғасына әсері мәселесін, оқыту процесінде оқушыларның алық-ой қызметін және үлгерімін өзгеру заңдарын анықтаған.

Психолог ғалымдардың үлгермеуші оқушыларның тіптері, білім алу қабілеті төмен балаларның интелектуалдық қызметінің ерекшеліктерін эксперименттік тұрғыда зерттеп, педагогикалық іс-тәжірибе үшін пайдалы  тұжырымдармен қорытындылар жасаған.