СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК
ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ЕРЕЖЕПОВА Р.Г.
Ш. Есенов атындағы Ақтау
Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университеті
"Қазақстан тарихы
және ӘГП" кафедрасы
Бүгінгі әлемде, бәсекеге
қабілетті елде, елдің сауатты болуы мемлекет үшін
маңызды болып табылады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев
өзінің кезекті Жолдауында: «Білім реформасының табысты
жүзеге асуының негізгі белгісі- біздің еліміздің азаматы
жоғарғы санатты білімді ала отырып, кез-келген елде
сұранысқа ие болуында».[1,2]
Білім реформасы- бұл
Қазақстанның бәсекелестік қабілетін арттыратын
маңызды құралдарының бірі. Қазіргі таңда,
республикада мамандарды даярлаудың сапалылығын арттыру
мақсатында халықаралық білім беру жүйелерін пайдалана
отырып, ЖОО-да кредиттік білім беру жүйесін енгізу жалғасын тауып келеді.
Білім беруді дамытудың идеясы-білім
алудағы басты жауапкершілік студенттің өзіне жүктелуінде.
Осыған байланысты қазіргі мамандар дайындаудағы негізгі
талаптар мынадай:
- алған білімін өз
мақсатына жұмсай білу және кеңейту;
- өзгермелі ортада өзінше дамыта
түсу;
- жауапкершілік пен қабілетін
қалыптастыру, өз көзқарасын білдіре алуы;
Оқытудың
кредиттік технологиясы бойынша студенттің өзіндік
жұмысының статусы жоғарылайтыны белгілі. Талап бойынша, студенттің
өзіндік жұмысы (СОӨЖ) оқытушының қатысуымен
белгіленген уақытта және оқытушының қатысуынсыз (СОӨЖ)
да берілген тапсырмаларға
сәйкес орындалады. СОӨЖ-дің
тақырыптары, тапсырмалары, өткізілу тәртібі,сағат
саны пән бойынша құрастырылған силлабустарда аладын-ала
көрсетіледі. Студенттің әрбір өзіндік жұмысы пән бойынша
жоспарланған жұмыс бағдарламаларымен ұйымдастырылады(Syllabus) [2,51].
Студенттің
өзіндік жұмысы пәннің концепциясымен, ЖОО-ның
техникалық мүмкіндіктері мен және кітапхананың
оқу-әдістемелік қамтамсыз етілуімен де анықталады.
СОӨЖ-дің аудиториялық формасы оқулықтарды
пайдалана отырып, топпен тапсырмаларды жүзеге асыруды көздесе, СӨЖ
әрбір пәннен жоспар бойынша мерзімі мен уақыты белгіленген
күні барлық академиялық кезеңнің ішінде
тапсырылады. СОӨЖ шеңберіндегі сабақтар сондай-ақ,пән
бойынща тапсырмаларды орындау қиынға соғатын және ағымдық
рейтингісі төмен студенттерге де қосымша тапсырма алуға да
арналған.
СӨЖ-ді өткізудің шеңберінде
оқу материалдарын кітапхана, компьютер сыныптары мен медиатека
жағдайында өзінше игеру қарастырылған. СӨЖ-ді
өткізу библиографиялық
мәліметтерді өңдеумен(картотека
құрастырумен), жазба жұмыстарын дайындаумен(реферат,
баяндама, бақылау тапсырмалары), ғылыми жобаларды
өңдеумен(курстық, диплом, статьялар), ғаламтор
арқылы мәліметтер іздеумен байланысты
болуы мүмкін[3,53].
СӨЖ-ді дұрыс
және тиімді өткізу үшін:
- студенттің өзіндік
жұмысына қажетті оқу-әдістемелік нұсқау
беру;
- СӨЖ тапсырмаларын оқу
жылының басында беру;
- ағымдық және
аралық бақылау түрлерін өңдеу;
- СӨЖ бойынша консультациялар
күнін белгілеу
Өзіндік жұмыс барысында студент:
- берілген пән бойынша теоретикалық
материалдарды игере алады(кез-келген тақырыптар,кез- келген тақырып
сұрақтары);
- керекті құрал –жабдықтар
арқылы тәжірибе жолымен, теоретикалық материалдарды бекіте алады(бақылау
жұмыстары мен өзін-өзі бақылауға арналған
тесттік сұрақтармен жұмыс жасау);
- игерген білім мен тәжірибесін
өзіндік позициясына қолдана білу (курстық, дипломдық,
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазуда);
Студенттің
өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар пәннің
тақырыптары бойынша дұрыс
жасақталып, мұқият жоспарлануы және оқу
бағдарламасында көрсетілгендей оның көлемі сағаттарға бөлінуі тиіс.
Студенттің өзіндік жұмысының қорытындысы
оқытушының бақылауында болуы керек. Осы қорытындылар студенттің
оқып жатқан пәнінен қорытынды аттестация кезінде
бағаланып, ескерілуі тиіс. Студенттің жұмысын бағалаудың
тиімді түрі – баллдық бағалау болып табылады.
Қолданылатын бақылау түрлері мыналар:
- тестілеу;
- бақылау жұмыстары мен
конспектілерді тексеру;
- тақырып ьойынша реферат дайындау;
- жеделдетілген сұрақ – жауап
өткізу;
Өзіндік жұмыс шығармашылық сипатта
болғандықтан оның құрылымында
шығармашылық үшін қажетті мынадай компоненттерді: мақсат-міндетін
орындалу тәсілін, сапасын бөліп
қарастыруға болады. Осыған байланысты өзіндік
жұмысты жақсы орындалуын қамтамасыз ететін
жағдайларды бөліп қарастырған жөн:
- танымдық міндеттерді нақтылау;
- студенттің білімі арқылы
өзіндік жұмысты орындау тәсілі;
- оқытушыға жұмыстың
орындалуы, көлемі, тапсырылу мерзімін анықтау;
- есеп беру, бағалануы;
- бақылау формасы және
түрлері(тәжірибе, бақылау жұмысы, тест
сұрақтары, семинар,т.б.);
Өзіндік жұмыс
студенттің шығармашылық қызметінің құрамдас
бір бөлігі. Бұдан басқа студенттің өзіндік
жұмысының үш деңгейін бөліп қарастырады:
репродуктивті(жаттығу), реконструктивті және
шығармашылық (ізденімпаздық).
Көбінесе тиімді қолданылатыны студенттің
репродуктивті деңгейі. Өзіндік жаттығу жұмыс тары кестелер мен схемалар толтырумен,
сөзкестелер құрастыру, т.б. үлгісінде орындалады. Студенттің
танымдық қызметі танудан, ойлап, қорытындылаудан, есте
сақтау қабілетінен көрінеді. Мұндай
жұмыстардың мақсаты- білімін бекіту, қабілетін арттыру.
СӨЖ-дің
құрылымдық деңгейі текстерді анализдеу, жоспраларды
құрастыру сияқты жұмыстар арқылы жүзеге
асады, осы деңгейде рефераттар орындауға болады. Студенттің
шығармашылық деңгейі
ең алдымен курстық және дипломдық жұмыстарды
дайындаумен жүзеге асады және студенттің ғылыми-зерттеу жұмысымен байланысты
болып келеді.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша
студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда барлық курстарда орындалатын
рефераттар ерекше орын алады. Реферат, алдын-ала берілген тақырыптар
бойынша дайындалады. Реферат тақырыпты анализдеуден өткізіп,
жазбаша жазылады. Рефераттың тақырыбы кең
болғандықтан оны ашу үшін көптеген статьялар мен
деректер пайдаланылады. Әдетте реферат дайындау біршама уақытты қажет
етеді. Рефератты дайындау барысында студент тақырыпқа сәйкес
жоспар құруда , оған байланысты әдебиеттер мен
материалдарды қолдануда кеңесіп отырады. Рефератты таныстырудан
кейін оны талқылап, сұрақтар
қойылады.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша
дайындалған рефераттардың әдістемелік маңыздылығы
сонда, олар ең алдымен, өзіндік қабілетке негізелген: студент
өзінше арнайы әдебиетпен, мерзімді басылымдармен танысып,
жинақтап және қорытындылай алады. Бұдан басқа,реферат
дайындау барысында материалды логикалы түрде жазбаша орындау
мәнерін қалыптастырады және баяндау кезінде
қоршаған ортамен сөйлеу мәнерін дамытып, оны жеткізу
қабілетін арттырады.
Реферат дайындаудағы
деректерді пайдалану, ұлы философтар мен ойшылдардың ілімдермен, рухани құндылықтармен танысу болашақ мамандардың
гуманитарлық білімін арттырмақ. Студенттің өзіндік
жұмысы студенттің танымын және тәжірибесін дамытатын,
болашақта шығармашылық жұмысқа, соның
ішінде ғылыми жұмыстарды орындауға қабілетін арттыратын
оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан
кез-келген курсты зерттеу және игеру барысында аудиториялық
және өзіндік жұмыстың арақатынасын анықтап,
оқу жоспарын дұрыс құрған жөн.
Әдетте, өзіндік
жұмыстың әртүрінің еңбек сиымдылығын
дұрыс анықтамаудың қателіктері кездесіп жатады.
Соның салдарынан студент берілген жұмыстың жартысын орындап,
кейде ештеңе орындамауы мүмкін. Сондықтан мұндай
жоспарды құруда студенттің уақытын, әдістемелік
оқулықтардың да жағдайын ескерген жөн. Осыдан
келіп шығатыны, тиісті бақылау болмаса студент өзінше дайындалмайтыны бәрімізге белгілі.
Студент пен
оқытушы арасындағы қарым-қатынасты да дамыту да
маңызды болып табылады. Егер оқытушыға студентпен белсенді
жұмыс жасау міндетті болса, студент алғашқы курстардан жоғарғы
курстарға дейін өткенше
өзінше жұмыстанып, өзін-өзі дамытуға
тырысқаны жөн.
Өзіндік
жұмыстарды орындауда студент ойлауға, қорытындылауға,
жағдайларды ескеруге, мақсат-міндеттерін қоюға,
туындаған мәселерді шешуге, т.б., өзіндік жұмыс процесі
біртіндеп шығармашылыққа ауысуы керек. Іздену барысында ол пәннің
мәнін түсініп, әдебиеттерді қолданып, игереді. Студенттер өз бетінше жұмыс
жасай алады және оны керек етеді. Оны ұйымдастыру және бақылап
отыру оқытушының міндеті.
Еңбек жолымның сегіз
жылында өзіндік жұмысты ұйымдастырудың оң
нәтижелерін берген түрлері қолданылды. Мұндай
жұмыстар бірінші курстар арасында жүргізіліп, студенттерге
өзіндік жұмыстың әртүрлі тәсілдері -
монографиялар бойынша конспектілер
жазу, тестілеу, кестелер мен схемалар құрастыру, терминдік
сөздермен, анықтамалармен жұмыс, рефераттар дайындау ұсынылды. Тапсырмалардың
мұндай түрлері тексеріліп, бағаланып отырады.
Қазақстан қоғамының
дамуының жаңа жағдайы жоғарағы білім беру
жүйесі алдында жаңа басымдылықтар мен міндеттерді алға
қояды. Жаңа білім беру концепциясына сай жас маман мамандығына,
жұмыс түріне қарамастан өз мамандығының
кәсіпқойы болу үшін алдында тұрған мәселелерді
шешуде теориялық білім мен тәжірибені игергені жөн.
Жоғарыда аталған тәжірибелер студенттің өзіндік
жұмысының нәтижесінде қалыптасады.
Қазіргі таңда оқытушының міндеті тек
білім беру ғана емес, сонымен қатар студенттің
танымдық қызметін тиімді түрде ұйымдастыру болып
табылады. Студенттің
өзіндік жұмысы оқу процесінің барлық
түрін қамтиды. Өз алдына жұмыстана алмаған
студент болашақта өзінше қызмет атқара алмайды. Одан
басқа өзіндік жұмыстың сипаты тәрбиелік
мәнге ие: ол студенттің қабілетінің
жиынтығын,болашақ жоғарғы санаттағы
маманның тұлғасы мен мінез-құлқын
қалыптастырады.
Түйіндеме
Статьяда қазіргі қоғамдағы
бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудағы ЖОО-да
студенттің өзіндік жұмыстарын
тиімді ұйымдастырудың жолдары қарастырылған.
Оқытушының студентпен жұмыс
жасаудағы рөліне көп назар аударылады.
Резюме
В данной статье говорится о подготовке
конкурентноспособных специалистов в ВУЗ-
ах, а также о современных технологиях образования.
Особое внимание уделяется
работе преподавателя со студентом.
Summary
This article about youth specialists.
And education system of universities. And about role of
work between teacher and student.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Назарбаев Н. Ә. Жаңа
әлемдегі Жаңа Қазақстан.// Казахстанская правда. –
1наурыз 2007.
-№3, -2 б.
2. С.Б. Абдығаппарова, Г.К. Ахметова, С.М. Ибатуллин,
А.А.Құсайынов, Б.А.
Мырзалиев,С.М. Өмірбаев. Кредиттік оқыту
жүйесінің негіздері. –Алматы,
2004. - 51 б.
3. Сонда, -53 б.